Тоқтың жұмысы мен қуаты.
НҰСҚА 9 8/4
А-ТОБЫ
|
Орама сымның кедергісі 15 Ом. Осы сым арқылы 2 А ток күші өтетін болса, 10 минутта қанша жылу бөлініп шығады?
220 В желіге қосылған шам 0,5 мин жарық шығарғанда 1800 Дж энергия бөлінген. Шамның қыл сымының кедергісі қандай?
Кедергісі 55 Ом орама кернеуі 110 В электр желісіне қосылған. Бұл орама 0,5 сағатта қанша жылу бөліп шығарады?
Суреттегі екінші шамның тұтынатын қуатын анықта.
|
Б-ТОБЫ
|
Кернеуі 220В, ток күші 3 А желіге қосылған электр шәйнегінің ішіндегі температурасы 200С-та 2 л су 20 минутта қайнайтын болса, шәйнектің ПӘК-гі қандай? С=4200 .
Теледидар 4 сағ жұмыс істегенде жұмсалатын энергияның құнын анықта. Теледидардың тұтынатын қуаты 220 Вт, ал 1 кВтсағ энергия 4 теңге тұрады.
|
С-ТОБЫ
|
Бірдей кернеуге есептелген қуаттары 40 Вт және 60 Вт болатын екі шам сол желіге тізбектей қосылса, олардың тұтынатын қуаттары қандай болар еді?
|
Тоқтың жұмысы мен қуаты.
НҰСҚА 10 8/4
А-ТОБЫ
|
Тұтынатын қуаты 6000 Вт, ток күшінің шамасы 50 А болатын электр пешінің тұтынатын кернеуін және пештің орамасының кедергісін анықта.
Кедергісі 40 Ом, ал ток күші 3 А орама 10,8 кДж жылу бөліп шығарса, орама қанша уақыт қызған?
Егер тізбектегі ток күші 2 А болса, кедергісі 25 Ом орама өткізгіштен 10 минутта қанша жылу бөлініп шығады?
Электр пешінің орамасы ұзындығы 5 м, көлденең қимасының ауданы 1 мм2, меншікті кедергісі 1,2 қорытпадан жасалған. Егер оның тұтынатын қуаты 600 Вт болса, онда оны кернеуі қандай желіге қосу керек?
|
Б-ТОБЫ
|
Кернеуі 220В, ток күші 5 А желіге қосылған, температурасы 200С, массасы 1 кг суды қайнау температурасына жеткізу үшін, қанша уақыт қажет? (Шығын ескерілмесін) С=4200 .
Ток күші 2,5 А болғанда 220 В электр желісіне қосылған электр үтігімен 4 сағ бойы кір үтіктелген. Жұмсалған энергияның құнын есепте. (Тариф бойынша 1 кВт сағ 4 теңге тұрады)
|
С-ТОБЫ
|
Кедергісі 160 Ом орамасы (спиралі) бар электр қайнатқышты температурасы 20 0С –тағы 0,5 л суы бар ыдысқа салып, кернеуі 220 В желіге қосқан. 20 минуттан соң ораманы ажыратып қойған. Егер ораманың ПӘКі 80 болса, судың қандай мөлшері қайнап, буға айналып кеткен? С=4200 , L=2,3106 .
|
Мазмұны
Бет
Алғы сөз 3
Достарыңызбен бөлісу: |