Жол. Орташа жылдамдық
НҰСҚА 9 7/1
А-ТОБЫ
|
Ызаланған бұқа 34 км/сағ жылдамдықпен, ал қатты қoрыққан адам 600 м/мин жылдамдықпен жүгірсе, қайсысы жүзметрлікте жеңіп шыққан болар еді?
Ту-154 ұшағы бір минутта 15000м қашықтықты ұшып өтеді. Осы ұшақтың жылдамдығын км/сағ – пен өрнекте.
Машина өрге қарай жолдың 120 м-ін 10с-та, еңіске қарай жолдың 360м-ін 1,5 минутта жүріп өтсе, барлық жолдағы қозғалыстың орташа жылдамдығы қандай?
Зымыран 4238 мин ішінде 4,23800 км қашықтықты жүріп өтсе, оның жылдамдығы қандай?
|
Б-ТОБЫ
|
Оқушы көрнекті құрал ретінде глобус жасамақшы болды. Глобустың диаметрі жер диаметрінен миллиард есе кіші болса, глобус сынып бөлмесіне сияр ма еді? Жер радиусы – 6400 км. Жауабыңды дәлелде.
Жолаушы 2 сағат велосипедпен сонан соң 6 сағат жаяу жүрді. Оның бүкіл жолдағы орташа жылдамдығы жаяу жүргендегі жылдамдығынан неше есе артық? Велосипедпен жүргендегі жылдамдығы жаяу жүргендегі жылдамдығынан екі есе үлкен.
|
С-ТОБЫ
|
Моторлы қайық өзен ағысымен екі бекеттің арасын 4 сағатта жүзіп өтеді. Егер екі бекеттің ара қашақтығы 80 км және өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, қайық кері қарай қанша уақытта оралар еді?
|
Достарыңызбен бөлісу: |