6.2.2.Бекiту және күштік бұрандаларды салыстыру
2-суретте күштік (б) және (а) бекіту бұрандаларының салыстырмалы профилдері көрсетілген. Бірдей жүктеменің әсерінен бекіту бұрандаларының орамдарында үйкеліс күші үлкен. Күштік бұрандада үйкеліс күші:
Fб=Pf
Бекіту бұрандаларындағы үйкеліс күші:
Fa = Nf = = Pf; f = .
f f; Fб Fa.
2. Бұранда қадамының өлшемiне байланысты:
ұсақ қадамды(аралықты) бұранда,
iрi қадамды(аралықты) бұранда болып табылады.
ұсақ қадамды бұранда төзiмдi және берiк келедi,сондықтан олар:
Егер бұрамдаға динамикалық күш түссе, бұрандалы бiлiктер иiлу мен бұралуға жұмыс iстесе және бұранда реттегiш қызметiн атқаратын жағдайларда ұсақ қадамды бұранда қолданылады. Ұсақ қадамды бұрандалар: М16 х 1,5 (1,5-қадам шамсасын милиметрмен көрсетедi) болып белгiленедi, ал iрi қадамды бұрандалар М24. Бұрандалар профилi бойынша үшбұрышты(метрлiк және дюймдiк); төртбұрышты, трапециялы, жұмыр ж.т.б. болып бөлiнедi. Мысалы: М 16 х 2 - негізгі; М 16 х 1,5 – ұсаққадамды бұранда. Мұндағы: М – метрикалық; 16 – сыртқы номиналь бұранда диаметрі, мм; 2 және 1,5 - бұранда қадамы, мм.
6.2.3. Бұранда сызығының кiру саны. Бұрандалар бұранда сызығының кiру санына байланысты бiр,екi, үш және төрт кiрiстi болып бөлiнедi.Бiр кiрiстi(3а-сурет) бұрандаларды кесу оңай және арзан, сондықтан олар техникада көп қолданылады.
Бекiту бұрандалары көбiнесе бiр кiрiстi болып келедi. Ал көп кiрiстi бұрандалар(3б-сурет) тек жүк көтеретiн винттерде қолданылады, себебi олардың П.Ә.К.жоғары келедi.
Сурет-3
Бұранданың көтерiлу бұрышы төмендегі өрнекпен анықталады:
Бір кірісті бұранда: - tg = ;
.Көп кірісті бұранда - tg = ;
Мұндағы: Z –кіріс саны, t - қадам, dор – орташа диаметр.
Достарыңызбен бөлісу: |