2.7.5 Шынжырды (таңдау) есептеу
Әр-түрлі қадаммен бірнеше рет шынжыр есептелініп, оның ішінен тиімді нұсқа таңдап алынады. Қадам арқылы, тістің ең кіші саны анықталып, одан кейін жұлдызшаның бөлгіш шеңбер диаметрі төмендегі өрнекпен анықталады:
Содан соң шеңберлік күш анықталып, шынжыр үшін мүмкін болған есептеу күші төмендегі теңдеумен анықталады.
.
Мұнда: [P] – шынжырдағы мүмкін болған күш; [P]таб – Қабылданған таблицада берілген шынжыр үшін мүмкін болған күш;
Кдин ,КА, Кс,К ,Кр ,Крег -берiлiстiң жұмыс iстеу қабiлеттiн сипаттайтын түзету коэффициенттерi
2.7.6 Шынжырларды тарту және майлау
Шынжырларды тарту Шарнирлердің тозуынан шынжыр созылады, шынжырдың салбырау бұрышы ұлғаяды. Шынжырдың салбыраудың салдарынан жетектеуші жұлдызшаларға шынжырдың келуі өзгереді.
Берілістің салбырау бұрышы горизонтал жазықтықпен бұрышы құраса, онда ; Егер , бұрышы құраса, онда ;
Мұнда: А- осьаралық қашықтық.
Шынжырлардың тартылуын реттеу тарту роликтерімен несесе жұлдызшаларды тарту арқылы іске асырылады. Тарту құралдары екі буын ұзындығын компенсация жасауы керек, ұзару үлкен болған жағдайда шынжырдың екі буыны алып тасталады.
Шынжырларды майлау
Шынжырлардың майлануы жұмыс істеу мерзімінің негізгі көрсеткішінің бірі. Шынжыр м/с жылдамдықпен қозғалған жағдайда әр-бір 7 сағатта қайталап майлап тұру қажет. Егер жылдамдық м/с болса ташылап майлау әдісі қолдану тиімді. Жабық қорапқа орналасқан шынжырлар қорапқа құйылған майға батырылу арқылы майланады. Қуатты, өте үлкен жылдамдықпен қозғалатын шынжырлар насос арқылы циркуляциялық әдіспен майланады.
Бақылау сұрақтары:
1.Шынжырлы беріліс тісті және белдікті берілістерге қарағанда қандай артықшылыққа және кемшілікке ие?
2. Втулкалы(төлкелік), роликті және тісті шынжырлы берілістерге салыстырмалы сипаттама беріңіз.
3. Қандай жағдайда көп қатарлы роликті шынжыр қолданылады?
4. Неліктен белдікті беріліспен салыстырғанда шынжырлы берілістер білігінде жүктемеаз болады?
5. Шынжырлы берілістердің жұмыс істеі қабілеті немен анықталады?
6. Қандай себебтердің әсерінен шынжырлы берілістер істен шығады?
Достарыңызбен бөлісу: |