Циклограмма



бет11/26
Дата21.06.2023
өлшемі96.29 Kb.
#475281
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
2 жас маусым

Еңбекке баулу:
Табиғат бұрышындағы жануарларға шөптер дайындау.
Мақсаты: Жануарларды күтуге ниеттерін арттыру, оларды дұрыс тамақтандыруға үйрету.
Қимылды ойын: «Жалбыр ит»
Мақсаты:
-Жүру және жүгіру барысында бір – біріне соқтығыспай еркін жүруге үйрету;
-Тәрбиеші тапсырмасын бұлжытпай орындауға үйрету;
Қажетті материалдар: қалақшалар, машиналар, қуыршақтар.



Аспанды бақылау
Мақсаты:
Өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін тиянақтау,
табиғатты бақылауға деген қызығушылықтарын арттыру.
Бақылау барысы:
«Бұлт» Ө. Ақыпбекұлы
Бұлттың қайда тұрағы
Біле алмадым мұны әлі
Білерім көк аспанның
Бұлт – көшпелі бұлағы
Тәрбиеші сұрақтары
- Бұлт дегеніміз не?
- Бұлттардың түсі қандай болады?
- Бұлттар неден тұрады? (сан жетпейтін су тамшыларынан немесе мұз түйіршіктерінен)
- Бұлттардың қандай түрлерін білесіңдер? (түйдек бұлттар, шарбы бұлттар, қат – қабат бұлттар, түнерген найзағайлы бұлттар)
- Неге түйдек бұлттар дейміз? (олар аспанда түйдек – түйдек болып тұрады)
- Шарбы бұлттар неге ұқсайды? (ақ ұлпаға, мамыққа, жақсылап аңғарып қарасаң олардан таныс бейнелерді көруге болады)
- Ең үлкен бұлттар қай бұлттар? (түнерген найзағайлы бұлттар)
- Қандай бұлттар жаңбыр әкеледі? (түйдек бұлттар, түнерген бұлттар)
- Бұлттар неліктен аспанда жүреді? (оларды жел қуады)
Еңбекке баулу
Қоқыстарды жинау, сыпыру.
Мақсаты: Бірлесе жұмыс істеуге деген ынталарын қалыптастыру.
Қимылды ойын: «Қасқыр қақпан»

Өтіп бара жатқан көлікті бақылау
Мақсаты:
Сырт бейнесіне қарап көліктерді ажырата алуға үйрету.
Бақылау барысы:
Көшелерде жүріп жатқан көліктері бақылау. Көлік жүргізетін адамды жүргізуші деп ал қалғандарын жолаушылар деп айтатынын түсіндіру. Жол жүру уақытында жүргізушімен сөйлесуге, алаңдатуға болмайтынын айту. Егер осы ережелер сақталмаса жол апаты болуы әбден мүмкін екенін түсіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет