Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"(Ей, Расулым!) (Ұзақ уақыт үңгірде ұйықтап жатқан) Кәһф пен



Pdf көрінісі
бет85/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

"(Ей, Расулым!) (Ұзақ уақыт үңгірде ұйықтап жатқан) Кәһф пен 
Рақим иелерінің таң қаларлық істері біздің (жаратылыстағы Аллаһтың 
құдіреттілігін білдіретін басқа) дәлелдерімізден де таңқаларлық деп 
ойладың ба? Сол кезде ол жас жігіттер үңгірді паналап былай деді: 
"Ей, Раббымыз! Бізге өзің тарапынан рақымыңды төгіп, ісімізге 
туралық нәсіп ет." Осы аяттар арқылы мүшріктердің бірінші сұрағына 
жауап берілді. Ол жігіттердің Кәһф асхабы деп аталғаны, олардың таң 
қаларлық істері "Кәһф" сүресінде егжей-тегжейлі баяндалды. 
Мүшріктердің екінші сұрақтарына төмендегі аяттар жауап береді: 
"(Ей, Расулым! мүшріктер сені сынау үшін) Зұлқарнайын жайлы 
сұрады. Сен оларға "Сендерге ол жайлы түсіндіремін" де» (Кәһф сүресі 
83-аят). 
Сүренің мұнан кейінгі аяттарында Аллаһ Тағала Зұлқарнайынды 
керемет күш иесі етіп жаратқандығы, оған мол ырзық бергендігі, оның 
батысқа қарай сапар шегіп, жолшыбай кездескен қауымды жақсылыққа 
үндегені, кейіннен шығысқа бет алып, мұнда да кездескендерін қайырлы 
істерге бастағандығы туралы айтылады. (Кәһф сүресі 84-98 - аяттар). 
Мүшріктердің үшінші сауалына жауап ретінде "Исра" сүресінің 85-ші 
аяты түсті. Онда былай делінген: 
"(Ей, Расулым), сенен рух туралы сұрады. Оларға былай де: 
"Рухтың ақиқаты - Раббыма ғана аян. Сендерге ілімнің аз бөлігі 
ғана білдірілген." 
Мүшріктер сұраған сұрақтарының бәріне толық қанағаттанарлық 
жауап алды... 
Солай бола тұра Хазіреті Мұхаммедке қарсы шығып, оның 
жауаптарына іштей таңданғанымен сырттай білдірмегенсіп қырсыға түсті. 
Олардың ақиқатқа көздерін жұмуы Құран мен иман жолының кеңеюіне 
кедергі бола алмады... 
Аллаһ Тағала Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) "Кәһф" сүресінің 23-24 - ші 
аяттарында былайша ескерту жасады: 
"Қандай іс болса да "иншаллаһ" деместен," "мен мұны ертең 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет