Күрделі сан есім екі немесе одан да көпсөзден құралады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады: жиырма бес, екі жүз елу жетінші.
Есептік және реттік сан есім Сан есім есептік және реттік болып бөлінеді.Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік сан есім дейміз: екі, бес, жеті.
Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік сан есім дейміз: -ншы, -нші, жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Есімдік
Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді есімдік дейміз. Есімдіктер: мен, сен, біз, сіз, ол, өзі, бұл, сол, кім, қанша, қайда, ешкім, әркім, ешқашан, әрқайсысы т.б.
Жіктеу есімдіктерінің септелуі
Мен, біз, сен, сіз, ол сөздері жіктеу есімдіктері деп аталады.Жіктеу есімдіктері жіктеледі, септеледі.
Үстеу
Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейміз.Үстеулер қашан?,қайда?,қалай? деген сұрақтарға жауап береді.
Үстеудің түрлері
Қашан? сұрағына үстеуіне жауап болатын үстеулерді мезгіл үстеулері дейміз.
Қайда? сұрағына үстеуіне жауап болатын үстеулерді мекен үстеулері дейміз.
Қалай? сұрағына үстеуіне жауап болатын үстеулерді сын-қимыл үстеулері дейміз.
Шылау
Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейміз. Шылаулар:мен (бен, пен), және, да (де), та (те), ма (ме), ба (бе), па (пе), дейін (шейін), қана (ғана), қой (ғой), үшін, туралы, -ақ.
Шылау және қосымша
Қосымша сөзбенбірге жазылады, шылау бөлек жазылады:Сен бүгін онда барма. Сенде аңдар туралы кітап бар ма?
Шылаудын түрлері
Да (де), та (те) шылаулары
өзі тіркескен сөзіне әр түрлі қосымша мағыналар үстейді.
Бірыңғай сөздермен қайталанып тіркескен да (де), та (те) шылауларының арасына үтір қойылады : Жақын жерде өзен де, көлде бар.
Бірыңғай қолданылған екі сын есімнің арасында келгенде ешқандай тыныс белгісі қойылмайды: Көше бойында сұлу да сұңғақ көк теректер бой түзеп тұр.
Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары
Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары өзі қатысты сөзге үстеме мағына береді. Бұл шылаулар өздері қатысты сөздің септік жалғауында тұруын қажет етеді. Үшін, туралышылаулары атау септіктегі, дейін (шейін) шылаулары барыс септіктегі сөздермен тіркеседі.
Қой(ғой),қана(ғана),-ақ шылаулары
өздері қатысты сөздеріне өтініш ,шектеу,даралау т б мағыналар үстейді.
Қой(ғой) шылауы өзі қатысты сөзбен бірге ш болады.
Өзі тіркескен сөзден –ақ шылауы дефис арқылы бөлініп жазылады.
Одағай
Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл –күйін білдіретін сөзді одағай дейміз.
Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді,сөйлем мүшесі болмайды.
Есте сақтап жазуға дайындық
Мәтінді оқы.Не туралы оқығаныңды көзіңе елестет.
Мәтіннен жазылуы қиын сөздерді тап.
Жаттаған мәтінді іштей қайтала.Сөздерді және тыныс белгілерін ойша «оқы».