Бюджет түсімдерін болжау



бет2/2
Дата17.07.2016
өлшемі476 Kb.
#204613
1   2

1.2. Қосылған құн салығы
1.2.1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы бойынша болжам, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес жалпы ішкі өнімнің көлеміне және орташа тиімді мөлшерлемеге негізделген.

Қосылған құн салығы бойынша болжам мынадай формула бойынша айқындалады:

Np=(Wр * Sб) - Xр +NA мұнда
S б = (Nбб)/ Wб *100
Nб = (Wб * Sотч.) – Xб
S есеп = (Nесепесеп)/ Wесеп *100, мұнда
Nр - қосылған құн салығының болжамды сомасы

Wр - жалпы ішкі өнімнің болжамды көлемі

S б - ағымдағы жыл бойынша орташа тиімді мөлшерлеме

Xр - ҚҚС болжамды қайтару сомасы

NA- салықтық әкімшілендіру (% ІЖӨ номиналдық мәнінде)

Nб - қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша

қосылған құн салығы түсімдерінің бағалауы

Wб - ағымдағы жыл бойынша жалпы ішкі өнімнің көлемі

Xб - ағымдағы жыл бойынша ҚҚС қайтару сомасы

S есеп - есеп бойынша орташа тиімді мөлшерлеме

Nесеп – есепті кезеңдегі қосылған құн салығының іс жүзіндегі түсімдері

Wесеп - есепті жыл ішіндегі жалпы ішкі өнімнің көлемі

Xесеп - есепті жыл ішіндегі ҚҚС қайтару сомасы

Қосылған құн салығын болжау кезінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің есепті кезең ішіндегі қосылған құн салығын қайтарудың мөлшері туралы және қайтаруға жататын болжанатын сомалар туралы мәліметтері пайдаланылады.


№ 3 қосымша
1.2.2. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы.

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша болжам әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес болжанатын импорт көлемінің және импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының орташа тиімді мөлшерлемесінің негізінде мынадай формула бойынша есептеледі:


N p(imp)= (V p(imp)* Sб ) + NA мұнда
Sб=N б(imp) / V б(imp) * 100
N б(imp) =V б(imp) * Sесеп
Sесеп=Nесеп / V * 100, мұнда
N p(imp) - импортталатын тауарларға қосылған құн салығының болжамды

сомасы


V p(imp) - импорттың болжамды көлемі

NA - салықтық әкімшілендіру ( % импорт көлеміне)

Sб - ағымдағы жыл бойынша салықтың орташа тиімді мөлшерлемесі, %

N б(imp) - ағымдағы жыл бойынша импортталатын тауарларға қосылған

құн салығының сомасы

V б(imp) - ағымдағы жыл бойынша импорт көлемі

Sесеп - есепті кезең ішіндегі орташа тиімді мөлшерлеме, %

Nесеп - есепті кезең ішіндегі импортталатын тауарларға салынатын

қосылған құн салығының іс жүзіндегі түсімдері

Vесеп - есепті жыл бойынша импорттың көлемі


№ 4 қосымша
Салық бойынша орташа тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде салықтың іс жүзіндегі түсімдерінен жүйелі емес сипаттағы (тексеру нәтижелері бойынша қосымша есептеулер, қате есептелген сомалар және т.б.) біржолғы төлемдер алынып тасталады.


1.3. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын акциздер
Импортқа салынатын акцизді есептеудің салықтық базасы импортталатын тауарлардың көлемі болып табылады.

Импортталатын тауарларға салынатын акциздердің болжамын есептеудің негізінде акцизделетін тауарлар импортының көлемі мен Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер пайдаланылады.

Импортталатын тауарларға салынатын акциздердің түсімдерінің болжамды сомаларының мөлшері мынадай формуламен айқындалады:
Ар=Vр*S мұнда
Ap - акциздің болжамды сомасы

S - акциздің мөлшерлемесі

Vр - жоспарлы кезеңге арналған импорттың болжамды көлемі


Vр = Vб* Тр, мұнда
Vр - жоспарлы кезеңге арналған импорттың болжамды көлемі

Vб – ағымдағы жыл бойынша импорт көлемінің бағалауы

Тр - импорт көлемінің болжамды қарқыны, %
№ 5 қосымша
1.4. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, үстеме пайдаға салынатын салық
Жер қойнауын пайдаланушылар бойынша мұнай секторының ұйымдарын қоспағанда үстеме пайдаға салынатын салықты болжау есебі келесі формуламен есептеледі:

NSp(тау) = NSб(тау) * Tб(тау), мұнда


NSp(тау) – үстеме пайдаға салынатын салықтың болжамды сомасы

NSб(тау) - қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша

салықтың іс жүзіндегі түсімдері

Tб(тау) – ағымдағы жыл бойынша тау кен өндіру өнеркәсібінің және ашық

кеніштерді өңдеудің ЖҚҚ өсу/төмендеу қарқыны, %

Салықты болжамдау кезінде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері де ескеріледі.

№ 6 қосымша
1.5. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар
Мұнай секторы ұйымдарын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылардан бонустар түсімдерінің болжамы АҚШ долларына теңгенің болжамды бағамы қайта есептелетін, жер қойнауын пайдалануға және табиғи қазбалар түрлеріне конкурсты жеңіп алған жер қойнауын пайдаланушылар бөлінісінде бонустар көлемдері туралы (АҚШ долларымен) Құзыретті органның деректері негізінде айқындалады.

1.6. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (ПҚӨС)
Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге салық болжамының есебі қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша салық түсімдерінің бағалауын негізге ала отырып жүзеге асырылады.

Қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша салық түсімдерінің бағалауының есебі мына формула бойынша есептеледі:


Nо(тау) = (Nесеп(тау) * Тб(тау)/12* Кб+ Nб(есеп), мұнда
Nо(тау) - қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша

ПҚӨС түсімдерінің бағалауы

Nесеп (тау) - есепті жыл ішіндегі салықтың іс жүзіндегі түсімдері

Тб(тау) - ағымдағы жыл бойынша тау-кен өнеркәсібінің және ашық

кеніштерді өңдеудің ЖҚҚ қарқынының өсуі/төмендеуі,%

12 - бір жылдағы айлар саны

Кб - ағымдағы жыл бойынша болжанатын кезең (айлардың саны) Nб(о) - ағымдағы жылдың белгілі бір кезеңіндегі салықтың іс жүзіндегі

түсімдері

ПҚӨС болжамды сомасы мына формула бойынша айқындалады:
Np = Nо * Vтау/100, мұнда
Np ПҚӨС болжамды сомасы

Nо - ағымдағы жыл бойынша қатты пайдалы қазбаларды өндіруге салық

бойынша түсімдердің бағалауы

Vтау – өткен жылға тау кен өнеркәсібінің және ашық кеніштерді өңдеудің

ЖҚҚ %
Дебеті аз және сарқылған кен орындарын өңдеуші, сондай-ақ рентабельділігі төмен келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін ПҚӨС салығының мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

№ 7 қосымша


1.7. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, экспортқа салынатын рента салығы

Экспортқа салынатын рента салығы болжамының есебі қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша салықтық түсімдердің бағалауын негізге ала отырып жүзеге асырылады.

Қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша салық түсімдерінің бағалауының есебі мына формула бойынша есептеледі:
RNо(тау) = (RNесеп(тау) * Тб(тау))/12* Кб+ Nб(есеп), мұнда
RNо(тау) - қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл

бойынша рента салығы түсімдерінің бағалауы

RNесеп (тау) - есепті жыл ішіндегі салықтың іс жүзіндегі түсімі

Тб(тау) - ағымдағы жыл бойынша өнеркәсіптің және карьерлерді өңдеудің

ЖҚҚ қарқынының өсуі/төмендеуі,%

12 - бір жылдағы айлар саны

Кб - ағымдағы жыл бойынша болжанатын кезең (айлардың саны)

Nб(о) - ағымдағы жылдың белгілі бір кезеңіндегі салықтың іс жүзіндегі

түсімдері

Көмір бойынша экспортқа салынатын рента салығының болжамы Елдің әлеуметтік – экономикалық дамуы болжамының өзгерістеріне түзетілген, есепті жыл ішіндегі іс жүзіндегі төлемдердің көлемдерін негізге ала отырып айқындалады.

Рента салығының болжамды сомасы мына формула бойынша айқындалады:
RNp(тау) = RN б(тау) * Tтау, мұнда
RNp(тау) – рента салығының болжамды сомасы

RNб (тау) - қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша

салық түсімдерінің бағалауы

Tтау - өнеркәсіптің және карьерлерді өңдеудің ЖҚҚ қарқынының

өсуі/төмендеуі,%

№ 8 қосымша




1.8. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер
Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер түсімдерінің болжамы АҚШ долларына теңгенің болжамды бағамы қайта есептелетін, жер қойнауын пайдалануға және табиғи қазбалар түрлеріне құқық алу конкурсын жеңіп алған жер қойнауын пайдаланушылар бөлінісінде осы төлем көлемдері туралы (АҚШ долларымен) Құзыретті органның деректері негізінде айқындалады.
1.9. Республикалық бюджетке есептелетін басқа да төлемдер
Республикалық бюджетке есептелетін кәсіпкерлік және кәсіби қызмет жүргізу үшін алымдар, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер, ойын бизнесіне салынатын салық, мемлекеттік баж, өзге салықтар бойынша түсімдер болжамы болжамдалған инфляция деңгейін ескере отырып, ағымдағы жыл бойынша түсімдердің бағалауын негізге ала отырып есептеледі.

Мұндай төлемдерге:

радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем;

кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем;

жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем;

автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткені үшін алынатын алым;

телевизиялық және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым;

дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшiн төлемақы;

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерге құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін (есепке алғаны үшін) алым;

ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым;

азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым;

ойын бизнесіне салынатын салық;

мемлекеттік баж;

өзге де салықтар жатады.

Аталған төлемдер бойынша болжамды есептеу мына формула бойынша бөлек жүзеге асырылады:


SPP =SPб*(100%+Ip), мұнда

SPp - төлемнің болжамды сомасы

SPб – ағымдағы жыл бойынша төлемдер түсімдерінің бағалауы

Ip - инфляцияның болжамды деңгейі, %


Ағымдағы жыл бойынша басқа да төлемдердің түсімдерінің бағалауы инфляция деңгейіне есепті жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді түзету арқылы, есепті жылдағы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша, сондай-ақ ағымдағы жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша жүргізілуі мүмкін.

Төлемдер мен алымдардың жекелеген түрлері бойынша тиісті мемлекеттік уәкілетті орган ұсынған болжамды деректер есепке алынады.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыс қызметтерін көрсеткені үшін төлем бойынша түсімдер болжамы жөніндегі мәліметтерді ұсынады. Бұл төлем бойынша болжамдар 04 «Байланыстың әмбебап қызметтерін ұсыну бойынша ауылдық байланыс операторларының шығындарын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінетін қаржы қаражатының көлемінде белгіленеді.

Консулдық алымдар бойынша болжамды АҚШ долларына теңгенің болжамды бағамына қайта есептелетін, АҚШ долларымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ұсынады.

Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым бойынша Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі ұсынған болжамды деректер қабылданады.
1.10.Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар
Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар бойынша болжам ағымдағы жыл бойынша түсімдердің бағалауына, Елдің әлеуметтік – экономикалық дамуы болжамының макроэкономикалық көрсеткіштерінің параметрлеріне негізделеді.

1.10.1 Әкелінетін тауарларға кедендік баж көлемінің болжамы мына формула бойынша айқындалады:


TPp(imp) = TPб(imp) * Tp(imp)
TPб(imp) = TPесеп(imp) *T б(imp)/100, мұнда

TPp(imp) - әкелінетін тауарларға салынатын кедендік баждардың

болжамды сомасы

TPб(imp) – ағымдағы жыл бойынша әкелінетін тауарларға салынатын

кедендік баж түсімдерінің бағалауы

Tp(imp) - импорт көлемінің болжамды өсу қарқыны, %

TPесеп(imp) - есепті жылға әкелінетін тауарларға салынатын кедендік

баждың іс жүзіндегі түсімдері

Tб(imp) - ағымдағы жыл бойынша импорт көлемінің өсу қарқыны %.
№ 9 қосымша
Кеден одағының жұмыс істеуі жағдайында Кеден одағына қатысушы елдер арасында кедендік баждарды бөлу тетігі есепке алынады.

Бөлу тетігі Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 303-IV Заңымен ратификацияланған Кеден одағында кедендік әкелу баждарын есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімде айқындалған.

Осы тетікке сәйкес Қазақстан Республикасына, Ресей Федерациясына, Беларусь Республикасына алыс шетелден импортталатын тауарларға әкелінетін кедендік баж Келісім тараптары арасында белгіленген нормативтер бойынша бөлінеді.

1.10.2 Әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баж түсімдерінің болжамы ағымдағы жыл бойынша кедендік баж түсімдерінің бағалауы және Елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының макроэкономикалық көрсеткіштерінің параметрлері негізінде жүргізіледі.

Әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баж түсімдерінің болжамы мына формула бойынша есептеледі:

TPр(exs) =TPб(exs) * Tp(exs)

TPб(exs) = TPотч(exs) * Tб(exs)/100, мұнда

TPр(exs) - әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баждың болжамды

сомасы

TPб(exs) – ағымдағы жыл бойынша әкетілетін тауарларға салынатын

кедендік баж түсімдерінің бағалауы

Tp(exs) - экспорт көлемінің болжамды өсу қарқыны,%

TPотч(exs) - есепті жылға әкетілетін тауарларға салынатын кедендік

баждың іс жүзіндегі түсімдері

Tб(exs) - ағымдағы жыл бойынша экспорт көлемінің өсу қарқыны, %


№ 10 қосымша
1.10.3 Шикі мұнайға әкетілетін кедендік баж бойынша (бұдан әрі – шикі мұнайға ЭКБ) болжамның есептеуі үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен, баж мөлшерлемесі, шикі мұнай экспорты көлемі туралы деректер және Елдің әлеуметтік – экономикалық даму болжамына сәйкес АҚШ долларына қатысты теңге бағамы пайдаланылады.

Мұнайға ЭКБ түсімдерінің болжамы шикі мұнайға әкетілетін кедендік бажды төлеуден босату көзделген міндетті салықтық сараптамадан өткен және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметімен немес құзіретті органдармен жасалған, өнімдерді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша мұнай өндіретін жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, мұнай өндіруші ұйымдар бойынша жүргізіледі.

Шикі мұнайға ЭКБ болжамының есебі мына формуламен айқыңдалады:
ТРр(неф) = Vp(exs) * S * Кp, мұнда
ТРр(неф) – шикі мұнайға ЭКБ болжамды сомасы

Vp(exs) – мұнай экспортының болжамды көлемі

S - мөлшерлеме, 1 тон/долл

Кp - АҚШ долларына қатысты теңгенің болжамды бағамы


Мұнай экспортының болжамды көлемі мына формуламен айқыңдалады:
Vp(exs) = (Vесеп(exs) / Vесеп(мұн))* Vp(мұн) , мұнда
Vp(exs) – мұнай экспортының болжамды көлемі

Vесеп(exs) – есепті жыл ішіндегі мұнай экспортының іс жүзіндегі көлемі

Vесеп(мұн) – есепті жыл ішіндегі мұнай өндірудің іс жүзіндегі көлемі

Vp(есеп) – мұнай өндірудің болжамды көлемі

немесе
Vp(exs) = Dp – Vішк.нарық.V сал.сал, мұнда
Vp(exs) – мұнай экспортының болжамды көлемі

Dp - мұнай өндірудің болжамды көлемі

Vіш.нар – ішкі нарыққа мұнайдың болжамды көлемі

V сал.сал - ЭКБ салынбайтын мұнай көлемі


Мұнайға ЭКБ болжамдау кезінде уәкілетті мемлекеттік органның деректері пайдалануы мүмкін.
№ 11 қосымша
1.10.4. Кедендiк бақылауды және кедендiк рәсiмдердi жүзеге асырудан түсетiн түсiмдерді болжау кезінде түсімдердің болжамды көлемі түсімдер серпінін негізге ала отырып, ағымдағы жыл бойынша түсімдердің бағалауы негізінде есептеледі.

Кедендiк бақылауды және кедендiк рәсiмдердi жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер болжамының есебі мына формуламен жүзеге асырылады:


TKp =TKб * Tр /100, мұнда
TKp – кедендiк бақылауды және кедендiк рәсiмдердi жүзеге асырудан

түсетiн түсiмдердің болжамды сомасы

TKб – кедендiк бақылауды және кедендiк рәсiмдердi жүзеге асырудан

түсетiн түсiмдерінің бағалауы

Tр – есепті кезең ішіндегі түсімдердің өсу/төмендеу қарқыны, %
№ 12 қосымша
2. Салықтық емес түсімдер
Салықтық емес түсімдерді болжау тиісінше төлемдер төленетін, нормативтік құқықтық актілерге негізделеді (№13 қосымша).

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері, республика меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер, республикалық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, республика меншігіндегі мүлікті жалға алудан түсетін кірістер болжамын мемлекеттік меншікке жататын мемлекеттік мүлікті басқару, иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті).

«Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін жалгерлік төлемнен түсетін түсімдер бойынша болжам Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында «Байқоңыр» кешенін және әскери-сынақ полигондарын жалға алу жөнінде жасалған шартқа сәйкес сомаларда және теңгенің АҚШ долларына қатысты болжамды бағамы есепке алына отырып белгіленеді.

Бюджет жобасын әзірлеу кезінде де мына салықтық емес түсімдер бойынша орталық және өзге де мемлекеттік органдар ұсынған болжамды деректер пайдаланылады:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі) таза кірісі бөлігінің түсімдері;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі депозиттері бойынша сыйақылар (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі);

республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі);

қару-жарақты және әскери техниканы сатудан түсетін кірістер (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі).

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және өзге де айыппұлдардың, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алуларды болжамдау жүзеге асырылмайды.

Байланысқан гранттар түсімдерінің болжамын байланысқан гранттарды тарту есебінен жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылатын мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Байланысқан гранттар түсімдерінің болжамы гранттар туралы тиісті келісімдерде айтылған сомалар шегінде белгіленеді.

Қалған салықтық емес түсімдер бойынша түсімдер болжамы инфляция деңгейін ескерумен, ағымдағы жыл бойынша түсімдер бағалауын негізге ала отырып мына формуламен айқындалады:


NPP =NPб*(100%+Ip), мұнда
NPp - салықтық емес түсімдердің болжамды сомасы

NPб – ағымдағы жыл бойынша салықтық емес түсімдердің бағалауы

Ip - инфляцияның болжамды деңгейі, %

Ағымдағы жыл бойынша салықтық емес түсімдердің бағалауы инфляция деңгейіне есепті жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді түзету арқылы, есепті жылдағы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша, сондай-ақ ағымдағы жыл бойынша белгілі кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша жүргізілуі мүмкін.

№ 14 қосымша

3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді болжау төлемдер төленетін нормативтік құқықтық актілерге негізделеді (№15 қосымша).

Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатудан және мемлекеттік ресурстардан астық сатудан түсетін түсімдерді болжамдау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасы министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған болжамды көрсеткіштер пайдаланылады.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан және материалдық емес активтерді сатудан түсетін түсімдерді болжау мынадай формула бойынша болжанатын жылға инфляция деңгейін ескере отырып ағымдағы жыл бойынша олардың түсімдерінің бағалауы негізге алына отырып жүзеге асырылады:


OKP =OKб*(100%+Ip), мұнда
OKp - негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің болжамды

сомасы


OKб – ағымдағы жыл бойынша негізгі капиталды сатудан түсетін

түсімдерді бағалау

Ip - инфляцияның болжамды деңгейі,%

Ағымдағы жыл бойынша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді бағалау инфляция деңгейіне есепті жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді түзету арқылы, есепті жылдағы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша, сондай-ақ ағымдағы жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша жүргізілуі мүмкін.


4. Трансферттердің түсімдері
Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен түсетін трансферттер;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдендірілген трансферт;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін нысаналы трансферт республикалық бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.
Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен түсетін трансферттерге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын , жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде есептелетін, облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен берілетін бюджеттік алып қоюлар жатады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттер дегеніміз Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке қайтарылмайтын түсімдер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттердің мөлшері абсолютті бекітілген мөлшерде айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға пайдаланылады.



II бөлім. Жергілікті бюджеттерге түсімдерді болжамдау
Жергілікті бюджеттерге түсімдерді болжамдау негіздері
Бюджет кодексінің 45 бабының 6 тармағына сәйкес, жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті ескерілуі тиіс.

Өңірдің салықтық әлеуеті бюджетке жекелеген салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің әлеуетінің сомасына тең.

Жалпы сипаттағы трансферттерді белгілеу үшін жергілікті бюджет кірістері көлемін айқындау кезінде салықтық әлеуетті есептеудің мынадай әдістері қолданылады:

1. Салық салу базасы бойынша тікелей есеп.

Бұл әдіс жекелеген салық түрлерінің салықтық әлеуетін есептеу кезінде қолданылады. Осы әдіс бойынша салықтық әлеуетті есептеу бюджетке түсімдер көлемін айқындайтын, өзара байланысты экономикалық көрсеткіштердің белгілі бір жиынтығын қолдана отырып, атап айтқанда:


  • мынадай формула бойынша тиісті салықтық базаға салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы:

Po = NOб*S , мұнда
Po - қолданыстағы заңнама жағдайларындағы ағымдағы жыл

бойынша салықтық әлеует

NO б - салықтық база

S - Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген

мөлшерлеме


  • мынадай формула бойынша макроэкономикалық көрсеткіштер параметрлерінің және орташа тиімді мөлшерлемелер негізінде жүзеге асырылады:

Po = NOб*Sесеп


Sесеп = Pесеп /NO есеп*100%, мұнда
Po - қолданыстағы заңднама жағдайларындағы ағымдағы жыл

бойынша салықтық әлеует

NO б - ағымдағы жыл бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің

параметрлері

S есеп - есепті жылға орташа тиімді мөлшерлеме, %

Ресеп - есепті кезеңге салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;

NOесеп - есепті кезеңге макроэкономикалық көрсеткіштердің

параметрлері


2. Ағымдағы жылдың белгілі бір кезеңіндегі түсімдер деректері негізінде. Бұл әдіс бойынша салықтық әлеует мыналар бойынша есептеледі:

  • мынадай формула бойынша есепті жылғы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы:

Po = Рб(есеп)*Uесеп,

Uесеп= Pо(есеп) /Pесеп*100 кезінде, мұнда
Po – қолданыстағы заңнама жағдайларындағы ағымдағы жыл

бойынша салықтық әлеует

Pб(есеп) – ағымдағы жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі

түсімдер

Uесеп - есепті жылғы ұқсас кезеңнің үлес салмағы , %

Pо(есеп) – есепті жылдың ұқсас кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдер

Pесеп - есепті жылға іс жүзіндегі түсімдер


  • мынадай формула бойынша ағымдағы жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша:

Po = Рб(есеп) /Kб(есеп)*12, мұнда


Po – қолданыстағы заңнама жағдайларындағы ағымдағы жыл

бойынша салықтық әлеует

Pб(есеп) - ағымдағы жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі

түсімдер


Kб(есеп) - ағымдағы жылдың белгілі бір кезеңіндегі айлардың саны

12 - бір жылдағы айлардың саны.

3.Базалық (есепті) жылдың іс жүзіндегі деректері негізінде.

Салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің салықтық әлеуеті мынадай формула бойынша инфляция деңгейіне есепті жылдың іс жүзіндегі түсімдерін индекстеу жолымен есептеледі,:


Po = Pесеп*(100%+Iб), мұнда
Po – қолданыстағы заңнама жағдайындағы ағымдағы жыл

бойынша салықтық әлеует

Pесеп - есепті жылғы іс жүзіндегі түсімдер

Iб - ағымдағы жыл бойынша инфляция деңгейі, %


Есепті кезең мен ағымдағы жыл бойынша салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің іс жүзіндегі түсімдерінен салықтық әлеуетті есептеу кезінде жүйесіз сипатқа ие және өндірістік қызметке тәуелсіз, атап айтқанда, уақытша факторлар (бағаның ауытқуы, құрылымдық өзгерістер) есебінен алынған, жылдық қайта есептеулердің ірі мөлшерлері, тексеру актілері бойынша үстеме есептелген сомалар алынып тасталады.
1. Салықтық түсімдер
1.1. Жеке табыс салығы
1.1.1. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығын есептеу үшін салықтық база атаулы сипаттағы жалақы болып табылады.

Жоспарлы кезеңге төлем көзіне салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалауды есептеу жалақы қорының болжанатын көлеміне және орташа тиімді мөлшерлемеге немесе Салық кодексіне сәйкес мөлшерлемеге негізделеді. Сондай-ақ, салық төлеушінің тіркелген жерінің өзгеруімен (қоныс ауыстыру), жекелеген кәсіпорындарда жұмысшылар санының өзгеруімен (жобаның аяқталуы, қосымша жұмыс орындарын ашу және т.б) байланысты өңірдің жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуеттің өзгерістері ескеріледі. Жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруін есептеу нақты салық төлеуші бойынша жеке жүргізіледі.

Жалақының болжамды қоры әрбір өңір бойынша жеке есепті жылды қалыптасқан, ЖӨӨ номиналды көлеміне жалақы қорының пайыздық қатынасының номиналды сипатындағы ЖӨӨ-нің болжамына қолдану жолымен айқындалады.

Жоспарлы кезеңге жалақының болжамды қорын айқындау бойынша басқа да тәсілдер қолданылуы мүмкін.

Бірінші нұсқа. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы кезеңге салықтық әлеуетті бағалау негізіне жалақының болжамды салық салынатын қорының мөлшері және Салық кодексіне сәйкес мөлшерлеме қолданылады.

Жоспарлы кезеңге төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау мынадай формула бойынша айқындалады:
Pipn = (Ofzp * Fipn) ± Iipn
Iipn = ± (Ofzp * Fipn) , мұнда
Pipn - жоспарлы кезеңге жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетті

бағалау


Ofzp – жалақының болжамды салық салынатын қорының мөлшері

Fipn – Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығының мөлшерлемесі, %

Iipn – жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруі

Жалақының салық салынатын болжамды мөлшері жалақы қорының жалпы болжамды көлемінен барлық жұмысшыларға есептелген ең төменгі жалақы мөлшерін, міндетті зейнетақы жарнасын және Салық кодексіне сәйкес ұсынылатын жеңілдіктер мен шегерімдер сомасын шегеру жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:


Ofzp = D fzp – Popv – (MZP * CHrab*12) – L
Ofzp – жалақының болжамды салық салынатын қорының мөлшері

Dfzp – жалақы қорының болжамды көлемі

Popv – міндетті зейнетақы жарналары (10%)

MZP – болжамды ең төменгі жалақы

CHrab – жұмысшылар саны, адам

L – Салық кодексіне сәйкес жеңілдіктер мен басқа да шегерімдер

12 - бір жылдағы айлар саны

№ 16 қосымша


Жоспарлы кезеңге төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалауды айқындаудың екінші нұсқасы салық базасына орташа тиімді мөлшерлемені қолдануға негізделген және мынадай формула бойынша айқындалады:
Pipn = (Dfzp * Sб) ± Iipn
Sб= Pб / Dб*100
Iipn = ± ((D fzp - Popv - (MZP * CHrab*12) - L) *Fipn), мұнда
Pipn - жоспарлы кезеңге жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетті

бағалау


Dfzp - жалақы қорының болжамды көлемі

Sб - орташа тиімді мөлшерлеме , %

Iipn - жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруі

Pб - ағымдағы жыл бойынша төлем көзінен салық салынатын

табыстардан ұсталатын жеке табыс салығының салықтық әлеуеті

Dб - ағымдағы жыл бойынша жалақы қоры көлемін бағалау

Popv - міндетті зейнетақы жарналары (10%)

MZP - ең төменгі жалақы

CHrab - жұмысшылар саны, адам

L - Салық кодексіне сәйкес жеңілдіктер мен басқа да шегерімдер

12 - бір жылдағы айлар саны

Fipn - Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығының мөлшерлемесі, %


Бұл ретте, жоспарлы кезеңге салықтың салықтық әлеуетін бағалау есептерінде пайдаланылатын ағымдағы жыл бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығының салықтық әлеуеті мынадай формула бойынша есептеледі:

Pб=Dб*Sесеп


Sесеп= Pесеп/Dесеп*100
Pб - ағымдағы жыл бойынша төлем көзінен салық салынатын

табыстардан ұсталатын жеке табыс салығының салықтық әлеуеті

Dб - ағымдағы жыл бойынша жалақы қоры көлемін бағалау

Sесеп - есепті жылға орташа тиімді мөлшерлеме , %

Pесеп - есепті жылдағы төлем көзінен салық салынатын табыстардан

ұсталатын жеке табыс салығының іс жүзіндегі түсімдері

Dесеп – есепті жылдағы жалақы қорының көлемі (есепті статистикалық

мәліметтер).

Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша орташа тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде іс жүзінде түскен салық түсімдерінен жүйесіз сипатқа ие, бір жолғы төлемдер (тексерулер нәтижелер бойынша үстеме есептеулер, қате есептелген сомалар және т.б.) алынып тасталынады.

1.1.2. Төлем көзінен салық салынбайтын табысқа: мүліктік табыс (мүлiктi сату кезiнде, жеке тұлғаның, арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсiмiнен түсетін табысы, жеке тұлғаның мүлікті жалға беруден табысы және т.б) дара кәсіпкердің табысы, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың табысы, басқа да табыстар (Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстар, үй қызметкерлерінің табыстары және т.б.) жатады.

Жоспарлы кезеңге төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау есепті кезеңдегі түсімдер динамикасын талдауды негізге ала отырып, ағымдағы жыл бойынша салықтық әлеует негізінде есептеледі.

Жоспарлы кезеңге төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау мынадай формула бойынша айқындалады:


PP= Odox*(100%+Ip), мұнда

PP - жоспарлы кезеңге төлем көзінен салық салынбайтын

табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша

салықтық әлеуетті бағалау

Odox - ағымдағы жыл бойынша салықтық әлеует

Ip - инфляцияның болжанатын деңгейі, %

№17 қосымша

1.2. Әлеуметтік салық
Жоспарлы кезеңге әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуетті бағалауды айқындау кезінде төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығын есептеу кезінде пайдаланылатынға ұқсас номиналды сипаттағы жалақының болжамды қоры негізге алынады.

Жоспарлы кезеңге әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуетті бағалау кезінде салық төлеушінің тіркелген жерінің өзгеруімен (қоныс ауыстыру), жекелеген кәсіпорындарда жұмысшылар санының өзгеруімен (жобаның аяқталуы, қосымша жұмыс орындарын ашу және т.б) байланысты өңірдегі салық бойынша салықтық әлеуеттің өзгерістері ескеріледі. Әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруін есептеу нақты салық төлеуші бойынша жеке жүргізіледі.

Бірінші нұсқа. Әлеуметтік салық бойынша жоспарлы кезеңге салықтық әлеуетті бағалау негізіне жалақының болжамды салық салынатын қорының мөлшері және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды ескере отырып Салық кодексіне сәйкес мөлшерлеме қолданылады.

Жоспарлы кезеңге әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуетті бағалау мынадай формула бойынша анықталады:


Psn = (Ofzp * Fsn) ± Isn


Isn = ± (Ofzp * Fsn), мұнда
Psn - жоспарлы кезеңге әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуетті

бағалау


Ofzp - жалақының болжамды салық салынатын қорының мөлшері

Fsn - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды алып

тастаумен Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салық мөлшерлемесі, %

Isn - өңірдегі әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруі

Жалақының салық салынатын қорының мөлшері жалақы қорының жалпы болжамды көлемінен міндетті зейнетақы жарнасын және салықтық заннамаға сәйкес ұсынылатын жеңілдіктер мен шегерімдер сомасын шегеру жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:

Ofzp = D fzp – Popv– L


Ofzp – жалақының болжамды салық салынатын қорының мөлшері

Dfzp –жалақы қорының болжамды көлемі

Popv – міндетті зейнетақы жарналары (10%)

L – Салық кодексіне сәйкес жеңілдіктер мен басқа да шегерімдер


№ 18 қосымша
Екінші нұсқа. Жоспарлы кезеңге әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуетті бағалау салық салынатын база және орташа тиімді мөлшерлемеге негізделген және мынадай формула бойынша айқыналады :
Psn= ( Dfzp* Sб) ± Isn
Sб= Pб / Dб*100
Isn = ± (D fzp – Popv– L)* Fsn, мұнда
Psn - жоспарлы кезеңге әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуетті

бағалау


Dfzp - жалақы қорының болжамды мөлшері

Sб - ағымдағы жыл бойынша әлеуметтік салықтық түсімдерді бағалау

бойынша орташа тиімді мөлшерлемесі , %

Isn - әлеуметтік салық бойынша салықтық әлуеттің өзгеруі

Pб - ағымдағы жыл бойынша әлеуметтік салықтың салықтық әлуеті

Dб - ағымдағы жыл бойынша жалақы қорының көлемін бағалау

Popv – міндетті зейнетақы жарналары (10%)

L – Салық кодексіне сәйкес жеңілдіктер мен басқа да шегерімдер


Бұл ретте, жоспарлы кезеңге салықтың салықтық әлеуетін бағалау кезінде пайдаланылатын ағымдағы жыл бойынша әлеуметтік салықтың салықтық әлеуеті мынадай формула бойынша есептеледі:

Pб= Dб*Sесеп


Sесеп= Pесеп/Dесеп*100
Pб - ағымдағы жыл бойынша әлеуметтік салықтың салықтық әлеуеті

Dб - ағымдағы жыл бойынша жалақы қорының көлемін бағалау

Sесеп - есепті жылға орташа тиімді мөлшерлеме, %

Pесеп - есепті жылға әлеуметтік салықтың іс жүзіндегі түсімдері

Dесеп - есепті жылғы жалақы қорының көлемі (есепті статистикалық

деректер)

Салық бойынша орташа тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде іс жүзінде түскен салық түсімдерінен жүйесіз сипатқа ие бір жолғы түсімдер (тексерулер нәтижелері бойынша үстеме есептеулер, қате есептелген сомалар және т.б.) алынып тасталынады.
№ 19 қосымша
1.3. Мүлікке салынатын салық
1.3.1. Жоспарлы кезеңге заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық бойынша салықтық әлеуетті бағалау кезінде мынадай нұсқалар пайдаланылады.

Бірінші нұсқа. Жоспарлы кезеңге заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық бойынша салықтық әлеуетті бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес мұндайларға жататын және негізгі құралдар құрамында есепке алынатын немесе жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сондай-ақ есепті жылы концессия шартына сәйкес, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар (бұдан әрі - объектілер) құны туралы деректер негізінде есептеледі.

Салық салынатын объектілердің құнын айқындау үшін объектілердің жалпы құнынан салық салу объектілері болып табылмайтын объектілердің құны алынып тасталады.

Мүлікке салынатын салық бойынша жоспарлы кезеңге салықтық әлеуетті бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:


UP= (VOF - L OF )*Tp*S, мұнда
UP – жоспарлы кезеңге мүлікке салынатын салық бойынша салықтық

әлеуетті бағалау

VOF – ағымдағы жыл бойынша объектілердің құны

L OF - жеңілдік берілетін объектілердің құны

Tp - негізгі құралдар құнының болжамды өсу қарқыны, %

(қайта бағалау коэффициенті немесе инфляция деңгейіне)

S - салықтың орташа тиімді мөлшерлемесі, %
Салық салуға жататын ағымдағы жыл бойынша объектілердің құны базалық (есепті) жылғы объектілер құнын (салық салынатын) негізгі құралдар құнының өсу қарқынына (қайта бағалау коэффициенті немесе инфляция деңгейіне) түзету жолымен айқындалады.
№ 20 қосымша
Екінші нұсқа. Жоспарлы кезеңге заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық бойынша салықтық әлеуеті бағалау қайта бағалау коэффициенті немесе инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы жыл бойынша салықтық әлеуетті негізге ала отырып айқындалады. Жоспарлы кезеңге заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлкіне

салынатын салық бойынша салықтық әлеуеттің бағалау мынадай формула бойынша айқындалады:


UP =Uб* Кp(I) , мұнда
Up - жоспарлы кезеңге заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің

мүлкіне салынатын салық бойынша салықтық әлеуетті бағалау

Uб – ағымдағы жыл бойынша мүлікке салынатын салықтың салықтық

әлеуеті


Кp(I) - қайта бағалаудың болжамды коэффициенті немесе инфляция

деңгейі, %


Ағымдағы жыл бойынша салықтық әлеует есепті жылғы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша, сондай-ақ ағымдағы жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша айқындалуы мүмкін.

1.3.2. Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың салық салу базасы бір шаршы метрдің базалық құнын, физикалық тозу, функционалдық тозу коэффициентін, аймаққа бөлу коэффициентін және т.б. ескере отырып пайдалы ауданды негізге ала отырып айқындалатын объектінің құны (тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар мен олардың меншік құқына жататын өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, сондай-ақ пайдалану күнінен бастап аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану) болып табылады. Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық салық салу объектісінің құнына тәуелді мөлшерлеме шәкілі бойынша есептеледі.

Жоспарлы кезеңге жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық бойынша салықтық әлеуетті бағалау бір шаршы метрдің базалық құнының және болжанатын инфляция деңгейінің өзгеруін ескере отырып ағымдағы жыл бойынша салықтық әлеуетті негізге ала отырып айқындалады.

Жоспарлы кезеңге жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық бойынша салықтық әлеуетті бағалау мынадай формула бойынша айқындалады:

UP =Uб* Bp *(100%+Ip) , мұнда
Up - жоспарлы кезеңге жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

бойынша салықтық әлеуетті бағалау

Uб - ағымдағы жыл бойынша мүлікке салынатын салықтың салықтық

әлеуеті


Bp - бір шаршы метрдің базалық құнының болжамды өзгеруі, %

Ip - инфляцияның болжамды деңгейі, %

Ағымдағы жыл бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың салықтық әлеуеті есепті жылғы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша, сондай-ақ ағымдағы жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша айқындалуы мүмкін.

1.4. Жер салығы
Жер салығын айқындауға арналған салықтық база жер учаскесінің ауданы болып табылады.

Жер салығының базалық мөлшерлемесі жердің пайдалану мақсатына байланысты ауданның бір шаршы метріне, мөлшерлемеден пайыздық есепте бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады (үйлесімді бонитет балымен). Салық мөлшерлемесінің мөлшеріне ықпал ететін көптеген факторларды болжау кезінде есептеуді негізге алу үшін салықтық базаны объективті бағалауға мүмкіндік бермейді.

Жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау ағымдағы жыл бойынша салықтық әлеуетті негізге ала отырып айқындалады.

Жоспарлы кезеңге жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:


ZP =Zб*(100%+Ip) , мұнда
Zp - жоспарлы кезеңге жер салығы бойынша салықтық әлеуетті

бағалау


Zб - қолданыстағы заңнама жағдайларындағы ағымдағы жыл

бойынша жер салығының салықтық әлеуеті

Ip - инфляцияның болжамды деңгейі, %

Ағымдағы жыл бойынша жер салығының салықтық әлеуеті инфляция деңгейіне есепті жылғы іс жүзіндегі түсімдерді түзету жолымен, есепті жылғы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша, сондай-ақ ағымдағы жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша айқындалуы мүмкін.


1.5. Көлік құралдарына салынатын салық
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған тiркемелердi қоспағанда көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.

Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу көлік құралдарының түрлеріне, қозғалтқышының көлеміне, жүк көтергіштігіне байланысты айлық есептік көрсеткіште (АЕК) белгіленген мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі.

Көлік құралдарына салынатын салық бойынша салықтық әлеуетті бағалауды айқындау кезінде мынадай нұсқалар пайдаланылады.
Бірінші нұсқа. Жоспарлы кезеңге көлік құралдарына салынатын салық бойынша салықтық әлеуетті бағалау Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен алынатын түрлер бөлінісінде көлік құралдарының саны, қозғалтқыштарының көлемі бойынша топтар, жүк көтергіштігі туралы

мәліметтері және салық кодексіне сәйкес мөлшерлеме негізінде тура есеп бойынша есептеледі. (№ 10 қосымша)

Бұл ретте көлік құралдарының жалпы санынан Салық кодексіне (ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша) сәйкес жеңілдіктер берілетін заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдары алынып тасталынады.

Автокөлік құралдарының әрбір түрлері мен топтары бойынша жоспарлы кезеңге салық бойынша салықтық әлеуетті бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:


TSp= (Кp(ts) –L( ts))*МРП*S, мұнда
TSp - жоспарлы кезеңге салық бойынша салықтық әлеуетті бағалау

Кp(ts) - көлік құралдарының болжамды саны

L( ts) - жеңілдік берілетін көлік құралдарының саны

МРП - жоспарланған жылға айлық есептік көрсеткіштің мөлшері

S - салық мөлшерлемесі, %

№ 21 қосымша


Екінші нұсқа. Жоспарлы кезеңге көлік құралдарына салынатын салық бойынша салықтық әлеуетті бағалау салық салу базасының және инфляция деңгейінің өзгеруіне түзетілген ағымдағы жыл бойынша көлік құралдарына салынатын салық салықтық әлеуетін негізге ала отырып айқындалады. Салық бойынша салықтық әлеуетті бағалау мынадай формула бойынша айқындалады:
ТSP =ТSб*Bp*(100%+Ip) , мұнда
ТSp - жоспарлы кезеңге көлік құралдарына салынатын салық бойынша

салықтық әлеуетті бағалау

ТSб - ағымдағы жыл бойынша салықтың салықтық әлеуеті

Bp – салық базасының болжамды өзгеруі, %

Ip - инфляцияның болжамды деңгейі, %

Ағымдағы жыл бойынша көлік құралдарына салынатын салықтың салықтық әлеуеті есепті жылдағы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша, сондай-ақ ағымдағы жыл бойынша белгілі кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша айқындалуы мүмкін.



1.6. Бірыңғай жер салығы
Жоспарлы кезенге бірыңғай жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау ағымдағы жыл бойынша салықтың салықтық әлеуеті базасында жүргізіледі.

Жоспарлы кезеңге бірыңғай жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

EZP =EZб*(100%+Ip), мұнда
EZp жоспарлы кезеңге бірыңғай жер салығы бойынша салықтық

әлеуетті бағалау

EZб – ағымдағы жыл бойынша бірыңғай жер салығының салықтық

әлеуеті


Ip - инфляцияның болжамды деңгейі, %
Ағымдағы жыл бойынша бірыңғай жер салығының салықтық әлеуеті инфляция деңгейіне есепті жылғы іс жүзіндегі түсімдерді түзету жолымен есепті жылғы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша, сондай- ақ ағымдағы жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдері бойынша айқындалуы мүмкін.
1.7. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарларға акциздер
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарларға акциздерді есептеу үшін салықтық база акцизделетін тауарлардың өндіріс көлемі болып табылады.

Жоспарлы кезеңге акциздер бойынша салықтық әлеуетті бағалау акцизделетін тауарлардың өндіріс көлеміне және Салық кодексіне сәйкес мөлшерлемеге негізделеді.

Тауар әрбір түрі бойынша жоспарлы кезеңге акциздер бойынша салықтық әлеуетті бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:
Ap = Vp*S, мұнда
Ap – жоспарлы кезеңге акциздер бойынша салықтық әлеуетті бағалау

Vp – акцизделетін өнімдер өндірісінің болжамды көлемі

S – Салық кодексіне сәйкес салық мөлшерлемесі
Vp= Vб*Тр, мұнда
Vp - акцизделетін өнімдер өндірісінің болжамды көлемі

Vб – ағымдағы жыл бойынша акцизделетін өнімдер өндірісінің көлемі

Тр – акцизделетін өнімдер өндірісі көлемінің болжамды өсу қарқыны, %
Ағымдағы жыл бойынша акцизделетін өнімдер өндірісінің көлемін айқындау кезінде өндіруші компаниялардың және ҚР Қаржымині Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері пайдаланылады.
№ 22 қосымша
1.8. Жергілікті бюджеттерге есептелетін басқа да төлемдер
Жергілікті бюджеттерге есептелетін кәсіпкерлік және кәсіби қызмет жүргізгені үшін алымдар, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер, тіркелген салық, мемлекеттік баж, басқа да салықтар бойынша

жоспарлы кезеңге салықтық әлеуетті бағалау болжанатын инфляция деңгейін ескере отырып, ағымдағы жыл бойынша аталған түсімдердің салықтық әлеуетін негізге ала отырып есептеледі.

Мұндай төлемдерге:

жер беті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;

орманды пайдаланғаны үшiн төлем;

жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем;

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;

қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем;

дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

аукциондардан алынатын алым;

жылжымалы мүлікті кепілдікке салуды мемлекеттік тіркегені және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы үшін алынатын алым;

көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

жылжымайтын мүлікке және олармен мәміле жасау құқығын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

сыртқы (көрнекі) жарнаманы жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде орналастырғаны үшін төлем;

тіркелген салық;

мемлекеттік баж;

басқа да салықтар жатады.

Жоспарланған кезеңге аталған төлемдер бойынша салықтық әлеуетті бағалау мынадай формула бойынша жеке жүзеге асырылады:


SPP =SPб*(100%+Ip), мұнда
SPp - жоспарлы кезеңге төлемдердің салықтық әлеуетін бағалау

SPб – ағымдағы жыл бойынша төлемдердің салықтық әлеуеті

Ip - инфляцияның болжамды деңгейі, %

Ағымдағы жыл бойынша басқа да төлемдердің салықтық әлеуеті инфляция деңгейіне есепті жылғы іс жүзіндегі түсімдерді түзету жолымен есепті жылғы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша, сондай-ақ ағымдағы жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша айқындалуы мүмкін.



2. Салықтық емес түсімдер
Салықтық емес түсімдерді болжамдау төлемдер төленетін нормативтік құқықтық актілерге негізделеді. (№23 қосымша).

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бөлігі коммуналдық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакеттеріне дивидендтер, коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер, коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер түсімдерінің, болжамы коммуналдық меншікке жататын мемлекеттік мүлікті басқару, иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган ( жергілікті атқарушы органдар) айқындайды.

Бюджет жобасын әзірлеген кезде мынадай салықтық емес түсімдер бойынша жергілікті атқарушы органдар ұсынатын болжамды деректер пайдаланылады:

депозиттерге уақытша бос бюджеттік ақшаны орналастырудан алынған сыйақылар;

аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар;

жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар;

жергілікті атқарушы органдар тартатын гранттар.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және өзге де айыппұлдардың, сондай-ақ облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар жүзеге асырылмайды.

Қалған салықтық емес түсімдер бойынша түсімдер болжамы инфляция деңгейін ескере отырып, ағымдағы жыл бойынша түсімдер бағалауына сүйене отырып келесі формула бойынша анықталады:

NPP =NPб*(100%+Ip), мұнда


NPp - салықтық емес түсімдердің болжамды сомасы

NPб – ағымдағы жыл бойынша салықтық емес түсімдерді бағалау

Ip - инфляцияның болжамды деңгейі, %

Ағымдағы жыл бойынша салықтық емес түсімдерді бағалау инфляция деңгейіне есепті жылғы іс жүзіндегі түсімдерді түзету жолымен, есепті жылғы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша, сондай-ақ ағымдағы жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша айқындалуы мүмкін.

№ 24 қосымша.
3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді болжамдау төлемдер төленетін нормативтік құқықтық актілерге негізделеді. (№25 қосымша).

Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер болжамы жергілікті атқарушы органдар ұсынатын, мәліметтер негізінде белгіленеді.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер және жер учаскелерін жалдау құқығын сатудан төлем болжамдары мынадай формула бойынша болжанатын жылға инфляция деңгейін ескере отырып ағымдағы жыл бойынша олардың түсімдерін бағалауды негізге ала отырып жүзеге асырылады:


OKP =OKб*(100%+Ip), мұнда
OKp - негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің болжамды

сомасы


OKб – ағымдағы жыл бойынша негізгі капиталды сатудан түсетін

түсімдерді бағалау

Ip - инфляцияның болжамды деңгейі,%
Ағымдағы жыл бойынша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді бағалау инфляция деңгейіне есепті жылғы іс жүзіндегі түсімдерді түзету жолымен, есепті жылғы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша, сондай-ақ ағымдағы жыл бойынша белгілі кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша жүргізілуі мүмкін.


  1. Трансферттердің түсімдері

Жергілікті бюджеттерге трансферттер түсімдері :

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен трансферттер;
      республикалық бюджеттен түсетiн трансферттер болып табылады.

Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер, ағымдағы нысаналы трансферттер, нысаналы даму трансферттері болып бөлінеді.

Жалпы сипаттағы трансферттер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде есептеледі.

Жалпы сипаттағы трансферттер үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сома шегінде:


      1) жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына алып келетін, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдардың актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің

Шығындарын өтеуге бағытталған;


      2) төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджеттерге беретін, мемлекеттік органдар функцияларының мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне берілуіне байланысты жоғары тұрған бюджет шығыстарының ұлғаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын жоғары тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.

Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

Нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдар тиісті бюджеттік бағдарламаларда айқындалған олардың нысаналы мақсатына сәйкес қана пайдаланады.
    
III бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдерді болжамдау


  1. Салықтық түсімдер

1.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін корпоративтік табыс салығы түсімдерінің болжамы.

Корпоративтік табыс салығы бойынша болжамды есептеу бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орталық органмен және мұнай операцияларын жүргізу, келісімшарттар жасасу және орындау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен бірлесіп бекітілетін Мұнай секторының ұйымдары тізбесі бойынша жүргізіледі.

Есептеудің негізіне мынадай көрсеткіштер: мұнайды, газ конденсатын өндіру көлемі, мұнайдың (Brent маркасы) әлемдік бағасы, елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне сәйкес АҚШ долларына шаққанда теңгенің бағамы және Салық кодексінде көзделген мөлшерлемелер пайдаланылады.

Мұнай секторы ұйымдары бойынша корпоративтік табыс салығының болжамды сомасының есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

PNp= (Vp*Zr-W)*S, мұнда


PNp - корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы

Vp - мұнайды, газ конденсатын сатудың болжамды көлемі

Zr - сатудың болжамды орташа бағасы

W - салық заңнамасында көзделген шегерімдер

S - салық мөлшерлемесі, % (20% - жалпы белгіленген мөлшерлеме, қызметін Өнімді бөлу туралы келісім бойынша жүзеге асыратын «Теңізшевройл» ЖШС бойынша және салық төлеушілер бойынша – 30%)

Мұнайды, газ конденсатын сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ долларына шаққанда теңгенің болжамды бағасына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне - 7,5 қайта есептеледі.

Төлем көзінен ұсталатын резидент және резидент емес заңды тұлғалардан түсетін корпоративтік табыс салығының болжамын есептеу қолданыстағы заңнаманың жағдайында ағымдағы жыл бойынша салықтық түсімдерді бағалаудың негізінде жүзеге асырылады.

Салықтың болжамды сомасын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

PP =PO* Tр(mz) * Tр(d) * Tр(k), мұнда
Рp – корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы

Рo – қолданыстағы заңнаманың жағдайында ағымдағы жыл бойынша

салықтық түсімдерді бағалау

Tр(mz) – мұнайдың әлемдік бағасының болжанатын өсу/төмендеу қарқыны

Tр(d)– мұнайды өндірудің болжанатын өсу/төмендеу қарқыны

Tр(k) - АҚШ долларына шаққанда теңге бағамының болжанатын

өсу/төмендеу қарқыны
Қолданыстағы заңнаманың жағдайында ағымдағы жыл бойынша салықтық түсімдерді бағалауды есептеумына формула бойынша жүзеге асырылады:
Pо = (Pесеп * Tб(mz) * Tб(d) * Tб(k))/12* Np + Pб(есеп), мұнда
Pо - қолданыстағы заңнаманың жағдайында ағымдағы жыл бойынша

салықтық түсімдерді бағалау

Pесеп - есепті жылдағы іс жүзіндегі салықтық түсімдер

Tб(mz) - ағымдағы жыл бойынша, мұнайдың әлемдік бағасының

өсу/төмендеу қарқыны

Tб(d) - ағымдағы жыл бойынша, мұнайды өндірудің өсу/төмендеу

қарқыны

Tб(k) - ағымдағы жыл бойынша, АҚШ долларына шаққанда теңге



бағамының өсу/төмендеу қарқыны

Np - ағымдағы жыл бойынша болжамдау мерзімі (айлар саны)

Pб(есеп) - ағымдағы жылдың белгілі бір кезеңіндегі салықтық

түсімдер


12 - 1 жылдағы айлар саны

№26 қосымша


1.2. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін үстеме пайдаға салынатын салық

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін үстеме пайдаға салынатын салықтың болжамын есептеу қолданыстағы заңнаманың жағдайында ағымдағы жылғы іс жүзіндегі салық түсімінің негізінде, төлеу мерзімі келесі салық кезеңінің 15 сәуірінен кешіктірмей, яғни алдыңғы (есептік) жылғы қызметтің қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

Мұнай секторының ұйымдары бойынша үстеме пайдаға салынатын салықтың болжамын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

NSp(мұн) =NSб(мұн)* Tб(mz) * Tб(d)*Tб(k), мұнда


NS(мұн) мұнай секторының ұйымдары бойынша үстеме пайдаға

салынатын салықтың болжамды сомасы

NSб(мұн) – мұнай секторының ұйымдары бойынша қолданыстағы

заңнаманың жағдайында ағымдағы жылғы іс жүзіндегі салық

түсімі

Tб(mz) – ағымдағы жыл бойынша, мұнайдың әлемдік бағасының



өсу/төмендеу қарқыны

Tб(d) – ағымдағы жыл бойынша, мұнайды өндірудің өсу/төмендеу

қарқыны

Tб(k) - ағымдағы жыл бойынша, АҚШ долларына шаққанда теңге



бағамының өсу/төмендеу қарқыны
№ 27 қосымша
1.3. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін бонустар
Бонустар түсімдерінің болжамы жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсты жеңіп шыққан жер қойнауын пайдаланушылар бөлінісінде бонустардың көлемі туралы (АҚШ долларымен) Құзыретті органның деректері негізінде және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы болжамды бағамына қайта есептелетін табиғи пайдалы қазбалардың түрлері негізінде жүргізіледі.

1.4. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық
Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты (бұдан әрі - ПҚӨС) төлеу «Теңізшевройл» ЖШС мен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Өнімді бөлу туралы келісім жасасқан ұйымдарды қоспағанда, мұнай өндіретін ұйымдар бойынша жүргізіледі.

ПҚӨС-ті есептеу үшін уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын шикі мұнайды, газ конденсатын өндіру көлемі туралы деректер, мұнайдың әлемдік

бағасы және әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына сәйкес АҚШ долларына шаққандағы теңгенің бағамы пайдаланылады.

ПҚӨС болжамды сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:


Np = (Dp *Zr*Sесеп)/4*3+N4кв, мұнда
Np – ПҚӨС болжамды сомасы

Dp – мұнай, газ конденсатын өндірудің болжамды көлемі

Zr – сатудың орташа бағасы

S – есепті кезеңнің орташа тиімді мөлшерлемесі, %

4 - 1 жылда тоқсандар саны

3 - болжанатын кезең (тоқсандар саны)

N4кв - алдыңғы жылдың 4 тоқсанындағы ауыспалы төлемдер
Сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ долларына шаққанда теңгенің болжамды бағасына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне-7,5 қайта есептеледі.

Есепті кезеңнің орташа тиімді мөлшерлемесі мына формула бойынша айқындалады:

Sесеп = Nесеп/ (Dесеп * Zесеп), мұнда
Sесеп - есепті жылдың орташа тиімді мөлшерлемесі

Nесеп – есепті жылғы ПҚӨС-тің іс жүзіндегі түсімі

Dесеп – есепті кезеңнің мұнай, газ конденсатын өндірудің іс жүзіндегі

көлемі


Zесеп – есепті кезеңдегі сатудың орташа бағасы
Салық бойынша орташа тиімді мөлшерлемені анықтау кезінде іс жүзіндегі салық түсімдерінен жүйелі емес сипаттағы (тексеріс нәтижелері бойынша қосымша есептеу, қате есептеген соммалар және т.б.) біржолғы төлемдер алып тасталады.

Салық кодексіне сәйкес ПҚӨС бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады. ПҚӨС төлеу мерзімі - салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешiктiрмей, осыған байланысты болжам кезінде 4 тоқсанның ауыспалы төлемдері есепке алынады.

Су басқан, дебеті аз, көмірсутегі шикізатының өте тұтқыр түрлерін игеретін, сондай-ақ қызметін рентабельділігі төмен келісімшарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін ПҚӨС мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
(№ 28 қосымша)
1.5. Роялти
«Теңізшевройл» ЖШС мен қызметін Өнім бөлімі туралы келісім бойынша жүзеге асыратын ұйымдар бойынша роялти болжамын есептеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынатын шикі мұнай, газ конденсатын өндіру көлемі туралы деректер, мұнайдың әлемдік бағасы мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына сәйкес АҚШ долларына шаққандағы теңгенің бағамы пайдаланылады.

Роялтиді болжамдау өндірілген мұнай, газ конденсаты құнына орташа тиімді мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі және мына формула бойынша айқындалады:


Rp = ((Dp *Zr*Sесеп) – W)/4*3 + R4кв, мұнда
Rp – роялтидің болжамды сомасы

Dp – мұнай, газ конденсатын өндірудің болжамды көлемі

Zr – сатудың орташа бағасы

Sотч - орташа тиімді мөлшерлеме, %

W - келісімшартта көзделген шегерімдер

4 - 1 жылдағы тоқсандар саны

3 - болжанатын кезең (тоқсандар саны)

R 4кв - алдыңғы жылдың 4 тоқсанындағы ауыспалы төлемдер


Сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ долларына шаққанда теңгенің болжамды бағасына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне -7,8 қайта есептеледі.

Роялти бойынша орташа тиімді мөлшерлеме роялти сомасының есепті кезеңде сатудан түскен пайданың көлеміне ара қатынасы жолымен айқындалады, сондай-ақ ағымдағы жыл бойынша түсімдерді бағалаудың негізінде айқындалуы мүмкін.

Сатудан түскен кірістің көлемі сатудың орташа бағасын мұнай, газ конденсатын өндіру көлеміне көбейту жолымен анықталады.
(№ 29 қосымша)
1.6. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін экспортқа салынатын рента салығы
Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа салынатын рента салығын болжамдау «Теңізшевройл» ЖШС мен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Өнімді бөлу туралы келісім жасасқан ұйымдарды қоспағанда, мұнай өндіретін ұйымдар бойынша жүргізіледі.

Рента салығы болжамын есептеу үшін шикі мұнай, газ конденсатын экспорттау көлемі туралы деректер, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына сәйкес мұнайдың әлемдік бағасы мен АҚШ долларына шаққандағы теңгеның бағамы пайдаланылады.

Ренталық салықтың болжамды сомасы мына формула бойынша анықталады:

RNp(мұн) = (Q *Zr*S)/4*3+RN4кв, мұнда


RNp – ренталық салықтың болжамды сомасы

Q –мұнай, газ конденсаты экспортының болжамды көлемі

Zr – сатудың орташа бағасы

S - Салық кодексіне сәйкес мөлшерлеме, %

4 - 1 жылдағы тоқсандар саны

3 - болжанатын түсімдердің тоқсандар саны

R 4кв - алдыңғы жылдың 4 тоқсанындағы ауыспалы төлемдер
Мұнайды экспорттаудың болжамды көлемі мына формула бойынша анықталады:

Q = Dp *Kэ, мұнда


Q – мұнай экспортының болжамды көлемі

Dp –мұнайды, газ конденсатын өндірудің болжамды көлемі

Kэ – өндірудің жалпы көлеміндегі мұнай, газ конденсаты экспортының

үлесі


Мұнай, газ конденсаты экспортының үлесі есепті жылдағы мұнай, газ конденсатын өндіру көлеміне мұнай, газ конденсаты экспортының көлеміне ара қатынасы ретінде анықталады.

Сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ долларына шаққанда теңгенің болжамды бағасына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне -7,5 қайта есептеледі.


Рента салығының мөлшерлемесі әлемдік баға деңгейіне байланысты айқындалады және салық заңнамасымен белгіленеді. Рента салығын төлеу мерзімі - салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешiктiрмей. Салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады, осыған байланысты болжам кезінде ауыспалы төлемдер ескеріледі.


Мұнай экспортының болжамды көлемін анықтау кезінде уәкілетті мемлекеттік органның деректері пайдалануы мүмкін.
(№ 30 қосымша)
1.7. Жасалған келісімшарттар бойынша мұнай секторы ұйымдарынан өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі
Мұнай секторы ұйымдарынан жасасқан келісімшарттар бойынша өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін болжау (бұдан әрі – ҚР үлесі) өнімді бөлу туралы келісімшарт жасасқан мұнай өндіретін ұйымдар бойынша жүргізіледі.

ҚР үлесінің болжамды түсімдерін есептеу уәкілетті орган ұсынатын мұнай, газ конденсатын өндірудің жоспарланған көлемінің, оларды сату бағасының және пайдалы өнімнің құнына қолданылатын өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасы үлесінің ппайыздық мәнінің негізінде жүргізіледі.

ҚР үлесінің болжамды сомасы мына формула бойынша анықталады:
DLp = Dp *Zr*Ypr*Yrk, мұнда
DLp – ҚР үлесінің болжамды сомасы

Dp – мұнай, газ конденсатын өндірудің болжамды көлемі

Zr – сатудың орташа бағасы

Ypr - пайдалы өнім үлесі, %

Yrk - пайдалы өнімдегі ҚР үлесі, %
Мұнайды, газ конденсатын сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ долларына шаққанда теңгенің болжамды бағасына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне -7,5 қайта есептеледі.

Пайдалы өнімнің орташа пайыздық мәні мен ҚР үлесі кілісімшарттың талаптарымен айқындалады.


№ 31 қосымша

2.Салықтық емес түсімдер
Осы санат бойынша:

орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

мұнай секторы ұйымдары зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алған қаражат.

Мұнай секторы ұйымдарына салатын әкiмшiлiк және өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар, болжауға жатпайды.

мұнай секторы ұйымдары зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алған қаражатты болжамдау түсімдер серпінінің негізінде жүзеге асырылады.




  1. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді болжауы, түсімдер серпінінің негізінде жүзеге асырылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет