D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру бағадарламасы тобы бойынша


Шағатай ұлысы және әмір темір империясы тұсындағы Түркістан



Pdf көрінісі
бет5/75
Дата06.04.2023
өлшемі1.01 Mb.
#471840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру ба адарламасы тобы б

Шағатай ұлысы және әмір темір империясы тұсындағы Түркістан 
ХІІІ-ХІVғғ. Шағатай Ұлысының тарихы туралы жазба деректер. Ұлыстың 
территориясы, этникалық құрамы. ХІІІ-ХІV ғғ. реформалар. Қалалардың қайта жандануы. 
Билік үшін ішкі қырқысулар. Шағатай Ұлысының ыдырауы. 
Шағатай Ұлысының солтүстік-шығыс бөлігінің ерекшелігі. Моғолстанның 
құрылуы. Тоғылық-Темір ханның сыртқы саясаты, Мауреннахрды жаулау. Әмір Темір 
және Моғолстан. XIV ғ.соңы - XV ғ. басындағы Моғолстан. Уәйіс, Есен-Бұғы хандар 
саясаты. Жергілікті түркі тайпалары және хандар билігі. Жүнісхан тұсындағы Моғолстан. 
XVғ. соңындағы ыдыраушылық процестер. Сұлтан Махмұт және Сұлтан Ахмет хандар 
саясаты. Моғолстанның ыдырауы. Моғолстанның қазақ хандығы мен қазақ халқының 
қалыптасуына ықпалы. 
Әмір Темірдің өмірі мен қызметі жөніндегі деректер мен зерттеулер. XIV ғ. 
ортасындағы Мауреннахрдың ішкі саяси жағдайы. Әмір Темірдің билікке келуі 
(1370-1405), оны қолдаған саяси күштер мен топтар. Әмір Темірдің Мауреннахрда 


бір орталыққа бағынған мемлекет құру саясаты. Моғолстан, Хорезм, Индияға жорықтары. 
Ақ Ордамен күрес. Алтын Орда ханы Тоқтамыс әскерімен (1391, 1395), түрік сұлтаны 
Баязид әскерімен Анкара түбіндегі (1402) шайқастары, олардың түркі халықтары үшін 
трагедиялық зардаптары. Әмір Темірдің қайтыс болуы. Әмір Темірдің Түркістан 
тарихында алатын орны. Мұхаммед Шайбани ханның Орта Азияны жаулап алуы. Орта 
Азиядағы Шайбанилер әулетінің билігі. 
Әмір Темір және оның мұрагерлері тұсындағы мәдениет. Қожа Ахмет Ясауи 
кешенінің салынуы. Қала мәдениеті. Ұлықбек мырза. Захираддин Бабыр. Әлішер Науаи 
және түркі тіліндегі әдебиеттің дамуы. 
Қазақ хандығы дәуірі  Қазақ хандығының құрылуы /xv ғ.орт.-хvі ғ./ 
Қазақ хандығы құрылуы жөніндегі жазба деректер, тарихи аңыз-әңгімелер. Қазақ 
хандығының құрылуының алғышарттары. XV ғ. ортасындағы Әбілқайыр Ұлысы және 
оның Моғолстанмен ара-қатынасы. Керей мен Жәнібек хандардың Шу бойына көшіп 
келуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның күшейе бастауы. Есен-Бұғы ханның қайтыс 
болуы. Жүніс хан. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығына жорығы (1469 ж.). Қазақ 
хандығының Дешті Қыпшақ үшін күресі. Жәнібек хан. Дешті Қыпшақта Қазақ хандары 
билігінің орнауы. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы. 
Сыр бойы. Тарихи-географиялық сипаттама. Сыр бойы - дәстүрлі өркениет ошағы. 
Сыр бойы қалаларының қазақ қоғамының саяси-әкімшілік, экономикалық, әскери-
стратегиялық және діни-мәдени өміріндегі орны. Сыр бойының қысқы жайылым мен 
қыстау ретіндегі маңызы. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін күресінің басталуы, оның 
кезеңдері. Бұрындық хан (1480-1511). XV ғ. 90-шы жж. шиеленісті жағдайлар және 
1495/96 жж. келісімдер. 
Қасым ханның Сыр бойы үшін жүрген күреске қатысуы. Қасым хан (1511-1518) 
және XV ғ. соңы - XVI ғ. басындағы Қазақ хандығының, ішкі саяси жағдайы. Шайбани 
ханға қарсы күрес. Қасым хан тұсында Сыр бойы мен Жетісудың Қазақ хандығына өтуі, 
оның маңызы. XVI ғ. басындағы Моғол және Мауреннахр билеушілерімен арадағы 
қатынас. Еділ мен Жайық аралығының Қазақ хандығына өтуі. Қасым ханның билігі 
тұсындағы қазақ хандығының нығаюы. Қасым ханның "Қасқа жолы". Оның қызметі 
туралы тарихи мәліметтер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет