Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ОСЫ ЖЫЛДЫҢ БАСҚА ДА БАСТЫ ОҚИҒАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет211/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

ОСЫ ЖЫЛДЫҢ БАСҚА ДА БАСТЫ ОҚИҒАЛАРЫ 
Салман Фарисидің құлдықтан азат етілуі 
Салман Фариси бұрын яһудилердің құлы болған. Пайғамбарымыз бір 
күні оны қасына шақырып алып: 
"Қожайының сенің азаттығыңның құнына не сұрайды. Барып біл", - 
дейді. 
Хазіреті Салман қожайынына мән-жайды түсіндіреді. 
Қожайыны: 
"300 құрма ағашын егіп, онымен қоса 1600 дирхәм алтын берсең 
босатам", - деп жауап береді. 
Салман Фариси қожайынының талабын Пайғамбарымызға (с.а.у.) 
жеткізеді. Пайғамбарымыз асхабына: 
"Бауырыңызға көмектесіңіз!" - деп бұйырады. Бұны естісімен-ақ
сахабалар өз араларында 300 құрманың тұқымын жинайды. 
Құрма тұқымы жиналғаннан соң Аллаһ Елшісі: 
"Уа, Салман! Сен мына тұқымдарды егетін 300 шұңқыр қаз. Біткен 
кезде маған хабар бер. Тұқымдарды өз қолыммен егейін!" - дейді. 
Сахабалардың көмегімен Салман Фариси шұңқырларды қазып шығады. 
Мұнан соң Пайғамбарымызға хабар береді. Расулуллаһ өз қолымен құрманы 
егіп шығады. Сол жылы Пайғамбарымыз еккен құрма ағаштарының барлығы 
жеміс береді. Осылайша Салман Фариси Бәни Құрайза яһудилеріне қарыз 
болған құрма ағаштарынан құтылады. 
Құрма ағашының қарызынан құтылған Салманның тек алтын төлемі 
қалады. 
Бір күні Расулаллаһ Салманды шақырып алып бір дөңгелек алтынды 
беріп: 
"Уа, Салман! Мынаны алып қарызыңнан құтыл!" - дейді. 
"Уа, Расулаллаһ, бұл жетпейді ғой", - деп жауап береді Салман. Аллаһ 
Расулы алтынды қайтадан қолына алып қасиетті түкірігін жақты да: 
"Аллаһ сені қарызыңнан осымен құтқарады", - дейді. 
Салман қожайынына әлгі алтынды бөліп 1600 дирхам өлшеп берсе де, 
әлгі жұмыртқадай алтын сол күйі қолында қалады... 
Мәдинадағы зілзала мен Айдың тұтылуы 
Хижреттің бесінші жылында Мәдинада үлкен жер сілкінісі болды. 
Пайғамбарымыз осы оқиғаға байланысты: 
"Раббыңыз сіздердің өзі риза болатын халге келгеніңізді қалайды. 
Сондықтан да сіздер тәубаға келіп Аллаһтың ризалығын тілеңіз!" - деген. 
Аллаһтың елшісі осы сөзі арқылы дүниедегі жақсылық атаулының
бәле-жала, қауіп-қатердің болып болмауы да адамдарға байланысты екенін 
айтқан. 
Хижреттің бесінші жылы жәмадилахир айында ай тұтылады. 
Ай тұтылып біткенге дейін Пайғамбарымыз (с.а.у.) мұсылмандарға 
Хусуф намазын қылдырады. (Кусуф және хусуф: Күн мен ай тұтылғанда 
оқылатын намаз, екі рәкаттан тұрады, сүннет боп саналады, рүкуғ және 


313
сәжде нәпіл намаздардағыдай. Бұл намаздарда азан, қамат оқылмайды. Тек 
хусуф намазын оқитын кезде "Намазға жиналыңдар" (Әссалату жами'атун) 
деп шақырады.- Д.Ө.И.) 
Расулуллаһ бір хұтбасында: 
"Күн мен ай біреудің өлімі не дүниеге келуі себепті тұтылмайтыны 
шүбәсіз. Олар Аллаһтың құдыретін, ұлылығын көрсететін екі белгі. Сіздер 
күн мен айдың тұтылғанын көргенде намазға тұрыңыздар!" - деген. 
Жахилия кезеңінің адамдары күн, ай үлкен бір адамның құрметіне 
тұтылады деп сенген. Пайғамбарымыз осы соқыр сенімді жойып, күн мен 
айдың тұтылуы Аллаһқа ерекше ғибадат қылудың уақыты екенін ескерткен. 
Ондай сәтте адамдар бос нәрсемен шұғылданбай, арнайы ғибадат етуі қажет. 
Ғибадат пен дұғаның себебі және нәтижесі - Аллаһтың әмірі мен 
ризашылығы, ал пайдасы ақыреттен күтілуге тиіс. Егер намаз бен ғибадаттан 
осы дүниеде пайда көзделсе, жалған дүниелік мақсатқа қол жеткізу үшін 
жасалса, ондай намаздың өзі күмәнді. Сондықтан күн мен ай тұтылғанда да 
солар тезірек ашылсын деген ниетпен намаз оқылмайды. Күн мен айдың 
тұтылуын сондай ғибадат жасаудың уақыты жетті деп біліп, Аллаһтың 
ризалығы үшін намаз қылынуы керек. 


314


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет