Даму жоспары


ПАСПОРТ (негізгі сипаттамалары)



бет2/9
Дата17.07.2016
өлшемі7.97 Mb.
#206017
1   2   3   4   5   6   7   8   9



  1. ПАСПОРТ (негізгі сипаттамалары)

Атауы

Текелі қаласын дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасы

Әзірлеу негізі

2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы;

2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелерінің одан әрі жұмыс істеуі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.



Аймақтың негізгі сипаттамасы

Текелі қаласы Талдықорған қаласының оңтүстік-шығысынан 39 км қашықтықта, Алматы қаласынан 285 км шығысқа қарай орналасқан. Қала аумағы 0,1 мың шаршы километрді құрайды. 2015 жылдың 1 қаңтарына халық саны 31,7 мың адамды құрады. 1 шаршы метрге халық тығыздығы 499,3 адам. Қалада 20-дан астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінен тұрады. Елді мекендердің саны- 2 (Текелі қаласы мен Рудничный ауылы).

Қала Жоңғар Алатауының солтүстік жағындағы етегінде орналасқан, Текелі, Чажа, Қора, Қаратал өзендері сайдан төмен құлай өтіп қаланы екіге жарып, ұзындығы 32 км. болып созылады. Чажа, Қора өзендері Қаратал өзеніне, ал Текелі сол жақтан Чажа өзненіне келіп қосылады.

Текелі - өнеркәсіптік қала. Қала кәсіпорындарында –мәр-мәр мен әк ұнтағы, құрылыс кірпіші, сыра ашытқысы, габбро мен шунгит, мәр-мәр өндіру мен қайта шығарылады.

Қала табиғи - климаттық аймақта, су ресурстары мен құнарлы жерлерде орналасқан.



Бағыттар

  • Экономиканы дамыту.

  • Әлеуметтік саланы дамыту.

  • Қоғамдық қауіпсіздік пен құқұқтық тәртіп.

  • Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын дамыту.

  • Экология мен жер ресурстары.

  • Мемлекеттік қызметтер.

Мақсаттар

  • Жоғарытехноллогиялық, экспортқа бағдарланған өндірістерді құрып, индустрияалды инновациялық даму арқылы өнеркәсіптегі құрылымдық қозғалыстар;

  • Агро өнеркәсіп кешені субъектілерінің бәсекеге қаблеттілігін жоғарлату үшін жағдай жасау;

  • Шағын және орта кәсіпкерлік пен сауданы дамыту;

  • Инвестиция тарту мен инновацияны дамыту;

  • Білім сапасының қол жетімділігін, балалардың заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету. Мемлекеттік жастар саясатының тиімділгін жоғарылату;

  • Халықтың денсаулығын жақсарту;

  • Халықты жұмыспен қамту мен азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру;

  • Кедейлікті төмендету және халықтың осал топтарының әлеуметтік қорғау, сондай-ақ халық үшін әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін және сапасын жоғарлатуды қамтамасыз ету;

  • Қалада отандық мәдениетті көпшілікке тарату;

  • Бұқаралық спортты және туризм индустриясын тұрақты дамыту;

  • Үш тілділікті дамыту;

  • Қоғамдық қауіпсіздік пен құқұқтық тәртіпті қамтамасыз ету;

  • Жеке тұлғалар мен ұйымдардың күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануға көшуге жәрдемдесу;

  • Құрылысты дамыту;

  • Көлік инфрақұрылымын жетілдіру;

  • Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын дамыту;

  • Аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту;

  • Мемлекеттік органдардын жергілікті басқару қызметінің тиімділігін арттыру.

Нысаналы индикаторлар

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі 2020 жылы – 112,3 % құрайды;

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі – 113,6% құрайды;

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі 2020 жылы – 109,5 % құрайды;

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді малбасының үлесі 2020 жылы – 34,8 %, ұсақ қара мүйізді малбасының үлесі – 13,0 % құрайды;

Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі 2020 жылы – 0 % құрайды;

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерлерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі 2020 жылы – 85,0 % құрайды;

Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі 2020 жылы – 104,5 % құрайды;

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 2020 жылы – 114,3 % құрайды;

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі 2020 жылы - 6,0 % құрайды;

Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда) өсуі 2020 жылы– 118,5 % құрайды;

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 2020 жылы – 15,3 % құрайды;

Жалпы өнірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнім үлесінің ұлғаюы 2020 жылы – 2,4 % құрайды;

Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны 2020 жылы – 0 құрайды;

Жаратылыстану - матиматика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы / жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі 2020 жылы – 58,8 % құрайды;

Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы 2020 жылы– 47,0% құрайды;

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2020 жылы – 100% құрайды, оның ішінде – 20% жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен;

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14 - 29 жастағы тұғындардың қанағаттанушылық деңгейі 2020 жылы– 85,5% құрайды;

100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар өлім – жітімін төмендеуі 2020 жылы – 0 % құрайды;

1000 тірі туылғандарға шаққандағы балалар өлім – жітімін төмендеуі 2020 жылы – 7,3 % құрайды;

100 мың тұрғынға шаққандағы жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулардан болатын өлім – жітімді төмендеуі 2020 жылы – 73,6% құрайды;

Жұмыссыздық деңгейі 2020 жылы– 4,7% құрайды;

Жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 2020 жылы – 86,0% құрайды;

Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі 2020 жылы– 60,5% құрайды;

Жергілікті атқарушы органдар шешімімен рұқсат берілген шетелден тартылатын жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлесі (шетелдік жұмыс күшін тартуға квотв бойынша) 2020 жылы – 100,0% құрайды;

Жастар (15-28жас) жұмыссыздығының деңгейі 2020 жылы – 2,2 % құрайды;

Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі 2020 жылы – 4,2 %;

Жұмыспен қамтуға көмек сұраған еңбекке қабілетті жастағы мүгедектердің жұмыспен қамтылуы 2020 жылы – 5 адамды құрайды;

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі 2020 жылы – 27,0 % құрайды;

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) 2020 жылы – 99,2% құрайды;

Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі 2020 жылы - 2,3% құрайды;

1000 адамға шаққандағы мәдениет (кітапхана) ұйымдарына келушілердің орташа саны 2020 жылы – 23 адамды құрайды;

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардын қамтылуы 2020 жылы – 30% құрайды;

Балалар мен жас өспірімдер жалпы санына қатысты 7ден 18 жас аралығында балалар – жас өспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдердін қамтылуы 2020 жылы – 17,7% құрайды;

Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер) 2020 жылы - 106,4 % құрайды;

Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес) 2020 жылы - 0 % құрайды;

Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек - тәулік санының өсуі 2020 жылы – 101,7% құрайды;

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2020 жылы– 94% құрайды;

Ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2020 жылы– 13,8% құрайды;

Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2020 жылы –12,0% құрайды;

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 2020 жылы 10,0% құрайды;

100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санының төмендеуі 2020 жылы– 2,0% құрайды;

Жас өспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы 2020 жылы -3,0% құрайды;

Бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы 2020 жылы– 27,0% құрайды;

Төтенше жағдайларға қарсы іс –қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі 2020 жылы - 87,5 % құрайды;

100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы 2020 жылы - 15,5% ;

Интернетті пайдаланушылардың үлесі 2020 жылы– 20,0% құрайды;

Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі 2020 жылы – 80% құрайды;

Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі 2020 жылы– 103,0% құрайды;

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2020 жылы – 5,3 мың ш.м. құрайды;

Әлеуметтік көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі 2020 жылы– 50,0% құрайды;

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2020 жылы– 87,7 % құрайды;

Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі 2020 жылы– 0,0 % құрайды;

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету 2020 жылы– 2,1 % құрайды;

Қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 2020 жылы 100 %, су бұрумен жабдықтауға – 53,2% құрайды;

Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 2020 жылы 100 %, су бұрумен жабдықтауға қолжетімділік – 20,7 % құрайды;

Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі 2020 жылы: жылумен жабдықтау – 88,5% құрайды;

Орман шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлем индексі 2020 жылы– 0 құрайды;

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған алқап ауданы 2020 жылы – 0 мың га.құрайды;

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан , мемлекеттік орман қоры ауданында 1 орман өртінің орташа ауданы 2020 жылы – 0 мың га. құрайды;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту 2020 жылы - 0% құрайды;

Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі 2020 жылы– 0%;

Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі 2020 жылы – 0% құрайды;

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру 2020 жылы– 91,1% құрайды;


Қажетті

ресурстар

Қажетті ресурстар:

2016 ж. – 5693,8 млн. теңге

2017 ж. – 3335,1 млн. теңге

2018 ж. – 1979,4 млн. теңге

2019 ж. – 3752,5 млн. теңге

2020 ж. – 2350,0 млн. теңге

Барлығы: 17110,8 млн. теңге.



2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.1.1. Экономиканы дамыту

Текелі – өнеркәсіптік қала, бұл жерде 36 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Ондағы негізгілері «Казцинк-ТЭК» ЖШС энерго комплексі, «Көксу» ЖШС Тау-кең компаниясы, ашытқы өндір бойынша «Суффле Қазақстан ащытқы зауыты» болып табылады.

Қалада 2 ірі, 3 орта және 20 шағын өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді. Қала кәсіпорындарында: мәрмәр және әк ұнтағы, құрылыстық кірпіш, сыра ашытқысы, тоқыма бұйымдары өндіріліп, мәрмәр, табиғи тас пен шунгит шығарылып өндіру мен өңдеу жүзеге асырылады.

Қала су ресурстары мен құнарлы жерлері бар табиғи-климаттық қолайлы аймақта географиялық орналасқан.

Пайдалы қазбалардың анағұлым қоры (мрамор, шунгит, табиғи тас және басқалары) құрылыстық шикізат пен құрылыстық материалдардың кең мөлшерде өндіруіне септігін тигізуде.

Қаланың табиғи ресурстары (таулы көлдер, өзендер, сарқырама, таулар және басқалар) туризмнің дамуына қолайлы жағдайлар туғызуда.

Барлық жағдайлар өндіріс көлемін арттыру мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталуда.

2012 жылдан қаламыз 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасына кіргізілді. Қаланың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді даму бағдарламасы әзірленіп облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 24 қазандағы №9-64 шешімімен бекітілді. Облыстық мәслихатың 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №40-228 шешімімен Кешенді даму жоспары өзектендіріліп, 2015-2017 жылдарға арналған Кешенді даму жоспары бекітілді.

Сонымен қатар қала экономикасының дамуын тоқтататын және қолда бар шаманы толығымен қолдануға мүмкіндік бермейтін бірқатар келеңсіз жағжайдар да бар.

Көпшілік кәсіпорындардың негізгі өндірістік қорларының әлдеқашан ескіруі және жаңа технологиялық жабдықтармен жарақтандыруларының төмендігі энерго-еңбек-материал сиымдылығының өсуіне соқтырып, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

Ауыл шаруашылығында ірі шаруашылықтың жоқтығы және жер көлемінің шағындығы ірі көлемдегі селекциалы-тайпалық жұмыстарды жүргізу мен өндірістің механизация және автоматизация поцестерін, жаңа технологияларды кең көлемде пайдалануға мүмкіндік бермеуде.

Қаланың негізгі стратегиялық бағыты болып табылатын туризмді дамытуға туристік инфрақұрылым мен туризмді сапалы дамыту үшін коммуникацияның (туризм нысандарына алып баратын жолдардың жағдайы, сервистік қызмет деңгейінің төмендігі және кәсіпқой мамандардың болмауы) жоқтығы кедергі жасауда.



Өнеркәсіп

2014 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 11376,3 млн. теңгеге жетті немесе 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 21,3 пайызға өскен. Нақты көлем индексі 101,1 пайызды құрады.

Өндірістік өнеркәсіп құрылымының 65,8 пайызы өңдеуші өнеркәсіпке, 22,8 пайызы су, газ, электр қуатын өндіру мен үлестіруге, 11,4 пайызы тау-кен өндіру саласына келеді.

Қаланың облыстық өнеркәсіп өндірісіндегі үлес салмағы 2,1 пайызды құрады.

Қалада жұмыс істеп тұрған 25 өндірістік кәсіпорындар бар, оның ішінде 2 - ірі, 3 - орта, 20 - шағын кәсіпорындар.

Қаланың қала құрушы кәсіпорындарының қатарына 3 кәсіпорын жатады: «Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ, «Казцинк-ТЭК» ЖШС, «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» ЖШС.


Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

2014 жылы 1301,8 млн. теңгеге өнім өндіріліп, 2012 жылмен (1194,3 млн.теңге) салыстырғанда 107,5 млн. теңгеге артық өндірілген. Тау-кен саласының өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 2012 жылдың 12,7 пайызынан, 2014 жылы 11,4 пайызға төмендеді.

Қалада «Алатау мрамор» ЖШС, «Колоннада» ЖШС, «Шарықтас» ЖШС, «Мрамор Тас» ЖШС, мрамор өндіру, мрамор ұнтағы мен мраморлы кесек тас шығару бойынша «ART-KZ» ЖШС және табиғи шунгит өндіру бойынша «Көксу» тау-кен компаниясы» ЖШС сияқты кәсіпорындар жұмыс істеуде.

Жер қойнауында көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды пайдалану бойынша келісім-шарт негізінде 7 кәсіпорын қызмет жасайды.

Перспективті инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы кен өнеркәсібі өнімінің көлемін арттыру жоспарлануда.

«Bapy Mining» ЖШС-нің жылына қуатылығы 300-400 мың тоннаны құрайтын «Инновациялық технологиялар бойынша темір кенін шығару және өңдеу арқылы шойын өндірісі» «зәкірлі» жобасын іске асыру жалғасуда. Аталған жоба Алматы облысының аймақтық Индустрияландыру картасына енгізілген. Жобаның жүзеге асырылынан бастап 3944,5 млн. теңге игерілген.


Өндеу өнеркәсібі

Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көлемі 7485,7 млн. теңгені құрады, ол 2012 жылмен (6133,5 млн. теңге) салыстырғанда 22,0 пайызға артық.

Қаланың өндеу өнеркәсібіндегі негізгі өнеркәсіп «Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ-ы болып табылады. Кәсіпорын республика бойынша жалғыз ашытқы өндірушісі болып табылады, оның өндіріс қуатылығы жылына 80,0 мың. тоннаны құрайды. 2014 жылы кәсіпорынның өндіріс көлемі 5858,1 млн. теңгені құрап, қаланың өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 51,4%-н құрады.

2011-2014 жылдары аралығында өнеркәсіпте 7 жаңа өндірістік кәсіпорындардың іске қосылуынан 117 жаңа жұмыс орыны, істеп тұрған кәсіпорындардың өндірісін кеңейту арқылы қосымша 120 жұмыс орыны құрылды.

Текелі қаласында бизнестің инвестициялық және кәсіпкерлік белсенділігін арттыру үшін «Достық» өнеркәсіптік алаңын құру жұмыстары жалғасуда.

«Достық» өнеркәсіптік алаңында инженерлік – транспорттық инфрақұрылымының технико – экономикалық негіздемесінің жобасы мемлекеттік сараптаманың қарастырылуында.

Экспортқа бағытталып жұмыс істейтін кәсіпорындар: «Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ, «Колоннада» ЖШС және «Көксу» тау-кен компаниясы» ЖШС.

Бірнеше жаңа кәсіпорындар бәсекеге қабілетті өнім шығарады:

«Каскад» ЖШС-гі құрылыс материалдарын дайындауда қолданылатын құрғақ құрылыс қоспалары мен каралит өндіруді игерді.

«Альфа-Микс» ЖШС-сі жоғары сапалы құрғақ құрылыс қоспаларын және эмульциялы бояудың 12 түрін шығарады.

«Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ өз өнімдерін ТМД елдеріне: Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстанға жеткізеді.

«Көксу» тау-кен компаниясы» ЖШС-і Қазақстандағы жалғыз шунгит шикізатын өңдеуші кәсіпорын, таурит өндірушісі болып табылады. Кәсіпорынның өнімі негізінен шина өндіруге қолданылады. Өнімдер Украина зауыттарына (Rosava, Днепропетровск), Беларусия (Белшина), Ресей шина зауыттарына (Кардиант Холдинг, Омск шинасы және т.б), сонымен қатар Ресейдің тежегіш колодкаларын шығаратын зауыттарына жеткізіледі.

«Колоннада» ЖШС мәрмәр өнірумен және қайта өңдеумен айналысады. Кәсіпорында жеке өзінің «Текелілік-2» жер қойнауы әкті карьері бар. Бұл карьердің басқа әкті жер қойнауларынан басты айырмашылығы, өнімді әйнек өндірісінде қолдана алу мүмкіндігінде. Кәсіпорын өнімі Алматы әйнек зауыты мен Ресейдің Томск әйнек зауытына экспортталады.

Өнімнің бәсекеге қаблеттілігін арттыру мақсатында, кәсіпорын жыл сайын «Қазақстанның үздік тауарлары» сынына қатысады.



Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Мықты жақтары:

  1. Қалада республика бойынша жалғыз сыра ашытқысын өндіретін зауыт жұмыс істейді.

  2. Құрылыс индустриясын дамытуға мәрмәр мен табиғи тастың мол қоры бар.

3. Индустриялық аймақ пен өнеркәсіптік алаңдар құру

4. Моноқалалардың өнеркәсіптік кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау..



Мүмкіндіктері:

1. Кең таралған пайдалы қазбалардың айтарлықтай қоры негізінде құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытудың келешегі.

2. Шағын өзендерде электр күші станцияларын дамыту болашағы, жаңартылатын энергия көзі.

3. Жобаланған «Достық» өнеркәсіптік алаңында жаңа өндірістерды жайластыру мүмкіндігі.



Әлсіз жақтары:

1. Қаланың географиялық орналасуы тұйықта болу салдарынан, транзиттік әлеуеттінің болмауы.

2. Кәсіпорындардың көбінің өндіріс қорларындағы негізгі құрал-жабдықтарының ескіруі, технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталуының төмендігі.

3. Электр қуаты тарифінің жоғарлығы.



Қатерлері:

1. Өңдеу саласының еңбек, электр қуатын, материалдар тұтынудың өсуі салдарынан өнімнің бәсекеге қаблетсіздігі

2. Әлемдік нарықтағы жағдайдың нашарлауы отандық өнімдерге сұраныстың әлсіреуі мен өнеркәсіптік өндірістің төмендеуіне әкеп соғады.


Негізгі күрделі мәселеллер:

  • Кәсіпорындардың көбінің өндіріс қорлары негізгі құрал-жабдықтарының ескіруі, технологиялық құрал - жабдықтармен жабдықталуының төмендігі;

  • Өндірілген тауарды өткізетін нарықтың қысқаруы мен сұраныстың азайуы; Қазақстан нарығындағы қытай, орыс және басқа шетелдік өндірушілерінің өнімдерінің көпжылдық үстемдік ету салдарынан бәсекеге қабілетті өнім шығаратын кәсіпорындардың республиканы қамтамасыз етуі жүйесін жолға қоюды тежеуде.

  • Өндірістің бар қуаттылығының пайдаланылмауы;

  • Салаға тартылған инвестициялардың тұрақты болмауы;

  • Электр қуаты тарифтерінің жоғары болуы.


Ауыл шаруашылығы

Қалада 59 шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

2012-2014 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 62,0% өсіп, 2340,8 млн. теңгені құрады. Өсімдік шаруашылығы 66,7 % және мал шаруашылығы 33,3 % құрайды.

2014 жылы қаланың ауыл шаруашылығын қолдауға мемлекеттік бюджеттен 3,7 млн. теңге қаражат бөлінді.



Өсімдік шаруашылығы

Өсімдік шаруашылықтың негізнен - дәнді дақылдарды, майлы дақылдарды, мал азығын өндеу және де картоп, көкөніс, жеміс-жидек өндіруге маманданған. Негізінде техникалық дақылдар, картоп, көкөніс және майлы дақылдар (май бұршақ) өсіріледі, жеміс шаруашылығы дамытылуда.

Майлы дақылдарының егістік алқаптары 2014 жылы 113,1 га құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 67,1 га көбейген.

Картоп және көкөністің егістік алқаптары 2012 жылы 305 га құрап, 2014 жылда айтарлықтай өзгермей 304 га құрады.

2014 жылы 5660 тонна картоп және көкөніс дақылдары өндіріліп, 2012 жылдан 396 тоннаға көбейген.

2012-2014 жылдары 5 га жеміс көшеттері отырғызылып, барлық көпжылдық көшеттер 209 га. құрады.

Ауа райының жайлылығы жеміс шаруашылығының дамуына мүмкіндік туғызуда. Жыл сайын жеміс жидек екпелері көбеюде. 2014 жылы «Апорт» бағдарламасы бойынша «Каженов Е.» шаруа қожалығымен 8,7 га алма ағаш егілген. 2016 жылы көлемі 10 га болатын «Апорт» сортты алма-бағын отырғызу жоспарланған.

Қалада қияр өндірумен айналысатын, аумағы 5,65 га. жылыжай қызмет етеді, 2106 жылы қосымша 4,0 га. жылыжай кешенінің құрылысы жоспарланған.

Қала халқының көп еместігіне байланысты, көкөніс өнімдерін сыртқа шығарылып, Алматы қаласы мен Алматы облысының және Қазақстан Республикасының өзге аймақтарына азық-түлік белдеуінде сату арқылы іске асырылатын болады.

Жемістер мен көкөністерді сақтау үшін қажетті база бар . Қалада жалпы сыйымдылығы 500 тонналы 5 картоп сақтайтын қойма жұмыс істейді.

2014 жылы жанар-жағармай мен басқа да материалдық құндылықтардың бағасын түсіру үшін шаруа қожалықтарына 3,1 млн. теңге субсидия бөлінді. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау бойынша «Green House - Зеленый дом» ЖШС-гі қорғалған топырақ жағдайындағы көкөнiс дақылдарының екі дақыл айналымына 29,6 млн.теңге субсидия алды. Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағар май материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау бойынша 1,1 млн. теңге субсидия алды.

8,73 га. жерге «Апорт» сортты алма отырғызу, жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялауға «Каженов» шаруа қожалығы 4,7 млн. теңгеге субсидияланды.

Сүт өндіру және өткізу бойынша «Алексеев» шаруа қожалығы 3,1 млн. теңгеге субсидияланды.

Бөлінген бюджеттік субсидиялар ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілеріне өндіріс көлемін өсіруге және ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын арттыруға көмектесті.


Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы сүтті мал шаруашылығымен, қой шаруашылығымен, өнімді жылқы шаруашылығымен және құс шаруашылығымен ұсынылған.

Мал және құс саны, мал шаруашылық өнімінің өндірілуінің өсуі орнақты тенденцияға жетті.

Қой және ешкі 4520 басты құрады немесе 23,3% көбейді; сәйкесінше жылқы басы 2,6% немесе 314 басқа көбейді.

2012 жылмен салыстырғанда ірі қара мал 229 басқа көбейіп, 3429 мал басын құрады, сәйкесінше құстар 213 басқа көбейіп, 53,4 мың басты құрады.

2012 жылмен салыстырғанда шошқа басы 50 пайызға азайып, 550 басты құрады, себебі жем бағасының өсуімен қала тұрғындары шошқа ұстауды азайтты.

Ірі қара, қой мен ешкі, жылқы және барлық құстардың саны халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында ұсталынады, қалған ауыл шарушылық малдарының саны ауыл шаруашылық кәсіпорындарда ұсталынады.

Ет өнімділігі (таза салмағы бойынша) 2,4 пайызға өсіп, 980 тоннаны құрады. Жұмыртқа мен сүт өнімділігі 2012 жылғы деңгейде қалды: жұмыртқа- 1320 мың дана және сүт - 3186 тонна.

Сонымен қатар, мал шаруашылығы өнімінің артуы негізінен малдың өнімділігінің өсуінен емес, оның санының көбеюіне байланысты. Соңғы бес жыл ішінде 1 сиырдың орташа сүт сауымы айтарлықтай өзгермей 2400 кг құрады, сәйкесінше жұмыртқалайтын 1 тауық беретіні орташа алғанда 226 дана жұмыртқаны құрады.

Жемшөптік базасынның негізін табиғи жайылым мен пішендік жерлер, жемшөп өндіру танабы құрайды.

Жайылым алаңы 1401 га, пішендік жер алаңы 69 га, көпжылдық дақылдар алаңы (жеміс ағаштары) 299 га құрайды.

2014 жылы 10700 тонна пішен дайындалған, оның ішінде өнімділігі 25,6 центнер көрсеткішпен, көпжылдық дақылдардың 149,5 га алаңынан 386 тонна пішен жиналған, табиғи пішендіктерден 10314 тонна пішен жиналған.

«Асыл» асыл тұқым орталығымен бірлесе отырып ірі қаралардын құрамын асылдандыру бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізілуде, осы мақсатта ірі қараларды ұрықтандырудың 2 пункті жұмыс істейді. 2014 жылы 1285 бас сиыр мен құнажын ұрықтандырылды.

Қайта өндеу

Ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуді келесідей кәсіпорындар жүзеге асырады:

-Сыра ашытқысы зауыты «Суффле Казахстан ашытқы зауыты» АҚ жылына қуаттылығы 80 мың тонна ашытқы өндіреді. Дайын өнім мен шикізат сапасын арттырған жағдайда ашытқыны өндіруді көбейтетін мүмкіндік бар.

Сүтті қайта өндеумен қуаттылығы жылына 227 тонна болатын «Текели ГМЗ» ЖШС-гі жүзеге асырады. 2014 жылы қайта өндіру деңгейі 10,4% құрады.

Сақтандыруға жататын қысқы және көктемгі дақылдар орташа алғана 3 жылда 100% сақтандыру компанияларымен қамтылды.
Саланың даму жағдайына SWOT – талдау


Мықты жақтары:

  1. Жер және су ресурстарымен қамтылуы;

  2. Органикалық өнімдерін экспорттау және өндіруінің жоғары потенциалы;

  3. Елеулі мемлекеттік қолдау.

Әлсіз жақтары:

  1. Замануи агротехникалық білімдерін тарату дәрежесінің төменділігі;

  2. АӨК субъектілерінің пайдалылық дәрежесінің төменділігі;

  3. Қаржыландыру мен сақтандыру жүйелерінің тиімділігі.

Мүмкіндіктері:

  1. Саладағы мемлекеттік қолдаудың тиімділігін қалыптастыру;

  2. АӨК-нің бірқатар саласындағы импортты алмастыру мен экспорттық әлеуетін асыру;

Қатерлері:

  1. Табиғи-климаттық жағдайдың жағымсыз өзгеруі;

  2. Ішкі/сыртқы баға жағдаяттың нашарлағанымен шартталған макроэкономикалық тәуекел;

  3. ДСҰ мен КО кіруге байланысты халықаралық нарықтағы бәсекелістіктің артуы;

  4. Табиғи ортаның ластануы, өсімдіктер мен жануарлар ауруларының тарауы.


Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі мәселелері:

  • Заманау технологияларды кеңінен пайдалану және ғилыми зерттелген ауыспалы егіс жерлерін қарастыру үшін, өсімдік шаруашылығына арналған жер үлесінің аздығы;

  • Ауыл шаруашылығы техникасының тозуы 80 % асады. Ауыл шаруашылық өндірушілердің шағын болуынан, жаңа техника сатып алуға мүмкіндік жоқ;

  • Жазғы-күзгі мерзімдерде ауыл шаруашылығында малдарды жаю жерлерінің жетіспеушілігі.

2016-2020 жылдарға АӨК дамыту басымдылықтарын іріктеудің негізгі өлшемдері болып Текелі мен Алматы қалаларының ішкі нарығындағы импортты алмастыру болып табылады, сүтті және етті мал шаруашылығын, қарқынды бақша шаруашылығын, жылыжай шаруашылығын дамытудың кластерлі топтамасы қажет.


Шағын және орта кәсіпкерлік

Қала экономикасының дамуының басым бағыттағы әлеуеті шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады.

2014 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілері 919 бірлікті құрады, оның ішінде шағын бизнес кәсіпорындары (заңды тұлғалар) - 107 бірлік, жеке кәсіпкерлер - 754 бірлік, шаруа (фермерлік) қожалықтар - 58 бірлік. Белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2012 жылмен (876) салыстырғанда 4,9 %-ға жоғары. Шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 2087 адамды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға жоғары.

2014 жылы шағын кәсіпорындармен және жеке кәсіпкерлермен көрсетілген қызмет және өңдірілген өнім көлемі 1637,6 млн теңгені құрап, 2012 жылмен (1545,6 млн. теңге) салыстырғанда 6,0 %-ға артық.

Бюджетке шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен түсімдер – 261,5 млн. теңгені құрап, 2012 жылдың деңгейінен 9,2 % - ға артық (2010 жылы 239,4 млн. теңге).

2014 жылы шағын кәсіпкерлікте 200 жаңа жұмыс орындары құрылды.


Кесте 1. Қаладағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшеу бірлігі

2012

2013

2014

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны

өл.б

1447

1521

1579

Белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны

өл.б

876

930

919

Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің ішінен белсенділердің үлесі

%

60,5

61,1

58,2

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны

адам саны.

1995

2058

2087

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім

млн. теңге

1545,6

1583,7

1637,6

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру үшін қала әкімдігімен белгілі жұмыстар атқарылуда.

2012-2014 жылдар аралығында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 27,5 млн. теңгеге 4 жоба несиеленді.

11,1 млн. теңгеге 2 жоба банк несиелерінің кепілдендірілуін алды.

621 жеке кәсіпкерлік субъектілеріне 1092 сервистік қызмет көрсетілді.

2013-2014 жылдар аралығында моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті дамыту үшін банк кредиттерінің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға 774,8 млн. теңгені құрайтын 16 жоба субсидияландырылды. республикалық бюджеттен 25,0 млн. теңгеге мемлекеттік гранттар бөлініп, 9 жобаға берілді. Өзін - өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз халыққа шағын несие беруге республиклық бюджеттен 146,2 млн. теңге бөлініп, 69 шағын несие берілді.


2.кесте «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қаржылай қолдау алған жобалардың саны

Қолдау тетіктері

2012

2013

2014

Үш бағыт бойынша субсидиялау,

1

2

1

Кепілдендіру

0

0

2

Гранттар

0

0

0

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

0

0

0

2011 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының 4- бағыты аясында «Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау» іске асырылуда


3.кесте. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында оқытуға қатысушылардың саны.

Қолдау тетіктері

2012

2013

2014

Бизнес Кеңесші 1

69

98

125

Бизнес Кеңесші 2

3

4

6

Топ-менеджментті оқыту

3

3

5

Іскерлік байланыстар

3

4

4

Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдаудың «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында 2011-2014 жылдары тұрғындар мен жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған «Кәсіпкерліктін жедел курстары» семинар-тренингтерінен 292 сертификат табысталды.

«Бизнес – Кеңесші - 2» жобасымен 13 кәсіпкер оқудан өтті.

«Іскер байланыс» жобасымен қала кәсіпорындарынан 11 адам бизнес - оқудан өтті.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің басшылық лауазымдарынан 12 адам топ - менджмент оқуынан өтті.

«Аға сеньорлар» компонентін іске асыру аясында қызметкерлерді оқытып, құрал - жабдықтар мен өндіріс технологияларын басқарудың жаңа әдістерін енгізу үшін кәсіпорынға Канададан жоғары білікті маман тартылды.


Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Мықты жақтары (S)

  1. Моноқалалардағы шағын және орта бизнесті мемлекеттің қолдауы

  2. «Даму» КҚҚ, Кәсіпкерлер палатасы мен әкімшілік арасындағыт белсенді жұмысы.

Мүмкіндіктері (O)

  1. Шағын және орта бизнестің белсенділігін арттырудың факторы ретінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы және басқа да бизнесті қолдау бағдарламасын жүзеге асыру;

  2. Жаңа бизнес бастамалар мен экспортқа бағытталған өндірістерді мемлекеттің қолдауы;

  3. «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында моноқалалардағы шағын және орта бизнесті қолдау шаралары;

Әлсіз жақтары:(W)

  1. Қаржы-несиелік ресурстардың қол жетімді болмауы, яғни жаңа ісін ашуға ниетті азаматтардың сұралған несие сомасын қанағаттандыру үшін кепілдеме мөлшерің жеткіліксіз болуына байланысты, бизнесін ұйымдастыра алмауы;

  2. Шағын және орта кәсіпкерліктің өнеркәсіптік өндірістегі белсенділігінің төмендігі:

Қатерлері (T)

  1. Шағын және орта бизнесті қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілумеуі.

  2. Шағын және орта бизнес тауарлары мен қызметтеріне сұранысты ұлғайтуға халықтың төлем қабілетінің төмендігі кедергі болуда.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізгі күрделі мәселелер:

- шағын және орта кәсіпкерліктің өнеркәсіптік өнім өндірісіндегі белсенділігінің төмендігі;

- ішкі сауда инфрақұрылымының даму деңгейінің жеткіліксіздігі;

- қаржы - несиелік ресурстардың қол жетімді болмауы, яғни жаңа ісін ашуға ниетті азаматтардың сұралған несие сомасын қанағаттандыру үшін кепілдеме мөлшерінің жеткіліксіз болуына байланысты, бизнесін ұйымдастыра алмауы.


Сауда мен қызмет көрсету саласы

Бөлшек сауда айналымы 2014 жылы 3469,2 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен (2760,3 млн. теңге) салыстырғанда 25,7 пайызға өсті. Бөлшек саудада тауар айналымының нақты көлем индексі 102,3% құрады.

Сауда мен қызмет көрсету саласында 326 нысан соның ішінде: 213 сауда нысаны, 80 тұрмыстық және сервистік қызмет нысаны, 32 қоғамдық тамақтандыру нысаны және 1 базар жұмыс істейді.

2014 жылы 10 жұмыс орнына арналған 4 жаңа нысан қосылды, оның ішінде 2 сауда нысаны, 1 тұрмыстық қызмет көрсету нысаны, 1 қоғамдық тамақтандыру нысаны.



Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Мықты жақтары (S)

  1. Облыс орталығы Талдықорған қаласының тұтұну нарығына жақын орналасуы;

  2. Қалада сауда мен халықты жұмыспен қамту көлемін дамытудың оң динамикасы;

  3. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бөлшек саудадағы бағасына мониторинг жүргізу жүйесінің құрылуы.

Мүмкіндіктер (O)

  1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында және ҚР 2020 жылға дейінгі қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасы бойынша бөлшек сауда үшін мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану;

  2. Халық санын арттыруға ыңғайлы жағдай жасау мен сауда саласына жоғары санаттағы мамандарды тарту;

  3. Жаңа өндірістерді дамытумен негізделген жұмыспен қамтылудың ұлғайю мүмкіндіктері;

Әлсіз жақтары: (W)

  1. Қаланың географиялық орналасуы тұйықта болуы салдарынан, транзиттік әлеуеттінің болмауы;

  2. Өздігінен жаппай сауда жасаушылар, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету саласынаң заңнамалық кемшіліктері мен құқұқтық актлерде кәзіргі заманғы терминологияның жоқтығы;

  3. Қаланың бөлшек сауда саласына инвестицияның әлсіздігі.

Қатерлері (T)

  1. Азық-түлік тауарлары мен оларды өндіретін шикізаттың сырттан әкелудегі жоғарғы тәуелділік, облыстың азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді;

  2. Бөлшек сауда базарларындағы көлеңкелі тауар айналымының өсуі;

  3. Бәсекеге қабілеттілігі төмен Ескірген сауда форматтарын сақтау.

Сауданы дамытудың негізгі күрделі мәселелері:

  • сауда қызметін реттеудің заңнамалық әлсіз қамтамасыз етілуі;

  • бөлшек сада базарларында көлеңкелі тауар айналымының жоғарылығы;

  • ішкі сауда инфрақұрылымының даму деңгейінің жеткіліксіздігі.


Инвестиция және инновация

Инвестициялық қызмет

2014 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 4313,2 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 157,1% құрады. 2011 жылмен (2853,7 млн. теңге) салыстырғанда инвестиция көлемі 51,1% көбейді.



Жалпы инвестиция көлемінің 2036,5 млн. теңгесін немесе 47,2% бюджеттік емес инвестициялар құрайды, сонын ішінде кәсіпорынның қаражаттары 1047,8 млн. теңгені, банк несиелері 675,0 млн. теңгені және басқа да қарыз қаражаттары 313,7 млн.тенгені құрады. Республикалық және жергілікті және бюджеттердің қаражаттары 2276,7 млн. теңгені құрады.


Негізгі капиталға салынатын инвестцияның құрылымы




 

 

млн. теңге

Қаржыландыру көзі

Нақты

2012ж.

Нақты 2013 ж.

Нақты 2014 ж.

2014жыл 2012жылбен %-бен

Негізгі капиталға инвестиция - барлығы

1603,7

2640,7

4313,2

2,7 есе

Меншікті қаражат

798,4

285,9

1047,8

131,2

Қарыз қаражаттар

6,8

1610,5

313,7

46,1 есе

Шетелдік инвестициялар

12,2

-

-

-

Банк несиелері

-

-

675,0

-

Бюджет қаражаттары

786,3

744,3

2276,8

2,9 есе

2014 жылы«Иновациялық технологиялар бойынша темір кенін шығару және өңдеу арқылы шойын өндірісі» «зәкірлік» жобасын іске асыру барысында 794,5 млн. теңге инвестиция тартылды.

2015 жылдың соңына дейін «Текели ГМЗ» ЖШС сүт зауытын жаңғырту мен кеңейтуге және «Коринская ГЭС» ЖШС-нің Қора өзенінде қуаттылығы 21,5 МВт СЭС құрылысы есебінен инвестициялар күтілуде.




Сыртқы инвестициялардың динамикасы

 

 

 

млн. теңге

Атауы

Нақты 2012 ж.

Нақты 2013 ж.

Нақты 2014 ж.

2014жыл 2012жылмен %-бен

Сыртқы инвестициялар, млн. теңге

65,0

113,1

75,6

116,3

Инвестициялардың ортақ көлемінен сыртқы инвестицияның үлесі, %

2,1

4,3

1,8

-

Ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуна байланысты сыртқы инвестициялардың динамикасы тұрақсыз, себебі қазіргі заманғы жабдықтар мен технологиялар негізінен сырттан импорталады.


Жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялар


Атауы

Нақты 2012 ж

Нақты 2013 ж

Нақты 2014 ж.

2014жыл

2012жылмен %-бен

Жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялар, мың теңге

53,4

85,7

136,5

2,6 есе

Өсу қарқыны, %

100,0

160,5

159,3

-

2014 жылы жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялар 136,5 мың. теңге немесе 159,3 % құрады, 2012 жылғы (31,6 мың адам халық санымен).



Шикізаттық емес саланың негізгі капиталына инвестициялар (мемлекеттік бюджеттің инвестицияларын қоспағанда).
2014 жылға шикізаттық емес саланың негізгі капиталына инвестициялар (мемлекеттік бюджеттің инвестицияларын қоспағанда) 1885,6 млн. теңгені құрады, бұл негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемінің 43,7%.
Инновациалық қызмет.

Бүгінгі таңда қалада бәсекелстікке қабілетті өнім шығаратын бірнеше кәсіпорындар бар.

«Каскад» ЖШС-гі құрылыс материалдарын дайындауда қолданылатын құрғақ құрылыс қоспалары мен каралит өндіруді игерді.

«Альфа - Микс» ЖШС-гі құрғақ құрылыс қоспаларының және жоғарғы сұрыпты эмульциялы бояудың 12 түрін шығарады.

«Көксу» тау-кен компаниясы» ЖШС-і Қазақстандағы жалғыз шунгит шикізатын өңдеуші кәсіпорын, таурит өндірушісі болып табылады. Кәсіпорынның өнімі негізінен шина өндіруге қолданылады. Өнімдер Украина зауыттарына (Rosava, Днепропетровск), Беларусия (Белшина), Ресей шина зауыттарына (Кардиант Холдинг, Омск шинасы және т.б), сонымен қатар Ресейдің тежегіш колодкаларын шығаратын зауыттарына жеткізіледі. Қытай мен Иран өндірушілерімен келіссөздер жүргізілуде. Жапония өндірушілеріне танысу үшін үлгілер жіберілген.

«Колоннада» ЖШС мәрмәр өндірумен және қайта өңдеумен айналысады. Кәсіпорында жеке өзінің «Текелілік-2» жер қойнауы әкті карьері бар. Бұл карьердің басқа әкті жер қойнауларынан басты айырмашылығы, өнімді әйнек өндірісінде қолдана алу мүмкіндігінде. Кәсіпорын өнімі Алматы әйнек зауыты мен Ресейдің Томск әйнек зауытына экспортталады

Қала кәсiпорындарының инновациялық қызметтiне мониторинг жүргізу бойынша әкiмдiкпен белгiлi жұмыстар жүргiзiлуде. Статистика басқармасымен бiрге шаруашылық субъектiлерінің инновациялық қызметі туралы статистикалық есептiлiк беру сұрақтары бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарға семинар - кеңес өткізілді.
Мемлекеттің индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру.

Өңірлік индустриаландыру картасы аясына қалада 570 жұмыс орнын ашатын, сомасы 10 155 млн. теңгені құрайтын екі жоба енгізілген:

- «Green House - Зеленый дом» ЖШС-нің 3,65 га жылыжай кешенінің құрылысы (1905,0 млн. теңге, 70 жұмыс орны);

- «Bapy Mining» ЖШС-нің «Иновациялық технологиялар бойынша темір кенін шығару және өңдеу арқылы шойын өндірісі» (8 250 млн. теңге, 500 жұмыс орны );

2009-2011 жылдары «Green House - Зеленый дом» ЖШС-нің 3,65 га жылыжай кешенінің құрылысы бойынша жоба жүзеге асырылды.

«Green House - Зеленый дом» ЖШС жаңа жылыжай кешені – бұл соңғы техника үлгісімен жабдықталған жоғары сұрыпты жеміс өндірісі.

2014 жылы сомасы 70,1 млн. теңге болатын 405,2 тоннадан астам қияр өнімі жиналды. 2015 жылдың бірінші егіс айналымында 111,0 млн. теңге болатын 597,1 тонна қияр өсірілді. Екінші егіс айналымы ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған.

2015-2017 жылдар арналған Текелі қаласының кешенді даму жоспары аясында «Bapy Mining» ЖШС-нің «Иновациялық технологиялар бойынша темір кенін шығару және өңдеу арқылы шойын өндірісі» зәкірлі жобасы жүзеге асырылуда.

Жалпы инвестиция көлемі 8250,0 млн. теңгені құрайды, өндіріс қуаттылығы жылына 400 мың тонна шойын өндіру, 500 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Объектінің іске қосылуы 2016 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.

Жобаның жүзеге асырылуынан бастап 3,9 млрд. тенге инвестиция игерілді.


Индустриалық аймақ пен өнеркәсіптік алаңдарды дамыту.

Текелі қаласында бизнестің инвестициялық және кәсіпкерлік белсенділігін арттыру мақсатында «Достық» өнеркәсіптік алаңын құру жұмыстары жалғасуда.

«Достық» өнеркәсіптік алаңына инженерлік – транспорттық инфрақұрылымының техника-экономикалық негіздемесінің жобасы мемлекеттік сараптаманың қарауында.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Мықты жақтары (S):

  1. Табиғи ресурстарды барлық түрлерінің болуы;

  2. Аймақтың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі жоғары;

  3. Моноқалалардың кәсіпорындарына мемлекеттің қолдау көрсетуі;

  4. Индустриялық аймақтар мен өнеркәсіптік алаңдарды құру.

  5. («Жол картасы», «Өнімділік 2020», ИИДМБ, «Жаңартылатын энергия көздерін дамыту», «Экспортшы 2020», «Агробизнес 2020») бағдарламалары аясында жаңа жобаларды жан-жақты қолдау.

Мүмкіндіктері (W):

  1. Ауыл шаруашылығындағы өңдеуді дамытудың болашағы;

  2. Қолда бар табиғи ресурстар мен шикізат негізінде - ауыл шаруашылығы өнімдерін, құрылыс индустриясын, туризм кластерін терең өңдеу жүйесінің кешенді дамытудың мүмкіндігі;

  3. Әлеуметтік серіктестікке, қоршаған ортаны жақсартуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту;



Әлсіз жақтары (O):

  1. Қаланың географиялық орналасуы тұйықта болу салдарынан, транзиттік әлеуеттінің болмауы;

  2. Туристтік инфрақұрылымның әлсіз инвестициялануы;

  3. Әлеуметтік саланы инвестициялаудың төмен деңгейі мен әлеуметтік инфроқұрылымды дамытудың жеткіліксіздігі.

Қатерлері (T):

  1. Дағдарыс кезеңінде республикалық трансферттердің азайтылуы;

  2. Аймақтың сесмикалық белсенділігі;

  3. Білікті кадрлердің жетіспеушілігі;

  4. Азық-түлік тауарлары мен оларды өндіретін шикізаттың сырттан әкелудегі жоғарғы тәуелділік, қаланың азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Негізгі күрделі мәселелер:


  • Қала аумағында бос жер телімдерінің болмауы;

  • Бизнес үшін несиелердің қол жетімсіздігі.


Ауылдық аймақтардың дамуы

Әкімшілік – аумақтық бөлім 1 елді мекенмен Рудничный ауылдық округімен ұсынылған. 2015 жылдың 1 қаңтарына халық саны 1,0 мың адамды құрайды. Халық тығыздылығы 1 шаршы метрге 56,4 адам.

Рудничный селосы даму әлеуеті орта елді мекендер қатарына жатады. Ауылдық округінің 2014-2018 жылдарға арналған Кешенді даму жоспары жасалынды.

Ауылдық округ 100% орталықтандырылған сумен жабдықталған.

Рудничный ауылдық округінде жолдардың жалпы ұзақтығы 28 км құрайды, оның 22,5 км немесе 80,3 % жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Жалпы жолдардың, 4,6 км – асфаль жабынымен, 23,4 км – ұсақ тас төселінген. Оның 4,6 км (16,5%) жақсы жағдайда, 17,9 км. (63,9%) қанағаттанарлық жағдайда, 5,5 км.(19,6%) қанағаттанарлықсыз жағдайда.

2014 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 4,6 км жолға ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

215 жылы жаяу жолдар күрделі жөңделіп, 1040 м асфальт салынды. 329,6 шаршы метр шұңқырларды жөңдеу жүргізіліп, асфальт төселді.

2014 жылы жергілікті өзін – өзі басқаруға қаржылай қолдау көрсету мақсатынд «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында тәулігіне 100-150 нан өнімін шығаратын наубайхананы ашуға грант бөлініп, №7 орта мектепті спорт алаңы жөңделді. Орта мектепте 30 орынға арналған балалар шағын орталығы жұмыс істейді.

2015 жылы тазарту ғимаратына және Рудничный ауылдық округі әкімінің аппаратының ғимаратына күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

Тау шаңғы спорты, парапланеризм, тау туризмі бойынша «Көксу» спорттық – туристік базасын құру үшін алаңы 3,46 га ғимарат сатып алынды.

Ауылдық округте білім және денсаулық сақтау салысының мамандарына қажеттілік жоқ.
Салының даму жағдайына SWOT- талдау:

Мықты жақтары:

  1. 2014-2018 жылдарға арналған Кешенді даму жоспары жасалынған.

Әлсіз жақтары

  1. Сумен жабдық жүйелерінің қаңағатсыздығы.

  2. Электрмен жабдықтау жүйелерінің қанағатсыздығы.

Мүмкіндіктері:

  1. Әлеуметтіксала нысандарының құрылысы, қайта жаңғыртылуы, күрделі жөндеу арқылы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

  2. Елді мекендерде, оның ішінде ауылдық елді мекендерде жас медициналық кадрлардың өз ісіне жол ұстаушылық және елді мекенге байланыстығын ынталандыратын шара әзірлеу;

  3. , Электрмен, сумен жабдық жүйлерінің, жолдардын құрылысы, реконструкциялау, күрделі жөндеу арқылы инженерлік инфрақұрылымды дамыту.

Қауіптері:

  1. Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның қанағатсыз қал жағдайының төмендеуіне себеп.

Негізгі күрделі мәселелер:


    1. Сумен жабдық жүйелерінің қаңағатсыздығы;

    2. Электрмен жабдықтау жүйелерінің қанағатсыздығы.




      1. Әлеуметтік саланың дамуы


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

2014 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 16414 адамды (халықтың жалпы санының 51,9%, Алматы облысы бойынша көрсеткіштің - 53,1%) құрады. 2012 жылмен салыстырғанда экономикалық белсаны 10,3% өсіп, 1539 адамды (2012 жылы 14875 адам) құрады. Сәйкесінше жұмыспен қамтылғандардың саны 2012 жылғы 14075 адамнан 2014 жылы 15450 адамға дейін өскен, немесе 9,8 % (1375 адам). Одан басқа оның табиғи өсуінің арқасында халықтың табанды өсу беталысы сақталып отыр.

Қаладағы жұмыспен қамтылған халықтың негізгі саласы өнеркәсіппен құрылыста.

Қалада нақты жұмыспен қамтылғандардың ішінен өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 31,9% (Алматы облысында – 34,5%) және олар көбінесе сауда мен қызмет саласында жұмыс жасайды. Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 24,6% құрайды.

2014 жылы жұмыссыз азаматтардың саны 964 адамды құрап, жалпы жұмыссыздық деңгейі 2012 жылдың деңгейінде сақталып, 5,9% құрады, жастар жұмыссыздығы - 3,7%-дан 2,4%-ға дейін, әйелдер жұмыссыздығы – 6,5%-дан 5,9%-ға дейін төмендеді.

2015 жылы 300 жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолдама беру: тұрақты жұмыс орындарына, жұмыспен қамтумен кәсіптік оқуларға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне жолдамалар беру, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырулар арқылы жалпы жұмыссыздық деңгейін 5,2% дейін төмендетуді жоспарлануда.

Сонымен бірге ауылдық жерлерде ауылшаруашылық жұмыстарының маусымдық болуына байланысты жұмыс күшінің көбісі өзінің жеке шаруашылығында жұмыспен айналысатындығы, ауыл халқының біліктілік деңгейінің төмендігі, мамандығы бойынша жұмыстардың жоқтығы, бос жұмыс орындарының жетіспеушілік мәселелері сақталуда.

Қорытындысында, еңбек нарығында жұмыс күшін ұсыну мен сұраныс арасында үйлесімсіздіктін болуы, әсіресе жастар, мүгедектер, ұзақ уақыт жұмыс істемегендер, зейнеткерлік алдындағы жастағылар арасында сақталуда. Халықтың жоғарыда аталған категориясын жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары әзірленіп, халықтың осал топтарына нысаналы жұмысты қарастырылған.

2014 жылы жұмыспен қамту сұрақтарымен жүгінгендердің саны 883 адамды құрады (2012 жылы – 880). Оның ішінде жұмысқа орналасқандары 826 адам, жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша жүгінгендерден жұмысқа орналасқан тұлғалар санының үлесі 99,1 % құрады (2012 жылы – 89,4%). 2014 жылы үш пайыздық квота бойынша еңбекке жарамды 63 мүгедектер жұмысқа орналасты (2012 жылы – 13).

Халықтың нысаналы тобынан жүгінгендердің санынан тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі 2012 жылғы 60 %-ға қарсы 61% құрады.

2014 жылы әртүрлі экономикалық салаларда 250 орын ашылды, бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 84 жұмыс орнына көбейген.

Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру аясында соңғы үш жылда облыста жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтылған және аз қамтамасыз етілген азаматтардың санынан 550 адам жұмысқа орналасты. Бағдарламаның жүзеге асырылуынан бастап қажет мамандықтар бойынша 84 адам оқумен қамтылды. Оқуды аяқтағандардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандары 60 % құрады.

Қала бойынша Жұмыспен қамту картасына сәйкес жыл сайын 100 адамдай еңбек ресурстарының көптігі аздап байқалды, осыған байланысты еңбек рыногында жылдардағы қиыншылықтар өспеген және орта есеппен бір жұмыс орнына 2 жұмыссыздар үміткер. Қажет ететін мамандықтар азаматтық және жол құрылысшылары (газ электрмен дәнекерлеуші, әрлеуші, электриктер, сылақшылар, тас қалаушылар, слесарьлар және т.б.), құрылыс саласында және тағы басқалар.

«BAPPY MIING» (инновациялық технология бойынша темір рудаларын қайта өңдеу) ЖШС-не домна пешінің көрікшісі, агломератшы, домна пешінің су құбыршылары, домна пешінің газшысы сияқты мамандықтар қажет.

2012 жылы тек бір ғана кәсіпорын «Солодовенный завод Суффле Казахстан» АҚ шетел жұмыс күшін тартты – өзінің саласында сапасы бойынша білікті маман инженері. Білікті маман тартылған шетел жұмыс күшінің үлесі 100% құрайды. Текелі қаласында 2014 жылы шетел жұмыс күштері тартылған жоқ.

Негізгі күрделі мәселелер:


  • жұмыссыздық сақталуда;

  • өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың саны едәуір қалуда;

  • жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының сәйкессіздігі, жоғары біліммен мамандардың көптігі, білікті жұмысшылардың жоқтығы қиындатуда.


Халықтың өмір сүру деңгейі

Статистикалық мәліметтеріне сәйкес 2014 жылы күнкөріс деңгейінен төмен тұратың халық үлесі 2012 жылғы 2,6%-дан 2014 жылы 2,0 %-ға. төмендеді

Қала бойынша орта номиналдық жалакы 75 мың теңгеден асады.

2012 жылымен салытырғанда МАӘК алушылардың саны 25 пайызға төмендеп, 56 адамды құрады. Жәрдемақы алушылардың талдауы бойынша 65,6 % балалы отбасылар және 10,3 % бала күтімі бойынша демалыстағылар болып табылады.

Кедейшілік шегінен төмен туратын МАӘК алушылардың үлесі 0,23 %-дан 0,2 %-ға дейін төмендеді, МАӘК алушылардың арасынан еңбекке жарамдылардың үлесі 27,1 % құрайды.

2012 жылы 7649,4 мың теңге 18 жасқа дейінгі 634 балаға төленді, 2014 жылы 698 балаға 11768,5 мың теңге төленді. Бала саны өсуі халық санның көбеюіне байланысты.

Тұрғын үй көмегін алушылардың саны 760 адам құрайды.

Қалада 1013 мүгедек немесе жалпы халықтын санынан 3,2 % құрайды. Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі, мүгедек балаларға арналған оңалту кабинеті және жалғыз басты қарттар мен мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін 3 бөлімше жұмыс істеуде.

2012-2013 жылдар аралығында қалада 133 әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрлымдарынан 40 нысан паспортталадырудан өтті.

2013 жылы «Текелі қаласы әкімінің мәдениет үйі». МҚКК пандус жөндетілді.

2014 жылы 9 пандус орнатылды: «Текелі қаласының кәсіптік колледжі», «Текелі қаласының қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесіне, «Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, «Текелі қаласының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне, «Текелі қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына, «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, №8 орта мектебіне, балалар шығармашылық орталығына орнатылды. Пандустар старт талаптарына сай.

2014 жылы мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша жөргектер 82 мүгедекке 35423,9 мың теңге бөлінді (2012 ж.- 46 адам, соммасы - 1783,8 мың теңге). ҰОСҚМ коммуналдық қызметтерге қосымша жеңілдіктер 14 алушыларға 129,7 мың теңге, мерекелік және атаулы күндерге арналған біржолғы материалдық әлеуметтік көмек 27 Ауғаныстан соғысына қатысқандарына 675 мың теңге, Чернобыль АЭС 11 зардап шеккендерге 235,0 мың теңге және 9 Мамыр Жеңіс күнінің 70 жылдығына ҰОСҚМ 13 адамға 3843,406 мың теңге төленген.

Мүгедектердің өмір сапасын жақсарту мақсатында Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша мүгедектерді тасымалдау қызметі «Инватакси» бойынша байқау ұйымдастырылып, «Мойымайтын мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ерекше таңдау-Талдықорған» корпоративтік қоры жеңіп алды.

Арнайы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі бойынша қызмет көрсетіледі, қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы 2012 жылдың 93,2 %-нан 98,3 % өсті.

Жеке сектор субъектілерімен (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) ұсынылатын, арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі 1,7% құрайды.
Саланың дамуы жағдайына SWOT- талдау:

Мықты жақ:

  1. Қалада халықты жұмыспен қамту бойынша Кешенді жоспар жасалды;

  2. Кедейшілік шегінен төмен тұратын қала тұрғындарының азаюы;

  3. Орташа төлемдердің 1,2 есеге көбеюі жеке атаулы көмегінің жігерлігін көрсетеді;

  4. МАӘК алушылардың арасынан еңбекке жарамдылардың үлесі 27,7 пайызынан 27,1 пайызына дейін төмендеді;

  5. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамда интеграцияландыру іс-шараларын жүзеге асыру.

Осал жақ:

  1. Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі;

2. Экономикада кадрлар сұранысын анықтау әдістемесінің жоқтығы;

  1. Тұрақты жұмыс орындарының жоқтығы, әсіресе ауылда;

  2. Медициналық әлеуметтік мекемелерде медициналық арнайы білімі бар кадрлардың кемшілігі;

  3. Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандардың еңбек ақысы төмендігі.

Мүмкіндіктер

  1. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын қолдануы: тұрақты және уақытша жұмыстармен қамту, кәсіптік оқуға, қоғамдық жұмыстарға жолдау, әлеуметтік жұмыс орындарын құру және әлеуметтік көмегін оңтайландыру жоспарын жүзеге асыру.

2. Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқу бағдарламасын жүзеге асыру;

3. Аймақта дайындамайтын мамандықтар бойынша шетел жұмыс күшін тарту;

4. Халықты жұмыспен қамтудың белсенді мемлекеттік бағдарламаларын кеңейту;

5. Жұмыссыз азаматтар және өнімсіз өз-өзін қамтылғандарды жеке кәсіпкерлікке тарту, ауыл тұрғындарына басылым жасау.



Қауіптер

  1. Экономикалық дағдарыстын жағымсыз әсерінен жұмыссыздықтын өсуі;

  2. Қоммуналдық қызметтерге белгіленген бағаның өсуіне байланысты тұрғын үй көмегін алушылардын саны көбееді.

Негізгі күрделі мәселелер:


  • Табыс үлесінің төмендігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет