Бұл күш екі материалдық нүктелер арасында əсер етеді. Бүкіл əлемдік тартылыс заңына сай бұл күш нүктелерінің m1 жəне m2 массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, олардың r арақашықтығының квадратына кері пропорционал жəне осы нүктелерді қосып тұрған түзу бойымен бағытталған:
G = 6,67408(31)·10−11 м3·с−2·кг−1, н/се Н·м²·кг −2 -гравитациялық тұрақты
Кулон күші.
Бұл күш екі нүктелік q1 жəне q2 зарядтардың арасында əсер етеді:
r – зарядтардың арасындағы қашықтық
k = c2·10-7 Гн/м = 8,9875517873681764·109 Н·м2/Кл2 ( Ф−1·м).
Біртекті ауырлық күші:
мұндағы, m – дененің массасы, g=9,8 м/c2 -еркін түсу үдеуі
Серпімділік күші
материалдық нүктенің тепе-теңдік қалыптан ығысуына пропорционал жəне тепе-теңдік қалпына бағытталған күш:
Мұндағы х – бөлшектің тепе-теңдік қалыптан ығысуын сипаттайтын арақашықтық; к – нақты күштің серпімділік қасиетіне тəуелді болатын оң мəнді пропорционалдық коэффициент. Мұндай күшке мысал ретінде серіппені немесе таяқшаны созу (сығу) кезіндегі серпімді деформация күші жатады;
Сырғанақ үйкеліс күші
берілген дененің басқа бір дененің бетімен сырғанауы кезінде пайда болады.
µ-сырғанау үйкеліс коэффициенті, ол жанасатын беттердің тегі мен күйіне тəуелді болады
N– сүйкеніш беттерді бір-біріне сығымдайтын нормал қысым күші
F күш берілген дененің екінші денеге қатысты қозғалысына қарсы бағытталады.
F күштің əсерінен қандай да бip бөлшек 1 - 2 траектория бойымен орын ауыстыратын болсын. Жалпы алғанда F күші бөлшектің қозғалысы кезінде модулі жағынан да, бағыты жағынан да өзгеpyi мүмкін. Күшті тұрақты деп есептеп, dr қарапайым орын ауыстыруды қарастырайық. dr – oрын ауыстырудағы F күштің əсерін скаляр көбейтіндіге тең шамамен сипаттап, оны орын ауыстырудағы F күштің қарапайым жұмысы деп атайды. Оны басқаша да өрнектеуге болады:
(1) өрнекті жолдың 1 нүктеден 2 нүктеге дейін барлық қарапайым бөліктер бойынша интегралдап, F – күштің oсы жол бойындағы жұмысын табамыз
(1)