Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет27/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

Тапсырмалар
1. Метеорологиялық бақылаулар арқылы орман мен ашық даладағы ауа температурасының ауытқулары байқалған (кесте 1.8). Әрбір сүрекдің үшін ауаның орташа температурасының ауытқуын талдаңыз және жазда қай сүрекдіңнің желек астында ең төмен температура, ал қыста ең жоғары температура болады?
2. Жылу сүйгіштікті бағалаудың қарапайым, әрі оңай тәсілі бар: ол вегетацияның басталуы мен аяқталу мерзімі. 1.9-кестені пайдалана отырып, фенологиялық бақылау деректері бойынша жылуды өте жақсы көретін ағаш түрлерінен бастай отырып, қатар құраңыз.


Кесте 1.8 - Ашық даламен салыстырғанда сүрекдіңдердегі ауа температурасының ауытқуы, °С

Жыл айлары

Сүрекдің

Жыл айлары

Сүрекдің

қарағай

шырша

шамшат

қарағай

шырша

шамшат

І

+0,10

+0,30

+0,30

VІІ

-0,15

-0,30

-0,50

ІІ



+0,10

+0,10

VІІІ

-0,15

-0,20

-0,40

ІІІ



-0,10

-0,10

ІX

-0,10

-0,20

-0,30

ІV



-0,30

-0,30

X







V

-0,10

-0,20

-0,20





+0,10





-0,15





XІІ

+0,10

+0,20

+0,10



Кесте 1.9 - Орманды құраушы негізгі ағаш түрлерінің фенофазаларының басталу мерзімдері

Ағаш түрлері



Айы, күні

Бүршіктердің ісінуі

Жапырақтардың шығуы

Жапырақтардың жерге түсуі

Қотыр қайың

01.04

27.04

01.09

Кәдімгі емен

02.05

11.05

17.09

Сібір балқарағайы

23.04

28.04

14.09

Кәдімгі қарағайы

25.04

08.05

07.09

Кәдімгі мойыл

24.04

02.05

27.08

Үшкір жапырақты үйеңкі

25.04

02.05

02.09

Ұсақ жапырақты жөке

26.04

05.05

03.09

Көктерек

24.04

01.05

06.09

Кәдімгі шегіршін

05.05

09.05

01.09

1.7 ОРМАН ЖӘНЕ ЫЛҒАЛ



1.7.1 Өсiмдiктер тiршiлiгiндегi ылғалдың маңызы. Су – маңызды экологиялық факторлардың және өсiмдiктердiң қоректену көздерiнiң бiрi. Ол жасушалар мен ұлпалар протоплазмасының негізгі бөлігін құрайды.
Өсiмдiктердегi судың қажеттiлiгі және оның мөлшерi тұрақты болмайды, кез келген өсiмдiктердiң өсу және даму кезеңiне, климат және топырақ жағдайларына байланысты өзгерiп отырады. Өсу мен дамудың әр кезеңiнде өте қиын уақыт болады, бұл уақытта судың жеткiліксiздiгi өсiмдiктер тiршiлiгіне терiс әсер тигізедi.
Атмосфералық құрғақшылық, әсiресе, жазғы жоғары температура кезiнде, ал топырақ құрғақшылығы – өсiмдiктерге қажетті топырақ ылғалының көлемi азайғанда орын алады.
Ылғалдың жеткiліксiздiгi, оның ауадағы және топырақтағы қорының ауытқып отыруы өсiмдiктер санын және жер шарында таралуын шектейдi, тұқымдар дәрежесi мен сапасының, алқа ағаштар өсiмi мен өнiмдiлiгiнiң төмендеуiне әкелiп соғады.
1.7.2 Ағаш түрлерінің ылғалға қатынасы. Г.Ф.Морозов ең алғаш рет ағаш түрлерінің ылғалға талабын және оған қажеттiгiн бөліп қарауды ұсынды. Ылғалды талап ету – бұл ағаш түрлерінің ортаның ылғал жағдайына қатынасы мен әр түрлi жағдайларда қажеттi ылғал мөлшерiн өзiне сiңiру қабiлетi. Қажеттiлік – өсiмдiктердiң қалыпты тiршiлiгi үшiн керек ылғал мөлшерi. Мысалы, қарағай, шырша және майқарағай үшiн ылғалдың қажеттiлiгi шамамен бiрдей, бiрақ олардың ылғалды талап етуі бiр-бiрiнен ерекшеленедi.
М.К. Турский ағаш түрлерін ылғалды талап етуі бойынша былай жіктеген: қандыағаш, шаған, үйеңкi, шамшат, шегiршiн, жөке, емен, көктерек, майқарағай, балқарағай, қайың, қарағай.
П.С. Погребняк осы белгi бойынша ағаш түрлерін алты топқа бөлдi:
1) ультраксерофиттер – сексеуiл, арша, емен және т.б.;
2) ксерофиттер – қырым, кәдiмгi және Банкс қарағайлары, жиде, шырғанақ, шегiршiн және т.б.;
3) ксеромезофиттер – кәдімгі емен, үшкір жапырақты үйеңкi, қарағаш,
қармала және т.б.;
4) мезофиттер – жөке, шамшат, шаған, қотыр қайың, балқарағай, көктерек, самырсын, майқарағай және т.б.;
5) мезогигрофиттер – қаратерек, талдар, үлпек қайың, сұр қандыағаш және т.б;
6) гигрофиттер – шаған, сұр тал, қара қандыағаш және т.б.
Суық және ылғалды орындарда өсетін өсiмдiктердi психрофиттер, ал суық құрғақ жерлерде өсетіндер – криофиттер деп аталады. Кейде, ерекше экологиялық өсiмдiк топтарын – тропофиттер деп атайды, олар ылғалды және құрғақ маусымдар қайталанып отыратын аймақтарда өседi. Бұл ағаштар мен бұталар қолайсыз ауа райы кездерінде жапырақтарын түсiрiп тастайды. Жазғы құрғақшылық уақытында жапырақтарын түсіретiн тропофиттерді қыс кезiндегi жасыл өсiмдiктер – баобабтар деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет