Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова


Бастауыш сыныптарда әңгімелерді оқыту



бет37/81
Дата09.12.2023
өлшемі361.93 Kb.
#486056
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

2. Бастауыш сыныптарда әңгімелерді оқыту.
Бастауыш мектеп балалары өте қарапайым түрде әңгімелейді және тек жай сөйлемдермен немесе көмекші сұраққа бір сөзбен ғана жауап береді. Сондықтан мұғалімнің бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгені жөн. Әңгімелеуге үйретуде мыналарды ескеру қажет:
1. Балалардың қойылған сұраққа дұрыс, толық жауап беруі.
2. Мұғалім қолданған күрделі сөйлемдерді қайталатқызу.
3. Өздеріне сөйлемдер құрату.
4. Сөйлемге қажетті сөздерді ойлап тауып айтуға үйрету.
5. Сөз жасау, сөзге түрлі жалғау-жұрнақтар қосып айтуға үйрету.
6. Суретті көрсете отырып және суретсіз (белгілі оқиға) әңгіме құрату.
Оқылған шығарма мазмұнын бір рет қана әңгімелету жеткіліксіз, оны бір-екі аптадан қайталаған жөн. Алғашқыда шығармаға арналған суреттер бойынша, ал келесі сабақта оны әңгімелету керек.
Әңгімелесу сабақтарында бала әңгімесінің мазмұнын бақылап, оның қандай сөздерді, сөйлемдерді қолданғанын бақылау керек. Оның лексикалық қатесін түзетіп, сөйлеуінің даму ерекшелігіне қарай дұрыс әңгімелеуге бағыт беріп отыру қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларының есту қабілеті біркелкі жетілмейді, өсе келе дамиды. Олардың естуін дамытудың, тілін ширатудың бір жолы кітап оқу арқылы болмақ. Мұғалім баланын сөзді ұғу қабілетін де әңгіме кезінде белгілі бір мерзімге дейін сөзге зейін қоюын да ескеруі қажет.
Мұғалім шығарманы өзінін қалай орындауына ғана көңіл бөліп балалардың зейінін назарынан тыс қалдырмауы керек. Егер балалардың көңілі алаңдай бастаса тәсілді дереу өзгертіп сұрақ беріп оқып отырған затты не бейнесін көрсетіп образды нақтылап балалардың көңілін аудару шарасын жасау қажет.
Мұғалім әңгімені оқығанда балалардың алдында тұруы керек. Олар оқығанда естумен қатар мұғалімнің бет пішіні мен мимикасын, ым-ишарасын да байқайтын болсын. Әрине мимика мен ым-ишара сөз мәнеріне жатпайды, дегенмен, сөйлеген сөзге қосымша ажар береді, әр түрлі сезім күйін көрсетеді.
Мимика көркем сөз оқушының ой сезімімен байланысты көрінетін бет құбылысы оны сөздің сырттай көрінісінің мәнері ретінде ерекше қолданады.
Сөйтіп ым-ишара қосымша мәнерлеу тәсілі болып саналады, көркем сөз орындаушы бұны сөз сөйлеп тұрған кезде оқиғаның мәнді жерін айқындау үшін пайдаланады. Бірақ ым ишараны орынсыз жерде көп қолданудан аулақ болу керек. Ең кажеттісі көркем сөз орындаушының суреттеліп отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіретін көңіл күйін сездіретін психологиялық ишыратты жасау.
Бұл мәтінің қосалқы сырын ашуға себебін тигізеді, оны психологиялық кідірістің орнына да қолдануға болады, оның мақсаты тыңдаушылардың назарын аударып айтылған ойдың мән мағынасын көрсету, иландыру, зердесін жеткізу.
Мимика мен ым-ишара ауызекі сөйлегенде әсерлі шығады. Шығарманы оқып болған соң балалардың алған әсері жөнініде әңгіме жүргізу – сабаққа қойылатын талаптардың негізгі бір бөлігі. өйткені әңгімені ықыласымен тыңдаған балардың алған әсері іштеріне сақталмайды. әдетте олар әңгіме аяқталысымен ойларын бірден айтатыны белгілі. Мұғалім балалардың ойын тыңдап алған соң, өз пікірін қосады, қорытындылайды. Әңгіме не туралы айтылғанын балаларға нақтылап береді.
Мұғалім әңгімесінің ерекшелігі:
Бала есейген сайын оның танымы, тәжірибесі молая бастайды, соған орай мұғалімнің әңгімесі мазмұны жағынан күрделеніп көлемі ұлғаяды. Әңгіме айту шығармашылық жұмыс. Мұғалім жақсы әңгімеші болу үшін оны бақылап, көрген-білгенінен түйгені, білімі мол болу керек, сөйлеу мәдениетін игерген болуы тиіс. Әңгімені айтуда тек айналадағы болып жатқан өмір жаңалықтарын хабарлап қоюы жеткіліксіз. Әңгімеші тыңдаушыларына эмоциялық әсер етуі керек. Әңгімедегі іс-әрекетке оқиғаға өз көз қарасын, көңіл-күйіңді білдірумен тынбай тыңдаушыларды да бірге еліктіріп әңгімеге араластырып отыруды көздеу керек. Әңгімеші хабарлап отырған жайтқа өз көзқарасын дәл тауып айтқан сөзімен, сөз саптауымен, интоннациясымен білдіреді. Баланың түсінігіне сай мазмұнды және еліктіретін қызықты әңгіме құрау үшін жалпы мәдениеттілікпен қатар мұғалімнің ой-өрісі кең, еңбекқор, тапқырлығы да болуы шарт.
Балаларға әңгіме айтып беру.
Әңгіме айту алдында балалардың зейінін аудару қажет. Оның бірнеше тәсілі бар. Ең алдымен, балалардың өздерінің көргендеріне көңіл аударту (мұғалімнің айтайын деп тұрған әңгімесіне ұқсас оқиғаны естеріне түсіру) жөн. Бұдан соң балалардың біліміне қарай (мұғалімнің әңгімесінде айтылатын оқиғаға байланысты қысқаша әңгіме жүргізу) сурет немесе кітаптың ашық бояулы мұқабасын көрсету, әңгіме тақырыбын хабарлау сияқтыларды жүргізуге болады.
Әңгіме айтып тұрған кезінде мұғалім әлсін-әлсін әр балаға бір көз қиығын тастап отыруы керек. Сонда мұғалімнің олармен тікелей қарым-қатынас жасап отырғаны сезіледі. Алайда балалардың назарын аударып, оны аяғына дейін сақтау үшін, ең әсерлі құрал әңгімешінің шеберлігі болмақ. Оған лайықты тақырып таңдап алу, тартымды образдарды жасау, қызықты сюжет құру, хабарламаны қорытындылау, тілінің жатық бейнелі болып келуі жатады. Қай әңгіме болмасын бір ғана мақсатты көздеуі тиіс. Ол, жеткіншектерге – рухани тәрбие беру, балалардың ой-қиялын ояту, мейірімділік, адамгершілік сезімін, отанды сүюге тәрбиелеу.
Шығармашылық әңгіменің түрлері. Мұғалім балаларға әңгіме айтудың бірнеше түрін қолданады. Оларға өмірден көргендерін (есте қалғанын, бақылағанын) айтып беру, көркем шығарманы түсіндіріп әңгімелеу, сурет бойынша әңгіме жүргізу, ұлы адамдардың өмірбаяндарымен таныстыру, көркем шығарма мәтіні бойынша дайындау барысында оны қысқартып әңгімелеу, бөгде біреудің атынан айтып беру, көпшілікке арналған ғылыми мақала негізінде құралған хабарлама әңгімеге сюжет құрып айтып беру сияқтылар жатады. Осылдардың барлығы шығармашылық әңгіме.
Өмірден көргендерін (есте қалғанын, алған әсерін) әңгімелеу. Әңгіменің бұл түрі оңайлау, өйткені бұған тікелей сезіну, көру фактілері арқау болады. Мұғалім әңгіменің бұл түрінің ең қызықтысын, балалардың жас ерекшелігіне сай келетінін, тәрбиелік мәні, маңыздысын ғана таңдайды.
Сөйлеуге үйретудің негізгі әдістерінің бірі — мұғалімнің балаларды жетекші сөздер арқылы әңгіме қатыстыра білуі.
Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеп беруге үйретуде мұғалім шығарма мазмұнына сай сұрақтар бере білуі керек.
Мұғалім балалардың әңгімелеріндегі кейбір фактілерді толықтырып отыруға тиісті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет