Тоқтың жұмысы мен қуаты.
НҰСҚА 7 8/4
А-ТОБЫ
|
Кедергісі 12 Ом өткізгіш сым кернеуі 120 В электр желіге қосылған болса, 20 с ішінде сым арқылы қанша жылу бөлініп шығар еді?
Қуаты 40 Вт шамның қыл сымы 2 сағ, ал қуаты 150 Вт шамның қыл сымы 3 мин бойы жарық шығарып тұрса, қайсы шамның жұмысы аз?
Электр пеші кернеуі 220 В электр желісіне қосылғанда оның орамасының бойынан 2 А ток өтеді деп алып, әр 10 мин сайын бөлініп шығатын жылу мөлшерін есепте?
Кернеуі 220 В желіге есептелген қуаты 600 Вт электр пешінің орамасын жасау үшін, көлденең қимасының ауданы 0,2 мм2 никелин сымынан неше метр алу керек? =0,4 .
|
Б-ТОБЫ
|
Кернеуі 120В, ток күші 10А желіге қосылған қыздырғышпен массасы 2,5кг суды 120С-тан 1000С-қа дейін қыздыру үшін 15 мин кеткен. Қыздырғыштың ПӘК-тін тап. С=4200 .
Қуаты 300 Вт электр үтігінің жанып кетуіне байланысты оның спиралінің бөлігі алынып тасталды. Осыдан кейінгі үтіктің тұтынатын қуатын анықта.
|
С-ТОБЫ
|
Қуаты 1600 Вт электр самаурыны және қуаты 2300 Вт электр шәйнегі кернеуі 220 В желіге қосылғанда, олардың ішіне құйылған су бірдей t 20 мин уақытта қайнайды деп есептелін-ген. Егер оларды өзара тізбектеп қосса, онда самаурын мен шәйнектегі су қанша уақытта қайнар еді? С=4200 .
|
Достарыңызбен бөлісу: |