Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Орманды күтiп-баптаудың химиялық тәсiлдерi



бет67/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

Орманды күтiп-баптаудың химиялық тәсiлдерi. Күтiп-баптаудың мақсаты – арборицидтер мен гербицидтердi пайдаланып, қажетсіз ағаш түрлерімен күресу.
2.4.6 Күтiп-баптау кесу әдiстерi. Күтiп-баптау кесулерiнiң әдiсi – ағаштардың желегімен күн қуатын барынша пайдалану және жоғары өнiмдi сүрекдiңдердi қалыптастыру мақсатында ағаштарды түбiрiнде қалдырудың немесе кесіп тастаудың теориялық негiздемесi.
Орман шаруашылығы тәжiрибесiнде орманды күтiп-баптаудың мына әдiстерi кең тараған: жоғарғы және төменгі кесулер, құрама кесулер, белсендi кесулер.
Төменгі кесу әдiсi арқылы табиғи сиреудiң процесін реттеуге мүмкiндiк бередi. Мұнда орманның төменгi бөлiгiнде өсуi бәсеңдеген немесе нашарлаған ағаштар кесіліп тасталады. Желектері – көлденең түйіскен бiр сатылы (қабатты) алқа ағаштар қалыптасады, қоректену ауданы есебiнен кесілмей қалдырылған ағаштардың өсуi және алқа ағаштың санитарлық жағдайы жақсарады. Бұл әдiс таза қылқанды алқа ағаштарды күтiп-баптау кезiнде пайда болды.
Жоғарғы кесу әдiсi – аралас алқа ағаштардағы екiншi дәрежелі немесе серіктес ағаш түрлерінен басты ағаш түрінің басылу жағдайында болғанда қолданылады. Бұл әдiстiң биологиялық мәнi табиғи сұрыптауды белсендi реттеу.
Құрама күтiп-баптау кесу әдiсi төменгі және жоғарғы кесу принциптерін бiрiктiреді. Бұл әдiстiң ерекшелiгi – барлық ағаштарға жақсы жарық түсетіндей етiп орман шымылдығының сатылы түйісуіне ұмтылу болып табылады.
Күтiп-баптау кесулерiнiң белсендi әдiсi – жоғарыда аталған екi әдiс принциптерін бiрiктiре отырып, түйіскен биологиялық топтар шегiндегі орман шымылдығының барлық бөлiгiнен тәуiр ағаштарды таңдап алып, қажетсіздерін кесіп тастаумен ерекшеленедi.
Күтiп-баптау кесулерінің шоқ орманды әдiсi – басты ағаш түрін алаңшалар түрінде құрылған орман екпелерінде топтап орналастыру кезiнде немесе өскiн сақталған топтардан қалыптасқан табиғи балауса ормандарды (қарағайды, шыршаны және емендi) күтiп-баптауда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет