Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019
58
http://astanabilim.kz/infor/c
Қарапайым жағдай
Перне-тілше батырмасы басылған кезде ғана фигура қозғалатын бағдарлама
құру керек. Циклда біз фигураны саламыз, одан соң перненің басылуын күтеміз
және оның кодын getch функциясының көмегімен қабылдай аламыз. Осыдан
кейін фигураны өшіреміз (координаталары өзгеріп кетпей тұрғанда)
және осы
кодқа тәуелді фигураның координаталарын керекті жағдайға өзгертеміз.
Бұл жерде соңы жоқ While(1) циклі қолданылады. Бұл циклдан шығу үшін
бір ғана әдіс бар – ол break опреаторын қолдану арқылы шығамыз (циклдан
ертерек шығу әдісі).
Switch операторында координата мәні бірге өзгеріп отырады, кезкелген қадамды
қолдануға болады. Төменде орналасқан жолдар орындалмау үшін әрбір
нұсқаның соңына break операторын жазып отыру керек. Негізгі бағдарламаның
басында code бүтін анымалыны сипаттау қажет.
Тоқтамай қозғалу
Енді күрделі жағдайларды қарастырайық ешқандай перне басылмаса да нысан
берілген бағытқа қозғалады, ал перне-тілше батырмасын басқан кезде бағытын
өзгертеді. Бұл жерде қозғалыстың
бағытын өзгертетін dx және
dy айнымалы-
ларын қолданамыз. Алдымен біз перне басылғандығын,
сосын оның кодын
анықтаймыз, оны code айнымалысына меншіктейміз және switch операторының
көмегімен ол басылуды ұйымдастырып жазамыз.
Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019
59
http://astanabilim.kz/infor/c
Достарыңызбен бөлісу: