Жұмыс, қуат және энергия. Шығырлар мен иіндер
НҰСҚА 1 7/6
А-ТОБЫ
|
Бойлай металл кесетін станоктің жүзі 1,5 секунтта 56 см жылжиды. Егер кесу күші 3,6 кН болса, станоктың қуаты қандай болады?
Салмағы 20 Н денені 60см биіктікке көтеру кезіндегі істелген жұмысты анықта.
Рычагтың кіші иініне 300 Н, ал үлкен иініне 20 Н күш әсер етеді. Кіші иінің ұзындығы 6 см. Егер рычаг тепе-теңдікте болса, онда үлкен иіннің ұзындығын қандай болады.
Суретте бір-біріне бекітілген радиустары әр түрлі блоктар көтерсетілген. Егер үлкен блоктың радиусы кіші блоктың радиусынан үш есе үлкен және F=200 Н болса, көтеретін жүктің массасы қандай?
|
Б-ТОБЫ
|
Адам құдықтан суымен шелекті тартып шығарды. Егер ол жіпті 25 см/с жылдамдықпен тартатын болса, 1 минутта атқаратын жұмысы қандай? Шелектің массасы 10 кг.
Өзекшенің бір ұшына массасы 12 кг жүк ілінген. Егер осы жүктен өзекшенің ұзын бойының 1/5 бөлігіндей ара-қашықтығына тіреу қойсақ, онда өзекше көлденең қалыпта тепе-теңдікте болады. Өзекшенің салмағы неге тең?
|
С-ТОБЫ
|
Тығыздықтары 1 және 2 денелердің ауасыз кеңістікте салмақтары бірдей. Осы жүктерді рычагтың екі ұшына іліп тығыздығы сұйыққа батырады. Егер рычаг сұйықтың ішінде тепе-теңдікте тұрса, иіндерінің қатынасы қандай болу керек? Есепті мына тығыздықтарды ескере отырып шығар. , , .
|
Достарыңызбен бөлісу: |