Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет81/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Шайтанның уәсуәсасы 
Шүбә, күдік. Шайтанның азғыруы
Өзі де ойламған жерден иман айтып, Исламға аяқ астынан кірген 
Хазіреті Хамза үйіне келген соң болған жайды көз алдынан өткеріп, аң-таң. 
Шүбәлі ой санасын иектеп, шайтанның уәсуәсасына бой алдырды: 
"Сен ғой құрайыштың аузын айға білеген мықтысы едің. Дінінен 
шыққан Мұхаммедті (с.а.у.) жақтап, сонша өзеурегенің не қылғаның? 
Осының дұрыс па енді?" 
Күмәнді пікірден арыла алмаған Хазіреті Хамза лезде Қағбаның 
жанына қалай жетіп барғанын өзі де аңдамай қалады. Көкке қол жайып дұға 
жасай бастайды: 
"Ей, баршаны өзіне телмірткен Құдірет! Егер ұстанған бағытым дұрыс 
болса жүрегіммен сезінуді жазғайсың. Миымды шырмауықтай шырмаған 
шайтанның түртпегі болса, одан жылдам құтқарғайсың", - деді ол 
жалбарынып. 
Ертеңіне таңертең ардақты 
Пайғамбарымызға барып басынан 
кешкендерін тәптіштеп айтып береді. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Исламның 
әсемдігін айтып, насихаттайды. 
Шын ықыласпен баяндалған насихатқа ден қойған Хазіреті Хамза: 
"Сенің турашылдығыңа тәнті болдым, дініңнің хақтығын тіліңнің 
тәттілігімен үйлестіре білдің. Айт, айта түс, бауырым, өсиетің тамыр-
тамырымды қуалап, қайта тірілгендей әсер алдым", - деді. 
Хамза сынды көпшілік қадірлейтін тұлғаның мұсылмандыққа бас июі 
Хазіреті Мұхаммед пен мұсылмандарға қуаныш сыйласа, мүшріктердің 
қаупін арттыра түсті... Қаныпезерлер жаңа мұсылман Хамзадан именіп, 
Расулаллаһқа бұрынғыдай қиянат жасай алмайтын болады. 


131
Иман нұры шартарапқа жарық шашып, саналар сәулеленіп, Құран 
дәрістері көбейіп, мүшріктер шындап шошына бастады. 
Хазіреті Хамзаның да кездейсоқ оқиғаның әсерімен мұсылмандар 
жағына өтіп кетуі пұтты дәріптеушілерді жынынан айрылған бақсыдай 
есеңгіретіп кетті... Көздерін шел басқан, кеуделерін шер басқан мүшріктер 
бейшаралықтарын мойындағысы келмей, қасарысып маңғаз көрінуге 
тырысты. 
Мұсылмандарды 
аяқтан 
шалудың 
иыр-шиыр 
жолдарын 
қарастырып, жаңа жобаларымен бастарын қатырды. 
Бір күні құрайыш мүшріктерінің басшысы Утба ибн Раби'а сөз 
тыңдайтындарын жинап алып: 
"Ей, құрайыштар! Мұхаммедпен (с.а.у.) оңаша кездесіп, сөйлессем 
қалай болар екен?! Ұсыныстарымды да ашық айтармын. Бәлкім, ол қабыл 
етер. Оның да кейбір тілектерін орындасақ, ойланып, уағызынан баз кешер",- 
деп пікір айтты. 
Шаралары таусылған құрайыш кеңесі мұны да сынап көруге бел 
байлады. 
Көппен ақылдасқан Утба Қағбада Харам мешітінде отырған Хазіреті 
Мұхаммедтің (с.а.у.) жанына барып сөзін былайша сабақтады: 
"Ей, бауырым Мұхаммед (с.а.у.)! Сен біздің арамызда тектілігіңмен 
ерекшеленесің. Оған таласымыз жоқ. Мәртебең биік, мерейің үстем 
екендігіне де ешкім шәк келтірмейді. Бірақ солай бола тұра қауымыңның 
басына бәлелі іс таптың. Істеген ісіңмен сүттей ұйып отырған бірлігімізді 
бұзып, ақылсыз деп шығардың. Халқыңның ғасырлардан жалғасын тауып 
келе жатқан Тәңірісін, нанымын жоққа шығардың. Ата-бабаларыңды 
күпірлік батпағында деп айыптадың. 
Сөзіме құлақ асар болсаң, жанашыр ниетпен айтарым бар. 
Ұсыныстарымды жақсылап тыңда, бәлкім, көңіліңе жағатыны болар." 
Сүйікті Пайғамбарымыз: 
"Құлағым сенде, айта бер, ей, Уәлидтің әкесі!" - деді. 
Утба сол рұқсатты күтіп тұрған, тізе жөнелді: 
"Егер сенің мақсатың - баю болса, бәріміз жабылып дүние-мүлкімізден 
үлес айырып берейік, ең дәулеттіміз сен-ақ бол. 
Ал, егер сый-сияпат іздеп жүрген болсаң сені басшы тағайындайық. 
Неге ұшырағаныңды түсінбей жүрген болсаң шошынған шығарсың 
бойыңды үрей жайлаған шығар. Тәуіпке көрсетіп емдетейік. Жын-
шайтанның уысына беріп қарап отыра алмаспыз, шығынды көп болып өзіміз 
көтерейік", - деп сөзін аяқтады. 
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.): 
"Тағы айтарың бар ма?" - деп сұрады. 
"Жоқ", - деді Утба. 
"Олай болса, енді сен мені тыңда", - деп Расулаллаһ Фуссилат сүресін 
(1-36-аяттарын) барынша мақамдап оқи жөнелді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет