C мемлекеттік-құқықтық қатынастар



бет2/2
Дата27.01.2024
өлшемі37.51 Kb.
#490017
1   2
ТГП тест

111. Міндеттілік сипаты бойынша құқық нормалары:
D) Заң шығарушы, декларативті, заңға бағынышты.
112. Типтік құқық нормалары:
A) Қықық қорғаушы, реттеуші.
113. Типтік емес құқық нормалары:
D) Декларативті, дефинивті.
114. Тұлғалар шеңбері бойынша төмендегі құқық нормалары анықталады:
B) Жалпы, ерекше.
115. Құқықшығармашылық-бұл:
A) Құзыретті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау жолымен, құқықтық нормаларды құруға, өзгертуге және жоюға бағытталған қызметі.
116. Заңдық бастамашылық субъектілері:
D) ҚР Президенті, ҚР Үкіметі, ҚР Парламенті депутаттары.
117. Заңдық бастамашылық:
B) ҚР негізгі заңында бекітілген белгілі субъектілердің заңды қабылдау туралы ұсыныс жасау және тиісті заң жобасын енгізу құқығы.
118. Заң шығармашылық үрдісі:
E) Келесі сатылардан тұратын, кезекті жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық әрекеттердің жүйесі: заңдық бастамашылық, заң жобасын талқылау, заңды қабылдау, ҚР Президентінің заңға қол қоюы, заңды жариялау.
119. Заңдық техника-бұл:
E) Нормативті-құқықтық актілерді дайындау, бекіту, жариялау және жүйелендіру тәсілдерінің жиынтығы.
120. Құқықты жүйелендіру-бұл:
C) Нормативті-құқықтық құжаттарды белгілі бір тәртіппен ұйымдастыру, ретке келтіру.
121. Нормативті актілерді жүйелендірудің түрлері:
C) Инкорпорация, кодификация, консолидация.
122. Кодекс ұғымы-бұл:
A) Біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалары біріктірілген және жүйелендірілген логикалық тұтас заңнамалық акт.
123. Заңнаманы кодификациялау-бұл:
E) Нормативті актілерді бірдей, логикалық тұтас актіге олардың мазмұнын өзгерте отырып біріктіру жолымен жасалатын жүйелендіру нысаны.
124. Инкорпорация түсінігі:
E) Нормативті материалдардың мазмұнын өзгертпестен, тек сыртқы өңдеуден өткізу жүзеге асырылатын реттеу.
125. Консолидация түсінігі:
D) Нормативті-құқықтық актілер өңделіп, толықтырылып және біріктірілетін жүйелендірілу нысаны.
126. Қықық жүйесі-бұл:
A) Қықықтың қықық нормасын институтқа, бағынышты салаларға және қықық салаларына бірлескендігін білдіретін қоғамдық қатынастардың сипатымен шартталған құқықтың ішкі құрылысы.
127. Құқықтық реттеудің пәні:
B) Адамның қызметінің спецификасымен шартталған қоғамдық қатынастардың белгілі саласы.
128. Құқықтық реттеудің әдісі:
B) Құқықтың қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласына әсер ету әдістері, тәсілдері, құралдарының жиынтығы.
129. Құқық саласы-бұл:
C) Өзінің ерекше әдісімен қоғамдық қатынастардың сапалы біртекті аясын реттейтін, құқықтың нормаларының жиынтығы.
130. Құқық институты:
A) Біртекті қоғамдық қатынастардың белгіленген жағын немесе түрін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
131. Жеке құқық-бұл:
C) Азаматтық құқық.
132. Көпшілік құқығы-бұл:
C) Әкімшілік құқық.
133. Құқықтық сана-бұл:
E) Құқықтық шындыққа қатысты адамдардың көзқарастарын, идея, концепция, баға, сезімдерін көрсететін қоғамдық сананың нысаны.
134. Құқықтық психология түсінігі:
A) Құқықтық шындыққа қатысты адамдардың бағалаулары, сезімдері, эмоциялары мен көңіл күйлері.
135. Құқықтық идеология түсінігі:
B) Құқықтық шынайылық туралы пікірлер, көзқарастар, түсініктер, теориялар, концепциялар.
136. Құқықтық сананың мазмұны бойынша түрлері:
B) Кәдімгі, кәсіби, теоретикалық.
137. Құқықтың реттеушілік қабілетіне сенімсіздік білдіруге, заңдарды елемеуге негізделетін құқықтық сананың жағдайы:
C) Құқықтық нигилизм.
138. Құқықтық мәдениет түсінігі:
A) Құқықты терең білу, түсіну, оның талаптарын саналы түрде орындау.
139. Құқықтық мәдениет субъектілеріне қарай жіктеледі:
D) Жеке, топтық, қоғамдық.
140. Құқықтық мәдениеттің қызметі:
E) Танымдылық, бағалаушылық, реттеушілік.
141. Құқықтық қатынас түсінігі:
C) Құқық нормасы негізінде және белгілі бір заңдық фактілердің нәтижесінде пайда болатын, өзара субъективті құқықтар мен міндеттерге ие құқық субъектілерінің байланысы.
142. Құқықтық қатынастың субъектілерінің анықталу дәрежесіне байланысты құқықтық қатынастардың түрлері:
A) Салыстырмалы, абсолютті, жалпы .
143. Құқық қабілеттілік-бұл:
E) Мемлекетпен танылатын субъективті құқықтарды және заңды міндеттерді иелену қабілеттілігі.
144. Әрекет қабілеттілік-бұл:
D) Дербес, өз әрекеттерімен құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеттілігі.
145. Құқықтық қатынастардың объектісі:
C) Құқықтық қатынасқа түсуші субъектілердің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін, мүдделерін қамтамасыз етуі.
146. Құқықтық қатынас құрылымы:
E) Субъект, объект, субъективті құқық және заңды міндет /заңдық мазмұны/.
147. Құқықтық қатынастар субъектілері:
D) Құқық нормалары негізінде құқықтық қатынастардың қатысушылары бола алатын, субъективті құқықтар мен міндеттерді иеленетін жеке тұлғалар мен ұйымдар.
148. Толық әрекет қабілеттілік қай жаста пайда болады:
E) 18 жаста.
149. Жартылай әрекет қабілеттілік қандай жасты қамтиды:
C) 14 жастан 18 жасқа дейін.
150. Субъективті құқық түсінігі:
E) Субъектіге өзінің мүдделерін қанағаттандыруға жағдай туғызатын заң жүзінде мүмкін болатын әрекет мөлшері.
151. Заңдық міндет түсінігі:
A) Мәртебелік міндеттің шегінде және нақты заңды фактілер негізінде пайда болған нақты міндетті тұлғаның тиісті әрекет мөлшері.
152. Заңдық фактілер түсінігі:
D) Құқық нормасы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқталуын байланыстыратын өмірлік нақты мән-жайлар.
153. Заңдық құрам:
C) Құқықтық салдарды іске асыруға қажетті болатын екі немесе одан да көп заңды фактілердің жиынтығы.
154. Заңды фактілердің түрлері:
D) Оқиғалар, әрекеттер.
155. Оқиға-бұл:
D) Құқықтық қатынастар субъектілерінің еркінен тыс жүзеге асырылатын заңды фактілер.
156. Әрекет-бұл:
A) Адамдардың ерікті мінез-құлық актілері, олардың еркі мен санасының сыртқы бейнесі.
157. Құқықты жүзеге асыру түсінігі:
C) Азаматтардың, ұйымдардың, мемлекет органдарының құқықтық мінез-құлықтарындағы құқықтық ұйғарымдардың нақты жүзеге асырылуы.
158. Құқықты жүзеге асыру нысандары:
E) Сақтау, орындау, пайдалану және қолдану.
159. Құқық нормаларын сақтау-бұл:
C) Құқықтық нормалармен тыйым салынған әрекеттерді жасаудан тыйылудан тұратын құқықты жүзеге асырудың нысаны.
160. Құқық нормаларын пайдалану-бұл:
D) Субъектілердің өз құқықтарын іске асыруынан, құқықтық нормалармен рұқсат етілген әрекеттерді жасауынан тұратын, оны жүзеге асырудың нысаны.
161. Құқықты қолдану актісі-бұл:
A) Нақты заңдық істі шешу нәтижесінде құзыретті органмен шығарылған жеке өкімді ұйғарымы бар құқықтық акт.
162. Құқық нормаларын талқылау-бұл:
E) Құқықшығармашылық органның құқық нормасына енгізген мәнін, оны дұрыс қолдану үшін ұғыну және түсіндіру әрекеті.
163. Казуалды талқылау:
B) Нақты істі қарау кезінде міндетті болатын түсіндіру.
164. Көлемі бойынша талқылау /заң мәтіні және норма мазмұнының арақатынасы бойынша/:
A) Дәлме-дәл /сөзбе-сөз/, кеңейте, шектеулі.
165. Аутентикалық талқылау-бұл:
E) Нормативті актілерді қабылдаған органның өзінің түсіндірме беруі.
166. Легалды талқылау-бұл:
E) Басқа органдар қабылдаған құқықтық актілерді заңмен рұқсат етілген, соған өкілетті мемлекет органдарының талқылауы.
167. Белгіленген дәрежедегі және жалпы мәнге ие болатын барлық заңдық істерді қарауға берілетін талқылау:
B) Нормативтік.
168. Құқықты талқылаудың актілері:
C) Заңдық нормалардың мағынасын айқындайтын құқықтық акт.
169. Заңдардың қайшылығы (коллизия):
C) Бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілер арасындағы қайшылықтар.
170. Заң ұқсастығы-бұл:
D) Дауды ұқсас, осы тәріздес оқиғаларды реттейтін мағынасы жағынан жақын болатын құқық нормасы негізінде шешу.
171. Нормативті реттеу-бұл:
A) Құзыретті мемлекеттік органдардың жалпы әрекет тәртібін /құқық норма/ анықтау және қабылдау бойынша әрекеті.
172. Құқықтық реттеудің әдістері:
A) Рұқсат беру, міндеттеу, тыйым салу.
173. Құқықтық реттеудің механизмі:
A) Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жүзеге асырушы құқықтық құралдардың жүйесі.
174. Құқықтық режим-бұл:
A) Құқық субъектісінің мүдделерін қанағаттандыру үшін қажетті әлеуметтік жағдай және нақты қолайлы немесе қолайсыз деңгей жасайтын және заңды құралдардың белгілі үйлестігінде көрініс табатын құқықтық реттеудің ерекше тәртібі.
175. Құқықтық мінез-құлық түсінігі:
D) Құқық нормаларына және әлеуметті-пайдалы мақсатқа сәйкес қоғамдық қатынас субъектілерінің әрекеті.
176. Әрекет түрлері-бұл:
D) Құқықтық және құқыққа қарсы әрекет.
177. Құқықтық әрекет түрлері:
B) Әлеуметтік белсенді, конформистік, маргиналдық.
178. Теріс қылық түсінігі:
C) Заңда қылмыс деп табылмаған барлық құқықбұзушылық.
179. Құқықбұзушылық түсінігі:
E) Қоғам, мемлекет және тұлғаның мүдделеріне зиян келтіретін. тұлғаның кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.
180. Қылмыс субъектісі:
E) Белгілі бір жасқа толған, есі дұрыс, жеке тұлға.+
181. Құқықбұзушылықтың заңды құрамы:
B) Заңды жауапкершілікке тартуға қажетті жене жеткілікті құқықбұзушылық белгілерінің жүйесі.
182. Құқықбұзушылықтың объективті жағы:
D) Іс-әрекет, зиянды зардап, олардың арасындағы себепті байланыс ретіндегі сол құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы.
183. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы:
B) Субъектінің жасалған іс-әрекетке және оның зардабына психикалық көзқарасы, құқықбұзушының еркінің бағыттылығы.
184. Құқықбұзушылық объектісі:
C) Зардап келген, құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар.
185. Кінә /қасақана немесе абайсыздық/:
A) Субъектінің құқыққа қарсы іс-әрекетке және оның нәтижесіне психикалық қатынасы.
186. Заңды жауапкершілік түсінігі:
E) Жасалған құқықбұзушылыққа сәйкес қолданылатын, кінәлі жанның жеке, мүліктік немесе ұйымдастырушылық сипаттағы айырылушылықтарымен байланысты болатын мемлекеттік мәжбүр ету шаралары.
187. Деликт қабілеттілік-бұл:
E) Құқықбұзушылық субъектісінің өзінің құқыққа қарсы теріс қылығының мағынасын сезіне білу және заңды жауапкершілікті атқару қабілеттілігі.
188. Заңдылық-бұл:
C) Заңдарды, өзге де нормативті-құқықтық актілерді барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың және азаматтардың дәлме-дәл және былжытпай сақтауы және орындауы.
189. Құқықтық тәртіп-бұл:
E) Құқықтық нормалармен реттелу және осы нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылған, тәртіптелген жағдайы.
190. Қоғамдық тәртіп-бұл:
A) Заңдылық және тәртіп көмегімен жететін қоғамдық қатынастардың тәртіптелген жағдайы.
191. Тәртіп-бұл:
B) Қоғамда қалыптасқан әлеуметтік нормаларға сай келетін адамдардың мінез қылқына қойылатын талап.
192. Тәртіптің түрлері-бұл:
B) Мемлекеттік, еңбектік.
193. Азаматтығы жоқ тұлғалар:
E) Қандай да болмасын мемлекетте азаматтық құқықтары жоқ тұлғалар.
194. Басымдылық-бұл:
D) Қандай-да бір органға, лауазымды тұлғаға немесе азаматқа берілетін ерекше құқық.
195. Құқықтық мәртебе-бұл:
A) Тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің белгілі бір жүйесін білдіретін, қоғамдағы тұлғаның заңды бекітілген жағдайы.
196. Құқықтық мәртебе түрлері:
A) Жалпы, арнайы, жеке.
197. Құқықтық мәртебенің қырылымы:
E) Құқықтар мен міндеттер, азаматтылық, құқықсубъектілік.
198. ҚР азаматының саяси құқықтарына жатады:
A) Сөз бостандығы, бірлесуге құқығы, мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығы.
199. Жеке құқықтар мен бостандықтарға жататын мыналар:
E) Өмір сүруге, тұлғаның қадір-қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмаушылыққа, тұрғын үйге құқығы.
200. Экономикалық құқықтар мен бостандыққа жататындар:
A) Жеке меншікке құқығы, кәсіпкерлік әрекет бостандығына құқығы, еңбекке және еңбек үшін марапатталуға құқығы.
201. Мына ғылымдардың қайсысы салалық заңдық ғылымдарға жатады:
B) Қылмыстық құқық, конституциялық құқық, азаматтық құқық.
202. Мыналардың қайсысы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға жатады:
D) Заңдылық, нормативтік құқықтық акт, құқықтық сана, құқықтық қатынас, мемлекеттік аппарат.
203. Мына анықтама қай түсінікке қатысты: "Зерттеу әдістерінің, тәсілдерінің және құралдарының жүйесі":
D) Әдістеме.
204. Құқықтанудың түбегейлі жалпы теориялық ғылымы:
A) Мемлекет және құқықтың жалпы теориясы.
.
205. Мемлекет және құқық теориясы курсының міндеттері:
E) Мемлекет және құқықтың негізгі ережелері мен ұғымдарымен таныстыру, саяси және құқықтық сананы тәрбиелеу және дамыту.
206. Мына анықтама қай түсінікке қатысты: "Табиғат, адам, адамзат қоғамы туралы объективті білімдер жүйесі":
D) Ғылым.
207. Мемлекетті зерттеуде тереңдікті, табиғилықты, негізгіні анықтауға мүмкіндік беретін, мемлекет теориясын зерттеу объектісі ретіндегі философиялық ұғымды атаңыз: 
B) Мән.
208. Мемлекеттің саяси-құқықтық қатынасы және мемлекеттік мәзбүрлеуге негізделетін субъект арасындағы қатынас:
C) Мемлекеттік билік.
209. Алғашқы қауымдық қоғамда адамдардың әрекетін қандай әлеуметтік нормалар реттеді:
C) Рулық әдет-ғұрыптар (мононормалар).
210. "Семья, жеке меншік және мемлекет" еңбегінің авторы:
A) Ф.Энгельс.
211. Ұрпақтан ұрпаққа ауызша берілетін, қайталанып қолданылатын, қоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етілетін әрекет тәртібі:
.
C) Әдет-ғұрып.
212. "Мононормалар" немесе әдет-ғұрып қандай қатынастарды реттеді:
C) Алғашқы қауымдық қоғамда.
213. Алғашқы қауымдық қоғамдағы қоғамдық билік білдіреді:
B) Барлық қоғамның, рудың мүддесін.
214. Қоғамда әйел билігі орын алған алғашқы ұйым нысаны:
A) Матриархат.
215. Мононорма-бұл:
D) Алғашқы қауымдық қоғамдағы әдет-ғұрып.
216. Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы тән:
D) Шығыстық мемлекеттерге ғана.
217. Жердегі алғашқы мемлекеттер қайда пайда болған:
B) Ұлы өзендер жағасында-Ніл, Тигр, Евфрат, Ганг, Инд.
218. "Көзге-көз, тіске-тіс" талион қағидасы неге қатысты:
B) Әдет-ғұрыпқа.
219. Мемлекеттің пайда болуын қай ілім барынша дұрыс сипаттайды:
E) Тарихи-материалистік.
220. Құқықтық әдет-ғұрып-бұл:
C) Мемлекет күшімен санкцияландырылып, кепілдендірілген қатаң нысанда көрініс табатын әдет-ғұрып.
221. Мемлекет пен құқықтың пайда болуының әлеуметтік себептері:
A) Қоғамдық еңбектің мал шаруашылығына, жер өңдеуге, қол өнер және саудаға бөлінуі, қоғамның таптарға бөлінуі, жеке меншіктің пайда болуы.
222. Мемлекет отбасынан пайда болады және қамқорлық, аталық сипатта болады деп түсіндіретін теорияны атаңыз:
C) Патриархалдық.
223. Материалистік теорияға сай құқық қашан пайда болды:
A) Мемлекетпен қатар пайда болады.
224. Мемлекеттің негізгі белгілері:
B) Белгілі бір аумаққа жалпыға міндетті ережелер және билік пен басқарудың арнаулы аппараты арқылы таралатын мемлекеттік егеменділік, салық жинау.
225. Мемлекеттік биліктің ел ішіндегі жоғарылығын және оның сыртқы тәуелсіздігін білдіретін мемлекет белгісі:
.
B) Мемлекеттік егеменділік.
226. Жария-саяси билік-бұл:
A) Қоғамды басқаратын мемлекеттік органдар жүйесі.
227. Мемлекеттік егеменділік-бұл:
A) Мемлекеттік биліктің ішкі және сыртқы саясатты шешудегі дербестігі және тәуелсіздігі.
228. Азаматтылық белгісі бойынша біріккен қоғам мүшелерінің ресми өкілі:
D) Мемлекет.
229. Егеменді биліктің бірден-бір иегері:
D) Мемлекет.
230. Мемлекеттің негізгі белгілерін атаңыз:
B) Тұрғындардың аумақтық бөлінуі.
231. Қоғамда биліктің, мемлекеттің және құқықтың болмауы:
B) Анархия.
232. Еңбек ақысының бір бөлігін мемлекет пайдасына ақысыз алу:
A) Салық.
233. Өркениетті қоғамда мемлекеттің қай функциясы басты болуға тиісті:
E) Адам мүддесін қорғау, оның құқықтарын қорғау.
234. Қазіргі мемлекеттердің құқық қорғаушылық қызметі неден көрінеді:
.
E) Қоғамдағы құқықбұзушылықпен күреседі, адам құқықтарын қорғайды.
235. Мемлекеттің ішкі функциясын көрсет:
A) Әлеуметтік функция.
236. Прокуратура мемлекет органы ретінде қандай қызмет атқарады:
D) Бақылау.
237. Қоғамдық өмір аймақтарына байланысты мемлекет қызметі қалай бөлінеді:
A) Ішкі және сыртқы.
238. Өкілді және заңшығарушы билік органдары:
A) Парламент.
239. Атқару билігі органдарына жатады:
D) Үкімет.
240. Қазақстан Республикасында қандай органдар әділсот жүзеге асырады:
B) Жоғарғы сот және жергілікті соттар.
241. Әрекет ету мерзіміне байланысты мемлекеттік органдар бөлінеді:
B) Тұрақты және үақытша.
242. Мемлекет механизмін ұйымдастыру және әрекет ету қағидалары:
E) Халық билігі, гуманизм, биліктің жіктелуі, заңдылық қағидасы.
243. Басқару бойынша жеке мемлекеттік орган:
D) Президент.
244. Заңдық құжаттарда тіркелетін, мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың биліктік өкілеттіліктерінің мазмұны және көлемі:
A) Құзырет.
245. Референдум-бұл:
D) Заң жобасы және мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бойынша бүкілхалықтық дауыс беру.
246. Заң жобасы және мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бойынша бүкілхалықтық дауыс беру:
D) Референдум.
247. Билікті жіктеу қағидасына сай мемлекеттік органдар бөлінеді:
C) Заңшығарушы, атқарушы, сот.
248. Жалпы құзыретті органдарды атаңыз:
A) Үкімет, Парламент.
249. Арнаулы құзыретті органдар:
E) Көлік, байланыс және коммуникация министрлігі.
250. Авторитарлы саяси-құқықтық режим белгісін атаңыз:
E) Азамат құқықтары мен бостандықтарын жою немесе шектеу, опозициялық партиялардың әрекетіне тыйым салу, мемлекет және үкімет басшысының биліктік өкілеттіліктерінің кеңдігі.
251. Зайырлы мемлекет-бұл:
C) Ешқандай дінге басымдық бермейтін, әр түрлі діннің әрекет етуіне мүмкіндік беретін мемлекет.
252. Кінәсіздік презумпциясы:
B) Әрбір азамат шыншыл, жақсы және кінәлілігі дәлелденгенше кінәсіз деп ойлау.
253. Құқықтың нормативтік сипаты:
A) Мемлекетте ресми танылған және әрекет ететін заңдық нормалар жүйесі.
254. Құқықтың еріктік сипаты:
C) Қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпы адамзаттық және таптық сипатын білдіреді.
255. Құқықтың биліктік-реттеуші сипаты:
B) Қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші.
256. Құқықтың қай қағидасы салалық болып табылады:
B) Шарттық тәртіпті қамтамасыз ету.
257. "Құқық үстем таптың заңдастырылған еркін білдіреді" деген анықтаманың авторы:
A) К. Маркс, Ф. Энгельс.
258. Құқықтың дұрыс анықтамасын көрсет:
E) Қоғамда әділеттілік туралы көзқарастарды көрсететін, мемлекетпен жасалатын және мемлекеттік мәжбүр ету күшімен қорғалатын жалпыға міндетті тәртіп ережелері жүйесі.
259. Адам құқықтары және бостандықтары билікпен берілмейді, табиғатынан беріледі және кедергісіз жүзеге асуға тиісті делінетін теория:
C) Табиғи құқық теориясы.
260. Қандай норма заңдық болып табылады:
A) Әрекет түрін таңдау құқығы.
261. Адамгершілік нормаларының белгілері:
E) Адам санасында қалыптасатын, адамгершілік бағалау арқылы әрекетті реттейтін, қоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етілетін нормалар.
262. Әлеуметтік норманы кім тағайындайды:
A) Қоғам.
263. Әлеуметтік нормалар-бұл:
A) Адам қатынастарын реттейді.
264. Жақсылық және зұлымдық, әділеттілік және әділетсіздік тұрғысынан адам әрекетін реттейтін әрекет тәртібі:
B) Адамгершілік нормалар.
265. Қоғамдық ұйымдар нормалары:
A) Нақты қоғамдық ұйым мүшелеріне таралатын нормалар.
266. Библия- діни қайнар көз:
A) Христиан дінінің.
267. Діни нормалар бекітіледі:
D) Құран, Библия және өзге діни қайнар көздерде.
268. Мораль нормалары ажыратылады:
C) Қоғамдық санада орын алып, ерікті орындалады.
269. Жақсылық және зұлымдық, әділеттілік және әділетсіздік қандай әлеуметтік норманың өлшемі:
D) Адамгершілік нормасының
270. Құқық нормасы-бұл:
A) Нормативтік актіде мазмұндалатын және мемлекетпен кепілдендірілетін әрекет тәртібі.
271. Адамдардың табиғатқа, технологиялық процесстерге қатынасын реттейтін нормалар:
B) Техникалық.
272. Құқықтың алғашқы қайнар көздері:
E) Мононорма.
273. Заңдарда және өзге мемлекетпен танылған қайнар көздерде көрініс табатын және құқық субъектілерінің құқықтық-рұқсат етілген әрекеті өлшемі сапасында көрінетін жалпыға міндетті әрекет тәртібі:
A) Заңдық норма.
274.Құқықтық реттеудің диспозитивті (автономиялық) әдісі:
B) Құқық субъектілеріне заңмен анықталған көлемде өз ара қатынасын реттеу құқығын беретін ықпал ету тәсілі.
275. Сот прецеденті және нормативті құқықтық акт түсінігін біріктіретін термин:
A) Құқық нысаны.
276. Заңға бағынышты нормативтік құқықтық акт:
E) Басқару органымен заңға сәйкес және заң негізінде, заңды орындау мақсатында қабылданатын, нормативтік құқықтық акт.
277. Тәуке ханның "Жеті жарғысы" құқықтың қай нысанына жатады:
B) Құқықтық әдет-ғұрып.
278. Конституциялық заңдар-бұл:
B) ҚР Конституциясында көрсетілген мемлекеттік және қоғамдық құрылымның негіздерін бекітетін, ағымдағы заңнаманың заңдық базасы қызметін атқаратын заңдар.
279. Заңның жоғарғы заңдық күші:
C) Барлық өзге құқықтық актілер заңдардан шығады және оған қарсы келмеуі қажет.
280. Нақты іс бойынша мемлекеттік органның шешімі ұқсас өзге істерге қатысты міндеттілік күшке ие болатын құқық нысаны:
B) Соттық немесе әкімшілі прецедент.
281. Қазақстан Республикасындағы негізгі құқық нысаны:
C) Нормативтік құқықтық акт.
282. ҚР Үкіметімен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қабылданатын және республиканың барлық аумағында міндеттілік күші болатын нормативтік актілер:
D) Қаулылар.
283. Қандай нормативті құқықтық акт жоғарғы заңдық күшке ие:
C) Конституция.
284. Заңға бағынышты нормативтік актіге жатады:
D) Үкімет қаулысы.
285. Заңға бағынышты нормативтік актіге жатпайды:
C) Конституция, заңдар.
286. Қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, әрекет тәртібі мазмұндалатын құқықшығармашылық органының құқықтық актісі:
B) Нормативтік құқықтық акті.
287. Құқықтық әдет-ғұрып-бұл:
A) Көп мәрте қолдануға байланысты әдетке айналған және мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қорғалатын әрекет тәртібі.
288. Заңдық нормалар мазмұндалатын құқықшығармашылық нәтижесінде жасалатын мемлекеттің ресми құжаты:
A) Нормативтік-құқықтық акт.
289. Құқықтың көне нысаны:
A) Санкцияланған әдет-ғұрып.
290. Мемлекеттік билік және басқарудың жоғарғы органдары мен шығарылатын нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы:
A) Заңнама.
291. Нормативтік акт әрекет ету шегі оның нұсқауы таралатын аумақпен анықталады:
C) Нормативтік актінің кеңістіктегі әрекеті.
292. "Нормативтік құқықтық акт заңдық күшіне құқықшығармашылық органмен қабылданған немесе баспада жарияланған мерзімнен бастап күшіне енеді" деген түсінік нені білдіреді:
D) Нормативтік актінің уақыт аралығындағы әрекеті.
293. Құқықты салаларға бөлудің негізгі өлшемдері:
A) Құқықтық реттеу пәні мен әдісі.
294. Мемлекеттік билік жоғарғы органдарының құрылымы мен құзыретін бекітетін, азаматтардың негізгі құқықтарымен бостандықтарын реттейтін құқықтың негізгі саласы:
B) Конституциялық құқық.
295. Мүліктік және онымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға реттейтін құқық саласы нормалары:
C) Азаматтық құқық нормалары.
296. Конституциялық құқық, қылмыстық құқық, азаматтық құқық, отбасы құқығы-бұлар:
B) Құқық салалары.
297. Демократизм құқықшығармашылық принципі ретінде нені білдіреді:
A) Құқық нормаларында халықтардың еркі мен мүддесін анықтау және көрсету міндеті.
298. Заңдылық құқықшығармашылық принципі ретінде мынаны білдіреді:
B) Құқық актілерін қабылдау рәсімін және құзыреттілігін сақтау.
299. Заңдық фактілердің арасынан әрекетті анықтаңыз:
B) +Абитуриентті студент қатарына қабылдау туралы ЖОО-ның бұйрығы.
300. Заңды тұлғалардың әрекет қабілеттілігі қай кезде пайда болады:
C) +Құқыққабілеттілікпен бірге мемлекеттік органдарда тіркелген соң

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет