Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия


 Жасуша культурасы және адгезия



Pdf көрінісі
бет18/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

2.1.5 Жасуша культурасы және адгезия. 
 
Жасушааралық бірін-бірі тануында және жасушалық адгезияда жасуша 
мембранасының гликопротеидтері басты рольді ойнайды. 
Жасуша бетінің басты гликопротеиді фибронектин болып табылады. 
Осы ақуыздың басқа да атаулары болады, олар: 

CIG (cold insoluble globulin) – салқында ерімейтін глобулин, 

CSP (Cell surface protein – жасуша бетінің ақуызы), 

A2-SB (surface binding protein – беттік байланыстырушы протеин 

LETS (large, external, transformation-sensitive – үлкен, сыптқы, 
трансформацияға сезімтал ақуыз). 
Фибронектиннің молекулалық массасы 220 000, бірақ дисульфидті 
байланыс арқылы байланыстқан димер түрінде және одан да жоғары 
олигомерлер түрінде бола алады.
13 сурет. Фибронектин димерінің құрылысы. 
Әр санға сәйкес байланысу аймақтары көрсетілген, соның ішінде: 
1 – коллагенмен 
2 – жасушамен 
3 – гепаринмен 


35
Осы ақуыз қалыпты жасушалардың бетінде кездеседі. 
Фибронектин митоздағы жасушалардың бетінде болмайды, ал қалыпты 
жасушалар моноқабат түзген кезде оның саны күрт жоғарылайды немесе 
сарысу концентрациясы төмен болып, жасуша пролиферациясы тоқтаған 
кезде фибронектин саны өседі. 
Трансформацияланған жасушаларға фибронектинді қосқан кезде
жасушалар фенотипі жартылай қалпына келеді және осы құбылыс 
жасушалардың бір-біріне және субстратқа адгезиялануының күшеюінен 
көрінеді. 
Бұл фибронектиннің жасушалардың бекуі мен ыдыс бетіне жайылуын 
жеңілдететін сарысудың факторы болып табылатындығымен түсіндіріледі.
Фибронектинді интегралды мембраналық ақуыздар қатарына жатқыза 
алмаймыз, өйткені оны 1М несепнәрді (мочевина) және төмен 
концентрациялы трипсинді қоса отырып, жасуша бетінен толығымен жоюға 
болады. 
Фибронектин молекулалары едәуір майысқыш және олардың құрамына 
бірнеше бір-бірімен байланысқан домендер кіреді. Жасушаның бетінде 
фибронектин мембрана арқылы цитоқаңқаның элементтерімен байланысқан, 
салыстырмалы түрде қозғалмайтын фибриллярлы тор құрады. 
Жасушааралық адгезия үш саты арқылы жүзеге асады: 
1) Энергияны қажет етпейтін жасушалардың өзара жақындасуы; 
2) Екі минуттан соң, 37˚С температурада 0,01%-дық трипсинмен 
үзілетін байланыс пайда болады. Бұл байланыс жасуша мен 
субстрат арасында емес, тек жасушалар арасында ғана пайда 
болады. 
3) 8 минуттан соң 37˚С температурада осы байланыстар қатайып
мықты байланыстарға айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет