Даму болжамы



жүктеу 245.34 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі245.34 Kb.


Нұра ауданы әкімдігінің

2014 жылғы 23.10 № 24/04

қаулысымен мақұлданды

НҰРА АУДАНЫНЫҢ 2015-2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ДАМУ БОЛЖАМЫ

Киевка к. – 2014 ж.
М А З М Ұ Н Ы



Кіріспе




3




  1. Нұра ауданының экономикалық дамуының тенденциялары




3





    1. 2013 жылғы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының тенденциялары




3










    1. 2014 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары




  1. Ауданның экономикасының 2015-2019 жылдардағы даму жағдайы мен факторлары. Дамудың ішкі және сыртқы факторлары.




  1. Нұра ауданының 2015-2019 жылдарға арналған ауданның экономика дамуының нысаналы индикаторлары







11

14


16




  1. Нұра ауданының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерінің болжамы







17




    1. Салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары







17




    1. Кіріс түсімдерінің болжамдары





17





    1. Бюджеттің шығыс бөлігінің болжамы







18








































Нұра ауданының 2015-2019 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы

және бюджеттік параметрі

Кіріспе

Нұра ауданының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы және бюджеттік параметрі Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 « Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IY Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 «Әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.

Әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы және бюджеттік параметрі болжамдардан, тенденциялар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық приоритеттерінен, ауданның бюджеттік саясатының үш жылдық негізгі бағыттарынан, аудандық бюджеттік бағдарламала әкімгерлерінің шығындарының болжау көлемдерінен құралады.

Әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы және бюджеттік параметрі келесі негізгі бөлімдерден түзеледі:



  • аудан экономикасының экономикалық даму тенденциялары;

  • аудан экономикасының факторлары және даму шарттары;

  • 2015-2019 жылдарға арналған ауданның даму экономикасының мақсатты индикаторлары;

  • 2015-2017 жылдардағы ауданның бюджеттік параметрінің болжамы;

  • ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және бюджеттік параметрінің негізгі көрсеткіштерінің болжамдары (кестелік түрде).



  1. Нұра ауданының экономикалық дамуының тенденциялары.

    1. 2013 жылғы ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының тенденциялары.

2013 жылы Елбасымен қойылған тапсырмасына сәйкес, барлық экономика саласының жұмыстары экономикалық өсудің қамтамасыз етуіне бағытталды. Ауданның экономикасы дамудың бірқалыпты қарқынымен дамыды.

Ауданда өндіріс түрін: көмір және марганец рудаларын өндіретін “Шұбаркөл көмір” АҚ, кен шығатын “Тур” кенші басқармасы “Қазмарганец” және кокс өндіретін ТОО «Сары арка спецкокс» сияқты мекемелерімен ұсынылады. Аталған мекемелер Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.




2012-2014 жылдардағы физикалық көлем индексі өзгеруінің

динамикасы және өндіріс өнеркәсіп өнімінің көлемі

2013 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ауданның өнеркәсіп өнімдерінің көлемі қолданыстағы бағамен 38138,0 млн.теңгені құрады. Физикалық көлем индексі – 2012 жылға 103,0%.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында 31901,4 млн.теңгеге өнім өндірілді, физикалық көлем индексі – алдыңғы жылға 104,4%. Көмір өндіру көлемі 7,4%, марганец кендері 0,1% ұлғаюы қаматамасыз етілді. Марганец кендерін өндіру 2,8%-ға азайды.

2013 жылғы Кен өндіру өнеркәсібіндегі еңбек өндірімділігі 11,6 млн.теңгені құрады, 2012 жылы 11,8 млн.теңге, 2%-ға азайды.

Өңдеу өнеркәсібінде 5832,0 млн.теңге сомаға өнім өндірілді, физикалық көлем индексі – 96,2%.

Кокс өнімдерінің көлемі 2,1%-ға өсті.

Азық-түлік өнімдері 12,2%-ға азайды, оның ішінде ет өңдеу 2,2%, сүт өнімінің өндірісі 14,8%, ұн өндірісі 27,6%, нан-тоқаш өнімдері 5,6%.

2013 жылғы Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өндірімділігі 26,8 млн.теңгені құрады, 2012 жылы 28,8 млн.теңге, немесе 6,9-ға кеміді.

Электрмен жабдықтау , газ, бу беру және ауа баптау өндірісінің көлемі 356,1 млн.теңгені құрды, физикалық көлем индексі – 86,1%. Электрэнергияны беру және үлестіру 25,2%-ға ұлғайды.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау өндірісінің көлемі 48,5 млн.теңгені құрайды. Физикалық көлем индексі – 95,6%. Ауыз су қолданылуы 1,4 есе көбейді.

2014 жылғы өнеркәсіп өнімдерінің көлемдері 39490 млн.теңге мөлшерінде күтілуде, немесе 103,5%. (2013 жыл – 38137,9 млн.теңге). 2014 жылы тау-кен өндіру өнеркәсібінде 33090 млн.теңгеге өнімдер өндірілетіні жоспарлануда, немесе 2013 жылға 103,7%. Көмір өндіру көлемі 3%-ға ұлғайды. (АҚ “Шұбаркөл көмір”). Металл кен өндіруі, оның ішінде марганец концентраты 1,8% (рудник Тур). Кокс өнімі 1,6% (ЖШС «Сары арка спецкокс»).

2014 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемдері заттай тұлғада өндіретін мекемелер бойынша:

- көмір өндіру - 9100 мың тонна АҚ “Шұбаркөл көмір”, 2013 жылға ұлғаюы 3%.

- марганец концентраты 322,5 мың тонна – рудник «Тур» РУ «Казмарганец», 2013 жылға өсімі 1,8%.
2012 - 2014 жылдардағы өңдеуші өнеркәсіп

өнімдерінің маңызды түрлерінің динамикасы

2014 жылы өңдеуші өнеркәсібінің өнімдері 5920 млн.теңге көлемінде күтілуде, немесе 2013 жылға 1,5% ұлғайды. Оның ішінде: кокс өндіру ЖШС «Сары арка спецкокс» – 4920 млн.тенге, немесе 2013 жылға 104%.


Кәсіпкерліктің дамуы

Тіркелген ШБС саны – 1034 бірлік, 2012 жылға 14 бірлікке өсті.

Кәсіпкерлік белсенділіктің өсуінде шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен өндірілген өнімнің көлемінің 15-ға% (5980 млн.тенге), белсенді субъектілер саны 8 бірлікке (1006 бірл.) және жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 45 адамға (3380 адам) артуын айғақтайды. 2013 жыл басынан 5 жаңа мекеме тіркелді.

Ауданның шағын және орта бизнес субъектілерімен 34 жоба бойынша 233,2 млн.теңге несие алынды, оның ішінде «Нұра – Астық» ауылдық кредиттік серіктестігі арқылы 33 жоба сомасы 232,2 млн.теңге, микрокредиттік мекеме «Асар комек» арқылы 1 жоба сомасы 1,0 млн.теңге.

«Жол картасы бизнесі – 2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылы 2 жоба жоба жалпы сомасы 8,3 млн.теңгеге іске асырылды «Жаңа бизнес –бастаманы қолдау» - пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бағыты бойынша (ЖК Абильдинов М. - темір бетон албарлар шығару, ЖК Ныгметов Г. – жүк тасымалдауды ұйымдастыру). «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы бойынша Астана қаласында ЖК Жаксыбаев Н. оқыды.

Кәсіпкерлік бастаманың мемлекеттік бағдарламада қатысуына тұрғындар санын көбірек тарту мақсатында және Киевка кентінде, Байтуған, Ахметаул, Баршын және Мынбаев селоларында ақпараттық-консалтингілік қызметтерін ұсыну бойынша кәсіпкерлерді қолдау мобильдік орталығымен (КҚМО) консультациялар өткізілді. 123 адам консультация алды.

АҚ «Даму кәсіпкерлерді қолдау қоры» өкілдерімен «Бизнес кеңесшілер» жобасының 10, 11 және 12-ші кезеңнің іске асыру шеңберіндегі «Жол картасы бизнесі – 2020» бағдарламасының төртінші бағыты бойынша екі күндік семинар-тренингтер өткізілді, 84 қатысушылар оқу өткен туралы сертификаттар алды.

Экономика саласының және тұтынушылық белсенділігінің артуы бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің оң серпінін қамтамасыз етті- 7% былтырғы жылдың деңгейіне және 907,7 млн.теңгені құрады.



Ауыл шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 17546,2 миллион теңгені құрады, немесе 2012 жылға 159,3%. Нақты көлем индексі – 131,6%.

2013 жылғы шарушылықтардың барлық категориясындағы егістік алқабы 236,1 мың га. құрады алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,1 мың га ұлғайды. Ресурс үнемдейтін технология қолданылатын алқабы 2012 жылмен салыстырғанда 6 га. артты және 160 мың га.құрады, немесе жалпы егістік алқаптың 73%.

2013 жылы ауылшаруашылық дақылдарының жоғары өнімділігі тіркелген.

Дәнді-дақылдардың жалпы түсімі 240 мың тоннаны құрады, ол 2012 жыл деңгейіне 240%, орташа түсімділік 12 ц/га. болды. Картоп өндірісі 18,7 мың тоннаны, немесе 2012 жылға 106,9%, көкөністер 4,7 мың тоннаны құрады, немесе 162,1%, майлы дақылдар 8,1 мың тонна, 2012 жылға өсімі 7 есе.

Мал шаруашылығында ағымдағы жылы 11,5 мың тонна ет, 35 мың тонна сүт, 6,2 млн.бірлік жұмыртқа өндірілді.

«ІҚМ етінің экспорттық әлеуетінің даму» бағдарламасы шеңберінде, 2011-2013 жылдар аралығында ауданның шаруашылықтарымен 236 бас асыл тұқымды бұқалар, 1600 бастан аса асыл тұқымды аналық бас сатып алынды.

Оның ішінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 98 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алынды. 2013 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 11 шаруа қожалықтарымен 400 сиырлар, 33 асыл тұқымды бұқалар жалпы сомасы 80,7 млн.теңгеге сатып алынған.

Табында асыл тұқымды ІҚМ қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығын қолдауға 453 млн.теңге бюджеттік қаражат бөлінді, оның ішінде өсiмдiк шаруашылығын дамытуға 309,1 млн.теңге, мал шаруашылығын дамытуға 144,2 млн. теңге.

Құрылыс.

Құрылыс жұмыстарының көлемі – 7486,7 млн.теңгені құрады, 2012 жылға өсімі 3,5 есе. 10,2 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, немесе 2012 жылға 99,7% құрады.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялардың көлемі 834,3 млн. теңгені құрайды. Тапсырылған тұрғын үй құрылымының негізгі 99,3%-ы жеке тұрғын үй құрылысы есебінен орындалды.

2013 жылы республикалық бюджет есебінен бағытталды: 2013 жылы тапсырылатын 100 орындық жатақханасымен, 200 орындық кәсіптік техникалық лицейдің құрылысына - 396,3 млн.теңге; Баршын, Щербаков, Кертінді, Мынбаев селоларының су құбыры желілерінің қайта жаңғыртуына – 604,6 млн.теңге; облыстық бюджет есебінен: Қарой ОМ жалғастыра спортзал құрылысының аяқталуына – 51,8 млн.теңге; аудандық бюджет есебінен: Киевка кентіндегі мал қорымының құрылысына – 7,6 млн.теңге, Байтуған, Көбетей слоларының, Киевка кентінің су құбыры желілерінің қайта жаңғыртуына – 13,5 млн.теңге, Киевка кентінің 10 екі пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына ЖСҚ әзірлеу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жағдай жасауына және дамуына – 5,8 млн.теңге және Баршын селосының мал қорымының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуіне 0,5 млн.теңге.



Инженерлiк инфрақұрылым.

Ауданның автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 1094 км құрайды, олардың iшiнен: республикалық маңызы бар - 185 км, облыстық маңызы бар - 455 км және аудандық маңызы бар - 454 км. Жолдардың ішкіпоселкелік және сыртқыпоселкелік созылымдығы - 212 шақырым.

Облыс және аудан орталығымен пункт аудандарының қатынасы үшiн басты роль автомобильдiк көлiк болып табылады. Негiзгi маршруттар бойынша тасымалдаулар «№3-шi автопарк ЖШС» жүзеге асырады.

Телекоммуникация саласында барлық 37 ауылдық елді мекен телефондырылған. АҚ «Қазақтелекомда» 25 ауылдық телефон станцияларын пайдаланады, соның iшiнде 15 цифрлық форматтың АТС-ы және 10 ұқсас АТС-тар. Ауданның ауылдық елді мекендерінде байланыс тораптарының цифрланған форматына аудару бойынша жұмысы жалғастыруда.

АҚ «Казпочтаның» өндiрiстiк объектілерiнiң желiсi пошталық байланыстың 1 аудандық және 25 ауылдық пошталық байланыс бөлiмшелерiнен тұрады. Рейстiк автобустарды қолдану жолымен почта жөнелтiлiмнiң тасымалдауын жүйеге келтірілген. Компьютерлік ақпараттық желi құрылған, аудан бөлiмшелері корпоративтік спутниктi телефон және электрондық байланыспен қамтылған.

2013-2014 жылдардағы жылыту маусымына қарай жоспарланған барлық жөндеулер орындалған: жергiлiктi жылу көздерiнiң, су құбырының, электр желінің, тұрғын-үй және әлеуметтiк мәдени тұрмыстық объектісінің әзiрлеуi бойынша жұмыс көлемдерi жүргізілді. Жылыту маусымның өту мерзiмінде жылумен жабдықталған барлық объектілер штаттық тәртiптемеде жұмыстар өткізілді, авариялық тоқтаулар болған жоқ.

Электр энергиясын беруiнiң барлық сызықтары 1745 шақырым. Ауданға электрэнергиясын жеткiзуін ЖШС «КРЭК» филиалдары жүзеге асырады. Тұтынушы энергиялар жабдықтауын ЖШС «Жезказган-энергосбыт» филиалы жүзеге асырады. Барлық елдi мекендер 100% энергия жабдықтаумен қамтамасыз етілген.

Киевка кентінің Тәуелсіздік көшесінің алаңдарына аббаттандыру жұмыстары жүргізілді, фонтан құрылысы, «Семья аллеясы», монумент көшіру жұмыстары аудандық бюджет қаражат есебінен 20,0 млн.теңге және ENRC меморандумы 50 млн.теңге. Алаңдарда 3523,4 кв.м брусчатка салу жұмыстары өткізілді. Көгалдандыру бойынша 2000 ағаштар мен бұталарды отырғызу, гүлдерді отырғызу жұмыстары жүргізілді.



Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға инвестициялар 35508,5 млрд. теңгені салынды, немесе 2012 жылға артуы 3,6 есе. Инвестициялардың өсуіне 214 км. ұзындығымен Арқалық-Шұбаркөл темір жолы құрылысының басталуы әсерін тигізді.

Инвестициялардың ең көп көлемі - 60% жеке тұлға тұрғысындағы кәсіпорындардың қаражаты есебінен игерілді, қарыз қаражаттар –28,6%, бюджеттік қаражаттар үлесі – 11,4%

Негізгі капиталға инвестициялар құрылымында экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі көлем көлік және қоймалауда (71,43%), өнеркәсіпте (20,5%). Экономикалық қызметтің басқа түрлеріне негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен 0,1%-дан 2,5%-ға дейін келеді.




Сыртқы экономикалық қызмет.

2013 жылы ауданның кәсіпорындарымен жалпы соммасы 9920,2 млн.теңгеге өнімдер экспортталды, немесе 2012 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға ұлғайды. Оның ішінде АҚ «Шұбаркөл көмір» көмірдің экспорты 9846,3 млн.теңгені құрды, 2012 жылы – 8762,5 млн.теңге, ЖШС «Сары Арқа Спецкокс» кокс экспорты 73,9 млн.теңге, 2012 жылы 153,6 млн.теңге. Кокс экспортының төмендеуі АО «Серовский завод ферросплавов» және АО «Ташкентский трубный завод» қажеттіліктің төмендеуіне байланысты.

Көмір Ресейге, Қырғызстанға, Украинаға, Турцияға, Польшаға, Болгарияға экспортталады. АҚ «Шұбаркөл Көмiр» көмiрдiң экспорт көлемдерiнiң ұлғайтылуы өндiрiстің жетілдіру есебінен және 2012 жылғы тұтынушылары Ресейдiң металлургиялық зауыттары болатын 20-50 мм класс көмiрiнiң өндіруін жаңғырту есебiнен пайда болды. Сонымен бiрге, кокстың экспорты Ресейге және Өзбекстанға жіберіледі. Нұра ауданының кәсiпорындарымен АҚ «Шұбаркөл көмiр» көмiр жеткізу, ЖШС «Сарыарка спецкокс» кәсiпорынның кокс экспорты бойынша, потенциалдық тұтынушылардың Еуропадағы жабдықтауымен, Ресей федерациясының кәсiпорындарымен сыртқыэкономикалық байланыстарының күшейтуi бойынша жұмыс жүргiзiледi.
Бюджет

Экономика саласының даму нәтижесінде аудандық бюджетке түсімдер 375,6 млн.теңгеге қамтамасыз етілді, жоспардың орындалуы 107%. Жоспардан тыс 23,1 млн.теңге көлемінде төлемдер түсті.

Аудандық бюджеттiң жалпы шығындары 3817,9 млн. теңгені құрайды. Оның iшiнде бiлiм беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік төлемдер, сонымен қатар басқа да әлеуметтік бағдарламаларға 2036,3 млн.теңге бағытталды, бұл аудан бюджетінің жалпы көлемінде 53,3% құрайды. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының шығындары 991,4 млн.теңгені құрды немесе бюджеттің 26%.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2013 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,1%-ды құрады.

2013 жылы жұмыспен қамту мекемесімен әлеуметтік қорғау шараларымен жұмыссыздықтан 1820 адам қамтылды. Оның ішінде 1255 тіркелгендерден 1050 адам жұмысқа орналастырылды, немесе 83,6%.

Қоғамдық жұмыстарға 490 адам қатысты, кәсіби даярлауға 91 адам бағытталды.

Барлығы 158 жұмыс орны ашылды.

Қамсыздандырылуы аз отбасыларын қолдау мақсатында 242 алушыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 4,2 млн.теңге көлемінде төленді. 18 жасқа дейінгі балаларға 376 алушылар 13,4 млн.теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақыларды алды. Тұрғын үй жәрдемақы 250 отбасына 7,3 млн.теңге көлемінде төленді.


Білім беру және спорт

Ауданда 2 мектепке дейінгі мекеме және 29 шағын орталығы. Қамтылған балалар саны 1575 құрайды. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 100%.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту өсу қарқыны 107,1%. (2012 жыл-1270 бала, 2013 жыл – 1360 бала).

Күндізгі мемлекеттік жалпы білімдік мектептер – 37, онда 4018 оқушылар оқиды.

2013 жылы Киевка кентінде 396,3 млн.теңге көлемінде 100 орындық жатақханасымен, 200 орындық кәсіптік техникалық лицейдің құрылысы басталды, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 356,7 млн.теңге, облыстық бюджеттен қаржыландыруымен – 39,6 млн.теңге. Қарой ОМ жалғастыра спортзал құрылысы аяқталды – 50 млн.теңге облыстық бюджеттен.

«Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен Пржевал ОМ ағымдағы жөндеуі – 16,1 млн.теңгеге, облыстық бюджет қаржыландыруымен Баршын ОМ - 119,0 млн.теңгеге күрделі жөндеуі өткізілді.

ТОО «Шахтерское» Меморандумы есебінен Шахтер селосында дене шынықтыру және сауықтыру комплексінің құрылысы басталды. 2013 жылы ТОО «Шахтерское» есебінен 100,0 млн.теңге қаражат бөлінді.

Аудандық бюджет есебінен Киевка ОМ №1 – 30,0 млн.теңгеге күрделі жөндеуі және 6 мектептің ағымдағы жөндеуі – 6,2 млн.теңге жүргізілді, оның ішінде қазанның ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, 4 мектепте циркуляциялық насос орнатылды.

Мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылды, жалпы сомасы – 28,3 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 8,1 млн.теңге және аудандық бюджет есебінен 20,1 млн.теңге: 2 химия кабинеті, мектептік жиһаздар – 175 парталар орындықтарымен, медициналық жабдықтар, компьютерлік техника 35 бірлік, теннистік столдар – 24 дана, кітаптар сатып алу 7,4 млн.теңге.

Жыл сайынғы республикалық жалпыбілімдік оқушылар олимпиадасында ауданның екі оқушысы 3-ші орынға ие болды.

Киевка кентінің орталығындағы 3 мектебінде «E-learning» жобасы енгізілген, жаңа компьтерлік оргтехникалар сатып алынған. Электрондық оқыту жүйесі е –learning білім берудегі жаңғыртудың негізгі құралы болып табылады және бүгінгі күнге прогрессивті оқыту нысаны болып танылған.

2013 жылы 215 бірлік компьютерлік техникалар сатып алынды, бұл компьютермен қамтамасыз етілген көрсеткіштің төмендеуіне мүмкіндік берілген (жағдай туғызылды) бір оқушыға 4,9 дейін.

Ауданда дене шынықтыру және спорттың 76 объектілері жұмыс істейді: спорттық алаңдар, корттар, стрелкалық тирлер – 48, спорт кешені – 1, стадион – 1, спортзалдар – 26.

2013 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын тұрғындардың қамтылуы 10839 адамды құрады (2012 жыл – 8363 адам) немесе тұрғындардың жалпы санынан 44,3%.



Денсаулық сақтау

Нұра ауданының денсаулық сақтау объектісінің желісі тұрғындарға 33 медициналық қызмет көрсету объектісімен ұсынылады, оның ішінде аудандық орталық аурухана, селолық аурухана, Аудандық емхана, 7 – дәрігерлік амбулатория, 5 – фельдшерлік-акушерлік пунктер және 17 медициналық пунктер.

Аналық өлім - жітім жағдайлары тіркелмеген. Нәрестелік өлім-жітімнің көрсеткіші төмендеді 1000 тірі туылғандарға 16,5-тен 8,9-ға дейін.

Ауданда туберкулез ауруы бойынша жағдайы 100 мың тұрғындарға 60,2-ден 77,1-ге дейін туберкулез ауруының артуымен сипатталады, 2013 жылы туберкулездан өлім-жітімі 8,1-ге дейін (2012 жыл – 4,0).

«Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Киевка кентіндегі Аудандық орталық ауруханасына 80,0 млн.теңге сомасында күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 70,0 млн.теңге және облыстық бюджеттен қаржыландыру - 10,0 млн.теңге. Емхана, жедел жәрдем бөлімшесі, туберкулез және инфекциялық бөлімшелері жөндеуден өтті.

Республикалық бюджет қаражатынан 55,3 млн.теңгеге Жараспай селосындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы басталды.



Мәдениет

Нұра ауданының мәдениет объектісінің желісі 65 мәдениет объектісімен, оның ішінде 29 клубтық мекемелерімен, 1 дем алатын паркімен, 35 кітапханасымен орналастырылған.

1273 адаммен қамтылған 100 қалыптастырылған клуб жұмыс істейді. Оның ішінде 2 ұжым «Народный» (Шахтер селосының духовой оркестрі, Киевка кентіндегі халықтық аспаптар оркестрі).

«Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 2 мәдениет объектісінің ағымдағы жөндеуі өткізілді: Киевка кентінің аудандық мәдениет үйіне – 28,2 млн.теңге және Шахтер селосының селолық мәдениет үйіне – 37,6 млн.теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен қаржыландыруын есепке алғанда - 3,7 млн.теңге.


1.2. 2014 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары

Жалпы 2014 жылы жалпы өңірлік өнім көлемінің өсуі 2,7% деңгейінде болжанады.

Өнеркәсіптік өнімінің көлемі 1352 млн. теңге сомасына өсуі күтіледі, нақты көлем индексі 103%-ды құрайды.

Кен өндіру өнеркәсібінде өнім өндірісі 33090 млн. теңгені құрайды, немесе 2013 жылға 103,7%. Көмір өндіру көлемі 276,4 мың тоннаға, марганец концентратының өнімі 5,2 мың тоннаға ұлғаяды.

Өңдеу өнеркәсібінде өнімнің өндірісі 5920 млн.теңге күтілуде немесе 2013 жылға 101,5%.

Кокс өнімінің көлемі 3,3 мың тоннаға, марганец концентратының өнімі 5,2 мың тоннаға ұлғаяды.

2014 жылы өндірісті жаңғыртуға және дамытуға инвестициялар 6703 млн. теңге мөлшерінде күтілуде, 2014 жылға 1,3%-ға өсті.

2014 жылдың бірінші кезектегі жобалары:

- Шұбаркөл көмір акционерлік қоғамы «Электр энергиясын өндiру, пайдаға асырылған кокс газындағы электрлі технологиялық кешен өндiрiсiн ұйымдастыру»;

- АҚ «Шұбаркөл көмір», РУ «Казмарганец», ЖШС «Сары Арка Спецкокс» өндірісін жаңғырту;

- ЖШС "Ассорти-Нан" нан, нан-тоқаш және шағын даналанған нан-тоқаш өнімдерінің өндірісі бойынша цехтың ашылуы;

- ЖШС "СП Арбат" " Көмірхимиялық өнімнің өндіруі және көмір өндіру разрезі бойынша зауыттың құрылысы" жобасы шеңберінде техникалық регламенттің жұмыстық жобалауға дайындау.

2014 жылы электр энергиясын өңдеу 19,3%-ға артады.

2013 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен өндірістік өнімнің жоспарланған көлемі (жұмыстар, қызметтер) 5880 млн. теңгені құрайды, бұл 2013 жылдың көлемінен 5% көп.

Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 18%-ға ұлғаяды және 27 бірлікті құрайды.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2014 жылы 0,6%-ға артады және 3400 мың адамды құрайды.

Басты бағыттардың бірі болып 2014 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бюджеттік Бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қала бермек.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 30 млрд. теңгені құрайды.

Индустриаландыру картасы шеңберінде 922 жұмыс орнын құрумен 40,2 млрд. теңге сомасында 11 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Агроөнеркәсіптік кешенде өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және жемдеу базасын кеңейту үшін жем-шөптік, майлы жемдеу және басқа дәнді-дақылдар алаңдары кеңейтілетін болады.

2014 жылы дәнді дақылдар алаңы 205 мың гектарды құрайды, майлы дақылдар – 14,2 мың га, картоп алаңы 850 гектарды, көкөністер – 90 мың гектарды құрады.

Ылғал ресурстарын үнемдеу технологиясын қолдану ауданы 178 мың гектар немесе 3 мың га ұлғаяды, тамшылап суару – 80 га, бұл картоп және көкөніс өнімділігі 20 мың га 1 гектардан 40 тоннаға дейін артады.

АӨК дамыту бойынша 2013-2020 жылдарға арналған салалық бағдарлама шеңберінде «Агробизнес-2020» 2014 жылға өсімдік шаруашылығы бойынша көрсеткіштер жоспарланды:


  • ауылшаруашылық тауар өндірушілердің бекітілмеген жерлерін

ауылшаруашылық айналымға кірістіруі, оның ішінде егістік жер – 4706 га, жайылым – 100,0 мың га;

  • ылғал ресурстарын үнемдеу технологиясын қолдану ауданы 80%-ға

дейін, жалпы егістік алқабынан 178 мың гектарға ұлғаяды;

  • КХ «Нуркен», КХ «Топаев», КХ «Кугабаев» картоп және көкөніс

өсіру үшін 100 га алқабына тамшылап суаруын өндіру.

Мал шаруашылығы саласында барлық күш мықты жемдеу базасын құруға, бәрінен бұрын жемдік өндірістер құрылатын шаруашылықтарға бағытталатын болады, «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының шеберінде ірі қара мал басының асыл тұқымдарын шығару.



2014 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 250 бас мал сатып алу жоспарланды және асыл тұқымды аналық бас үшін Тассуат, Кенжарық, Жараспай, Пржевал, Киевка, Қарақойын, Құланотпес, Сарыөзен, Кертінді, Зазаровка, Черниговский, Қорғанжар селолық округтарында 150 бас өндіруші бұқа сатып алынады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау ағымдағы жылы 1,0 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде субсидия 502,0 млн.теңге. Бөлінген қаражаттар ГСМ шығарылған шығындарды өтеуге және көктемгі егістік және жинау жұмыстарын жүргізу үшін жөндеу бөлшектеріне, сонымен қатар тұқымдар құнының арзандауына, мал шаруашылығын қолдауға, асыл тұқымды ІҚМ және қойларды сатып алуға шығындарды өтеуге бағытталады.

2014 жылы 15 млн. теңге сомасына 2 жобаны енгізу жоспарланды:


  1. ЖШС «Қайнар» ІҚМ аулиекөл тұқымының асыл тұқымды

репродуктыны ұйымдастыру, бұл ауыл шаруашылығының жалпы өнімін қосымша 20 млн.теңгеге өсуін арттырады.

  1. Ахметаул селосында КХ «ЖЕР» - 300 басқа жемдеу алаңдарын құру

Аталмыш жобалар жаңа жұмыс орындарын құруға және бәсекеге

қабілетті, қауіпсіз және арзан отандық өнімдерді шығару бойынша инновациялық өндірістерді құру жолымен сатылым қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

2014 жылы 10,4 мың кв. метр тұрғын үй пайдалануға енгізу жоспарлануда.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 30 млрд. теңгені құрайды.

Индустриаландыру картасы шеңберінде 2020 жұмыс орнын құрумен 72,7 млрд. теңге сомасында 4 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Сыртқы тауар айналымы 9,9 млрд. АҚШ долл. құрайды (2013 жылға 103%), оның ішінде экспорт – 8,3 млрд. АҚШ долл. (2013 жылға 103%), импорт – 1,7 млрд. АҚШ долл. (2013 жылға 105%).

Тұтыну нарығында жағымды тенденциялар байқалады, баға бәсекелестігі болжамдалған дәліздің шегінде.

Нұра ауданында әлеуметтік мәдениет объектісінде барлығы 62 АЖЖ. Оның ішінде білім беру жүйесінде – 29, мәдениет объектісінде – 12, денсаулық сақтау объектісінде – 4, басқаларында – 17. Қазандар барлығы –87, жұмыс істейтіндер – 62, резервтегі – 25.

2014-2015 жылдары жылу маусымына әзірлену кезеңінде жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарланды:

- негізгі және қосалқы жабдықтарды, энергия көздерін, қазандықтар;

- Киевка кентіндегі КСШ №2 күрделі жөндеуі – 19 млн.теңге, КСВр– 600 қазандықтың орнатылуымен жылыту жүйесінің ауыстырылуы жоспарлануда.

- Тұрғын-үй қоры 5651 үйлерден тұрады, оның ішінде 2 этажды 33 үй, оның 31 меншікті дербес жылытылады (жеке пешпен жылыту), Киевка кентіндегі 2 үй АЖЖ қосылған және Шұбаркөл кентінде орналасқан 5 этажды 7 тұрғын үй орталық жылыту жүйесіне қосылған.



Әлеуметтік салада:

Экономикалық белсенді халық санын 16,5 мың адамға дейін, жұмысбастылықты 16,2 мың адамға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Жұмыссыздар деңгейі 2014 жылдың соңында 4,1% жетеді.

Күн көріс деңгейі 17847 теңгені құрайды, былтырғы жылға артуы 7%.

Білім беру саласында 2014 жылы Киевка кентінде жатахнасымен кәсіптік-техникалық лицейдің құрылысы жалғастырылуда.

2. Ауданның экономикасының 2015-2019 жылдардағы даму жағдайы мен факторлары.

Дамудың iшкi және сыртқы факторлары.

Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық үдерістер дамуының сапалы және сандық болжамды бағалаулары ішкі, сонымен қатар сыртқы факторларының ықпалында болады.

Ауданның дамуына ықпал ететiн сыртқы факторлар:

тасылатын негiзгi тауарларға бағалы динамикасы, қаржы институттарымен арақатынасы, аймақтың экономикалық-географиялық жағдайы.

Экономикалық дамудың тұрақтылығы мақсатында мемлекеттiк сатып алудағы қазақстандық мазмұнның ұлғайтуы бойынша, ұлттық өндiрушiлерiмен байланыстарын күшейтуiне және отандық өндiрушiлердiң қолдауына, ауданның өнеркәсiптiк кәсiпорындарының инновациялық және инвестициялық жобаларын өндіруі, энергия және қор сақтаушы технологиялардың қолдануы бойынша дәйектілік жұмыстар жүргiзiледi.

Аймақтың дамуының ішкі факторларына табиғи-ресурстық әлеуеті, экономика құрылымы, өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы құрылымдықтарды қайта құру, аймақтың экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жатқызуға болады. Аудан өнеркәсiбiнiң дамуына ықпал ететiн iшкi факторлар: АҚ «Шұбаркөл көмір» көмiр өндiру көлемдерiнiң ұлғаюы, өнiмнiң жаңа өндiрiс технологияларын енгізуі, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуi. Еуразия табиғи қорлардың корпорациясына енетiн «АҚСУ ТЭС» көмірмен қамтамасыз ету және кәсiпорындардың қажеттiліктерi, ТМД елдеріне көмірдің экспортталуы, көмiрдiң өндiру көлемдерiнің өсуі, кешеннiң разрезін толық электрлендiруi, қолдану кезiндегi шығындардың қысқартылуы - көмiрдiң өзiндiк құнының төмендетуiн алдын ала анықтайды.

Нұра ауданының экономикасының резервтерiнің өсуi, ең алдымен, индустрияландыру Картасы шеңберiнде инвестициялық жобаларды iске асыруына байланысты.

Шұбаркөл көмір акционерлік қоғамы «5,5 МВт электр энергиясын өндiру, пайдаға асырылған кокс газындағы электрлі технологиялық кешен өндiрiсiн ұйымдастыру» - 1220,3 млн. теңге. 1 кезеңнiң жобалық қуатына шығу - 2012 жыл, 2 кезең - 2016 жыл.

ЖШС «Сары Арка Спецкокс» зауыты электр жабдықтауымен дербес тәртіптемеде жұмыс iстейдi. 2013 жылдың қаңтар – желтоқсан айында 4364,7 мың Квт.ч электр энергиясы өндірілді. Екiншi жоба кезеңiнiң iске асыруы бойынша 80 миллион теңге көлемінде жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) өнделедi. Жобаның iске асыруы 5,5 МВт автономиялы электрэнергияның қамтамасыз етуіне мүмкiндiк бередi. Электр энергиясын алатын кокс өндiрiсiнде ілеспе газын қолданады , электр энергиясымен қалдықсыз өндiрiс және электр энергиясымен өзін-өзі қамтамасыз етеді, 16 жұмыс орындары ашылған, 26 жаңа жұмыс орындарына дейiн ашылады.

ЖШС «Сары Арка Спецкокс»- жаңа кокс зауытының құрылысы, жыл сайынғы өнiмдiлiгi - 350 мың тонна, жобаның құны - 9704,5 миллион теңге. Пайдалануға қосу – 2018 жыл. Жобаның iске асыруы 350 мың тоннаға дейiн кокс өндiрiсiнiң өсуiн қамтамасыз етуге, Ресей және Қытайдан тасылатын көлемiнiң төмендеуіне мүмкiндiк бередi, 180 жаңа жұмыс орындары ашылады.

«10000 тонна көкөнiс қойманың құрылысы» жобасы ЖШС «Агрофирма «Astana Agro» агрофирмасы с. Мыңбаев. Жобаның жалпы құны - 4775 миллион теңге. Iске асырылу мерзiмi 2015 жылға ауыстырылған. Осы жобаның іске асыруында тұрғындарды, Астана қаласының тұрғындарын азық-түлiк өнімдер шеңберiнде жергiлiктi өндiрiстiк көкөнiстерiмен қамтамасыз етуі жоспарланып отыр, салық түсiмдерiнiң көлемiн ұлғайту 8 миллион теңгеге дейiн, 70 жаңа жұмыс орындарына дейiн ашылады.

Индустрияландыру картасына ЖШС «СП Арбат» «Көмiр өндiру бойынша разрездің құрылыс жобасы және жартылай кокс өндiрiсi бойынша зауыт» қосылған. Iске асырылу мерзiмi 2013-2016 жж. Жобаның жалпы құны - 57,0 млрд.теңге, жобалық қуаты 3 млн.тонна көмір және 300 мың тонна жартылай кокс. Жобаның iске асыруы көмiр және кокс өндiрiсiнің артуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi, 1800-ге дейін жаңа жұмыс орындары ашылады.


Ауыл шаруашылығында

2015 жылы өсiмдiк шаруашылығында – егiстік алқаптың ұлғаюы. Оның ішінде: арпа егістігін 2,8%-ға ұлғайту, сұлы 2,1 есе, майлы дақылдар (лен, сафлор) 2,2 есе, көкөністер 2 есе, азықтық дақылдар 2014 жылдың деңгейіне 27%.

Ауданда «IҚМ етінің экспорттық әлеуетінің дамуы» бағдарламасы жүзеге асырылады. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2014-2015 жылдарға ТОО ЖШС «Агро Темай» 400 бас асыл тұқымды малдарды өсіру репродукторын ұйымдастыруы жоспарлануда және КХ «Шубаркөл» 200 бас мал бордақылайтын жемдеу алаңын құру, қоғамдық табындарда, ауыл шаруашылық табындарда тұқымдық түрлендіру жоспарланып отыр.

Жобаның iске асыруы IҚМ ет өндiрiсiнің жоғарылатуына мүмкіндік береді, генетикалық әлеуеттің жақсартуын және мал өнімділігін ұлғайтуын қамтамасыз етеді.

Кәсiпкерлiктiң дамуында аудандағы шағын бизнестің әрі қарай дамытуына , әкімшілік тосқауылдардың төмендету жолымен, мемлекеттік органдардың әкімшілік процедураларының және бақылау функцияларының қысқартуы, салық салу жүйелерін жетілдіруі, шағын және орта бизнес субъектілерiне арналған қаржылай-несие қолдауы, шағын бизнес субъектілерінің жергілікті кредиттік мекемелерінің (ТОО « СКТ «Нұра астық», МКО «Албата») несие беруінің ұлғайтылуы, сонымен бірге «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қолдаудың қолдану жолымен, ауылшаруашылық өнімнің өңдеу саласындағы қызметтің ұлғайтуы, тұрғындарға тұрмыстық және басқа да қызметтерінің ұсынуы бойынша қолайлы жағдай жасалды.


  1. Нұра ауданының 2015-2019 жылдарға арналған ауданның экономика дамуының нысаналы индикаторлары

2015 жылы өнеркәсіптегі өндіріс өнімдері 103,6 құрайды, 2019 жылға артуы 4,3% құрайды.

Соның iшiнде кен өндiру өнеркәсiптердің 2019 жылға өсмі 5,2%.

2015-2019 жылдар аралығында өңделетiн өнеркәсiптiк өнiм өндiрiсiнiң өсiмі 3,2% деп күтiлуде.

2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5%-ға ұлғаятыны күтілуде, 2016-2017 жылдары жыл сайын 3%-ға, және 2019 жылға дейін 5%-ға.

Құрылыс көлемi қарқыны 2015 жылы 3%-дан 2019 жылы 5%-ға дейін артуы жоспарлануда.

Шағын кәсіпкерліктің субъектілерімен өндірістік өнімнің жоспарланған көлемі (жұмыстар, қызметтер) 2019 жылға дейінгі жыл сайынғы артуы 4%, шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2%-ға артады.

Негізгі капиталға инвестицияларының көлемi жыл сайынғы ұлғаюы 5% құрайды.

2019 жылға дейін кедейшіліктен төмен тұратын азаматтар санының төмендеуі жоспарлануда. Есептік жұмыссыздық деңгейі 3,7%-ға дейін азаятыны жоспарланды. Күнкөріс деңгейі 2019 жылы 27759 теңгені құрады, немесе 2015 жылға 147,2%.

Тұрғын-үй коммуналдық салада ауданның селоларында сумен жабдықтау объектісінің құрылысы мен қайта жаңғыртуы, тұрғын-үй құрылысының дамуы жалғастырылуда. Ауданның көлік жолдарының жөндеуі және қайта жаңғыртуы, байланыстың сапасын жақсартуы.

Білім беруде – оқыту сапасын арттыру және тәрбиелеу, білім қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету, жаппай спорт дамуы, білім беру объектілерінің құрылысы және күрделі жөндеулері. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуі және оқытуын қамтуы 2019 жылы 100% құрайды.

Денсаулық сақтауда салауатты өмiр салтының насихаттауы бойынша, шаралардың жандануын, ауыл тұрғындарының дәрiгерлiк қызметтерiне қол жеткізуін қамтамасыз ету жұмыстарын жақсартуға бағытталады. Мәдениет және спорт дамуында тарих ескерткiштерiнiң сақталуын, зияткерлiк рухани-бiлiм беретiн тұрғындардың интеллектуалды - мәдени деңгейiн көтеруiн қамтамасыз ету. Ауылшаруашылық мәдениетiнің қайта туу және дамуы.

.

4. Нұра ауданының 2015-2017 жылдарға арналған

бюджеттiк параметрлерiнiң болжамы

4.1. Салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары

2015-2017 жылдардағы ел азаматтарының тұрмыс деңгейін арттыруға және жұмыссыздықтың, кедейшіліктің өсуіне жол бермеу, аз қамтылған азаматтардың санын төмендетуі, ауданның тұрғындарын қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуіне, өмірлерінің сапалы жақсартуына жағдай жасау, ауданның алдағы дамуы үшін негіз құруға бағытталған әлеуметтік мәселелерді шешу саласында бұрын қабылданған шараларды іске асырылуы жалғастыруда.

2015-2017 жылдарға арналған салықтық саясаттың негізгі бағыттары экономиканың қажетті бағыттарын дамытуға ықпал ететін әділ де, өзін ақтаған құрал ретінде салықтардың әлеуметтік-маңызды қызметтерін нығайту қажеттігін есепке алғанда мемлекеттік қызметтерді толық атқаруды қамтамасыз ететін міндеттерді шешуге бағытталатын болады.

Қажеттілік болған жағдайда аудандық бюджет параметрлерінің нақтылануы өткізіледі.



4.2. Кіріс түсімдерінің болжамдары

2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеттiң кірістер болжамының жобасы бюджет кірістерінің болжау Әдістемесіне сәйкес, бюджет кірістерін болжау әдістемесінің есепке алынған ортамерзімдік кезеңге макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлері базасында, Салық кодексінің ережесіне және басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес анықталған. Кірістер есептерінде 2015 жылы бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларын 7,5%-ға, шаруашылық субъектілерінің еңбекақыларын 15%-ға, шағын кәсіпорындарының еңбекақылары 15%-ға, 2016 жылғы жалпы еңбекақы қоры 10%-ға, оның ішінде: бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларын 3%-ға, шаруашылық субъектілерінің еңбекақыларын 20%-ға, шағын кәсіпорындарының еңбекақылары 20%-ға, 2017 жылы жалпы еңбекақы қоры 10%-ға артылуы, оның ішінде: бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларын 3%-ға, шаруашылық субъектілерінің еңбекақыларын 20%-ға, шағын кәсіпорындарының еңбекақылары 20%-ға және 2015-2017 жылдардағы ең төменгі еңбекақының өсуі ескерілді.

Бюджетке қосымша салықтар мен төлемдердің түсімі бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Болжам көрсеткiштері салық декларациясы, ағымдағы төлемдердiң есептерiне, салық схемаларына сәйкес, жер қатынастары бөлімінің, статистика бөлімінің көрсеткіштерімен есептелінді.

Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығының, әлеуметтік салығының негізгі төлеушілері бюджеттік мекемелер, ауылшаруашылық саласы болып табылады.

Нұра ауданының бюджетінің кiрiс бөлiгi төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығынан, әлеуметтік салығынан, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салығынан қалыптасады. Осы салықтар бюджет көлемінде 80% құрайды. Бюджеттің кіріс бөлігінің болжамы анықталды:

2015 жылы - 460,9 млн. теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 449,5 млн. теңге, салықтық емес түсімдер – 5,1 млн. теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6,3 млн. теңге;

2016 жылы - 497,9 млн. теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 485,8 млн. теңге, салықтық емес түсімдер – 5,4 млн. теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6,7 млн. теңге;

2017 жылы - 745,8 млн. теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 525,7 млн. теңге, салықтық емес түсімдер – 5,8 млн. теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7,2 млн. теңге.



    1. Бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң болжамы

Бюджеттiң шығындарының негiзгi үлесi басым бағыттарының бiрi - бiлiм беру саласына бағытталады. Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңiстiк, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы шығындары ұлғаятыны жоспарлануда.

Бюджеттің 2015-2017 жылдарға арналған параметрлерінің болжамы 2 қосымшада көрсетілген.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет