Д 14. 05. 01 диссертациялық кеңесінің 2008 жылғы жұмысының



Дата19.06.2016
өлшемі296.62 Kb.
#148301


Д 14.05.01 диссертациялық кеңесінің 2008 жылғы жұмысының
ЕСЕБІ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің жанындағы Д 14.05.01 диссертациялық кеңесі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 11.02.08 №184 бұйрығымен бекітілген.

Диссертациялық кеңеске мынандай 13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика және 13.00.08 – кәсіптік білім беру теориясы және әдістемесі мамандықтар бойынша диссертациялық жұмыстарды қорғатуға рұқсат етілген. Есеп беру кезеңінде диссертациялық кеңестің 9 мәжілісі, соның ішінде кандидаттық диссертациялар бойынша 18 кандидаттық диссертация, және 6 докторлық диссертация қорғалды. Кейбір кеңес мүшелері орынды себептермен мәжілістің жартысына қатыса алмады, олар педагогика ғылымдарының докторлары К.А. Жүсіпова және Ә.А.Молдажанова. Басқа білім беру мекелерінде (Алматы технологиялық университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті) 2008 жылдың ортасынан бастап жауапты қызметтер атқаруына байланысты.

Қорғалған диссертациялық зерттеулердің тақырыбы әртүрлі саладағы педагогикалық ғылыми бағыттармен байланысты. Бұлар болашақ маман-педагогтың кәсіби дайындығы мәселелері жөніндегі зерттеулер (10), жалпы педагогика (тәрбие теориясы, дидактика) - 9, тарихи-педагогикалық бағытта – 4. Соңғы кезде теория және кәсіби білім әдістемесі, әсіресе педагогтарды шығармашылыққа дайындау мамандықтары бойынша (бейнелеу өнері, музыка, балет, дизайн), бастауыш мектеп, сонымен қатар дарынды студенттерді дамыту жөнінде қорғалатын диссертациялардың саны өсуде. Сонымен бірге, есеп беру жылында 19.00.01 – жалпы психология, тұлға психологиясы, психология тарихы, этнопсихология мамандығы бойынша ізденуші Н.С. Шадринның бір реттік докторлық диссертациясы Комитеттің рұқсатымен қорғалды.

Барлық қорғалған педагогика ғылымдарының докторы және кандидаты ғылыми дәрежесiн алатын диссертациялар педагогика ғылымы мен білім беру тәжірибесінің, соның ішінде, төзімділік қарым-қатынасты қалыптастыру, адамгершілік, еңбек тәрбиесі, мектеп оқушыларының туристік іс-әрекеті, салауатты өмір салтын дамыту идеясы, тарихи аспектідегі адамгершілік-экологиялық тәрбие, мектеп оқулықтарын жетілдіру, оқыту үрдісінде қазақтың ұлттық дәстүрлерін қолдану т. б. өзекті мәселелерге арналған.

Қорғалған диссертациялардың барлығы белгілі ғылыми бағдарламалармен байланысты. Осы тұрғыдан келгенде жалпы педагогика, этнопедагогика және кәсіби білім беру саласы мәселелеріне арналған, зерттеу пәні белгілі саладағы өнерді оқытудан, қорғалған бірнеше диссертацияларды айтуға болды. Мысалы, Ұ.М. Әбдіғаппарованың 13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша «Қазақ халық педагогикасындағы балалар мен жастарды сәндік-қолданбалы өнерге үйретудің ғылыми негіздері» атты докторлық диссертациясы, берік әдіснамалық негізде даярланған, сәндік-қолданбалы өнерге тәжірибе арқылы оқыту жолдары, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының талабына жауап береді, «Кәусар бұлақ», «Атамекен» қолданбалы бағдарламаларының мазмұнын тереңдету мақсатына арналған. Бағдарламалардың дамуына үлес қосқан кейбір диссертациялық зерттеулерді, ізденуші Н.А. Михайлованың 13.00.08 – кәсіптік білім беру теориясы және әдістемесі мамандығы бойынша «Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдер өзіндік кәсібилігін қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациясы, Ж.Б. Мұқашеваның «Мамандырылған колледж (балет мектептері) оқушыларының кәсіби-маңызы бар педагогикалық сапаларын қалыптастыру» атты диссертациялық зерттеу жұмысы, Б.С. Сайдахметовтың 13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша «Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттары» атты диссертацияларын атауға болады.

Бірқатар диссертациялық зерттеулер жастар мен мектеп оқушыларының тәрбие мәселелеріне арналған. Осы бағытта Н.Н.Подобед, Қ.М.Омаров, А.И.Ибрагимовтардың 13.00.01 - жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша қорғалған жұмыстарын атап өтуге болады.

Мәселен, ізденуші Ж.Ы. Сардарованың докторлық диссертациясының тәжірибелік құндылығы мұғалім мамандарға арналған материалдар жасалуы, «Бастуаыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған, деңгейлі есептер жүйесі оқушылардың ақпараттық сауаттылығын және соңғы нәтижелікке бағдарланған. 12 жылдық білім берудің бастауыш сыныптарға арналған «Информатика» оқу-әдістемелік құралы, «Бастауыш мектепте қазіргі білім беруді технологиясы, пайдаланудың теориялық негіздері», «Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияны пайдаланудың кәсіби-шығармашылық аспектісінің әдістемесі».

Ізденуші А.Е. Манкештің докторлық диссертациясы “Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының ғылыми - педагогикалық негіздері” мәселесіне арналған төмендегі тәжірибелік нәтижеге кенелген. «Экология, кешен, қоршаған орта» бағдарламасы бастауыш мектеп мұғалімдеріне экологиялық білім беруге бағдарланған әдістемелік ұсыныстар.

Диссертациялық зерттеулердің ғылыми нәтижелері маңыздылығы жұмыстар. Ұ.М. Әбдіғаппарованың докторлық диссертациясының нәтижесі, ізденушісінің арнайы оқу-әдістемелік оқулықтары «Қазақтың әсемдік-қолданбалы өнерінің дамуы», «Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің тарихы мен теориясы», «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері» және т.б. Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында, «Сымбат» әсем – бизнес Академиясының оқу-тәрбие үдерісіндегі лекциялар, семинарларында қолданылған. «Ел арна» телеарнасында, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтандыру орталылығының «Өзін-өзі тану» бағдарламасында пікірталас тақырыбы болып талқыланды. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің базасында болашақ педагог-хореографтарды кәсіби дайындау жүйесінде балет мектебі оқушыларының кәсіби-мәнді педагогикалық сапаларын қалыптастыру деңгейін, арнайы колледжілердің оқушыларына арналған «Педагогика негіздері» атты арнайы курс бағдарламасы ізденуші Ж.Б. Мұқашеваның ғылыми диссертациялық нәтижесі болып табылады. А.К. Имановтың кандидаттық диссертациясының зерттеу нәтижелері 13.00.01 - жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша «Төңкеріліске дейінгі Қазақстандағы адамгершілік-экологиялық тәрбие идеяларының дамуы» атты ғылыми жұмысы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің 2004 жылдан 2007 жылының педагогикалық үдерісінде белсенді енгізіліп, Солтүстік Қазақстан облысының педагогикалық кадрларды қайта дайындау және біліктілігін арттыру институтында, М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде қолданылды. Ізденуші Н.Н.Подобедтің «Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас төзімділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» кандидаттық диссертациясының теориялық-тәжірибелік нәтижелері №56 гимназиясы, №130 мектеп-гимназияларының оқу-тәрбие үдерістерінде, Халықаралық колледжінде үздіксіз білім беруді ұйымдастыру арқылы және «Қазіргі заман мұғалімінің имиджі» мастер-класс сабақтарын өткізіп, қалалық конкурстың «Жыл мұғалімі – 2005, 2006, 2007» иегері, Алматы қаласының мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары үшін қалалық пресс-конференциялар, «Мұғалім – оқушы: диалог мүмкіндіктер және өзара ықпалдық», «Мен 18-мін! Мен бірінші рет дауыс беремін!» атты қалалық акцияларды ұйымдастырып өткізді.

Ізденуші Н.А. Михайлованың жасаған оқу-әдістемелік құралы «Көркем-сурет факультетінің тілімгерлерін арнайы сурет салуды үйретуде курстық жұмыс өзбетінше іс-әрекеттің негізгі бөлігі ретінде», «Кредиттік оқыту жүйесінде көркем-сурет факультетінің тәлімгерлерінің өз бетінше жұмысын ұйымдастыру» оқу құралы және «Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдер өзіндік кәсібилігін қалыптастыру» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясының нәтижелері сурет салуға үйрету, кескіндеме, қолданбалы қол өнері, Абай атындағы ҚазҰПУ-і көркем-сурет факультетінің сурет салу өнерінің әдістемесінде, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да, 2007 жылдан бастап Алматы педагогикалық колледжі оқытушылардың әдістемелік жұмысында қолданылды.

Б.С. Сайдахметовтың «Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттары» атты диссертациясының ғылыми нәтижелері бастауыш мектептің бастауыш сынып оқушыларының тәрбие әдістемесіне жеті бабаларының генеалогиясы және дастархан дәстүрінің ұлттық құралдарын біртіндеп енгізді. Нақты ғылыми нәтижесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемесінде өте тиімді қолданылатын «Аға буын дәстүрлері - баға жетпес бұлақ» атты бағдарламасын, электронды баламасын, интерактивті ойындарды, дамыту міндеттер жүйесін айтуға болады.

Оқу бағдарламасының арнайы курсы «Кiшi оқушысының шығармашылық iс-әрекетін орта мектеп оқу-тәрбие үдерісінде дамытудың негіздері» және жалпы білім беру циклындегі оқытушыларға арналған семинарлар «Кiшi оқушысының шығармашылық iс-әрекетін дамыту педагогикалық мәселе» төменгі мектеп оқушыларының әртүрлі танымдық іс-әрекет деңгейі үшін шығармашылық тапсырмалар кешеніеде құрастырылған Е.Д. Лидің «Кіші оқушының шығармашылық іс-әрекетін дамытуға болашақ мұғалімді дидактикалық даярлаудың ерекшеліктері» атты диссертациясының нәтижелері Солтүстік Қазақстан облысы және Қостанай қалаларының жоғары және орта педагогикалық оқу орындарында қолданылды.

Сонымен қатар, республикадағы жаңа буынға жетілдірілген оқу құралдарын талап ету мақсатында тәжірибеге ғылыми нәтижелері кең түрде енгізілуде Д.Т. Танирбергенованың «Мектеп оқулықтарын жетілдірудің педагогикалық ахуалы» 13.00.01 - жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясының зерттеу нәтижелерінде мынандай матералдарды атап өтуге болады: диагностика әдістемесі және жаңа буын мектеп оқулығын кезең-кезеңдерімен жетілдіру; «қазіргі заманғы мониторинг - ОӘК және оқулықты сапалы қамтамасыз етудің негізгі шарттары», әдістемелік оқулық «Жаңа буын оқулықтарын сапалы педагогикалық мониторингтердің моделінің негіздері».

Комитеттің қазіргі талаптарында көрсетілгендей, ресми оппоненттерді сайлау барысында, тәуелсіздік ұстанымын қатаң ескере отырып, диссертациялық кеңестің талабына сай жетекшілік жасалды.

Ресми оппоненттер Қазақстаннан ғана емес, сонымен Ресейден де шақырылды: Т.Қ. Мұсалимов (Астана қ.), Т.О. Балықбаев, М.Ж. Жадрина (Алматы қ.), Л.А. Байсерке (Тараз қ.), Т.М. Әлсатов (Шымкент қ.), Б.К. Момынбаев (Қызылорда қ.), Қ.М. Кертаева (Павлодар қ.), А.Х.Аренова (Ақтау қ.), Д.В. Четвериков Н.А. Андриенко (Омск қ.), М.С. Яницкий (Новосибирск қ.) және т.б. Ресми оппоненттердің пікірлері Қазақстан Республикасының Білім мен ғылым саласындағы бақылау комитетінің талабына сай даярланған.

Диссертациялық жұмыс бойынша оппонентердің пікіріндегі сыни тұрғыдан жасалған ескертулерді атап көрсетуге болады.

Ізденуші Л.М. Нәріқбаеваның диссертациясы бойынша ресми оппонент Б.К. Момынбаев жұмыста бағалау үдерісі автоматтандыру ғана емес, студенттерді дамыту үдерісін басқаруға және сандық мәліметтерді нақты алуға мүмкіндік жасайтын ақпараттық технология қолданылмағандығын атап көрсетеді. Е.В. Андриенко қалыптастыру экспериментінің әрбір кезеңінде болашақ психолог-педагогтың кәсіби дарындылығын дамыту деңгейінде нақты студентті мысалға ала отырып сипаттауды қолдану жұмыстың құндылығын арта түсер еді.

А.Ж. Құрақбаеваның диссертациясы бойынша ресми оппонент С.З.Қоқанбаев «автор оқу-үдерісіне бастауыш сынып мұғалімдері мен ЖОО-ң оқытушыларының «Өзін-өзі тану» пәнін өзара ендірудің әдістемелік ұсыныстарын дайындағанда, зерттеудің маңызы артар еді» деген ескертпе жасады.

Д 14.05.01 диссертациялық кеңесі ресми оппоненттерінің пікірлерінде зерттеу тақырыптарының өзектілігі, нақты ғылыми нәтижелері, олардың практикалық маңыздылығы мен жаңашылдығы, алынған нәтижелерінің анықталу мен орындалу деңгейі, қолындағы басылымдары көрсетілген.

Негізінен ескертулер жекеленген (диссертацияның жекеленген бөлімдерін нақтылау, мәтінде техникалық, стилистикалық қателер және т.б.) бұл ескертпелер зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық нәтижесінің құндылығын төмендетпейді.

Диссертациялар бойынша жетекші ұйымға диссертациялық кеңестің келісімімен анықтала отырып, Қазақстан Республикасының Білім мен ғылым саласындағы бақылау комитетінде бекітілген. Жетекші ұйым ретінде кең саладағы оқу мекемелері алынды: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Ғылым Академиясы, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Еуразия гуманитарлық иснтитуты, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік унисерситеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті және т.б.

Л.М.Нәріқбаеваның диссертациясы бойынша жетекші ұйымы Л.М. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Кәсіби дарындылық» және «Кәсіби педагогикалық дарындылық» ұғымдарын мұғалімнің кәсіби дайындығы теориясы әдіснамалық тұрғыдан нақты негізделмеген.

Жетекші ұйым Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-сы А.Е. Манкешке берген пікірінде «қорытындының көлемін көбейту» керек еді десе, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ті А.Ж.Құрақбаеваның диссертациясына берген пікірінде «Өзін-өзі тану» ұғымына берген сипаттаманы (3 сурет, 1 тарау) ескертпелер бойынша бөліп қарастыру керек деп, сонымен қатар диссертация мәтінінде техникалық қателер және әдебиеттер тізімін толтыруда да жауапкершілікті қажет етеді деген ескертулер айтылған.

Пікірлердің мазмұнында зерттеу тақырыбының өзектілігі, ғылыми нәтижелері, жұмыстың орындалуы мен әрбір ғылыми нәтижелердің жаңашылдық деңгейі, негізігі ережелерлердің есебіне сәйкес келетін ғылыми жарияланымдар, диссертациялардың қорытындылары, сонымен бірге авторефераттың мазмұны диссертацияның тұжырымдарына сәйкес жазылған. Атап айтсақ, барлық жетекші ұйымдардың пікірлерінде бірнеше ескертпелер, ұсыныстар айтылған. Бұл сын ескертпелер көбінесе кездесетін диссертациялар тақырыбындағы техникалық ахуалдарға, сонымен қатар әдебиеттер тізімін толықтыру кезінде болған қателіктер.


Аттестаттау жүйесін ұлғайту үшін ұсынамыз:
а) үйлестіру орталығының зерттелетін диссертациялық жұмыстардың тақырыптары сай үйлесімді болу қажет;

б) мемлекеттік тілде орындалған диссертациялық зерттеудің орысша түйіндемесін (ғылыми жаңалықтары мен ғылыми нәтижелері) нақтылау.



Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесiн алатын диссертацияларды қарау мәліметтері



13.00.01

13.00.08

19.00.01

Ғылым

салалары



Ғылым

салалары



Ғылым

салалары



Ғылым

салалары



Ғылым

салалары



Ғылым

салалары



Ізденішінің өтініші бойынша қараудан алынған жұмыстар



















Қорғау нәтижесінің

оң шешімі



1
















Сонымен бірге

басқа мекемелерде





















Қорғау нәтижесінің

теріс шешімі





















Сонымен бірге

басқа мекемелерде





















Қосымша ұсынсытар беру



















01.01.2009 жылдың қарауында

қарастырлады



2




1




1





Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алатын диссертацияларды қарау мәліметтері




13.00.01

13.00.08

Ғылым

салалары



Ғылым

салалары



Ғылым

салалары



Ғылым

салалары



Ізденішінің өтініші бойынша қараудан алынған жұмыстар

1










Қорғау нәтижесінің

оң шешімі



5




6




Сонымен бірге

басқа мекемелерде



4




4




Қорғау нәтижесінің

теріс шешімі















Сонымен бірге

басқа мекемелерде















Қосымша ұсынсытар беру













01.01.2009 жылдың қарауында

қарастырлады



4




2




Диссертациялық кеңестің

төрайымы Н.Н. Хан

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы А.Н. Кошербаева



Д 14.05.01 диссертациялық кеңестің 2007 жылғы жұмысы туралы

ЕСЕП

2007 жылда Д 14.05.01 диссертациялық кеңес 13.00.01–Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика, 13.00.08–Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі мамандықтары бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты және докторы дәрежесін алу үшін жазылған ғылыми жұмыстарды қорғауға қабылдады. 13.00.04–Дене тәрбиесі, спорттық жаттығу, сауықтыру және бейімдеу, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша диссертациялық кеңес қорғауға диссертацияларды 2007 жылдың 24 сәуіріне дейін (ҚР БҒМ БҒСҚАК №370 бұйрығымен бұл мамандық шифрімен диссертациялық кеңестің жұмысы тоқтатылды) қабылдады. Кеңестің құрамына 20 педагогика ғылымдарының докторы және 1 педагогика ғылымдарының кандидаты (ғалым хатшы) енгізілген. Барлық кеңес мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары.




п.п.


Тегі, аты-жөні

Мамандық шифры



Жұмыс орны

1.

Хан Наталья Николаевна

( төрайым)



13.00.08

Абай ат. ҚазҰПУ

2.

Толеубекова Рымшаш Камешқызы

(төрайым орынбасары)



13.00.01

Абай ат. ҚазҰПУ

3.

Колумбаева Шолпан Жақсыбайқызы

( ғалым хатшы)



13.00.08

Абай ат. ҚазҰПУ

4.

Жампеисова Қорлан Қабыкенқызы

13.00.01

Абай ат. ҚазҰПУ


5.

Мұқанова Бақытжамал Ыдырысқызы

13.00.01

Абай ат. ҚазҰПУ

6.

Құдайкулов Мәулен Әбдікәрімұлы

13.00.01

Абай ат. ҚазҰПУ


7.

Трифонов Валерий Васильевич

13.00.01

Абай ат. ҚазҰПУ


8.

Ілиясова Алмагүл Нағиқызы


13.00.01

Абай ат. ҚазҰПУ

9.

Хайруллин Гриф Тимурзагитович

13.00.01

Абай ат. ҚазҰПУ


10.

Нұрлыбекова Әлима Балтабайқызы

13.00.01


М.Әуезов атындағы ОҚМУ

11.

Абдіғулова Бағлан Қапарқызы

13.00.01

Абай ат. ҚазҰПУ


12.

Көшербаева Әйгерім Нұралықызы

13.00.01

Абай ат. ҚазҰПУ


13.

Жүсіпова Куляш Айтмағамбетқызы

13.00.01


АТУ

14.

Сейтешев Ажес Петрович

13.00.08

Абай ат. ҚазҰПУ


15.

Хмель Надежда Дмитриевна

13.00.08

Абай ат. ҚазҰПУ



16.

Бейсенбаева Аида Аршабекқызы


13.00.08

Абай ат. ҚазҰПУ

17.

Молдабекова Майра Саметқызы

13.00.08

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ

18.

Мұсабеков Ондасын Өстенұлы

13.00.08

ҚБТУ


19.

Саипов Әбдімәжит Аманжолұлы


13.00.08

Абай ат. ҚазҰПУ

20.

Адамбеков Қайрат Ілиясұлы


13.00.04

Абай ат. ҚазҰПУ

21.

Қасымбекова Сауле Ілияқызы


13.00.04

ҚР БҒМ Дене тәрбие орталығы

Есеп беру кезеңіндегі аралықта диссертациялық кеңестің құрамында төмендегідей өзгерістер жүргізілді:

1. ҚР БҒМ БҒСҚАК-нің 2007 жылғы 5 қаңтардағы №10 бұйрығымен профессор А.А.Бейсенбаева кеңес төрайымының орынбасары қызметінен босатылып, кеңес мүшесі ретінде қалдырылды, кеңес төрайымының орынбасары болып профессор Р.К.Төлеубекова тағайындалды, кеңес құрамына педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ш.Ж.Колумбаева ғалым хатшы болып енгізілді.

2. ҚР БҒМ БҒСҚАК-нің 2007 жылғы 27 сәуірдегі №370 бұйрығына сәйкес профессорлар: Г.А.Уманов, Т.А.Ақпаев, Л.А.Айрапетьянц кеңес құрамынан шығарылды, ал педагогика ғылымдарының докторлары: Б.Қ.Абдіғулова (13.00.01), К.А. Жүсіпова (13.00.01) енгізілді. Профессор Қ.К.Жампеисова және М.Ә.Құдайқұловтың мамандық шифрлары 13.00.08-ден, автореферат бойынша 13.00.01-ге өзгертілді.

2007 жылда диссертациялық кеңесте педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 6 диссертация қорғалды:




Тегі, аты-жөні

Мамандық шифры

Қорғау күні

1

Жаңабаева Р.А.

13.00.01

24.01.2007

2

Молдажанова Ә.А.

13.00.08

28.03.2007

3

Бекмағамбетова Р.К.

13.00.01

30.05.2007

4

Атемова Қ.Т.

13.00.01

24.10.2007

5

Қайдарова А.Д.

13.00.01

28.11.2007

6

Игібаева А.Қ.

13.00.01

26.12.2007

Барлық ізденушілер жоғары оқу орындарының оқытушылары (Абай атындағы ҚазҰПУ, Семей МПИ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ).

Есеп беру кезеңінде педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін 17 диссертация қорғалды.




пп


Тегі, аты-жөні

Мамандық шифры

Қорғау күні

1.

Шуйтенов Ғ.

13.00.08

14.02.2007

2.

Жүнісбекова Ж.А.

13.00.01

14.02.2007

3.

Абдреимова К.

13.00.01

14.03.2007

4.

Рысбекова Р.М.

13.00.01

14.03.2007

5.

Абдуллина Н.А.

13.00.01

11.04.2007

6.

Жұмажанова Р.Ж.

13.00.01

11.04.2007

7.

Өтебаева Ә.Т.

13.00.01

11.05.2007

8.

Жамирова У.

13.00.01

13.06.2007

9.

Асенова Н.С.

13.00.01

13.06.2007

10.

Агеева Л.Е.

13.00.01

12.09.2007

11.

Көкшеева З.Т.

13.00.01

12.09.2007

12.

Күлбатыров А.

13.00.01

10.10.2007

13.

Назарова Г.Ж.

13.00.01

10.10.2007

14.

Оразбаев Е.Д.

13.00.01

14.11.2007

15.

Айтбаева М.А.

13.00.08

14.11.2007

16.

Саренова А.С.

13.00.01

12.12.2007

17.

Ахатаева Қ.Б.

13.00.01

12.12.2007

Ізденушілер арасында білім саласында жұмыс істеуші практиктер саны көп болуын ерекше атап өтуге болады. Мәселен, педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу жөнінде қорғалған 17 жұмыстың 2-і мектеп мұғалімдері, 1- аудандық білім беру департаментінің қызметкері, 1- кәсіби орта білім беру ісінің қызметкері және 13-республиканың жоғарғы оқу орындарының оқытушыларымен орындалған.

Сонымен қатар, 13.00.01 мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу жөнінде Э.И.Вареницинаның диссертация қорғауы (11.05.07ж) ізденушінің өтінішімен, денсаулығына байланысты қорғаудан алынды. Бұл тұралы Комитет хабарландырылды (шығ.№11/13- 208.04.05.07ж).

Қорғалған диссертациялар педагогика ғылымының әртүрлі салаларын қамтыған. Тарихи-педагогикалық бағытқа арналған диссертациялық жұмыстар саны көбеюде, мысалы педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін алуға қорғалған 6 жұмыстың 5-і білім беру және педагогика тарихына арналған. Педагогика ғылымыдарының кандидаты дәрежесін алуға қорғалған 17-і жұмыстың 3-і Қазақстан педагогикасының тарихы бойынша.

Қорғалған диссертациялар ішінде теориялық және практикалық мәніі жөнінен ерекше келесі жұмыстарды атауға болады.

«Дидактикалық және әдістемелік даярлық бірлігінің болашақ мұғалімнің кәсіби мәдениетін қалыптастыру ықпалы» (13.00.08) тақырыбына жазылған Ә.А.Молдажанованың диссертациясы болашақ мұғалімнің мәдениетін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуіне арналған. Ізденуші болашақ мұғалімнің кәсіби мәдениетін қарастыруда жаңа концептуалды тұрғыны кәсіби іс-әрекеттің объектісін ескере отырып жүзеге асырады және жалпы педагогика, дидактика, жалпы әдістеме сияқты педагогикалық ғылымның негізгі салаларының объективті өзара байланысын қарастырады, болашақ мұғалімнің кәсіби мәдениетін қалыптастыру үрдісінде оқытудың жалпы әдістемесін педагогика ғылымының саласына қажеттілігін ғылыми негіздеді. «Жалпы оқыту ЖОО оқытушыларының тәжірибелік жұмысында студенттер үшін әдістемесінің теориясы», ЖОО оқытушыларына «ЖОО оқытушыларын кәсіби-педагогикалық даярлаудың негіздері» оқу курстары қолданысқа ие бола алады.

Педагогикалық кадрларды қайта даярлау мен білімін жетілдіру институттардың аймақтық орталықтарында диссертант ұсынған ұсыныстары мен мұғалімдерге арналған «Оқу пәнін оқыту теориясы мен технологиясы» оқу курсының бағдарламасын пайдалануға болады.

Мамандық шифрі 13.00.01, педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін Р.К.Бекмағамбетованың «Қазақстанда бастауыш мектеп үшін мұғалім кадрларын даярлайтын оқу орындарының даму тарихы» (1917-1991) қазіргі заман тұрғысынан байыпталған және 1917-1991 жылдардан бастап әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларға тәуелділігі көрсетілген, диалектикалық арақатынаста бастауыш мектеп үшін мұғалім кадрларын даярлайтын оқу орындарының дамуындағы жағымды, сонымен қатар, жағымсыз нәтижелері анықталған.

Қазақстандағы бастауыш мектеп үшін мұғалім кадрларын даярлау бойынша оқу орындары іс-әрекетінің модернизациясының тұжырымдамасы даярланған, сонымен қатар диссертант бірнеше бағыттағы осы мекемелердің жұмысын жетілдіру қажеттілігін анықтап бастауыш мектеп үшін мұғалім кадрларын даярлайтын оқу орындары іс-әрекетінің жағымды тәжірибесін ескерген: нормативті-құқықтық және басқару базасы қатынастарда теориялық-әдіснамалық жоспардағы әлеуметтік бағыттылықты күшейту; технологиялық жоспардағы болашақ бастауыш сынп мұғалімдерінің кәсіби даярлаудың мазмұнын жетілдіру.

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін даярлайтын Л.Е.Агееваның «Бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік ынтымақтастығы» тақырыбындағы диссертациясы мектептің тұтас педагогикалық үрдісіндегі бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік ынтымақтастығын ұйымдастыру өзекті проблемасына арналған.

Диссертант бастауыш мектеп оқушыларының әлуметтік ынтымақтастығын ұйымдастыру әдістемесін жасап оның мазмұнын анықтап, теориялық негіздеді. Бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік ынтымақтастыққа даярлығын сатылай қалыптастыру әдістемесі жасалынды.

Н.С.Асенованың 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының педагогикалық идеялары» тақырыбындағы диссертациясы

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылық мұрасы мен ағартушылық қызметін зерттейді. Жұмыста алғаш рет Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылық мұрасындағы негізгі педагогикалық идеялары айқындалып жүйеленді, сонымен қатар олардың маңыздылығы тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері анықталды.

Диссертация бойынша жетекші ұйымдарды кеңес ҚР БжҒМ ҚАК-нің бекіткен тізіміне сәйкес тағайындалды. Жетекші ұйымдардың аумағы кең: С.Аманжолов ат. ШҚМУ, Ш.Есенов атын. АқтМУ, Абылай хан атын. ХҚжӘТУ, Ы.Алтынсарин атын. ҚБА, І.Жансүгіров атын. Жетісу МУ, С.Торайғыров атын. ПМУ, М.Дулати атын. ТарМУ, Л.Гумилев атын. ЕҰУ, Еуразия гуманитарлық институты, Жүргенов атын. ҚазҰӨА, Қазақ спорт және туризм академиясы.

Барлық жетекші ұйымдардың пікірлері ҚР БҒМ ҚАК-нің талаптарына сәйкес болды. Пікірлердің мамазмұнында зерттеу тақырыбының көкейкестілігі жалпымемлекеттік және жалпығылыми бағдарламалармен байланысы; ізденушінің қол жеткізген ғылыми нәтижелері көрсетілді; әрбір ғылыми нәтиженің жаңалық деңгейі айқындалды, сонымен қатар негізгі қағидаларымен қорытындыларының басылысдарында толық жарияланғандығы көрсетіледі.

Жетекші ұйымдардың пікірлерінде диссертация мазмұнындағы және рәсімделуі көрсетілді, бірақ олар рорындалған зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығын төмендетпейді.

Ресми оппонент тағайындалғанда ізденушінің ғылыми жетекшісімен тәуелсіз қағидасы ұсталынды. Ресми оппонент болып педагогика ғылымдарының докторлары: Жүсібалиева Д.М. (Алматы), Сейталиев К.Б. (Орал), Турғынбаева Б.А. (Алматы), Омар Е.О. (Түркістан), Құнантаева К.Қ.(Алматы), Керімов Л.К. (Түркістан), Халитова І.Р.(Алматы), Смаилов С.С. (Тараз), Алсатов Т.М. (Шымкент), Жарықбаев Қ.Б. (Алматы), Байсерке Л.Ә. (Тараз), Табылды Ә.Т. (Алматы), Завалко Н.А. (Өскемен), Чекалева Н.А. (Омск), Мусәлімов Т.К. (Астана), Жұматаева Е.Ө. (Павлодар), Аганина Қ.Ж. (Алматы), Кәріпжанова В.П. (Өскемен), Джуринский А.Н.(Москва), Храпченков В.Г. (Новосибирск), Таубаева Ш.Т. (Алматы) т.б.

Ресми оппонент ретінде Диссертациялық кеңес мүшелерін тағайындау жүзеге асырылды, мысалы 13.00.08 мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алуға дайындалған М.А.Айтбаеваның жұмысы бойынша ресми оппонент ретінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мұсабеков О.Ө болды (жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтында орындалған).

Ресми оппоненттердің пікірлері өзінің мазмұны бойынша ҚР БҒМ ҚАК-нің талаптарына толық жауап береді.

Д 14.05.01 диссертациялық кеңеске ұсынылған ресми оппоненттердің пікірінде жаңа ғылыми негізделген теориялық және практикалық нәтижелері, зерттеу нәтижелерінің тәжірибеге ендіру дәрежесі атап көрсетілді; жарияланған еңбектерінің қажетті мақалалар саны, соның ішінде Комитет ұсынған басылымдарда жарық көрген.

Жарияланған еңбектер комитеттің ұсынылған баспаларында жарық көрген. Ізденушінің алған ғылыми нәтижесіне ресми оппоненттер нақты бағасын берді.

Оппоненттер жұмыс бойынша өздерінің берген қорытындыларын белгілі нақты дәлелдермен дәйектейді және сын ескертпелерін береді. Берілген ескертпелер жұмыстың ғылыми теориялық мазмұнын және практикалық нәтижесінің құндылығын төмендетпейді.

Сонымен қатар, есеп беру кезеңінде бірнеше мәселелер қарастырылды: «Диссертациялық кеңес туралы Ережелер», «Ғылыми дәрежелер беру ережелері», Комитет талқылауға ұсынған (Рһd), нормативтік құжаттар жобасы бойынша ұсыныстар талқыланып ҚАК-не жіберілді (хаттама №10, 11 мамыр 2007ж).

Сонымен қатар, Комитеттің қосымша қорытындысы бойынша жіберілген Д.Ж.Сакеновтың педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясын қарауға байланысты, диссертациялық кеңестің мәжілісі өткізілді және жасырын дауыс беру нәтижесі көрсетілген ұжымдық пікірі дайындалды (хаттама №25, 11 желтоқсан 2007ж).



Педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін алу бойынша қарастырылған диссертациялардың мәліметтері:


Диссертациялық жұмыстар

Барлығы 2007 ж

13.00.01

13.00.08

Барлық қарастырылған

6

5

1

Ізденушілердің өтінштері бойынша қарастырылуынан алынып тасталған










Қорғау нәтижесі бойынша оңтайлы шешілді

2

1

1

Сол сияқты басқа да мекемелерде

1




1

Қорғау нәтижесі бойынша теріс шешімдер










Сол сияқты басқа да мекемелерде










Екі мамандық кіріктірулеріне байланысты орындалған










Қосымша бекітулер берілген

1

1




Қарастырылуда 1.01.2007ж.

4

4





Педагогика ғылымдарының кандидаттық дәрежесін алу бойынша қарастырылған диссертациялар туралы мәліметтер


Диссертациялық жұмыстар

2007ж бойынша барлығы

13.00.01

педагогикалық



13.00.08

пед-лық


Барлық қаралғандары

17

14

3

Ізденушінің өтініші бойынша қаралудан алынғандар










Қорғаудың қорытындысы бойынша оңтайлы шешіммен

9

8

1

Басқа да мекемелерден

9

8

1

Қорғаудың қорытындысы бойынша теріс шешіммен










Басқа да мекемелерден










Екі мамандық кіріктірулеріне байланысты орындалған










Қосымша қорытынды берілді










Қаралуда тұрғандар 01.01.2007

8

7

1

Диссертациялық кеңестің төрайымы,

п.ғ.д., профессор Хан Н.Н.

Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы,



п.ғ.к., доцент Колумбаева Ш.Ж.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет