Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


БАҚЫЛАУ АУДАНДАРЫНДА ЖИНАЛҒАН



бет78/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

3.5 БАҚЫЛАУ АУДАНДАРЫНДА ЖИНАЛҒАН
МАТЕРИАЛДАРДЫ ӨҢДЕУ

Ағаштардың жеке-дара санақ ведомостерi негiзiнде ағаш түрлері және жуандық сатылары бойынша санақ ведомосы толтырады (кесте 3.8) және негiзгi таксациялық белгiлерi: орташа диаметр, орташа биiктiк, бонитет класы, абсолюттiк (көлденең қима аудандарының жиынтығы) және салыстырмалы толымдылық, қоры, құрамы, 1 га-дағы дiңдер саны және сүрекдiңнiң (сатының) жасы анықталады.


Алдымен, ағаш түрінің, сүрекдiңнiң, сатының (қабаттың) көлденең қима аудандарының жиынтығы, содан соң дiңнің көлденең қимасының орташа ауданы анықталады, осы арқылы шеңберлер ауданының кестелерi бойынша орташа диаметрi немесе формула бойынша анықталады:


Допт = 2√ g / π

Бонитетке бөлу шкаласы бойынша бонитет класын сүрекдiңнiң биiктiгi мен жасы арқылы немесе өсу барысының кестелерi бойынша анықтайды.


Түр сандарын мына формулалар бойынша табады:


fc =0,440 + 1.13 ⁄ H; fД =0,432 + 0.921 ⁄ H × t;
fE =0,425 + 1.341 ⁄ H; fБ =0,397 + 1.029 ⁄ H.


Кесте 3.8 - Ағаштардың санақ ведомосы



жуандық сатылары, см

Ағаштардың саны, дана

Дiңнің көлдеең қима ауданы, м2

Жуандық сатысыдағы көлденең қима аудандарының жиынтығы, ∑G, м2

Жуандық сатылардың биiктiгi, (H), м

Жуандық сатысындағы түр саны, (f)

Жуандық сатысындағы қоры, (M) , м3






















Толымдылығы зерттелiп отырған ағаш түрінің көлденең қима аудандар жиынтығын стандартты кестелерде көрсетiлген көлденең қима аудандарының жиынтығына немесе қалыпты сүрекдiң үшiн өсу барысы кестелерiндегi осы ағаш түрінің көлденең қима аудандар жиынтығына қатынасы ретiнде анықталады. Ағаш түрлері бойынша толымдылық жиынтығы сүрекдiң (саты) толымдылығын бередi.


Жуандық сатысының қоры M = ∑GHf формуласымен, ал бақылау ауданындағы ағаш түрінің қоры сатылар қорының жиынтығы ретiнде шығарылады.
Сатылар (қабаттар) бойынша сүрекдiң құрамын сүрекдiңнiң жалпы қорындағы (сатыдағы) ағаш түрінің қатысу үлесiмен анықтайды. Сүрекдiң белгiлерiнiң алынған көрсеткiштерiн 3.9-кестеге түсiредi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет