Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет48/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

ҚАҒБАНЫ ЖӨНДЕУ 
Пайғамбарымыз отыз бес жаста. 
Осы тұста құрайыштар Қағбаның құлағалы тұрған қабырғасын қайта 
қалау, жөндеуден өткізу керек деп шешті. Өйткені ұзақ жылдардан бергі 
жауын-шашын, т.б. сыртқы әсерлерден қасиетті қара шаңырақтың 
қабырғалары ескіріп, тоз-тозы шығып мүжілген-ді. Шатырсыз ғимараттың 
төбесінен аққан су іргетасына дейін жетіп, қабырғаларының әр жер-әр жері 
құлап та қалған. 
Құрайыштар өзара кеңесіп, құрылысқа қажетті материалдарды қайдан 
табарларын білмей дал болып отырады. 
Осы кезде Мысырдан Жиддаға қарай бет алған Византияның кемесі 
Жидда қаласына жақындағанда құрғаққа шығып қалғаны туралы хабар 
жетеді. Мұны ести сала құрайыштар оқиға орнына мән-жайды анықтау үшін 
бір топ адамын жібереді. Кемеге тиелген жүк - жұмсақ ақ тас, тақтай, темір 
бағана, яғни құрайыштарға қат дүниелер болып шығады. 
Келген хабаршылар кеме иелерімен келісіп, құрылысқа қажетті 
тақтайларды сатып алатын болады. Кеменің иесі - саудагерге Меккеге еркін 
кіруге, салықсыз сауда жасауға рұқсат беріледі. Меккеліктер өз жерінде 
сауда жасауға келгендерден белгілі мөлшерде салық алатын. 
Кемеде Бакум есімді византиялық сәулеткер де бар еді. Құрайыштар 
онымен де танысып, Қағба құрылысына көмектесетін болып келісіледі. 
Келісім бойынша Қағбаның сәулет істерін византиялық Бакум, бас 
ұсталығын меккелік Қыбти есімді шебер қолға алады. 
Қызды-қыздымен іс бастап, Қағба қабырғаларын өруге келгенде 
меккеліктер ру-ру боп таласып қалады. Қалыптасқан әдет бойынша тағы да 
жеребе тасталып, ол бойынша: 
Әбдіманап пен Зухра руына-Қағбаның қақпасы мен алдыңғы жағы; 
Абдуддар, Әсет және Ади руына - Шам жаққа қараған тұсы; 


75
Шәхм, Жәхм және Амир руына - Йемен жақ бұрышы мен Хажарул 
әсуад (қара тас) қойылған бұрыштың арасы; 
Махзум мен Тәйім руына - Сафа төбесі жағындағы Йемен тұсы тиесілі 
болды. 
Әр рудың адамдары өздеріне тиесілі жұмыстарына білек сыбана 
кіріскен. Қабырғалар бұзылып, Хазіреті Ибраһим пайғамбар өз қолымен 
құйған іргетасқа дейінгі аралық түгелдей қопарылып алынды. Төменгі 
жағынан бір-біріне кіріктіріле өрілген жасыл тастар көріне бастады. 
Құрылысшылар қыза-қыза ол тастарды да аршып, араларынан біреуі 
күректі бар күшімен әлгі тастардың түбіне сұғып қалғанда... Мекке жері 
оқыстан сілкініп кеп қалды. Барша жұрт әуелгіде не болғанын біле алмай 
аңтарылып қалды да, мәселені ұққан соң үрейленіп бір-біріне қарасты. 
Мұның тектен текке болған құбылыс емес екенін аңдаған олар, қара тастың 
атам заманғы іргетасын сол күйі қалдырды. 
Қағбаның айналасы құжынаған халық. Үлкені-кішісі мықшыңдап тас 
тасып, қолынан келгенінше еңбектеніп жатыр. Қабырғалар әп-сәтте бой 
көтерді, көз - қорқақ, қол - батыр деген. Ғимараттың ең төбесіне, ұшар 
басына қасиетті саналатын қара тас қойылуға тиіс еді. Осыған келгенде рулар 
арасында тағы да талас шықты. Мәселе, қасиетті тасты орналастыруға кім 
лайық дегенге келіп тірелді. Әр ру өзіне тартып соңы ит-ырқылжың таласқа, 
төбелеске айналар түрі бар. Ұрыс-керіс өршіп барады, бұл бетімен кете 
берсе, бірін-бірі өлтіруден тайынбас. Ал шайқаса қалса, мол шығын шығары 
да белгілі. 
Тайталас төрт-бес күнге созылды. Жұмыс тоқтаған. Құрайыштар ары 
ойланып, бері ойланып, ақсақалдары кеңесіп Харам мешітінде бас қосты. 
Бағзылары халықтың арасына кіріп, татуластырмақ та болды. 
Құрметке әрқайсысы өздерін лайық көріп, бірінің етін бірі жеуден 
тайынбастай түр көрсеткен жерлестерінің алдына шығып сөз сөйлеген қарт 
Әбу Умаййаның ұсынысы былай болды: 
"Уа, ағайындар! 
Төбелес те, қырғын да абырой әпермейді. Құр таластан түк шықпайды. 
Менің мынадай ұсынысым бар: анау қақпадан (Бәни Шәйба қақпасын 
көрсетіп) кім бірінші боп енер болса, сол адамнан ақыл сұрайық. Алғаш 
кірген адамның үкіміне бәріміз разы болайық, әйтпесе бұл керістің түбі 
жақсылыққа апармайды". 
Умаййа ақсақалдың ұсынысына тараптардан наразылық білдірген 
ешкім болмады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет