Цифрлық байланыс жүйелерінде мәліметтерді қысу


«Бейнеақпараттық технологиялар және сандық теледидар»



бет2/2
Дата16.11.2022
өлшемі304.5 Kb.
#464948
1   2
16.11.2022. Ботакоз

«Бейнеақпараттық технологиялар және сандық теледидар»


пәні бойынша


Теледидардағы өлшеулер мен бақылау.


Бақылау түрлері. Теледидарлық хабар тарату желісінің сенімді жұмысы оның қалпын техникалық қадағалаусыз болмайды. Техникалық бақылаудың негізгі түрлеріне алдын ала айтылған және оперативті жатады. Субъективті және объективті бақылау болып бөлінеді. Ең үлкен қызығушылық бақылау нәтижелерін автоматты түрде көрсететін және бұзушылықтар туралы сиганлизациясы бар оперативті автоматты бақылау жатады. Хабар тарату бағдарламасының беру сызығынан келіп түскен хабар таратушы дабылды бақылау үшін УАНК берілетін хабар таратушы дабыл күшейткіш-шектеуші У1 кірісінен алынып тасталады.


    1. сурет. – Тасымалдағышқа үздіксіз және периодты бақылаудың автоматты құрылғыларын қосу схемасы.

Теледидарлық хабар тарату трактінің сапа параметрлерін бақылау және өлшеу. Теледидарлық хабар тарату трактінің сапа параметрлерін бақылау және өлшеу әдістері ТВ дабылға кіретін тәжірибелік кестелер мен тәжірибелік жолдарды қолдануға негізделген. Параметрлерді үздіксіз объективті бақылау үшін ТВ дабылға трактінің негізгі сипаттамаларын бақылауға мүмкіндік беретін дабылдары бар және кадр бойынша кері жайма кезінде тасымалданатын тәжірибелік жолдар араластырылады. Көрермен үшін бұл дабылдар елеусіз қалады. 8.2 суретте 17-ші (А) және 18-ші (Б) жолдарының интервалдарына кіргізілген өлшеуші дабылдар көрсетілген.





    1. сурет. – Теледидарлық өлшеуші дабылдар.

Цифрлық теледидарлық жүйелердегі кескіндердің сапасын бақылау.


Түрлі-түсті теледидардағы кескіндердің сапасын бақылауды ұйымдастыру үшін келесі орындалу керек:

    • кескіндердің сапасын және тасымалдау арнасын түгелдей және оның буындарының жұмысын толықтай бағалауға мүмкіндік беретін параметрлер жүйесін таңдау;

    • таңдалған параметрлерді өлшеу әдістерін құрастыру;

    • қажетті сипаттамалары бар (дәлділік, тез әрекет ету, сенімділік, габариттер және т.б.) таңдалған параметрлерді өлшеуге қажетті өлшеуіш аспаптарды таңдау.


Негізгі әдебиеттер:[1-6] Қосымша әдебиет:[7-14]

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет