6.2.5. Бұранданы дайындау
Бұрандалар бұранда – кескішпен ( плашка, метник) кескішпен (резец) және фрезарлармен кесіп дайындалады. Конструкциялары қарапайым ішкі және сыртқы бұрандаларды бұранда кескішті(бұрайтын құралдың көмегімен) қолданып дайындауға болады.
Бұл әдіс өнімділігі төмен болғандықтан шағын өндірістер мен жөндеу жұмыстарында ғана қолданады. Кескіштерді пайдаланғанда стерженнің номиналь диаметрін, яғни dор және бұрғының (сверлоның) диаметрін, тесіктің диаметрі dмес білу қажет.
Өндірісте бұрандалар фрезалардың көмегімен арнайы бұранда кесетін фрезерлік станоктар мен автоматтарда дайындалады.
Пластмассадан, шойыннан, шыныдан құйылған бөлшектердің бұрандаларын құю кезінде жасап жібереді.
Қабырғалары жұқа қаңылтырдан және пластмассадан жасалған бөлшектерге үлкен қысыммен қысып, бұранданы сығу арқылы арнайы автоматтарда түсіреді.
6.2.6. Бұранда орамын берiктiкке есептеу
Көбiнесе стандартталған, бекiту қажетiне арналған, қалыптағы мөлшерлi қадамды бұрандалардың орамын берiктiкке есептемесе де болада.
Алайда, әдетте бұрамда орамдары мынадай жағдайларда берiктiкке есептелуi қажет:
Винт, болт немесе шпилька материалдарының берiктiгi олар бұралған бөлшектер материалының берiктiгiнен әлдеқайда өзгеше(артық немесе кем) болған жағдайда.Мысалы, бөлшектер болаттан, ал ал қораптар пластмассадан жасалса ж.т.б.
Әдетте, ұсақ бұрандалар орамының қимасы аз болады,сондықтан олардың өлшемдерi d/p >10…12 болған жағдайда олардың орам берiктiгiн есептеу керек. d-бұранда диаметрi ; p-бұранда қадамы.
Бұранда орамындағы кесiлу кернеуiнiң шамасын былай табамыз:
егер В=КР, Н= ZP деп алсақ, онда
Ал гайканың бұрандасы үшiн
мұндағы Н- гайканың биiктiгi;
Z-күш түсетiн орамдар саны;
К- в/р бұранданың толықтық коэффициентi
6.2.7. Бұранда орамындағы жаншылу кернеуі
Жалпы винт пен гайка үшiн жаншылу кернеуi
; ; немесе
Егер гайка мен винттiң материала бiрдей болса, онда винттiң орамын кесiлуге есептеймiз (ГОСТ (мест) бойынша Н =0,8d)
Сурет-6
Достарыңызбен бөлісу: |