Даму болжамы


Халықаралық интеграция және өзара іс-қимыл



бет8/9
Дата12.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#129825
1   2   3   4   5   6   7   8   9

6. Халықаралық интеграция және өзара іс-қимыл

Қазақстанның халықаралық интеграциясы Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі экономика мен бизнестің Еуразиялық экономикалық одақта (бұдан әрі - ЕАЭО) жұмыс істеу шарттарына бейімделу шараларын әзірлеу және іске асыру болып табылады.

ЕАЭО экономикалық уағдаластықтары мүше мемлекеттер арасында тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, капитал мен жұмыс күшін толыққанды еркін ілгерілету үшін қазіргі бар алып қоюлар мен шектеулерді жоюға бағытталған.

Қалыптасып отырған ЕАЭО жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін газдың, мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын құру; газ көлігі, теміржол, автомобиль инфрақұрылымы, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және қазақстандық тауарлардың (алкоголь, фармацевтика, автомобиль өнімі) 2025 жылға қарай одақтың әріптес елдер нарығына шығуындағы кедергілерді жою бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылуы жөніндегі жұмыс аяқталады. Қырғыз Республикасының ЕАЭО туралы шартқа қосылуы туралы шарт күшіне енген сәттен бастап мемлекеттік шекараның қазақстан-қырғыз учаскесінде кедендік бақылау алынып тасталатын болады.

Континентальды «тұйықты» жағдайларында экономиканың өсуі және оны әртараптану үшін көлік шығасыларын төмендету маңызды жүйелі аспект болып табылады. ЕАЭО-да жүкті Қазақстаннан үшінші елге басқа мемлекеттің теңіз порты арқылы (атап айтқанда Ресей аумағы арқылы) және кері бағытта транзитпен тасымалдау кезінде біріздендірілген (ішкі) теміржол тарифі қолданылатын болады, ол мөлшері бойынша транзиттіктен біршама төмен.

Беларуссияның, Қазақстан мен Ресейдің ұлттық электр энергиясы нарықтарын интеграциялау жолымен жалпы электр энергетикасы нарығы 2019 жылға қарай құрылатын болады.

2016 жылдан бастап GMP (тиісті өндірістік практикалар) стандарттары негізінде дәрілік заттардың ортақ нарығы қалыптасатын болады.

Тараптардың өзара уағдаластықтарының негізінде Ырықтандыру жоспарларын (жол карталарын) жасау арқылы көрсетілетін қызметтердің жекелеген секторларында бірыңғай нарықты кезең-кезеңмен қалыптастыру көзделген.

ЕАЭО елдің экономикасын дамыту, энергетика, көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы бар әлеуетті ауқымды іске асыру үшін маңызды мүмкіндіктер ашады.

Сыртқы сауда саясаты

Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаты мыналарға:

- Қазақстан Республикасының көпжақты сауда жүйесіне (Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі жөніндегі) қатысуын кеңейтуге;

- Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелік шарттарына ұлттық заңнаманы бейімдеуге;

- үшінші елдермен еркін сауда туралы келісімдер жасау туралы келіссөздер бойынша жұмысты жалғастыруға. Сонымен, 2015 жылғы 29 мамырда бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасында еркін сауда туралы келісімге қол қойылды, оның іске асырылуы сауда байланыстарын дамытуға және нығайтуға ықпал етеді, мемлекеттердің нарықтарына тауарларды ілгерілету және өзара инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай жасайды;

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде еркін сауда режимін жетілдіруге және тереңдетуге;

- Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығының басым бағыттарын айқындайтын құжаттарды әзірлеуге қатысуға;

- «Doing business» Дүниежүзілік банк рейтингісінің «Халықаралық сауда» индикаторын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруға;

- ЕАЭО шеңберінде кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сауда шараларын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруға;

- кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу шараларын қолдану, сондай-ақ отандық өндірушілер мен тауар тұтынушыларды қолдау мақсатында демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы қорғау шараларын қолдану бойынша жұмыстар жүргізуге;

- ЕЭК шеңберінде отандық шаруашылық жүргізу субъектілерінің әкелу кеден бажының мөлшерлемесін өзгерту жөніндегі ұсыныстарын келісу бойынша жұмысты жалғастыруға;

- ДСҰ IX Министрлік конференциясында қол жеткізілген уағдаластықты ескере отырып, сауданы жеңілдетуге;

- ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестерді және алдағы уақытта ДСҰ-ға кіруді ескере отырып, экономика шарттарының өзгеруі шеңберінде шаралар қабылдауға;

- сыртқы сауданы реттеу шараларын қабылдау және қарау жеделдігін арттыруға бағытталған ұлттық заңнаманы жетілдіруге бағытталған мүдделерін жылжыту және қорғаудың тиімді және жедел жүйесін әлемдік сауда жүйесіне интеграциялану арқылы жасау болады.

Еуропалық еркін сауда қауымдастығына қатысушы мемлекеттермен (Швейцария, Лихтенштейн, Норвегия, Исландия), Жаңа Зеландиямен преференциялық сауда туралы келісім жасасу бойынша жұмыс жалғасады. Израильмен, Үндістанмен, Мысырмен, Индонезиямен, Иранмен, Түркиямен, Перумен, Эквадормен және басқа елдермен еркін сауда аймағы туралы келісімдер жасасудың орындылығын қарау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

IV 2016 – 2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы

1. Экономикалық өсудің факторлары


Әлемдік тауар нарықтарында мұнайдың жағымсыз динамикасына және Қазақстанның ірі сауда әріптесі болып табылатын Ресейдің ағымдағы теріс экономикалық ахуалы байланысты Қазақстанның әлеуметтік экономикалық болжамы өсудің орташа қарқынымен сипатталатын болады.

Орта мерзімді кезеңге контрциклдік экономикалық саясаттың негізгі құралы болып сыртқы теріс факторлардың әсерін жоюды қамтамасыз ететін «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асуы табылады.

2016 – 2020 жылдары экономиканың өсу қарқыны 2,1-3,6%-ды құрайтын болады.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің номиналды өсуі орташа есеппен


3,9%-ды құрайтын болады және 2020 жылдың соңына қарай 13 232,8 АҚШ доллары деңгейінде бағаланады.

Экономика әлемдік экономика өсуінің қалыпты қарқындары және сұраныс пен шикізат тауарларына бағаны қалпына келтіру жағдайында дамитын болады. Сонымен қатар инфрақұрылым мен халықтың тұтынуына мемлекеттік инвестициялардың ұлғаюы есебінен тұрақты және үдемелі экономикалық серпін күтілуде.

Әлемдік экономикада сыртқы сұраныстың қысқаруымен бірге жүретін дағдарыс құбылыстарының күшеюі мүмкін болғандықтан,
2016 – 2020 жылдары экономиканың өсуі негізінен белгіленген кезеңде орташа есеппен 2,7% қарқынында өсетін ішкі сұранысқа сүйенетін болады.

Өнеркәсіптік өндірудің қысқаруымен байланысты болжамды кезеңдегі пайдалану бойынша ЖІӨ-нің құрылымы біраз өзгерістерге ұшырайды. ЖІӨ-де үй шаруашылықтары тұтынуының үлес салмағының 2020 жылы 53,8%-ға өсуі байқалатын болады.



2-кесте
2016-2020 жылдарға ЖІӨ құрауыштарының болжамды көрсеткіштері, өткен жылға %

Атауы

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Бағалау

Болжам

Түпкілікті тұтынуға шығыстар

101,0

101,7

103,1

102,2

102,3

102,5

үй шаруашылықтары

98,9

100,6

102,2

101,8

101,7

102,1

мемлекеттік басқару органдары

109,7

106,9

107,1

104,4

105,0

104,5

үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар

102,2

102,0

101,5

101,5

101,4

101,4

Жалпы қорланым

105,5

103,5

103,7

103,3

103,5

103,6

Тауарлар мен қызмет көрсетудің таза экспорты

78,9

102,3

113,1

111,1

109,0

108,7

тауарлар мен қызмет көрсету экспорты

82,7

89,4

102,4

101,8

103,2

102,2

тауарлар мен қызмет көрсету импорты

84,7

86,8

100,4

100,0

101,8

100,6

Жалпы ішкі өнім

101,5

102,1

103,6

102,9

103,0

103,1

Инвестициялар экономикалық өсуді қолдаудың елеулі факторы болады. Ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік инвестициялар ішкі сұраныс серпініне инвестиция салымын арттыруға мүмкіндік береді. Инвестицияның орташа жылдық өсу қарқыны 3,5% шегінде күтілуде.

Мұнай мен металдарға әлемдік бағаның айтарлықтай құлдырауына байланысты тауар мен қызмет көрсету экспорты 2015 және 2016 жылдары төмендеу үрдісінде болады. Алайда 2016 жылдан кейін тауарлар және қызметтер экспортының динамикасы 2017 – 2020 жылдары орташа нақты шамасында 2,4%-ды құрайтын жағымды өсудің траекториясына өтеді.

Тауарлар мен қызмет көрсетулер импорты серпіні 2016 жылы қысқарған кейін 2017-2020 жылдары біртіндеп өсу траекториясына ауысады және орташа 0,7% деңгейінде болады. Алайда, елге сырттан келетін тауарлардың өсу серпіні болжанған деңгейден жоғары қалыптасуы мүмкін. Бұл тұтыну өнімі түрінде халық тарапынан да, сол сияқты инвестициялық тауарлар ретінде бизнес саласы тарапынан да серпінді дамып келе жатқан ішкі сұранысты қанағаттандыру қажеттілігіне негізделген.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясындағы дағдарыстық жағдайға байланысты жағымсыз күтілімдердің өсіп кетуі аясында халық пен бизнестің жинақтарының ұлғаюы себебінен 2015 жылы үй шаруашылықтары тұтынуының теріс салымы күтілуде. Алайда 2016 жылдан бастап үй щаруашылықтары тұтынуының оң салымы жорамалдануда.

Бұдан басқа, ЖІӨ-дегі экспорттың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болуына қарамастан, 2015 жылы ЖІӨ-нің өсіміне таза экспорттың теріс салымы күтілуде. Бұл белгіленген жылы әлемдік тауар нарықтарында болжамды төмен бағалар себебінен экспорттың өсу қарқынының болжамды төмендеуіне байланысты. Келесі 2016 – 2020 жылдары ЖІӨ-нің өсіміне таза экспорттың оң салымы байқалатын болады.

5-сурет



2. Экономика салалары дамуының болжамы
2015 – 2020 жылдары экономиканың салалық құрылымы алдыңғы кезеңдердің пропорцияларымен салыстырғанда елеулі өзгерістерге ұшырамайды. Тауар биржаларында баға конъюнктурасын қалыптастырудың іргелі факторларына сүйенсек, кейіннен 2016 – 2020 жылдары өсе отырып, 2015 жылы экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған салаларында өндірістің қысқаруы күтіледі.

Өнеркәсіптің ЖҚҚ 2016 – 2020 жылдары орташа 2,1%-ға өседі.

Тау-кен өнеркәсібінің ЖҚҚ болжанатын кезеңде 2,5% орташа жылдық шамада өсетін болады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі әлемдік мұнай бағасының кері үрдісін есепке ала отырып, мұнай өндіру көлемі бойынша болжалдарды кему жағына қарай қайта қарастырды. Болжам бойынша 2015 жылы мұнай өндіру көлемі, 2020 жылы 92 млн. тоннаға дейін ұлғая отырып, 80,5 млн. тоннаны құрайды.



Өңдеу өнеркәсібінің ЖҚҚ 2016 – 2020 жылдары 1,1 - 3,9% шегінде өседі және 2014 жылға қарағанда 10,7%-ға артады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің орташа жылдық өсімі 2,8%-ды құрайды. Озық қарқында мал шаруашылығы болады және 2014 жылға қарағанда 23,5%-ға ұлғаяды, бұл ретте өсімдік шаруашылығы 16,0% азырақ шамада өседі.

Химия өнеркәсібіндегі ЖҚҚ-ның өсімі жылына орташа 2,2%-ды құрайды.

Электр энергетикасы ЖҚҚ-ның орташа жылдық өсімі 0,4%-ды құрайды.

Құрылыс ЖҚҚ-ның орташа жылдық өсімі 3,3%-ды құрайтын болады. Алайда, құрылыс жұмыстарының өсу қарқыны болжанатын деңгейден жоғары орналасуы мүмкін. Бұл 2015 – 2019 жылдарға арналған инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басталуына негізделеді.

Экономиканың әлеуметтік секторына ұлғайып келе жатқан бюджет шығыстары экономикада көрсетілетін қызметтер өндірісі көлемінің ұлғаюын қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметтер өндірісі орташа 3,3% қарқынмен өсетін болады.



Ішкі тұтынушылар белсенділігі сауда қызметтерінің өсуіне себептесетін болады, олардың өсімінің қарқыны орташа 4,4%-ды құрайтын болады.
3-кесте

Экономика салалары дамуының болжамы, өткен жылға %-бен

Атауы

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Бағалау

Болжам

ТАУАРЛАР ӨНДІРУ

100,4

100,9

103,3

102,2

102,4

103,6

Ауыл шаруашылығы

102,8

102,0

102,9

103,2

103,0

103,0

Өнеркәсіп

99,7

100,0

103,4

101,7

101,9

103,8

Кен өндіру

99,6

98,7

103,4

102,4

101,8

106,5

Көмір және лигнит өндіру

100,0

100,3

100,4

100,4

100,3

100,4

Мұнай өндіру

99,6

95,7

102,6

103,8

102,4

109,5

Табиғи газ өндіру

100,5

103,6

103,4

106,7

104,2

104,0

Өңдеу

99,7

101,1

103,9

101,4

102,3

102,0

Азық-түлік

102,0

103,1

103,2

103,3

103,4

103,5

Мұнайды қайта өңдеу

99,1

100,0

119,0

100,0

100,0

100,0

Химия

101,0

101,0

102,0

102,0

103,0

103,0

Метал емес минералды өнім

103,0

101,0

101,5

102,0

102,5

103,0

Металлургия

96,2

99,5

100,0

100,0

103,3

101,4

Машина жасау

102,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

101,0

100,3

100,3

100,4

100,4

100,4

Құрылыс

102,0

103,3

103,2

103,3

103,3

103,3

ҚЫЗМЕТТЕР ӨНДІРУ

102,1

102,9

103,8

103,3

103,4

102,9

Сауда

102,8

103,1

105,8

104,8

105,0

103,6

Көлік және қоймалау

103,5

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Ақпарат және байланыс

103,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

ЖІӨ

101,5

102,1

103,6

102,9

103,0

103,1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет