Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова


Өлеңдердің тәрбиелік мәні



бет59/124
Дата03.01.2022
өлшемі361.51 Kb.
#451481
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   124
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

Өлеңдердің тәрбиелік мәні.

Өлең– қоғамдық тұрмысты ең шоғырлы түрде бейнелеп беретін, терең идеялық мазмұнға, күшті де нақты сезімге, аса бай бейнелеу қуатына, жанды да бейнелі тілге, белгілі ұйқас пен ырғаққа ие ең ықшам әдеби форма. 

Оның басты ерекшеліктері мыналар: 

- Өлеңде шындық өмір мен адамдардың көңіл-күй сезімі аса шоғырлы түрде жинақталып бейнеленеді. 

- Өлең аса күшті сезімге және мол көркемдеу амалына сүйеніп, өмірді жинақы да бейнелі бейнелейді, әсіресе, сезім өлеңнің жаны ретінде есептеледі. Сезімнен айырылған өлең өзінің өміршеңдік қуатынан да айырылады. 

- Өлеңдегі бейнелі ой басқа жанрларға қарағанда тіпті де күшті болады. 

- Өлеңнің мазмұны шындық өмірдің өскелең дәрежедегі ықшам көрінісі болғандықтан, оның тілі ықшам, дәл, анық, бейнелеу қуаты күшті, өлеңдік бояуы қанық, алуан түрлі болуы талап етіледі. 

- Өлеңнің тілі ырғақты, лепті және әуенді болуы талап етіледі. Өлең талабының әуендігі дегенде, біріншіден, өлеңдегі ырғақ ескерілсе, екіншіден, ондағы ұйқас, буын сияқтылар ескерілуі тиіс.

Демек, қазақ өлеңінің құрылысын құрайтын негізгі фактор мыналар: шумақ, тармақ, буын, ырғақ, ұйқас. 

Бастауыш мектеп оқулығына кіріктірілген мәтіндердің ішінде өлең едәуір салмақты орын алады. Өлеңдерді оқытуда оқушылардың жас ерекшелігіне және қабылдау заңдылығына сай төменгі сыныптар (1-2 сыныптар) мен жоғарырақ сыныптардың (3-4 сыныптар) өлең оқытуына жеке-жеке тоқталуға тура келеді:



Төменгі сыныптарда (1-2 сыныптар): 

1) Мәнерлеп оқу.

Төменгі сыныптарға кіргізілген өлеңдердің көбі балаларға арналған өлең болып, бұл өлеңдер қарапайым және түсінікті, есте сақтауға қолайлы, жаттауға оңай болғандықтан, мәнерлеп оқуға өте лайық келеді. Сонымен бірге өлең мазмұны арқылы мүлтіксіз идеялық тәрбие беруге де болады. 

2) Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру. 

Өлеңде бейнелеу амалдары көп болғандықтан, онда ауыспалы мағыналы және теңеулік көркем сөздер көп болады. Сондықтан оны мұқият түсіндіру, сол арқылы оқушылардың өлең мазмұнын түсінуіне негіз қалау керек.

3) Өлең тармақтарының мағынасын түсіндіру негізінде шумақтардың мағынасын түсіндіру керек. Ең соңында, өлеңнің өзекті идеясын және онда бейнеленген идеялық сезімді оқушыларға қарапайым, түсінікті тілмен жанды түрде жинақтап беру керек. Мысалы, «Аққу, шортан һам шаян» өлеңінде төрт шумақ болып, оның шумағында аққу, шортан, шаян – үшеуінің бірлесіп жүк тартпақ болғандығы, бірақ үшеуінің үш жаққа немесе үш бағытқа тартқандығы айтылады, бұл шумақты түсіндіргенде, не үшін аққудың аспанға, шаянның жерге, шортанның суға қарай тартқандығын олардың тіршілік ерекшеліктерімен бірлесіп түсіндіру қажет.



Екінші шумақта бұл үшеуінің қаншалық қиналса да жүкті орнынан қозғай алмағандығы айтылады. Бұл шумақты түсіндіргенде, оқушыларға «Жүк неліктен орнынан қозғалмады?» деген сұрауды қоя отырып, оны олардың қаншалықты машақат тартқандығы және бар күштерін салып аянбай қимылдағандығын, бірақ сонда да жүктің қозғалмағандығын бейнелейтін, тармақ мазмұндарымен бірлесе отырып, талдап түсіндіру керек.

Үшінші шумақта бір бағытта тартпаған соң, жүктің орнынан қозғалмағандығы айтылады. Бұл шумақта жүктің орнынан қозғалмауындағы басты себеп: ауыр болғандығында да, олардың күш шығармағандығында да емес, қайта бір бағытта тартпағандығы баса айтылады. Түсіндіру барысында міне осы түйінді көрнектелендіру керек. 

Төртінші шумақта өлеңдегі автордың негізгі идеялық сезімі, яғни өзекті идеясы негізге алынады. Оқушыларды бұдан ғибрат алуға, бірлік-ынтымақ барлық істе жеңіске жетудің түп кепілі екендігін білуге шақырады. Соңында оқушыларға қарапайым да мызғымас қағиданы, яғни бірлік, ынтымақ – күш, бірлік, ынтымақ – жеңіс деген өзекті идеяны сіңіру керек. «Ырыс қайда барасың?» дегенде, Төле бидің «Ынтымағы мол жерге барамын» деп жауап қатқандығын келтіре кету де артық болмайды.

4) Оқушылар өлеңнің мазмұны жөнінде бастапқы түсінікке ие болғаннан кейін, олардың түсінігін тереңдету негізінде өлеңді сезіммен оқуға ұйымдастыру керек. Оқушылар өлеңді қанша көп оқыса, өлең мазмұны жөніндегі түсінігі де сонша тереңдейді. Өлеңді сезіммен оқуда жеке және ұжымдық оқу, мазмұны қысқа сұрауларды қойып, жетектей отырып сөйлету, соңында оқытушы қорытындылап беру және қайталап оқыту сияқты әдістерді қолдануға болады. Көп оқу, сезімді оқу, мәнерлеп оқу – өлең оқытудағы оқудың басты түйіні, әрі оқыту нысанасы болып табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет