Даму жоспары



бет3/9
Дата17.07.2016
өлшемі7.97 Mb.
#206017
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Білім беру



Мектепке дейінгі білім беру

Текелі қаласында 4 мемлекеттік балабақша жұмыс істеп, 725 бала қамтылған. 6 шағын-орталықтарда 105 бала тәрбиеленуде.

Топтардың орташа топтасуы 20-25 баланы құрайды. Мұғалімдер саны 89, олардың 15 –і жоғары білікті, 14-і бірінші категориялы мамандар.

2015 жылдың қаңтар айында «Балапан» бағдарламасымен №1 балабақшада қосымша 20 балаға арналған 1 топ ашылды.

2015 жылдың ақпан айынан бастап 65 орынды жекеменшік балабақша іске қосылды.

Бүгінгі таңда 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелермен қамтылуы 2012 жылғы 65 % сәйкес 80,4%, құрады.

Мектепке дейінгі дайындықпен -326 бала қамтылған, бұл 100% құрайды.

2014 жылы №2 балабақша 349,0 млн теңгеге сейсмикалық қүшейтумен күрделі жөндеуден өтті.

Мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамтылуын көбейту үшін 2015 жылдың қыркүйек айында №2 ОМ , №3 ОМ, №7 ОМ базасындағы балалар шағын - орталықтарында 45 баланы қамтитын қосымша топтар ашылды.
Орта білім

Қалада 5876 орынды қамтитын 8 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Онда екі ауысыммен 3641 бала оқиды.

Оқушылар орындарына тапшылық жоқ. Апатты мектептер жоқ.

2014 жылы жаратылыстану-математикалық сала бойынша білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген оқушылардың үлесі 51 % құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 2,8% артық, гуманитарлы-қоғамдық сала бойынша 66% құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 5 % артты.

414 ұстаздың ішінен -364-і жоғары білімді мұғалім, бұл мұғалімдер үлесін 88 % құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 1,1% көп. Олардың ішінен 69- жоғарғы санатты, 119- бірінші санатты ұстаздар.

Математика, физика, бастауыш мектептке орыс тілінде сабақ өткізетін ұстаздар жетіспеушілігі байқалады.

2012 жылы - 11, 2013 жылы - 10, 2014 жылы - 15, 2015 жылы 17 жас мамандар келді.

2012 жылдан 2015 жыл аралығында Кембридж бағдарламасы бойынша 102 – педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, 99-сертификат алды.

Олардың ішінен: 19-I санатты, 22-II санатты, 61-III санатты.

2011, 2012 жылдары №4 орта мектеп 168,9 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтті.

Ағымдағы жылы №3, №4, №5, №8 орта мектептерде асфальт бетонды жамылғылары мен қоршаулары күрделі жөндеуден өтті.

№ 6 орта мектептің ғимараты мен жылыту жүйесі күрделі жөндеуді қажет етеді.

Текелі қаласы бойынша №3 ОМ қаланың барлық мектептерінің оқушылары сауығатын жүзу бассейні қызмет етеді. Қазіргі уақытта жүзу бассейніне күрделі жөндеу қажет (ұл балалар шешінетін бөлме апатты жағдайда).

Қала бойныша балаларды ыстық тамақпен қамту 100% құрайды. Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамтудың үлесі 2012 жылы 60%, 2013 жылы 72%, 2015 жылы 58% құрады.

Оқушыларды жеткізу бойынша 125 бала қамтылып, 3,5 млн. теңге қаражат бөлінді.

2015 жылы оқулықтарды сатып алу мен жеткізуге 26,2 млн. теңге бөлініп, қамтылуы 100% құрады.

2012 жылы оқулықтармен қамтылу - 97%, 2013 жылы 97%, 2014 жылы 97%, ата-аналар есебінен 3% – барлығы 100% құрады.

2014 жылы қамқоршылықта болған балалардың саны – 94 болып, жәрдемақының сомасы 19,3 млн. теңгені құраған, 2015 жылы 83 бала. Жәрдемақы алуға 18,7 млн. теңге бөлінген.

2015 жылы қамқоршылықтағы 7 бала қаланың тұрғын үй коммуналдық қорынан пәтер алды.

2015 жылдың қазан айында 4 бала патронатты тәрбиеге алынып, оларды асырауға 445,0 мың теңге қаражат бөлінді.



Инклюзивті білім беру

Мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпы білім беру қызметінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында №8 ОМ негізінде арнайы сынып жұмыс істейді, онда балалар қосымша бағдарламамен оқиды.

2013 жылдан бастап 6 мектепте 9 штаттық бірлік бөлініп, оның ішінде 6 дефектолог, 3 логопед жұмысқа алынды. Мүмкіндігі шектеулі балалар санынан, инклюзивтік біліммен қамтылған бала саны - 25,9 % . 2015 жылы инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі 75% құрайды.

Ағымдағы жылы үй жағдайында 22 оқушы білім алуда. Оқушыларға интерне желісін қосу үшін 414,0 мың теңге бөлінді.

Білім алу үшін 2012 жылы – 3,3 млн. теңге, 2013 жылы 3,2 млн. теңгеге компьютерлік жабдық алынды.
Қосымша білім беру

Балалардың жеке басын дамыту, маңызды қамтылуын қамтамасыз ету шарттарының бірі қосымша білімді дамыту жұмыстары болып табылады.

Қалада 760 бала оқып тәрбиеленетін балалар шығармашылық орталығы қызмет етеді.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап балалар мен жасөспірімдер туризмі мен өлкетану орталығы қызметін бастап, қосымша біліммен 585 баланы қамтуға мүмкіндік туғызды.

«Алтын чажа» жаздық сауықтыру лагері» МКҚК қызмет атқарып, жаздық маусымда біздің ғана емес, республикамыздың басқа облыстарының 1500-ден астам балалары сауықтырылып, демалады.

Қалада 1 техникалық және кәсіптік білім беру оқу орны жұмыс істейді. Аталған оқу орны 2013 жылы «Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК болып қайта құрылды.

Колледж 8 техникалық және қзмет көрсету мамандықтары бойынша кадрларды оқытуды жүргізеді.

Колледждің оқушыларының саны – 366 адамды құрайды, олардың 340- күндізгі, 26- сырттай бөлімде оқиды.

2012-2015 жылдары колледждің материалды-техникалық базасы айтарлықтай нығайтылды.

2012 жылы республикалық бюджет есебінен 25,0 млн. теңгеге азық-түлік лабараториясы толығымен қайта жабдықталды.

2013 жылы дәнекерлеу шеберханасына заманауй жабдықтар алу үшін облыстық бюджеттен 10,0 млн. теңге бөлінді.

2014 жылы электромонтаждық және құрылыс жұмыстарын жүргізетін шеберхана мен әскери қалашық орналасқан оқу полигонын жабдықтау үшін облыстық бюджеттен 30,0 млн. тнңге бөлінді.

Сонымен қатар, шеберханалардағы жұмыс орындарына құрал-жабдықтар алуға -8,5 млн. теңге, оқушылар жиһазын жаңартуға- 5,1 млн. теңге бөлінді

Жыл сайын кітапхана қоры да жаңа оқулықтар мен оқу нұсқаулықтары кітаптарымен жаңартылып отырады: 2012 жылы 1,1 млн. теңгеге, 2013 жылы 1,5 млн. теңгеге, 2014 жылы 3,3 млн. теңгеге.

Заман талабына сай жабдықталған шеберханаларда оқыту, сапалы білімді мамандарды дайындап, лайықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. 2012 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамту деңгейі 5% артып, 75% құрады. (2012 - 2013 оқу жылы -70,0%, 2013 - 2014 оқу жылы- 76%, 2014 - 2015 оқу жылы- 75%).
Электрондық білім беру

Қазіргі таңда барлық мектептер интернет желісіне және қашықтықтан оқыту желісіне қосылған. Мектептердегі компьютерлер саны 2012 жылғы 378 компьютерден 548 компьютерге дейін көбейіп, 28,7% артты, соның ішінде 142 компьютер электрондық оқытуға.

Оқушылардың компьютерлік техникамен қамтылуы 2012 жылы 1 компьютерге 9,8 болса, қазір 1 компьютерге 7,9 оқушы. 105 компюьтерлерлік техника жаңартылуға жатады.

Қала мектептерінде 37 интерактивті тақта орнатылған, 4 мектеп лингафондық кабинеттермен, 6 - физика кабинетімен, 5 - биология кабинетімен, 6 - химия кабинетімен жабдықталған.

2013 жылы 970,3 мың теңге электрондық кітаптар сатып алынған.

2012 жылдан бері №5 және №8 орта мектептері «leaning» электрондық оқыту бағдарламасына енгізілді.


Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Мықты жақтары (S)

1. балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу қызметімен қамтамасыз ету көрсеткішінің өсуі.

2. бала-бақшаларды қалпына келтіру мен мектепке дейінгі шағын орталықтардың қызмет етуі, жекеменшік бала-бақшаларды ашу.

3. компьютерлермен, жаңа модификациялы кабинеттермен, кең жолақты интерне желісімен жабдықтау арқылы мектептердің материалдық – техникалық қамтамасыз ету деңгейін көтеру.

4. сыныптың жыйынтылығын арттыру мен оқушылардың білім сапасын көтеру.

5. жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды үймен қамтамасыз ету.

6. ұстаздар мен жас мамандарды үймен қамтамасыз ету.

7. «Балаға мейірімді қала» атағына ЮНИСЕФ желісі бойынша конкурске қатысу.

8. Қосымша білім беру объектілерін көбейту.


Возможности (O)

1. мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді 100% қамтудың нақты мүмкіндіктері.

2. оқушылардың білім сапасын жоғарылатуға оңтайлы жағдай жасау.

3. білікті жас мамандарды тарту.



Әлсіз жақтары (W)

1. Математика, физика, бастауыш сынып пәндері бойынша орыс тілінде сабақ өткізетін ұсаздар жетіспеушілігі байқалады

2. АӘД, технология кабинеттерінің арнайы жабдықтармен жабдықталуының жеткіліксіздігі.

3. №6 мектептің ғимараты мен жылу жүйесі, СШ№3 мектептің бассейні күрделі жөндеуді талап етеді.



Қатерлері (T)


Білім беру саласындағы мәселелер:

  • №6, №3, №7, №8 мектептер мен №3 ОМ жүзу бассейні күрделі жөндеуді қажет етеді.


Жастар саясаты

Қалада 2012 жылы 14-29 жас аралығындағы жастар саны 6095 құрады, 2014 жылы жастардың саны 7008 адамды құрап, соның ішінде Рудничный ауылдық округінде 220 жас бар.

2013 жылдың сәуір айынан бастап қалада 3 - бірлік штат санымен жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді, ал Рудничный ауылдық округін әкімдігінің жанында жастар ісі жөніндегі инструктор қызмет етеді. Жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны – 2, сондай-ақ «Нұр Отан» «Жас Отан» партияның жастар қанаты бар. 2014 жылдың қараша айында жастар ресурстық орталығына жалпы көлемі 237,7 шарша метр болатын жаңа ғимарат бөлінді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының міндеттері: жастардың заңды мүдделері мен құқұқтарын қорғау, жастарға көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету мен жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын жүзеге асыруға көмектесу болып табылады.

Жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нітижесінде 2015 жылы 14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындардың мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуымен қанағаттануы, сауалнама жүргізілген 100 респонденттің 74,0%құрады. «Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар сізді қанағаттандырады ма?» деген сұраққа 100 респонденттің 74 (74,0%)- «иә» деп, 20-сы (20%)- «жоқ» деп, 6-ы (6%) «жауап беруге қиналамын» деп жауап берген.

Нақты көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 46,3% өскен


Саланың даму жағдайына SWOT – талдау:

Мықты жақтары (S)

  1. Жастардың қоғамдық бірлестіктерін, оқушылар мен студенттердің өзін-өзі басқару органдарын, студенттердің кәсіподақ органдарын, жастардың шығармашылық одақтарын дамыту.

Мүмкіндіктері (O)

  1. Жастардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту. Жастардың жағымды субмәдениеттерінің санын арттыру.

Әлсіз жақтары (W)

  1. Аймақтық жастар саясатының бюджеттік қамтылуының төмендігі.

  2. Жастар саясатын жүзеге асыру саласының кадрлармен қамтылуының төмендігі, оның ішінде функционалды міндеттер жүктемесімен салыстырғанда жастар саясаты саласындағы уәкілетті органның штаттық қамтылуының жеткіліксіздігі, тиісті біліктіліктегі маман сарапшылардың жоқтығы, жастар саясатын жүзеге асыруға білікті мамандарды дайындау жүйесінің болмауы.

Қатерлері (T)

  1. Жастар ортасында интернетке тәуелділіктің артуы.

Жастар саясаты саласындағы негізгі күрделі мәселелер:

  • Жұмыс істеп, білім алғысы келмейтін жастардын болуы.


Денсаулық сақтау

Қалада, 1956 жыл салынған 170 төсек-жайлы орталық қалалық аурухана мен ауысымына 520 келушіні қабылдайтын емхана қызмет етеді.

Тәуліктік стационар құрамында 20 төсек-жайлы күндізгі стационар қызмет етеді. Емханада амбулаториялық хирургиялық орталық пен 17 төсек-жайлы күндізгі стационар қызмет етеді.

Үш жылда барлығы 23,75 штаттық бірлік, оның ішінде 1 бірлік - психолог, 2 бірлік - әлеуметтік қызметкер, 20,75 бірлік - учаскелік медбике бөлінді.

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 10 мың тұрғынға шаққанда19,4-тен 19,2-ге, орта медициналық қызметкерлер 59,3-тен 53,0-ге кеміді. Жас мамандарды тарту жөнінде жасалынып жатқан жұмыстарға қарамастан, ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» мамандарының басым көпшілігі зейнеткерлік алды және зейнеткерлік жастағы мамандар. Төменде аталынған мамандықтар бойынша 10 медициналық кадрлардан жетіспеушілік бар: реаниматолог-дәрігер – 2, терапевт-дәрігер – 1, нарколог-дәрігер – 1, гинеколог-дәрігер – 2, сурдолог – 1, ЖТД дәрігері – 3.

Жас мамандарды тарту мақсатында Асфендияров атындағы Медициналық академиясыныың бос орын жәрмеңкесіне қатысамыз.

2012-2014 жылдары қалаға кәсіби біліктілігі жоғары 10 жас маман келді, бүгінгі күні олар тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында терапиялық бөлімшеде неврологиялық және кардиологиялық науқастарды оңалту үшін 4 төсек-жай қайта профилін өзгертті. 2012-2014 жылдардан бастап жыл сайын күндізгі стационарда емделген науқастар саны 5%-ға артуда.

Жыл сайын материалды - техникалық база нығаюда, соңғы үш жылда 182,6 млн. теңгеге медициналық жабдық алынып, реанимобиль бөлініп, автокөлікпен қамтамасыз етілді.

Ғимараттарды тексеру актісіне сәйкес кір жуу орны, ОЗО (орталықтандырылған залалсыздандыру орталығы), тағам блогы жөндеу жұмыстарының бағасы жаңа ғимарат құрылысы бағасынан жоғары болуына байланысты күрделі жөндеуге жатпайды. «Құрылыс Эксперт» ЖШС-нің 2011 жылғы 20 қазандағы техникалық қорытындысына алынды.

Алматы облысының облыстық бюджетінің 2014 - 2016 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізбесі бойынша осы ғимараттардың құрылысына өтінім берілді.

«Текелі қаласы қалалық ауруханасының» ғимаратының, оның ішінде терапия бөлімшесінің ғимараты, Рудничный ауылдық округі бөлімшесінің ғимараты, емхананың рентген бөлімшесі мен аурухананың әкімшілік ғимаратын жөндеу жұмыстары мен сейсмикалық күшейтуді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстары мен техникалық жағдайы туралы» «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның 2013 жылғы 17 сәуірдегі тұжырымы берілді. Осы объектілердің 654,8 млн. теңгеге техникалық тұжырымы және жобалық - сметалық құжаттамасы дайындалды.

Текелі қаласының қалалық ауруханасының тағам блогы, залалсыздандыру камерасының және кір жуу орнының құрылысы бойынша 143,2 млн. теңгеге жобалық - сметалық құжаттамасы дайындалды.

Нәтижесінде 2014 жылы нәресте шетінеуін 1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда 11,4-тен 9,4-ке төмендеуі байқалады. Нәресте шетінеуін азайту үшін іс-шаралар жоспары жасалынды, АПТК жұмысы белсендендірілді, балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу (БШАЫЖ) бағдарламасы жүргізіледі.

Ана өлімі жағдайы 100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда 3 жыл барысында тіркелген жоқ.

2014 жылы онкологиялық аурулардан өлім жағдайының көрсеткіші 2012 жылмен салыстырғанда 106,5-тен 121,7-ге дейін өсті.

Онкологиялық аурулар санының артуына қала аумағындағы қалдықтарды сақтау қоймасының болуынан, осы жағдай экологияға кері әсер етіп, ауыр металдарды жұқтыру көзі болып, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіреді.


Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Мықты жақтары (S)

  1. Тұрғындардың негізгі денсаулық көрсеткіштерінің оңтайлы динамикасы:

  • туберкулезден өлімнің азаюы

  • қан айналымы жүйесі ауруларынан өлімнің азаюы

  • ана және сәби өлімінің азаюы

  • тұрғындардың өмір ұзақтығының артуы.

  1. Тұрғындар үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуді жақсарту (маммограф).

  2. Тұрғындардың қанағаттандырылуы үшін тәуліктік сенім телефоны мен СПП қызмет етуі.

Мүмкіндіктері (О)

  1. Алматы қаласының ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарында дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.

  2. ОЗО-ның (орталықтандырылған залалсыздандыру орталығы), тағам блогының құрылысы мен терапиялық бөлімшенің ғимаратын, Рудничный кенті бөлімшесінің ғимаратын, емхананың рентген бөлімшесі мен аурухананың әкімшілік ғимаратын жөндеу мен сейсмикалық күшейту жұмыстарын жүргізу.

Әлсіз жақтары (W)

  1. Дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз етілудін төмендігі, дәрігерлермен қамтамасыз етілу 2014 жылы 10 мың тұрғынға шаққанда 19,2 құрды.

  2. Қатерлі ісіктен өлім санының артуы, 2014 жылы қатерлі ісіктен өлім жағдайы 100 мың тұрғынға шаққанда, 121,7 құрды.

Қатерлері (Т)

  1. Созылмалы аурулардың көбеюі және жаңа, осы күнге дейін белгісіз болған аурулардың пайда болуы.

  2. Тұрғындардың тамақтану сапасы мәселелері және аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын жүргізудегі бедерсіздік.

  3. ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК-ны дәрігерлерінің 16%– зейнеткерлік алды және зейнеткерлік жастағы мамандар, бұл болашақта дәрігерлік кадрлар жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.

Денсаулық сақтау саласындағы негізгі күрделі мәселелер:

  • дәрігерлік кадрлардың жетіспеушілігі;

  • қатерлі ісікпен сырқаттанушылар деңгейінің жоғарылығы;

  • қатерлі ісіктен өлім деңгейінің жоғарылығы.


Мәдениет

Текелі қаласында 6 мәдени нысаны бар, оның ішінде: 1 кітапхана мен 2 филиалы, 1 мәдениет үйі, 1 саңырауларға арналған клуб, «Металлург» шағын ауданында 1 клуб және 2 тарихи мәдени ескерткіш.

Қалада 1 мәдениет үйі жұмыс істейді, оның ішінде саңыраулар қоғамының клубы, балалар демалыс бағы, сонымен қатар 416 адамды қамтитын 24 үйірме жұмыс атқарады. Мәдениет үйінде бары 9 штаттық бірлік бар, алайда көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту үшін, қосымша сағаттағы халықтық және үлгілік ұжымдағы хормейстр мен концертмейстр, дауыс операторы, күзетші, жүргізуші, электрик, аула сыпырушы, техникалық персонал қажет. Жыл сайын материалдық техникалық база нығайтылуда. LED- панель алынып, ғимарат рациялармен жабдықталды, «Тау-Мерген" әскери - отаншылдық секциясына күрес кілемі алынды. 2014 жылы жарық пен дыбыс жабдықтары бар жылжымалы сахна алынды. Сонымен қатар мәдениет үйі ғимараты, аумағы және клуб бейне бақылау жүйесімен жабдықталды. 2014 жылдың қаңтар айында Металлург шағын ауданындағы клуб пайдалануға берілді, онда 7 штат бірлігімен 101 адамды қамтитын 7 үйірме жұмыс істейді.

2012 жылмен салыстырғанда мәдениет мекемелерінің желісі «Металлург» шағын ауданындағы клубтың күрделі жөндеуден өтуі есебінен 1 бірлікке көбейді.

Сонымен қатар, 1200-ге тарта тұрғыны бар Рудничный ауылдық округінің клубы мен кітапханасы жоқ.

2016 жылы Рудничный ауылдық округінің клубының ғимаратын қайта жаңғыртуға 4,2 млн.теңгеге жобалық - сметалық құжаттамасын дайындау жоспарланып, 2017 жылы 75,0 млн. теңгеге клуб ғимаратын қайта жаңғырту жоспарланған. Нақты уақытта «Текелі қаласы әкімінің қалалық мәдениет үйі» МКҚК меншік құқұғына жылжымайтын мүлік пен жер актісі құжаттары рәсімделді.

613 әлеуметтік маңызды және медени іс шаралар жүргізілді (2012 жылы 570 іс шара), 2014 жылы тұрғындарға 3,5 млн. теңгеге ақылы қызметтер көрсетілді.

Бөлек 4 ғимаратта орналасқан қалалық 1 кітапхана мен 2 филиалдары бар, онда 9 штаттық бірлік жұмыс істейді.

Қалалық кітапхана Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге (РАКАЖ), Қазақстандық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге (ҚАКАЖ) және ғаламторға қосылған 6 компьютермен жабдықталған.

Жыл сайын кітап қоры толықтырылып, кітап беру мен жаңа кітаптардың түсуі артуда.

Соңғы үш жылда кітапхананың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, алайда оқырмандар сұранысын толығырақ қанағаттандыру үшін, кітаптар қорын әр түрлі мазмұн мен жанырдағы әдебиетпен толықтыру қажет.

Нәтижесінде, 1000 адамға шаққанда ктапханаға келушілердің орташа саны 2012 жылғы 15,8 адамға қарсы 19,6 адамды құрады.

Қалада мемлекеттік реестрде тіркелген: «Даңқ Монументі» сәулет және қала құрылысы ескерткіші мен археологиялық ескерткіш «Будда» тасы бар.

2014 жылы жергілікті бюджеттен қаржыландыру 51,3 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсімді сипаттайды. Табыс табу тұрғысынан қарағанда: 6,7% ақылы қызмет, ақшалай- 3,5 млн. теңгені құрады.



2015 жылға болжам бойынша, жергілікті бюджеттен қаржыландыру қатынасына қарағанда табыс табу-10,8% құрайды.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Мықты жақтары (S)

  • Қаланың экономикалық даму жоспарындағы ресурстық қамтылуы.

  • Қала халқының өсуі және мәдениет пен бұқаралық іс шараларға қызығушылықтың артуы.

  • Халықтың бос уақытын пайдалы өткізуге талпынысы.

  • Халыққа ақылы қызмет көрсетуден түсетін пайданың өсуі.

  • Шығармашылық потенциал.

  • Тіл білуге деген халықтың қызығушылығының артуы.

  • Тіл саясатына бәсекеге қабілетті инфрақұрылым құру.

  • Реквизиттер мен сыртқы ақпаратты рәсімдеу.

Мүмкіндіктері (O)

    • Мықты әлеуметтік саясат пен заңнаманы тұрақты түрде дамытуға негізделген мәдениетті дамытудың шынайы болашағы.

    • «2020 жылға дейінгі Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында қаланы дамыту.

    • Қала мен аймақтың рекрациалық мүмкіндіктері және тарихи ескерткіштері мен тарихи орындарын қалпына келтіру, қорғау мен тиімді қолдану.

    • Мемлекеттік тілді насихаттау мен тіл саясатын дамытудың шынайы мүмкіндіктері.

  • Тіл саясатын тиімді пайдалану.

Әлсіз жақтары (W)

  • Әлеуметтік инфрақұрылымға, соның ішінде мәдениет саласына инвестиция тарту деңгейінің төмендігі.

«Горняцкий», «Дружба» шағын аудандары мен Рудничный ауылдық округінде мәдениет нысандарының жоқтығы.

  • Заманауи технологиялармен ілесіп үлгермейтін, материалдық техникалық база деңгейінің төмендігі.

  • Нормативтік құқұқтық базасының жетілдірілмегенін және материалдық – техникалық базасының даму деңгейінің төмендігі мен тіл ұйымдарындағы арнайы маманданған кадрлар жетіспеушілігін айқындайтын тіл саясатының даму санатының төмендігі.

Қатерлері (T)

  • Тұрғындардың кейбір топтарындағы әлеуметтік апатия, жастардың ішінен субкультура ұстанушылар мен рухани жетіспеушіліктің пайда болуы.

  • Жастардың іс шараларын аға буын өкілдерінің бір бөлігі қабылдамауы және керісінше.

Мәдениет саласындағы негізгі уүрделі мәселелер:

  1. қала мен Рудничный ауылдық округінде мәдениет нысандары желісін дамыту қажет.

  2. қосымша штаттық бірліктер қажет.

  3. мәдениет үйі ғимараты мен Рудничный ауылдық округінің клубын күрделі жөндеу қажет.

  4. «Дружба» шағын ауданындағы қалалық кітапхана мен клубтың ғимаратынның құрылысы қажет.

  5. ескерткіштердің аумағын абаттандыру мен қоршау қажет.


Спорт

Қаламыз бойынша дене шынықтыру және бұқаралық спортпен айналысатын 44 спорттық объекті бар, оның ішінде 1 стадион, 2 бассейн, 9 спорт залдары, 27 жазық ғимарат, 1 теннистік корт, 1 спорт сарайы, 3 орнатылған спорт залы және т.б.

2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысатын адамдардың саны 3,3 %-ға өсті, бұл 8200 адам немесе халықтың жалпы санының 26,5 % құрайды.

Қалада олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебі (ОРМБЖМ) жұмыс істейді, онда 15 спорт түрлері бойынша, оның ішінде 3 ұлттық спорт түрі мен 759 адам жаттығады.

2012 - 2014 жылдары аралығында ОРМБЖМ-де 8 спорт шебері, 37 спорт шеберлігіне үміткер, 10 І разрядтағы спортшы, 220 әр-түрлі бұқаралық спорт разрядтарындағы спортшылар дайындалды.

2014 жылы спорт мектептері мен спорт клубтарында спортпен айналысатын 7 - 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді қамту бойынша қаладағы барлық жасөспірімдердің жалпы санының 14,7 % құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 2,7 % өсті.

2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы бұқаралы - спорттық және дене шынықтыру - сауықтыру іс - шаралары 8 бірлікке өсіп 36 спорттық іс - шараны құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет