Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет234/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Хайбарда шейіт саны 
Хайбар алынды. 1600 мұсылман әскерінің қатары жиырмаға кеміді. Ал 
20.000 яһудиден 93 адамның өлгені белгілі болды. 
Сөйтіп Хайбар да Ислам мемлекеті территориясына қосылды. 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) Хайбардан аттанар сәтте Жағфар 
ибн Әби Тәліп бастаған Хабашстандағы муһажирлер келіп қалады. Аллаһ 
Елшісі қуанышын жасыра алмай: 
"Хайбарды алғанымызға қуанайын ба, әлде Жағфардың келгеніне ме?" 
- деп күлімсіреді. 
Пайғамбарымыз Хайбардан түскен олжадан Хабашстаннан қайта 
оралған муһажирлерге де үлестірген. 
Пайғамбардың бұйрығымен олжа алдымен теңдей беске бөлінді, бестен 
бір бөлігі Аллаһ Расулына тиесілі болып, қалған төрт бөлігі саудаға 
шығарылды. 
Олжаланған мүлік арасында бірнеше Тәурат нұсқалары да табылды. 
Яһудилер 
қасиетті 
кітаптарын 
өздеріне 
қайтаруды 
өтініп, 
Пайғамбарымыздың әмірімен мұсылмандар Тәуратты иелеріне берді. 
Осылайша өзге діндерге деген құрмет сезімдерін паш етіп қана қоймай, 
Аллаһ тарапынан бұрынғы пайғамбарларға түсірілген киелі кітаптарды да 
қастерлейтіндіктерін білдірді. 
Пайғамбарға яһудилердің қастандығы 
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) ізгі ниет, игі ілтипатына қарамастан 
яһудилер Исламға жылы ұшырамақ түгіл, қастандықтан бас тартпады. 
Хайбарды жаңа алған тұс. Пайғамбарымыз асхабымен бірге тынығып 
отырған. Ойсырай жеңіліп, іштері күйген яһудилер қысастықпен тағы бір 
зымиян айла ұйымдастырды. Мақсат - Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) у беріп 
өлтіру. "Жауапты" жұмысты мәшһүр яһуди Сәлам ибн Мишкәмның қызы 
Зейнеп мойнына алды. Алдын ала ақылдасқандай, Зейнеп жаңа сойылған 
ешкіні жақсылап қақтап пісірді де, улап тастады. Пайғамбардың тоқпан жілік 
пен жауырын сүйегін жақсы көретінін де біліп алған ол, соларға уды көбірек 
септі. 
Зымиян яһуди әйелі дайын мәзірді әкеліп: 
"Уа, Қасымның әкесі! Саған сый-табақ тартқалы келдім", - деп, буы 
бұрқыраған тағамды ортаға қойып кетіп қалады. 
Пайғамбар мен асхабы былқылдап піскен жас етке қол салған. 
Жауырын сүйекті қолына алған Пайғамбарымыз: 
"Тез қолдарыңды тартыңдар! Мына сүйек мені еттің түгелдей улы 
екенінен хабардар етті", - деп айтып үлгерді. 


350
Сахабалар тартынып қалды, тек Бишр ибн Бәлта бір үзім етті жұтып 
қойып еді. Отырған жерінде өңі бозарып, қайтыс боп кетеді. 
Пайғамбарларды өлтірумен даңқтары асқан, әсіресе, адамды улап 
өлтіруде алдарына жан салмайтын яһудилердің бұл жолғы айласы да іске 
аспай, масқаралыққа ұрынады. Жабулы қазанды жабулы күйінде қою 
пайғамбардың әдетінде жоқ, дереу амалды іске асырушы Зейнепті шақырып, 
залымдығының себебін сұрады. Сондағы Зейнептің жауабы: 
"Егер сенің пайғамбар екенің рас болса, саған хабар беріліп, зиян 
шекпесіңді білдім. Ал егер пайғамбарлығың жалған болса, онда өзімізді 
басқа халықтардың құрығынан құтқарайын дедім". 
Кейбір деректерде пайғамбар бірде бір адамға жеке басы үшін кек 
сақтамайтындықтан, улап өлтірмек болған Зейнепті кешірген делінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет