Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019



Pdf көрінісі
бет8/34
Дата28.06.2022
өлшемі2.75 Mb.
#459535
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
devcpp 1 Kaz66

Арифметикалық өрнек
 Арифметикалық өрнек неден құралады? 
Арифметикалық өрнек меншіктеу операторының оң жағы болып саналады, оның 
мазмұны бойынша төмендегілерден тұрады 

бүтін және нақты сандардан (нақты типтерде бүтін бөлшек бөлігімен 
нүкте арқылы ажыратылады) 

арифметикалық амалдардың әрекетінен 
+ - қосу, азайту 
* / көбейту, бөлу 
% бөліндінің қалдығы 

стандартты функцияларды шақыру 
abs(i) i бүтін санының модулі 
fabs(x) x нақты санының модулі 
sqrt(x) x нақты санының квадраттық түбірі 
pow(x,y) x –тің y-дәрежесін есептейді 

дөңгелек жақшалар іс-әректтердің өзгеру ретін анықтап отырады
 Арифметикалық операциялардың ерекшеліктері 
Бөлуді қолдану кезінде еске ұстау қажет 
Бүтін санды бүтін санға бөлген кезде 7/4 қалдық 1-ге тең болады. Егер 
нақты сан алғымыз келсе және қалдықты мәнін доңгелектемей шығарғымыз 
келсе, онда бөлінді мен бөлінгішті нақты сандық типке айналдырып алу 
қажет.
Барлық іс-әрекеттің іштерінен ең қиыны қалдықты шығарып алу болып 
табылады. Егер a айнымалысын b айнымалысына бөлген кездегі қалдықты
kaldyk –деген айнымалыға меншіктеп табамыз. Яғни меншіктеу мына түрде 
болады


Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019 
 
13 
http://astanabilim.kz/infor/c
  
 Арифметикалық операциялардың жазылуы 
Бағдарламалау тілдерінде арифметикалық өрнектер бір жолға жазылады,
сондықтан олардың операциялардың орындалу ретін білу керек. Алдымен 
орындалатындар 

жақшаның ішіндегі операциялар, кейінгілер... 

функцияны шақыру , кейінгілер... 

көбейту, бөлу және бөліндінің қалдығы, солдан оңға қарай, 
кейінгілер... 

қосу және азайту, солдан оңға қарай. 
Мысалы:
Ретінің орындалуына дөңгелек жақшалар қолданылады. Өрнек 
𝑦 =
4𝑥 + 5
(2𝑥 − 15𝑧)(3𝑧 − 3)

5𝑥
𝑥 + 𝑧 + 3
Бғдарламалау тілінде төмендегідей жазылады 
 Меншіктеу операторының таңғажайыптары 
Бағдарлам алау кезінде меншіктеу операторының таңғажайыптарын жиі 
қолданады. Мысалы: 
Математикалық көзқараспен қарағанда бұны теңдеу деп қарапстыру кезінде 
мағынасы болмайды. Бірақта информатиктер тұрғысынан қарасақ, онда бұл 
оператор і айнымалысын бірге арттыруды білдіреді. Яғни, оның мағынасы 
мынада: і айнымалысының алғашқы мәніне бірді қосады және оның нәтижесін 
сол і айнымалысына жазады.
 Инкремент и декременет 
Си тілінде бірге арттырудың арнайы анықталған операторлары бар 
(инкременет) 
 
ол меншіктеу операторының қызметімен бірдей 


Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019 
 
14 
http://astanabilim.kz/infor/c
  
 
және тез бірге кеміп отыратды (декремент), яғни ол
ол меншіктеу операторының қызметімен бірдей 
Бірінші және екінші түрде жазылған опреаторлардың арасында кейбір айырма-
шылықтар бар, бірақ бұл айырмашылықтар күрделі операторлар немесе 
шарттарда ғана орындалмай қалуы мүмкін.
 Арифметикалық өрнектердің қысартылып жазылуы 
Егер біз қандай да бір айнымалының мәнін өзгерткіміз келсе (бұрынғы 
мәнін алып оған өзгерту енгізсек және оның нәтижесін сол айнымалыға 
меншіктесек), онда арифметикалық өрнектердің қысқартылып жазылуын 
қолданған ыңғайлы. 
Қысқаша жазылуы 
Толық жазылуы 
x + = a ;
x = x + a ;
x - = a ;
x = x - a ;
x * = a ;
x = x * a ;
x / = a ;
x = x / a ;
x % = a ;
x = x % a ;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет