«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы



жүктеу 11.54 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі11.54 Kb.

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы №1281 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №12, 86-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

156-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Ереженің 157 – 160, 160-2-тармақтарында көрсетілген ерекшеліктер мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша шығыстар түрлерін қоспағанда, шығыстардың экономикалық сыныптамасының көрсетілген тізбеге енбейтін ерекшеліктері бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.»;

Мынадай мазмұндағы 160-2-тармақпен толықтырылсын:

«160-2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысы шеңберінде жасалған шарттар бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына көзделген шарт сомасының 75 пайызынан аспайтын мөлшерде жол беріледі.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    К.МӘСІМОВ.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет