ПРОГРЕСС – ОНЛАЙН ДАЙЫНДЫҚ ПОРТАЛЫ ҰСЫНАДЫ!
https://vk.com/progress_ent
- басқада мәліметтер таба аласыз!
ҰБТ-ға дайындау бойынша – Үздік Топ!
87476969810 (Шпаргалка, Тест кітапша керек болса)
68
Театрдағы көрермен мәселесі төңірегінде Астана қалалық «Жастар»
театрының әдеби қызметкері Назерке Жұмабайды әңгімеге тартқан едік.
− Қазір театрға балалар өз еріктерімен келеді дей алмаймын. Әрдайым
ұйымдастырумен жинаймыз. Әсіресе, қуыршақ театрларына
қазақ балаларының
қызыққанын көрмеппін.
ІІ. Баланың таным-түйсігін кеңейтуде қуыршақ театрларының алар орны
үлкен. Бізде де, өзге елдерде де балабақша жасынан бастап, бүлдіршіндерге
қуыршақтармен көрініс қою бағдарламаға енгізіледі.
Аты солай аталып тұрған соң,
бұл театрларда тек қуыршақтармен жұмыс жасайды деп ойлайтындар бар. Олай
емес. Бұл өнер ошақтары балалардың санасына отбасына деген сүйіспеншілікті,
еліне, жеріне патриоттық сезімді қалыптастыратын қойылымдарды да сахналайды.
Бірақ осы қуыршақтар әлеміне қазақ балаларының көптеп ағылып жатқанын
байқай алмадық. Мысалы, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының 200
адамдық орны бар. Қойылымдары екі тілде де қойылады. Орысша
қойылымдарында залдың кем дегенде жартысы толып отырады. Ең қызығы,
алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары
кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан
билеттерді алуға
тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген
түсінік қалыптасқан.
ІІІ. Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб Әмірліктерінен
Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек қазақ баланы сөзге
тарттым. «Ал, арабтардың әмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол
кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар
айтқаны – ана
шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар,
дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды
атап едім, «бармадық» деп басын
шайқады. «Сонда бұл халық туралы не біліп қайттың?» деп сұрадым. Тағы да
мардымды жауап бере алмады. Сонда бір елге барып тұрып, мәдениеті мен
тарихымен танысуға қызықпағандары қалай? Тіпті, тілін түсінбейтін болсаң да,
шетелдің
театрына бас сұғып қайтсаң, көп жайды аңғарып қайтуға болады.
Мәселен, Сеулде фольклорлық «Nanta» атты театр бар. Билетінің бағасы біздің
театрлардан он есе қымбат тұрады. Алматыдағы балалар спектакльдерінің билет
құны – 400-600 теңге, Астананың Жастар театрында балалар билеті – 300 теңге. Ал
«Nanta» билеті шамамен 5000 теңге көлемінде. Соның өзінде, екі барғанымда да
үлкен залда бос орын болмады. Атауы «ретсіз дыбыстар» деген
мағынаны беретін
бұл театрға кәрістер үш жасар баласын да ертіп келеді. Ал бізде актер болуды
армандайтын кей бала театр көрмей өседі…
IY. Шыны сол, қазақтар бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін
қоса бермейді. Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, ұл-қыздарын анда-санда болса
да, театрға ертіп баруды ойластырмайды. Қажет көрмейтіндері де бар.
ПРОГРЕСС – ОНЛАЙН ДАЙЫНДЫҚ ПОРТАЛЫ ҰСЫНАДЫ!
https://vk.com/progress_ent
- басқада мәліметтер таба аласыз!
ҰБТ-ға дайындау бойынша – Үздік Топ!
87476969810 (Шпаргалка, Тест кітапша керек болса)
Достарыңызбен бөлісу: