Даулы үй жайдың құқықтық режимі өзгермейді және осы мүлікке мемлекеттік (коммуналдық) меншік құқығын тоқтатуға негіз болып табылмайды



жүктеу 53.1 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі53.1 Kb.
Даулы үй жайдың құқықтық режимі өзгермейді және осы мүлікке мемлекеттік (коммуналдық) меншік құқығын тоқтатуға негіз болып табылмайды

( үзінді)

Жеке үй иелерінің тұтынушылық кооперативі (ЖҮТК) "Ж." "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар және объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы №1141 қаулысының 1-қосымшасының 305-тармағына шағымданды. Аталған нормативті құқықтық актіге сәйкес Алматы қаласының Сейфуллин даңғылындағы №497 үйде орналасқан 190 шаршы метрді құрайтын тұрғылықты емес үй-жай коммуналдық (қалалық) меншікке берілген.

Астана қалалық сотының 2003 жыл-ғы 10 қазандағы шешімімен өтінішті қанағаттандырудан бас тартылған.

Соттың шешімі шағымдалмай және наразылық келтірілмей заңды күшіне енген.

ЖҮТК "Ж." 2007 жылғы 19 қаңтарда заңды күшіне енген сот шешімін жаңадан ашылған мән-жағдайлар бойынша қайта қарау жөнінде өтініш берген. Жаңадан ашылған мән-жайлардың тізіміне 2006 жылғы 5 желтоқсандағы маманның қорытындысы жатқызылған, оған сәйкес Алматы қаласының Сейфуллин даңғылындағы №497 үйде орналас-қан, коммуналдық меншікке берілген жеке меншік пәтер иелеріне қызмет көрсетуге арналған үй-жай болып табылған. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 31-бабының 2-тармағына сілтеме жасалып, оған сәйкес сот істі қараған уақытта мамандарды қатыстырмағандығы және даулы үй-жайдың пайдалану мақсаты анықталмағандығына сілтеме жасалған. Істі қарау кезінде сот іске мамандарды қатыстыруға тартпағаны және даулы үй-жайдың қандай мақсатқа арналғанын анықтамағаны ескерілген.

Астана қалалық сотының 2007 жыл-ғы 1 ақпандағы ұйғарымымен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша 2003 жылғы 10 қазандағы соттың шешімін қайта қарау туралы ЖҮТК "Ж."-ның арызын қанағаттандырудан бас тартылған.

ЖҮТК "Ж." жеке шағымында, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 31-бабының 2-тармағының ережелеріне қарамастан даулы үй жай тұрғын үйдің жалпы алаңынан заңсыз бөлінгенін және коммуналдық меншікке берілгенін сот ескермеді деп көрсеткен. ЖҮТК "Ж." даулы үй жайға қатыс-ты, ешкім күшін жоймаған, құқық белгілейтін құжаттары бар екендігін де сот ескермеген. 2006 жылғы 5 желтоқсанда ЖҮТК "Ж." маманның қорытындысын алған, онда даулы үй жай тұрғын үйге қоса салынған және үйде тұратын тұлғаларға қызмет көрсетуге арнал-ған болып табылады. Бұл қорытынды соттың басқа шешім шығаруына әсер етуі мүмкін еді. Тұрғын үйге қоса салынған үй жай үйде орналасқан тұрғын үй жай иелерінің ортақ меншігінде бол-уы тиіс.

Астана қалалық Әділет департаменті жеке шағымға қарсылығында жаңадан ашылған мән-жайлардың жоқтығын атап көрсетеді.

АІЖК 404-бабына сәйкес, егер жаңадан ашылған ретінде арыз беруші сілтеме жасаған мән-жайлар істің қаралу сәтінде болса, бірақ арыз берушіге белгісіз және белгілі болуы мүмкін болмайтын жағдайдағы заңды күшіне енген сот актісі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін. Арыз беруші сілтеме жасаған мән-жайлар, соттың өзге шешім шығаруына әсер ететіндей мән-жайда болуы тиіс.

1996 жылғы 10 қыркүйекте Алматы қаласы Сейфулин даңғылы №497 үйде және Мақатаев көшесі №192 үйде тұратын 79 жекешелендірілген пәтер иелері ЖҮТК "Ж." құрғаны іс материалдарынан көрінген.

1996 жылғы 4 қарашадағы қабылдау - тапсыру актісінен көрінгендей, АҚ "М." ЖҮТК "Ж."-ге Алматы қаласы Сейфулин даңғылындағы №497, 108 пәтерлі, бес қабатты үйді, оның ішінде тұруға арналмаған даулы қоса салынған үй жайды ақысыз берген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік жөніндегі Алматы қалалық - аумақтық комитетінің 1992 жыл-ғы 30 қарашадағы №257 "С.М.Киров атындағы машина жасау зауытын ашық типтегі "Машина жасау зауыты" акционерлік қоғамға қайта құру туралы" қаулысынан көрінгендей, акционерлік қоғамның жарғылық капиталына (қорға) тұрғын үйлер енгізілмеген, акционерлік қоғамның не оның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік меншіктегі мүлікке билік ету құқығы болмаған.

2003 жылғы 10 қарашадағы сот шешіміне аталған жағдайларға тиісті құқықтық баға берілген. Сот - тұрғын үй түріндегі жылжымайтын мүлікке билік етіп, АҚ "М." және оның құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік меншік құқығын бұзған деген тұжырымға келген.

Сот шешімде, тұрғын үй заңнамаларына және жарғысына сәйкес тұрғын пәтерлерді, үйді және үй алды аумағын күтуді ұйымдастыру үшін, ЖҮТК мүшелерін және үйде тұратын басқа да тұрғындарды коммуналдық және басқа да қызметпен қамтамасыз ету үшін ЖҮТК "Ж." құрылған. Кооператив тұрғын үйде орналасқан тұрғын және басқа да үй жайлардың иесі бола алмайды.

Даулы үй жай мемлекеттің менші-гіндегі жекешеленбеген үй-жай болып табылатыны сотпен анықталған. Даулы үй жайға коммуналдық меншік құқығы Алматы қаласы әкімшілігінің атына 1999 жылғы 15 шілдеде тіркелген.

Тараптармен ұсынылған дәлелдемелердің негізінде істі қарау кезінде, сот, ЖҮТК "Ж." даулаған нормативті құқықтық акт қолданыстағы азаматтық және тұрғын үй заңмамасына сәйкес қабылданған деген тұжырымға келген.

Даулы үй жай мемлекеттік меншікте болып табылған, мемлекеттік меншіктегі қандай объектілер Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілуге жататынын Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің құзіреті ше-гінде нақтылаған.

Соттың бұл тұжырымдары жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы арыздағы мазмұнмен теріске шығарылмайды.

Даулы үй жайдың пайдалану мақсаты 2006 жылғы 5 желтоқсандағы бағалау актісін алғаннан кейін ғана анықталды деген ЖҮТК "Ж."-ның сілтемесі, істің мән-жайына сәйкес келмейді және жаңадан ашылған мән - жайлар санатына жатқызылмайды.

Даулы үй жай жекешелендірілмеген және тұрғын үй болып табылмайтын, тұрғын үйде тұратын азаматтардың қажеттілігін қамтамасыз етуге арнал-ған жағдайлар арыз берушіге соттың істі қарау сәтінде белгілі болған. Бұл қоса салынған үй жай жалға берілген. Іс жүзінде істі қарау кезінде ЖҮТК "Ж." алаңы 190 шаршы метр даулы үй - жайдың меншік иесі болып табылатынын дәлелдеуге тырысқан.

Даулы мүліктің пайдалану мақсатының құқықтық маңызы болмаған, себебі ЖҮТК "Ж." мүліктің меншік иесі болып табылмайды, ал мүліктің пайдалану мақсаты оның тұтынушылық (технологиялық және өзге) қасиеттері ескеріліп, меншік иесімен анықталады.

Даулы үй жай тұрғын үйдегі азаматтарға қызмет көрсету үшін арналған деген уәж бойынша, 2003 жылғы 10 қазандағы сот шешімін қайта қарау туралы арызды бере отырып, ЖҮТК "Ж." осы үй - жайға меншік құқығы туралы дауды іс жүзінде қайта қозғаған.

2006 жылғы 5 желтоқсандағы маманның қорытындысы жаңадан ашылған мән-жай болып табылмайды, себебі даулы үй жайдың пайдалану мақсаты құрылысты жобалау, тұрғын үйді пайдалануға беру сәтінен анықталған. Үй жайдың пайдалану мақсаты сот істі қараған сәтте де өзгермеген. Бұл жайт арыз берушіге істің қаралу сәтінде белгілі болған.

Маманның қорытындысы, жаңадан ашылған мән - жайға емес, жаңадан пайда болған дәлелдемеге жатады. Маманның осы қорытындысы даулы үй жайдың құқықтық мәртебесін өзгертпейді және соттың іс бойынша қабылдаған шешімінен ерекшеленетін басқа шешім қабылдауына әсер етпейді.

Мемлекет меншігінен шығару және жекешелендіру туралы заңнамаға сәйкес тұрғын үйдің бір бөлігі тұрғын үй жай түрінде тұрғын үйде тұратын азаматтармен жекешелендірілген. Тұрғын үйдің жекешеленбеген басқа бөлігі, соның ішінде қоса салынған тұрғын емес үй жай мемлекеттік меншікте қалған.

ЖҮТК "Ж." қолдаухат даулы үй жайдың пайдалану мақсатын зерттеу туралы ұсыныс жасамаған деген мән-жайы, арыз беруші тарапынан іс жүргізуде жіберілген қате екендігін куәландырады. Істі қарау кезінде тараптар жіберген іс жүргізудегі қате жаңадан ашылған мән-жай болып табылмайды. Даулы үй жайдың үйде тұратын азаматтарға қызмет көрсетуге арналғандығы осы үй жайдың құқықтық режимін өзгертпейді және осы мүлікке қатысты мемлекеттік (коммуналдық) меншік құқығын тоқтатуға негіз болып табылмайды.



2003 жылғы 10 қазандағы сот шешімін қайта қарау туралы арызда, жаңадан ашылған мән-жай бойынша осы заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау үшін АІЖК-нің 404-бабында көзделген негіздер көрсетілмеген-діктен, сот арыз берушінің арызын негізді қанағаттандырмай қалдырған. Жеке шағымда 2007 жылғы 1 ақпандағы сот ұйғарымының заңсыздығын куәландыратын нақты материалдық және іс жүргізу құқық нормаларының бұзылғандығы көрсетілмеген.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет