Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия


 Химералық жануарларды алу әдістері



Pdf көрінісі
бет24/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

 
2.2.2 Химералық жануарларды алу әдістері. 
1. Агрегационды әдіс бір біріне тәуелсіз, бірақ бір уақытта Варшава 
қаласында Тарковский және Филадельфидағы Минц деген ғалымдар 
ұсынды (1961-1962 жж).
Буаз ұрғашы жатырынан 8 бластомер сатысына жеткен ұрықтар бөліп 
алынады. Генотиптері әртүрлі екі жануардан (мысалы, ақ және қара түсті 
тышқандардан) 
алынған 
бластомерлерді 
олардың 
агрегациясын 
ынталандырып, 16 жасушалы ұрықтың пайда болуына қажет жағдай 
жасайды. Мұндай құрамдастырылған ұрықтар in vitro жағдайда 
бластоциста сатысына дейін дамиды да, оларды қажетті гормондар 
арқылы жүктілігі жасанды түрде ынталандырылған ұрғашының 
жатырына енгізеді. Осының нәтижесінде аллофенді тышқандар пайда 
болады. Тышқанның жүні өсе бстаған кезде, оның ақ немесе қара емес, 
теңбіл тәрізді ақ-қара аралас, ала түсті болатыны көрінеді. Бұл химералы 
жануарлардың генотипінің «ақ» және «қара» жасушалардан тұратынын 
дәлелдеді. 
Мұндай жануарлар ағзасындағы ұлпалардың да теңбіл тәрізді болады, 
2алайды оны тышқандар жүнінің түсі сияқты біліне қоймайды. Мұндағы 
айырмашылықтар тек ферментативті қызмет атқаратын ақуыздарға ғана 
қатысты болуы мүмкін: мұндай ферменттер біріншіден, ата-аналарында 
бір реакцияны катализдеуі мүмкін, екіншіден, олар бірдей кофакторларды 
қажет етуі мүмкін, бірақ құрылысы бірдей болмай, ұқсас болуы мүмкін.
Мұндай ақуыздар изоферменттер деп аталады да, оларды электрофорез 
арқылы бөліп алуға болады. Агрегационды химераларды тек екі ғана 
эмбрионнан емес, бірнеше оқшауланып алынған бластомерлер арқылы
немесе эмбриондардың белгілі бір бөліктерін құрамдастырып алуға 
болады. Химералы эмбриондардың массасы қалыпты эмбрионның 
массасындай және эмбрионалды реттелу механизміне бағынады. Осы 
әдістің артықшылығы – микрохирургиялық құрылғыларды қажет 
етпеуінде, сол себепті ол эмбриогенетикада кеңінен қолданылады.
2. Инъекциялық әдісті 1968 жылы Р.Гарднер деген ғалым ойлап тапты. Бұл 
жерде 
бластоциста 
сатысындағы 
эмбриондар 
қолданылады. 


47
Бластоцистаны микроманипуляторға қатайтып, донор бластоцистасының
жасушаішілік 
массасын 
микроманипулятор 
арқылы 
реципиент 
эмбрионның бластоцеліне енгізеді. Осы әдіспен алғашқы даму 
сатыларындағы эмбриондардың жасушаішілік массасын ғана емес, 
сонымен қатар көбірек дифференциацияланған жасушаларды да енгізуге 
болады.
Инъекциялық әдіс түраралық химераларды алуда қолданысқа ие болды. 
Алғашқы химералы тышқандар әдетте шағылыспайтын, бірақ түрлері 
жақын тышқанның екі түрі: M.muskulus және M.caroli-ден алынды. 
Инъекциялық әдіспен алынған химералар реципиент ретінде қай 
тышқанның бластоцистасы қолданылды, сол тышқанның жатырына 
енгізілген кезде ғана қалыпты түрде дамитынын айта кету қажет. 
Мысалы, M.muskulus бластоцистасына M.caroli эмбрионының 
жасушаішілік массасын енгіздік делік. Алынған химералар M.muskulus 
жатырына енгізілген кезде, ойдағыдай дамиды да, ал M.caroli ағзасына 
енгізілген кезде екі аптадан соң тіршілігін жояды. 
Тышқан мен егеуқұйрық арасынан алынған түраралық химералар 70-ші 
жылдары ғанат алынды. Алғашқы химералық жануарды 1973 жылы ғана 
Р.Гарднер мен М.Джонсон алды. Осы тәжірибенің сәтті өтуі 80-ші жылдары 
ауыл шаруашылық малдарының химераларын алуға мүмкіндік берді. 
Агрегациялық әдіс ірі қара малдың химераларын алу мақсатында қолданыла 
алатыны анықталды. Мысалы, Bos indicus және Bos Taurus бұзауларының 
химераларын тек агрегациялық әдіспен алды.
1984 жылы қой және ешкі арасынан түраралық химералар алынды. Және 
бұл оқиға Англия және ГФР-да бір уақытта дерлік алынды. Осы әдістердің 
екеуі де қолданылған еді. Жыныстық жолмен қойлар мен ешкілер шағылыса 
алмайды, 
өйткені 
оларда 
хромосомалық 
жиынтықтарында 
ацйырмашылықтары бар: ешкіде – 2n=60, қойда – 2n =54. Германияның 
Федеративтік республикасында 1985 жылы Швиц және Голштин-Фриз 
тұқымдарының 32-жасушалық эмбриондарының бөліктерін агрегациялау 
арқылы химералы бұзау алынды. Фенотипі бойынша химералардың 
түстерінің құрамында екі тұқымға да тән түстер болды.
Химералық 
жануарлар 
ұрпақтарына 
генетикалық 
теңбілдігін 
қалдырмайды. Оларда гетерозиготаларда сияқты ажырау жүреді, сондықтан 
құнды генетикалық қасиеғттер бұзылады. Бірақ, 1 ұрпақ ішінде шаруашылық 
үшін құнды қасиеттерді қолдап отырса болады. Сондықтан малдың ет және 
сүт беру өнімділігін біріктіріп отыруға да болады.
Химерлылық өсімдіктерде де болады, алайда, олардың мұндай қасиетін 
фенотип бойынша көру қиынға соғады. Өсімдіктердегі химералылық 
жсырын түрде өтсе де, пластидтердегі мутациялар оларды көзбен көруге 
мүмкіндік береді. Көбінесе, күтілмеген химералылық гетерозиготалы 
өсімдіктерде кездеседі. Көзбен көруге болатын мутацияларға жапырақтың 
ала, немесе түрлі түсті аймақтардың болуы сияқты қасиеттер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет