Архимед күші
НҰСҚА 4 7/5
А-ТОБЫ
|
Массасы m890г мыс білеушесі толығымен суға батырылған. Осы білеушеге әсер ететін Архимед күшін анықта. .
Құдықтан суы бар массасы 15кг және көлемі 0,01м3 шелекті тартып шығару үшін қандай күш жұмсау керек? .
Көлемі 80см3 білеуше су бетінде қалқып жүр. Оның массасы 32 г болса, оның су үстіндегі бөлігінің көлемі неге тең? .
Массасы 540г алюминий білеуше жартылай суға батырылған. Осы білеушеге әсер ететін Архимед күші қандай? .
|
Б-ТОБЫ
|
Теңізде мұз жүзіп жүр, оның 195 м3 көлемі судың бетінде болса, мұздың жалпы көлемі қандай? , .
Дене суда жүзіп жүр, дененің көлемінің ¾ бөлігі су бетінде болса, дененің тығыздығы неге тең болар еді? .
|
С-ТОБЫ
|
Темірден жасалған шар сынапта жүзіп жүр (сурет). Егер ыдысқа шар толық бататындай су құйсақ, шардың сынапқа батқан көлемінің өзгерісі жалпы көлемінің қанша пайызын құрайды?
|
Архимед күші
НҰСҚА 5 7/5
А-ТОБЫ
|
Айсберг суда жүзіп жүр. Су астындағы көлемі 10000м3 болса, оның жалпы көлемін және салмағын табу керек. , .
Суға толығымен батырылған шыны шарға 2500Н Архимед күші әсер етеді. Осы шардың көлемін анықтаңдар. .
Массасы 270г алюминий кесегінің судағы салмағы қандай? , .
Суда қалыңдығы Н0,3м мұз жүзіп жүр. Осы мұздың су ішіндегі h биіктігі қандай болар еді? , .
|
Б-ТОБЫ
|
Денені суға толығымен батырғанда, оның салмағы ауадағыдан 5 есе кішірейетін болса, дененің тығыздығы неге тең? .
Динамометрге көлемі 500см3 жүк ілгенде оның көрсетуі 28Н болған. Егер жүкті керосинге батырса, динамометр нені көрсетер еді? .
|
С-ТОБЫ
|
Көлемдері 10м3 шарлар жіп арқылы жалғастырылған (сурет). Егер үстіңгі шар жартысына дейін суға батып тұрса, жіптің керілу күші неге тең? Астыңғы шар үстіңгі шарға қарағанда үш есе ауыр?
|
Достарыңызбен бөлісу: |