Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова


Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері



бет22/81
Дата09.12.2023
өлшемі361.93 Kb.
#486056
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
Әдебиеттік оқу пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үрдісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процесін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогін оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін қолданылады.


Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқу бағдарламасымен танысыңыз. Бағдарлама бойынша әр сыныпоқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар қандай?
2. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Әдебиеттік оқу» пәнінің базалық мазмұнын талдаңыз.
3. «Біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы туралы әңгімелеңіз.
4.Әдебиеттік оқу пәнінде оқушылардың тілдік әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырмалар ретін атаңыз.



Тақырып 3: Оқудың түрлері және оқу сапалары


Жоспар:
1. Оқудың түрлері.
2. Оқу сапалары: дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу.
3. Оқу сабақтарында оқушылардың білік, дағдыларын есепке алу.
Мақсаты:Әдебиеттік оқу әдістемесіндегі оқудың түрлері және оқу сапалары туралы түсінік беру. Оқушылардың оқу дағдылары мен оқу сабақтарында жіберетін қателерімен таныстыру, теориялық білімін жетілдіру.
1. Оқудың түрлері.
Әдебиеттік оқудың екі түрі бар. Олар: дауыстап оқу және іштей оқу. Оқудың бұл екеуі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамытылады.
Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу іске асырылады. Ол 1-2-сынып оқушыларына тән. Іштен оқу да қолданылады. Бірақ іштен оқу 1-сынып оқушыларының оқу деңгейін тексеруге, олардың жіберген қателерін түзетуге мүмкіндік бермейді. Ал дауыстап оқыту арқылы олардың оқу сапаларын байқауға болады. Сондықтан сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу қолданылады.
Әліппеден кейінгі кезеңде іштен оқуға дағдыландыра бастау қажет. Іштен оқуға үйрету маңызды. Себебі, дауыстап қана оқып үйренген бала орта буынға көшкен кезде қиыншылыққа ұшырайды:
1. Ол оқуы үшін жеке өзі ғана болуды қажет етеді. Дауыстап оқыса, басқаларға кедергі жасайды.Оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға түседі.
2. Оқу шапшаңдығы дамымайды. Себебі оқу жылдамдығы іштен оқу барысында қалыптасады. Мысалы: 2-сыныпта оқу жылдамдығы дауыстап оқуда минутына 35-50 сөз болса, іштен оқығанда 45-60 сөз болады. 3-сыныпта дауыстап оқығанда 60-75 сөз болса, іштен оқығанда 80-100 сөз болады.
2,3,4-сыныптарда оқудың екі түрі де қатар қолданылады. Ал 3,4-сыныптарда көбіне іштен оқуға көңіл бөлінуі қажет. Мұғалім оқудың екі түрін де іске асыру барысында оқу сапаларына да баса назар аударуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет