Д. Серікбаев атындағы ШҚмту вкгту им. Д



Дата16.06.2016
өлшемі187 Kb.
#138785



Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 Н ШҚМТУ 701.01

Сапа менеджменті жүйесі

Силлабус

Электр аппараттар


бет




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ВКГТУ им.Д.Серикбаева

БЕКІТЕМІН

АТжЭФ деканы

_____________Ғ.Мұхамедиев

«___» ______________ 2015ж.
ЭЛЕКТР АППАРАТТАР

Силлабус
ЭЛЕКТРИЧЕСКИЕ АППАРАТЫ

Силлабус

Мамандық: 5В071800 «Электэнергетика»

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 2


Семестр: 4

Кредит саны: 2

Сағат саны:

Дәрістер: 15

Іс-тәжірибелік сабақтар: 15

Тәжірибелік сабақтар: -

СОӨЖ: 30

СӨЖ: 30


Курстық жоба (жұмыс): -

Емтихан: 4 семестр


Өскемен


Усть-Каменогорск

2015


Силлабус «Өндірістік энергетика» кафедрасында, 5В071800 «Электрэнергетика» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 23.08.12ж №1080 стандартына сәйкес және ТОБ негізінде әзірленген.

Бағдарлама ӨЭ кафедрасының отырысында талқыланды.

Өндірістік энергетика кафедрасының меңгерушісі Т.Сегеда

№ ___ хаттама 2015ж.


Ақпараттық технологиялар және энергетика факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданған.


Төрағасы Т. Абдрахманова


№___ хаттама 2015ж.


Дайындаған

аға оқутышы: А.А.Сарсенова

Норма бақылаушы Т.Тютюнькова

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ ОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ


«_Өндірістік энергетика» кафедрасы, _Ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті (_Г-1-313_дәрісх.)

Пән жүргізетін оқытушы: Сарсенова Айжан Аскербекқызы, аға оқутышы

Жұмыс телефоны: 540-429

Дәрісханалық сағатқа және консультацияға арналған уақыт: сабақ кестесі мен оқытушының жұмыс кестесі бойынша.

1 ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
1.1 Оқылатын пәннің сипаттамасы
Электр аппараттар барлық электр жабдықтау және энергия сақтау салаларына терең енген негізгі пәндердің бірі, сондықтан осы облыстағы студенттердің білімі өзінің практикалық әрекетінде электр аппараттардың тиімді қолдануына мүмкіндік береді. Энергетиктерді кәсіптік дайындауда бұл курс сондай-ақ маңызды дүниетанымдық роль атқарады. Алған білімдері студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуі және ынталандыруы, алдағы мамандықтың пәндерін оқуына дайындық береді.

Студенттер бұл пән біліміне негізделе отырып электр аппараттарды таңдауға, есептеуге және жобалауға әрекеттенеді. Электр аппараттар курсына қатысты пәнді сапалы біліп шығуға мүмкіндік алады.



1.2 Пәнді меңгеру мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқыту мақсаты – кәсіптік білім берумен қоса мамандардың комплекстік дайындығын қамтамасыз ету, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, мамандық қиындықтарын жоғары ғылыми дәрежеде шешу және қалыптастыра білу, өз білімдерін өз бетінше жоғарулату және шығармашылықта қолдану. Бұл мақсаттар шығармашылықтың белсенділіктің жоғрылауы және студенттердің өзіндік жұмысы, есептік техникалардың кең қолданысы негізінде орындалады.

Берілген пәнді оқыту міндеттері – электр аппараттардың, электрмеханикалық, электрлік және физикалық сипатын оқыту, электр аппараттардың құрылысын оқыту, аппараттардың жүктеме кезіндегі жұмыс тәртібін, апаттық жағдайда электрлік және электромеханикалық ұлғаюды реттеуді оқыту болып табылады.



1.3 Пәнді меңгеру нәтижелері
Пәнді оқып меңгергеннен кейін студенттер алдағы мамандығына қатысты білім деңгейін алуы, практикалық қызметіне икемделуі және әреккеттенуі қажет.

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттің білуі шарт:



    • электр аппараттардың тағандайылуын;

    • аппараттардың таңдау шарттарын;

    • аппараттардың негізгі шығарылатын серияларын;

    • доға өшіру камераларының құрылымын;

    • электраппаратардағы доға өшіру әдістерін.

Жасай алуы шарт:

  • керекті аппараттардың серияларын таңдау;

  • керекті аппаратардың құрылымын таңдау;

  • аппараттарды орнату үшін таңдау есептерін орындау.

Әдеттенуі шарт:

  • аппараттарды таңдауды;

  • есептерді орындауды;

  • аппараттарда қызмет көрсету;

  • жұмыс режимдерде зерттеу жұмыстарын жүргізу.



1.4 Пререквизиттер
Пәннің қолданған материалдары төмендегі курстарда алған білім негізінде жинақталады:

    • математика 1,2;

    • физика;

    • электротехниканың теориялық негіздері 1.



1.5 Постреквизиттер
Курсты білу 5В0718 «Электроэнергетика» мамандығында қызмет ету және төмендегі пәндерді оқу үшін қажет:

    • электр машиналары;

    • электрмеханика және электромеханикалық құрылғылар;

    • релелік қорғау және автоматика;

    • электр энергетика.

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


2.1 Тақырыптық жоспар


Тақырыптың атауы, оның мазмұны

Еңбек сыйымдылығы, сағаты

Ұсынылған әдебиеттер

1

2

3

Дәрістік сабақтар

1 Тақырып. Электржабдықтау жүйелеріндегі электрлік аппараттардың атқаратын ролі. Электр аппараттардың түрлері және тағайындалуы. Электр аппараттардың классификациясы. Электр аппараттарға қойылатын негізгі шарттар. Аппараттар құрылысында пайдаланатын негізгі материалдар

1

1,2,3

2 Тақырып. Электр аппараттардағы электрдинамикалық күштемелер. Электрдинамикалық күштемелерді Био-Савар заңы негізінде және контурдың электромагниттік энергия қорының өзгеруі негізінде есептеу. Аппараттың катушкасындағы және орамдарындағы электрдинамикалық күштемені есептеу. Тоғы бар өткізгіш пен ферромагнитті масса арасындағы электрдинамикалық күштеме. Айнымалы қималы өткізгіштердегі электрдинамикалық күштеме

1

1,2,3

3 Тақырып. Электр аппараттардың жылулық есептеулері. Жылулық есептеу негіздері. Өткізгіштердегі шығындар. Қызған дененің жылу беруі. Жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену. Тағайындалған режимдегі жылу беру

1

1,2,3

4 Тақырып. Аппаратардың өтпелі режимдегі жұмысы. Аппараттардың ұзақ жұмыс режиміндегі қызуы және салқындауы. Қысқа жұмыс режиміндегі аппараттардың қызуы және салқындауы. Аппараттардың қайталанбалы-қысқа жұмыс режиміндегі аппараттардың қызуы және салқындауы

1

1,2,3

5 Тақырып. Электр аппараттардың термиялық тұрақтылығы. Қысқа тұйықталу кезіндегі аппараттың қызуы. Аппараттардың термиялық тұрақтылығы. Аппараттар мен өткізгіштердің қызуы кезіндегі шектеулі рұқсат етілген температурасы. Тағайындалған температура жоғарылауы мен аппарат қызған кездегі уақыт тұрақтысының артуын анықтау әдісі.

1

1,2,3

6 Тақырып. Электр түйіспелер. Негізгі ұғымдар. Терминология. Түйіспелердің өтпелі кедергісі. Түйіспе ауданының температурасы. Өтпелі кедергінің түйіспе беттерінің күйіне тәуелділігі.

1

1,2,3

7 Тақырып. Түйіспелердің жұмыс режимі. Электр тізбегін қосып-өшірген кездегі түйіспелердің жұмыс режимдері. Түйіспелердің қосылған қалыпта номиналды және қысқа тұйықталу режимінде жұмыс істеуі.

1

1,2,3

1

2

3

8 Тақырып. Электр доғасының жануы және сөнуінің теориясы. Доға аралығында ионизация әсерінен пайда болатын процесстер. Термоэлектрондық және автоэлектрондық эмиссиялар. Соғу және термоионизация. Доға аралығында ионсыздану әсерінен пайда болатын процесстер. Зарядталған бөлшектердің рекомбинациясы және диффузиясы. Электр доғасының вольтамперлік сипаттамасы (ВАС). Статикалық және динамикалық ВАС. Айнымалы және тұрақты токтың доғаның сөндіру шарты

1

1,2,3

9 Тақырып. Электр доғасының сөндіру тәсілдері. Магниттік үрлеу. Жоғарғы қысыммен доғаны сөндіру. Айнымалы және тұрақты токта доға сөндіретін тор қолдану

1

1,2,3

10 Тақырып. Электрмагниттік механизмдер. Электромагниттің тартылу күші. Максвелл формуласы. Айнымалы токтың электромагниті. Айнымалы ток аппараттарындағы шу мен вибрацияға қарсы қысқа тұйықталған орам қолданылады. Электромагнит жұмысының тежелу және үдеу жұмысы

1

1,2,3

11 Тақырып. Түйістіргіштер. Түйістіргіштердің құрылымы және тағандайылуы. Түйістіргіштердің техникалық мәлметтері. Магнитті іске қосқыштар. Құрылымы, сериялары, орындалуы, маркировкасы. Іске қосқыштардың параметрлері

1

1,2,3

12 Тақырып. Басқару аппараттары. Контроллерлердер және командоаппараттар. Резисторлар және реостаттар. Универсалды қайта қысқыштары, басқару кілтері. Орындалуы, орнату әдістері

1

1,2,3

13 Тақырып. Сақтанғыштар. Сақтандырғыштардың тағайындалуы, құрылысы, түрлері, сериялары. Типтік сұлбалардағы сақтандырғыштардың орындайтын қорғаныстары. Толтырғыш балқитын сақтандырғыштар

1

1,2,3

14 Тақырып. Автоматты ажыратқыштар. Автоматтардың құрылымы, түрлері және ажыратқыштардың тағайындалуы. Автоматтардың техникалық параметрлері. Автоматтардың қорғаныс сипаттамалары

1

1,2,3

15 Тақырып. Айырғыштардың құрылымы, тағайындалуы. Орындалуы, орнату әдістері. Айырғыштарды таңдау және тексеру. Бөлгіштер және қысқа тұйықтағыштар


1

1,2,3

Тәжірибелік сабақтар

1 Тақырып. Зертханамен танысу. Қауіпсіздік техникасы

1

1,2,3

2 Тақырып. Тәжірибелік жұмыс «Электр аппараттардың катушкаларының жылуын зерттеу»

1

1,2,3

3 Тақырып. Тәжірибелік жұмыс «Өтпелі кедергінің контактты басылымнан және контакт материалынан тәуелділігін зерртеу»


1

1,2,3

1

2

3

4 Тақырып. Тәжірибелік жұмыс «Ауа саңылауының магнит өткізгіштігін зерттеу»

2

1,2,3

5 Тақырып. Тәжірибелік жұмыс «Электр аппараттың механикалық сипаттамасын зерттеу»

2

1,2,3

6 Тақырып. Тәжірибелік жұмыс «Тұрақты токтағы электрмагниттің ауырлық сипаттамасын зерттеу»

2

1,2,3

7 Тақырып. Тәжірибелік жұмыс «Басқару аппараттарының конструкциясын зерттеу »

2




8 Тақырып. Тәжірибелік жұмыс «Автоматты ауа ажыратқыштардың конструкциясын зерттеу»

2




9. Тақырып. Тәжірибелік жұмыс « Сақтандырғыштардың конструкциясын зерттеу»

2




Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы

1 Тақырып. 1000В дейінгі балқитын сақтандырғыштарды таңдап есептеу

4

1,2,3,4

2 Тақырып. Автоматтарды есептеу, автоматтардың қорғаныс сипаттамалары

4

1,2,3,4

3 Тақырып. Автоматтармен қорғанатын желілердің сымдарының қимасын есептеу

4

1,2,3,4

4 Тақырып. Түйістіргіштердің, магнитті іске қосқыштарды таңдау

4

4,5

5 Тақырып. 1000В жоғары балқитын сақтандырғыштарды таңдап есептеу

4

4,5

6 Тақырып. Ток және кернеу трансформатрларын таңдау және тексеру

5




7 Тақырып. Майлы ажыратқыштарды таңдау, қысқы тұйықталу токтарына тексеру


5






2.3 Өздік жұмыстың тапсырмалары (СӨЖ)



Тақырып

Тапсырманың мазмұны және мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

Түйіспелі түйіндердің конструкциясы

Негізгі түйіспелердің конструкцияларын білу

1,2,3,4

2 жұма

Ауызша жауап

Семестрдың басынын 2 жұма

Доға өшіру әдістері

Негізгі доға өшіру принциптерімен әдістерін білу

1,2,3,4

2 жұма

Ауызша жауап

4 жұма

Магнитті іске қосқыштардың конструкциясы

Магнитті іске қосқыштардың конструкциясын білу және оларды таңдау шарттары


1,2,3,4

2 жұма

Ауызша жауап

6 жұма

1

2

3

4

5

6

Автоматты ажыратқыштардың конструкциясы

Автоматты ажыратқыштардың конструкциясын білу және оларды таңдау шарттары

1,2,3,4

2 жұма

Ауызша жауап

9 жұма

Балқитын сақтандырғыштардың конструкциясы

Балқитын сақтандырғыштардың конструкциясын білу және оларды таңдау шарттары

1,2,3,4

2 жұма

Ауызша жауап

11 жұма

Қысқа тұйықтағыштың, бөлгіштің конструкциялары

Қысқа тұйықтағыштың, бөлгіштің конструкцияларын білу және оларды таңдау шарттары

1,2,3,4

2 жұма

Ауызша жауап

14 жұма



    1. Пән тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі*




Бақылау түрі

Оқудың академиялық кезеңі, апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысу

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Дәріс конспектісі






















*



















*

Ауызша сұрау




*

*

*

*

*

*







*

*

*

*

*




Коллоквиум










*






















*










Тестілеу






















*



















*

Баяндама жасау

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Эссе






















*



















*

Аралық тестілеу




*

*

*

*

*

*







*

*

*

*

*




Барлығы














































*Ескерту: тапсырма түрлері мен ағымдағы бақылау мезгілділігі берілетін пәннің өзгешелігіне байланысты дайындалады.



  1. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




    1. Оқулықтар

1. Чунихин А.А. Электр аппараттары. – М.: Энергоатомиздат,1988, - 720б.

2. Родштейн Л.А. Электр аппараттары. – Л.: Энергия, 1981, - 304б.

3. Таев И.С. Электр аппаратының теория негізі. М.: - Высшая школа,1987, - 352б.

4.Чунихин А.А., Жаворонков М.А. Жоғары кернеудегі аппараттар, - М.: Энергоатомиздат,1985.-423б.
3.2 Қосымша
1. Электрқондырғыларды орнату тәртібі

2.Станция мен подстанцияның электр бөлігі. Курсовой және диплом жұмыстарына арналған анықтама. Редакторлары: Неклепаева Б.Н., Крючкова И.П.

3. Рожкова Л.Д., Козулин В.С. Станция мен подстанцияның электржабдығы. М.: Энергоиздат, 2001.

4. Коновалов Л.Л., Рожкова Л.Д. Өнеркәсіп өндірісін электрмен жабдықтау. - М.: Энергия, 1972.

5. Электр жабдығын проектілеу жөніндегі анықтама. Редакторлары: Тищенко Н.Ю., Мовсесова Н.С., Барыбина. – М.: Энергоатомиздат, 1990.

4 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ


4.1 Оқытушының қоятын талаптары
Оқытушының қоятын талаптары:

  • студенттер сабақ кестесіндегі дәрістік және іс-тәжірибелік сабақтарға қатысуға міндетті;

  • студенттердің сабаққа қатысуы сабақтың басында тексеріледі. Студент сабаққа кешіккен жағдайда, дәрісханаға ақырын кіріп, жұмысқа кірісуі керек, ал үзіліс кезінде оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу сабақтан бір рет қалумен тең;

  • балл көрсеткіші арқылы есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру керек. Жұмыс уақытылы тапсырылмаса, қойылатын балл төмендейді. Барлық жұмыстарды тапсырмаған студенттерге емтиханға кіруге рұқсат берілмейді;

  • қанағаттанарлық бағасын алған студентке аралық бақылауды қайтадан өтуге рұқсат берілмейді;

  • Рср = (Р1 + Р2)/2 орташа рейтингісі 50%-дан кем болған студенттерге емтиханға кіруге рұқсат берілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондарды ажырату қажет;

  • студент сабаққа іскерлік киім киіп келуі керек.



4.2 Баға критериі
Барлық тапсырмалардың түрлері 100 балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оған дәрістерге, іс-тәжірибелік сабақтарға қатысу мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Білімге ағымдағы бақылау жасау семестрдің 7 және 15 апталарында тест түрінде өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады*:


Аттестаттау кезеңі

Бақылау түрі, меншікті салмақ, %

Лекция

Тәжірибелік жұмыстар

Айызша жауаптар

Реферат

Өзіндік жұмысы

Коллоквиум

Эссе

Ағымдағы тестілеу

Барлығы

Рейтинг 1

10

45

9

4

12

-




20

100

Рейтинг 2

10

45

9

4

12

-




20

100

Әр пәннен өткізілетін емтихан емтихандық сессия кезеңінде тест түрінде жүргізіледі.

Пән бойынша студент білімінің қорытынды бағасын құрайтын көрсеткіштер:

- 40% қорытындысы, емтиханда алған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім көрсеткіші.

Қорытынды баға есебінің формуласы:


, (1)
мұндағы Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтердің бағасына сәйкесінше қойылатын цифрлік эквивалент;

Э – емтиханда алған бағаның цифрлік эквиваленті.


Қорытынды әріп түріндегі баға және балл көрсеткішінің цифрлік эквиваленті:

Әріп жүйесіндегі баға

Балл көрсеткішінің цифрлік эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағаттанарлықсыз

4.3 Қорытынды бақылау жасауға арналған мәліметтер
Қорытынды бақылау жасауға арналған мәліметтер дәрістер курсының сұрақтарынан турады.

1. Электржабдықтау жүйелеріндегі электрлік аппараттардың атқаратын ролі. Электр аппараттардың түрлері және тағайындалуы. Электр аппараттардың классификациясы. Электр аппараттарға қойылатын негізгі шарттар. Аппараттар құрылысында пайдаланатын негізгі материалдар

2. Электр аппараттардағы электрдинамикалық күштемелер. Электрдинамикалық күштемелерді Био-Савар заңы негізінде және контурдың электромагниттік энергия қорының өзгеруі негізінде есептеу. Аппараттың катушкасындағы және орамдарындағы электрдинамикалық күштемені есептеу. Тоғы бар өткізгіш пен ферромагнитті масса арасындағы электрдинамикалық күштеме. Айнымалы қималы өткізгіштердегі электрдинамикалық күштеме

3. Электр аппараттардың жылулық есептеулері. Жылулық есептеу негіздері. Өткізгіштердегі шығындар. Қызған дененің жылу беруі. Жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену. Тағайындалған режимдегі жылу беру

4. Аппаратардың өтпелі режимдегі жұмысы. Аппараттардың ұзақ жұмыс режиміндегі қызуы және салқындауы. Қысқа жұмыс режиміндегі аппараттардың қызуы және салқындауы. Аппараттардың қайталанбалы-қысқа жұмыс режиміндегі аппараттардың қызуы және салқындауы

5. Электр аппараттардың термиялық тұрақтылығы. Қысқа тұйықталу кезіндегі аппараттың қызуы. Аппараттардың термиялық тұрақтылығы. Аппараттар мен өткізгіштердің қызуы кезіндегі шектеулі рұқсат етілген температурасы. Тағайындалған температура жоғарылауы мен аппарат қызған кездегі уақыт тұрақтысының артуын анықтау әдісі.

6. Электр түйіспелер. Негізгі ұғымдар. Терминология. Түйіспелердің өтпелі кедергісі. Түйіспе ауданының температурасы. Өтпелі кедергінің түйіспе беттерінің күйіне тәуелділігі.

7. Түйіспелердің жұмыс режимі. Электр тізбегін қосып-өшірген кездегі түйіспелердің жұмыс режимдері. Түйіспелердің қосылған қалыпта номиналды және қысқа тұйықталу режимінде жұмыс істеуі.

8. Электр доғасының жануы және сөнуінің теориясы. Доға аралығында ионизация әсерінен пайда болатын процесстер. Термоэлектрондық және автоэлектрондық эмиссиялар. Соғу және термоионизация. Доға аралығында ионсыздану әсерінен пайда болатын процесстер. Зарядталған бөлшектердің рекомбинациясы және диффузиясы. Электр доғасының вольтамперлік сипаттамасы (ВАС). Статикалық және динамикалық ВАС. Айнымалы және тұрақты токтың доғаның сөндіру шарты

9. Электр доғасының сөндіру тәсілдері. Магниттік үрлеу. Жоғарғы қысыммен доғаны сөндіру. Айнымалы және тұрақты токта доға сөндіретін тор қолдану

10. Электрмагниттік механизмдер. Электромагниттің тартылу күші. Максвелл формуласы. Айнымалы токтың электромагниті. Айнымалы ток аппараттарындағы шу мен вибрацияға қарсы қысқа тұйықталған орам қолданылады. Электромагнит жұмысының тежелу және үдеу жұмысы

11. Түйістіргіштер. Түйістіргіштердің құрылымы және тағандайылуы. Түйістіргіштердің техникалық мәлметтері. Магнитті іске қосқыштар. Құрылымы, сериялары, орындалуы, маркировкасы. Іске қосқыштардың параметрлері

12. Басқару аппараттары. Контроллерлердер және командоаппараттар. Резисторлар және реостаттар. Универсалды қайта қысқыштары, басқару кілтері. Орындалуы, орнату әдістері

13. Сақтанғыштар. Сақтандырғыштардың тағайындалуы, құрылысы, түрлері, сериялары. Типтік сұлбалардағы сақтандырғыштардың орындайтын қорғаныстары. Толтырғыш балқитын сақтандырғыштар



14. Автоматты ажыратқыштар. Автоматтардың құрылымы, түрлері және ажыратқыштардың тағайындалуы. Автоматтардың техникалық параметрлері. Автоматтардың қорғаныс сипаттамалары

15. Айырғыштардың құрылымы, тағайындалуы. Орындалуы, орнату әдістері. Айырғыштарды таңдау және тексеру. Бөлгіштер және қысқа тұйықтағыштар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет