Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия



Pdf көрінісі
бет43/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

Космидалар – ДНҚ молекуласының фагтық бөлшекке енгізіліп
қапталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатын λ фагы геномының
аймағы енгізілген плазмидалық векторлар. Бұл фагтық бөлшектер гибридті 
ДНҚ-ның сәтті енгізілуін қамтамасыз етеді (инъекция арқылы), содан кейін 


84
ДНҚ молекуласы жабысқақ ұштар арқылы сақинаға тұйықталып, плазмида 
типіндегідей репликацияланады.
Фазмидалар да фаг пен плазмидалардың гибриді болып табылады.
Бөтен ДНҚ-на енгеннен кейін белгілі бір жағдайда фаг түрінде, енді бір 
жағдайда плазмидалар сияқты дами алады. 
Вироидтар 
Танымал инфекциялық агенттердің ішінде «қызықты» агенттер 
қатарына жатады. Репликацияға қабілетті ең кішкентай вирустардың геном 
мөлшерінің молекулалық массасы 1М, яғни 1500 мың жұп негіз екені белгілі. 
Бұл вирусқа тән өнімдерді кодта үшін және қожайын жасуша метаболизмін 
тежеуге жеткілікті генетикалық ақпараттың минималды өлшемі деп саналып 
келді. Алайда, 1971 жылы 1 жіпшелі, ковалентті байланыс түзіп сақиналы 
РНҚ-ға тұйықталған және небары 270-300 жұп нуклеотидтен құралатын 
(яғни ең кішкентай вирустардан 3000 есе кіші және ақуыздық қабыққа 
қапталмаған) инфекциялық агенттер табылды. Бұлар – танымал агенттермен 
салыстырғанда өте кішкентай, өте қарапайым ерекше патогендер. 
Қазіргі кеге дейін вироидтардың ауруға шалдыққан өсімдіктерде 
симптомдардың қайдан және қалай пайда болатыны толығымен анықталған 
жоқ. 
Олардың 
қожайын 
жасушасының 
ферменттері 
көмегімен 
репликацияланатыны, белгілі бір түрге тән полипептидтерге дейін 
трансляцияланбайтыны 
және 
қожайын 
жасуша 
геномына 
интеграцияланатыны ғана белгілі.
Вироидтар ауруды персистентті түрде (яғни, ағза аурудан жазыла 
алмайды) жұқтырады. Оған қоса, олар жүйелік инфекция шақырады, яғни 
енгізілу сайтынан( енгізілген жерінен) өсімдіктің басқа бөліктеріне көшеді, 
яғни, механикалық жолмен, жасуша шырыны, тұқым және тозаң арқылы 
орын ауыстырады. Сонымен қатар, вироидтар өсімдіктердің ядролық 
фракцияларымен байланысты және ядрода көбейе алады. 
Вироидтармен жұмыс жасаған кезде РНҚ-ның копиясы болып келетін 1 
жіпшелі ДНҚ алынып, 2 жіпшелі ДНҚ алу мақсатында оған комплементарлы 
жіпшені синтездейді. Мұндай 2 жіпшелі ДНҚ плазмидаға еніп, клондау 
мақсатында 
E.coli 
жасушасына 
беріледі. 
Геннің 
оқылуы 
ДНҚ 
транскрипциясына жауапты РНҚ-полимераза тани алатын промтордан 
басталады. Әдетте ондай фрагмент 41-44 жұп нуклеотидтен тұратын ДНҚ 
тізбегі. Ген сол жақтан оң жаққа қарай, яғни 5’ соңынан 3’ соңына қарай 
оқылып, геннің терминациялық аймағында оқылып бітеді. Промотордан 
кейін транскрипцияның басталуы болатын аймақ, одан кейін геннің 
мағыналы бөлігі оқылады. Геннің промоторлық аймағы бактериялық немесе 
жоғарғы сатыдағы ағзалар гендеріне тән белгілі бір қысқа нуклеотидтер 
жұбынан тұрады. Мұндай жұптар РНҚ-полимераза үшін белгі(сигнал) 
қызметін атқарады. РНҚ-полимераза промоторлық аймақтармен байланысып, 
генді оқып бастайды.
Бір және екі жіпшелі ДНҚ механикалық жолмен инокуляцияланған 
темекі өсімдіктерінде вироидтың репликация инициациясын(басталуын) 
жүргізуге қабілетті болып келеді. Дәл осылай, энзимдік жолмен өсімдіктер 


85
үшін аса қауіпті вироидтардың РНҚ-сы in vitro құрастырылған. Векторлық 
жүйелер РНҚ өзінің негізінде, вироидтық ДНҚ негізінде және вироидтық 
ДНҚ мен Ti-плазмидалар комбинациясының негізінде жасақтала алады. 
Вироидтар өз қожайындарына, олардың өмірлік сатысының кез келген 
уақытында, ауру жұқтыра алады, сондықтан вироидтық векторларды 
қолданған кезде өсімдікте бөтен геннің экспрессиясын барлық уақытта 
күтуге болады. 
Агробактериялар плазмидалары 
Векторлар ретінде бактериялардың ісік тудырушы плазмидалары 
қолданыла алады. Agrobacterium түрінің бактериялары эволюциялық 
тұрғыдан Rhizobium тұқымдасына жататын түйнек бактерияларына ұқсас 
болып 
келеді. 
Бірақ 
өсімдіктермен 
әрекеттесуінде 
біршама 
айырмашылықтары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет