D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру бағадарламасы тобы бойынша



Pdf көрінісі
бет34/75
Дата06.04.2023
өлшемі1.01 Mb.
#471840
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75
D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру ба адарламасы тобы б

1815- 1860 ж.ж. Англия Англияның ішкі саяси дамуы. 1832 ж. парламеттік 
реформа. 1834 ж. «Кедейлер туралы заң».Чартистік қозғалыстардың алғы шарттары мен 
басталуы. Халық партиясы. Чартизмнің әлеуметтік негізі. Чартистік қозғалыстың 
кезеңдері. Чартистік ұлттық ассоциация. Чартизмдегі ағымдар күресі. Чартистік 
қозғалыстың эволюциясы. Чартизмнің жеңілу себептері, оның тарихи маңызы. ХІХ ғ. 30- 
60 ж. Англияның ішкі және отарлау саясаты. Фри- тред принципінің бекітілуі. Саяси 
партиялар эволюциясы. 1867 ж. парламеттік реформа. 
1848- 1849 ж. Европадағы революциялар. ХІХ ғ. 40- шы жылдарындағы Европа 
елдерінің әлеуметтік- экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктері. Франция, 
Германия, Австрия империясы мен Италиядағы революциялардың себептері мен 
мақсаттары. Революция қарсаңындағы таптық күштердің орналастырылуы.Революция 
барысы, олардың өзара байланысы. Революциядағы таптар мен таптық күштердің ара 
қатынасы. Либералдық және революциялық- демократиялық ағымдар. Революциялардың 
жеңілу себептері. Революциялардың сипаты, ерекшелігі және маңызы. 
Италияның бірігуі.1848- 1849 ж.ж. революциядан кейінгі Италияның саяси және 
экономикалық жағдайлары. Пьемонттың күшеюі. К. Кавур. Италияның ұлт- азттық 
қозғалысындағы екі ағымның күресі. 
1859 француз- итальян- австрия соғысы. Орталық италиядағы ұлттық қозғалыстар. 
Сицилиядағы төңкерістік қозғалыстар. Д. Гарибальдидің Оңтүстік Италияға қарсы 
жүргізген жорығы. Итальяндық корольдықтың құрылуы. Елді біріктіруді аяқтау үшін 
болған күресі. Венецияның қосылуы. Франко- герман соғысы және Италияның бірігуінің 
аяқталуы. 
Германияның бірігуі1848- 1849 ж. революциядан кейінгі Германияның 
әлеуметтік- экономикалық және саяси дамуы. Пруссияның көтерілуі. Австрия мен 
Пруссияның Германиядағы үстемдік үшін күресі. Бисмарк және оның Германияны 
біріктіру бағдарламасы. Пруссиядағы әскери реформа. 60- шы жылдарда жұмысшылар 
қозғалысының өрістеуі. Жалпы герман жұмысшы одағының және Германияның социал 
демократиялық жұмысшы партиясының құрылуы.Германияның «темір және қанмен» 
біріктірілуі. Дания және Австриямен болған соғыс. Солтүстік герман одағының құрылуы. 
1867ж. Конституция.Франко- гермен соығысы. Германияның «жоғарыдан» біріктірілуінің 
аяқталуы және оның салдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет