Күш және салмақ
НҰСҚА 9 7/3
А-ТОБЫ
|
Өлшемдері 5х7х10 см мыс білеуше үстел үстінде жатыр. Осы білеушенің салмағы қандай? м8900 кг/м3, g10 Н/кг.
Массасы 1 кг ыдысқа көлемі 5 л керосин құйылған. Ыдысты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек? к800 кг/м3.
Көлемі 65 см3 мырыштың салмағы қандай? м7100 кг/м3.
Кеме бір-біріне тіркелген үш баржаны сүйреп келеді. Су бірінші баржаға 9000 Н, екіншісіне – 7000 Н, үшіншісіне – 6000 Н кедергі күшін түсіреді. Кеменің өзіне түсіретін судың кедергі күші 11 кН. Баржалар бір қалыпты қозғалады деп есептеп, осы баржаларды тартқанда, кеменің өндіретін тарту күшін анықта.
|
Б-ТОБЫ
|
2,5 Н күшпен әсер еткенде серіппе 4 см ұзарды. Осы серіппеге 3,5 Н күш әсер етсе, ол қанша ұзарар еді?
Іші қуыс шойыннан жасалған кубтың қырының ұзындығы 12 см. Егер осы кубтың салмағы 50 Н болса, куб қабырғасының қалыңдығы қандай болады? ш7000 кг/м3.
|
С-ТОБЫ
|
Биіктігі 30 см, ені 20 см, қалыңдығы 3 мм, алюминийден “П” әріпін қиып алды. Әріп сызықтарының ендері бірдей, 5 см-ден. Осы әріптің салмағы қандай? А2,7 г/см3.
|
Достарыңызбен бөлісу: |