Файлдан оқу. Файлды ашқан соң одан ақпаратты оқуымыз керек. Ол үшін оның бірнеше тәсілі бар, бірақ соның ішінде екеуі ғана қажет болады.
Бірінші – егер аргументсіз болса файлды тұтастай, егер n (бүтін санмен) аргументімен шақырылса, онда n символымен оқылатын read әдісі.
>>> f = open('text.txt')
>>> f.read(1)
'H'
>>> f.read()
'ello world!\nThe end.\n\n'
Тағы бір тәсілі – файлды - for циклін қолдану арқылы файлды жол жолымен оқу:
>>> f = open('text.txt')
>>> for line in f:
... line
...
'Hello world!\n'
'\n'
'The end.\n'
'\n'
Файлмен жұмыс жасап болған соң оны міндетті түрде close әдісі арқылы жабу керек:
>>> f.close()
Достарыңызбен бөлісу: |