Дамыта оқыту технологиясы


Педагогикалық процесінің компоненттері



бет2/2
Дата02.01.2022
өлшемі67.5 Kb.
#453554
1   2
дамыта оқыту

Педагогикалық процесінің компоненттері

Мазмұнындағы басымдылық

Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі

Дамыту оқыту

Мақсат

Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру

Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту

Бастапқы мазмұн

Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту

 


Оқытудың формалары

Жеке, топтық, фронтальді

Бірлескен ұжымдық іс-әрекет

Оқыту әдістері

Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Проблемелық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция

 

        Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

        Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1.     Оқу мақсаттарының қойылуы.

2.     Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

3.     Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.                            

         Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. (17.21.)

         Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

        Мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз.(18.38.) Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. “Жақсы оқушы”, “Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – “орындаушы”, “мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы

Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен омес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы берілетін болды.

Дамыта оқытудық екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғары сыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр.


"Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудық байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.

Өзекті даму аймағы - баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны — жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы - актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап "жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш. Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.

"Жақын даму аймағында" жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.

Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталар тұсы. Мұғалім мұнда оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға өзір тұруы.

Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің "жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.

Л.В.Занков жүйесі.

2. Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:

•  оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;

•  теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;

•  оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі - дамудың қауіпті жауы;

•  оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нерсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;

• барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.


Бұл принциптер Б.Тұрғынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген.
Л.В.Занков өз экспериментінде оқушылардың психологиясын зерттеу әдістерін кең қолданды.

Занков жүйесінің басты міндеті - баланың жалпы психикасын дамыту еді. Оған ақыл, ой, ерік-жігер, сезім енді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте сақтаудық сенімді негізі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәрсесі, талап-тілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін келетін жеке тұлға. Олай болса, мақсат - баланың барлық адамдық қасиеттерін дамыту. Ең маңыздысы, бала бойындағы жағымды сезімдерді жоғалтып алмау. Сондықтан дамыта оқытуды қолданған мұғалім оқушыдан бағдарламадан тыс оқыған кітабынан түсінгенін сұрайды. Себебі Л .В.Занков түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізіп үйренеді.

Л.В. Занков жүйесінде бастауыштағы білім мазмұны бай. Ғылым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқу жоспарында география, жаратылыстану бар. Орыс тілі, оқу кітабы, математика, еңбек, эстетикалық бағыттағы пәндерінің мазмұны толықтырылған. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын білімнің үлес салмағы көп.

Бала сабақта өзінің өмірден көрген-білгендерін айтып, оны жолдастарымен бірге талқылап отырады. Қарама-қайшы білімдер ойды дамытады. Мұғалімнің жұмыс стилі сыныптағы нақты жағдайға байланысты өзгереді. Мұғалімнің сүрағы мен тапсырмалары біржақты жауаппен шектелмей, оқушыны өз көзқарасын айтуға, өз бағасын беруге итермелейді.

Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудық жетекші нысаны — сабақ. Тек сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді. Сабақ оқушылардың түсінігіне қиын болып келеді. Осыған сәйкес сабақ жаңа материалды оқудан басталуы мүмкін. Дәстүрлі оқытуда уақыттың көбінде мұғалім сөйлейді. Дамыта оқытуда мүғалім баланың өз ойын, өз бақылауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы "тәртіп" ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.
Оқытуды ұйымдастырудық маңызды нысаны - экскурсия. Таным негізі тек кітап, мұғалім сөзі ғана емес, қоршаған орта, материалдық мәдениет. Л.В.Занков түсінігінде даму адамның өзін-өзі көрсетуінсіз, өз пікірін, бағасын білдірусіз мүмкін емес. Оның жүйесімен қорытынды шығарғанда баланың байқампаздығына, ойлау барысына, тәжірибелік іс-әрекетіне, сезіміне, ерік-жігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға көзқарасына, олардың қаншалықты деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.
Сонымен сабақ үлгерімі жалпы дамумен ұштастырылады. Оқушы бағдарламаны өте жақсы меңгермесе де, оқуға деген ынтасы пайда болып, сынып ұжымымен байланысы жаңсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе, онда оқыту өте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады.

Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады. Л.В. Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша шығарылады. Нәтижесінде балалар кім "озат", кім "үлгермеуші" екенін білмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар көп, мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар.



Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының көзқарасымен келісу немесе оған күдіктене қарау, өз пікірі дұрыс болмаса бас тарту. Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындау кезінде бала қиындықты жеңіп, табысына қуанады, қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай туғызады. Сонымен Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуын анағұрлым тездететінін көрсетті, балалар - сыншыл.

Бастауыштан орта сыныптарға өткенде қиындық болады. Дамыта оқыту рефлексияға қабілеттілік сияқты бағалы сапаны қалыптастырады. Рефлексия - өзінің психикалық жағдайы туралы ойлануы, өзінің толғаныстарын таңдай білуге бейімділік. Бала өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттеп отырады. Л.В.Занков оқушыларының ерекшелігі ақыл-ой жұмысына құштарлықтары. Бала өз бетімен білім алуға ұмтылады. Білімді өз бетімен алу көңілге жақсы сезім ұялатады. Өзін жақсы көру достық, өмірді сүю сияқты қасиеттердің негізі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет