Дарьинск ауылдық балалар кітапханасы. Дарьинск ауылында балалар кітапханасы



Дата05.07.2016
өлшемі261.35 Kb.
#179154
Дарьинск ауылдық балалар кітапханасы.

Дарьинск ауылында балалар кітапханасы Коммунистический көшесіндегі ескі мектептің ғимаратында орналасып еді.

Кейін балалар кітапханасы ғимараттан ғимаратқа көшіп жүріп, 1976 жылы жаңа мәдениет үйіне көшті.
Балалар кітапханасының бөлмелері мәдениет үйінің сол жақ қанатында орналасқан.

Алғашқы кітапханада тек бір бөлме болған. 1990 жылы балалар кітапханасы екінші бөлме алып, оқу залын ашады.

1998 жылы бөлмелерін кенейтіп бүгінгі күнге дейін пайдалануда.
1954 жылы аудандық кітапхана жанынан балалар кітапханасы ашылып меңгерушілікке Синицкая Евдакия Васильевна тағайындалды. Кітапхана қорында 7 мың дана кітап және кітапшалар болған.

Приурал аудандық мәдениет бөлімінің 1955 жылы 21 мамырдағы №55б ұйрығымен балалар кітапханасы ашылған.

Балалар кітапханасының меңгерушісі қызметіне аудандық кітапханадан Чурилина Полина Васильевна. Осы мезгілден балалар кітапханасы өзінің жұмысын бастайды.

1963 жылы 10 қаңтарда балалар кітапханасы жабылып, қызметкерлері қысқартылған.

1964 жылы 24 наурыз айында балалар кітапханасы қайтадан ашылады. Мектеп кітапханасы қорынан 4 мын дана кітап беріліп, жаңа кітапхана іске қосылды. Меңгерушілікке аудандық кітапханадан Кулясова Светлана Алексеевна тағайындалады. Екінші кітапханашы орнына Старцева Прасковья Артемовна қабылданды. Екі жылдан кейін ол 1984 жылы меңгеруші болып тағайындалған. П.А.Старцева балалар кітапханасында 24 жыл жұмыс істеген.

Балалар кітапханасының алғашқы қызметкерлерінін бірі - Абдрахманова Сабиля Бахтегереевна. Ол балалар кітапханасының оқу залында 1жыл жұмыс істеді.

Бабий Раиса Александровна – кітапханада 1978 жылдан - 1984 жылға дейін жұмыс жасаған.

Приурал ОКЖ – сінде алғашқы меңгерушісі болып 1972 – 1976 жылдары Рачева Зинаида Георгиевна істеген.

Бүгінгі таңда абонемент бөлімінің кітап қорында -21 мың дана кітап және кітапшалар бар.

Абонемент бөлімінің кітапханашысы болып 1998 жылдан Мухамбетова Канзиля Мухитовна жұмыс істеп келеді.

Оқу залында Макеева Лиана Александровна 2002 жылдан бері қызмет жасайды.

2005 жылдан бастап балалар кітапханасының меңгерушісі болып Саманюк Лилия Авдеевна жұмыс жасап келеді.


Кітапхананың көптеген жылдар бойы балалармен жан-жақты жұмыстануларының арқасында Зеленов ауданының Дариян ауылында 2013 жылдың  маусым  айының 1-і күні Дариян ауылдық балалар кітапханасына   «Модельді ауылдық балалар кітапханасы» статусы берілді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет