¦дебиеттер


Домалау подшипниктерiнің пайдалы әсер коэффициенті



бет42/64
Дата08.12.2023
өлшемі5.14 Mb.
#485937
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64
¦äåáèåòòåð

Домалау подшипниктерiнің пайдалы әсер коэффициенті
Домалау подшипниктерiнде домалау үйкелісімен қатар сепаратор мен дөңгелеуші дене арасында сырғанау үйкелісі пайда болғанды. Бір жұп домалау подшипниктері үшін п.ә.к.


4.2.2. Домалау подшипниктерінің құрылысы
Домалау подшипнигі екі сақинадан ішкісі -1 (1-сурет) және сыртқысы -2, домалау денесі -3 (шарик немесе ролик) және сеператордан -4 тұрады.
Сеператор подшипниктегі домалау денелерін белгілі бір қашықтықта ұстап бір-біріне соқтығыстырмау үшін қажет. Домалау подшипниктері ұзақ және нақтылы жұмыс атқаруы үшін оларға жоғары талаптар қойылады. Сапалы жасалуына және домалау денесі мен сақиналарының өңдеу әдістеріне, жақсы шыңдалуына көп көңіл бөлінеді.


4.2.3. Домалау подшипниктерінің классификациясы
Домалау подшипниктер төменде көрсетілген негізгі белгілері бойынша бөлінеді (1-сурет):

  • қабылданатын күштердің бағыттарымен;

  • домалау денесінің пішініне байланысты;

  • құрылысының ерекшеліктері мен домалау денелерінің сақиналар арасындағы қатарының санына байланысты.

1. Қабылданатын күштердің бағыттары бойынша подшипниктер:

  • Радиалды подшипниктер тек қана білік осіне перпиндикуляр бағытында әсер ететін күштерді қабылдайды.

  • Тірек(сүйеніш) подшипниктері -тек қана білік осінің бағытында берілетін күштерді қабылдайды.

  • Радиалд -тіреуші подшипниктер. Бұл подшипниктер білік осіне перпендикуляр және параллель келген күштерді қабылдай алады.

2. Домалау денесінің пішініне байланысты шарикті және роликті болып екі топқа бөлінеді.
Роликті подшипниктер, роликтің формасына байланысты:

  • қысқа цилиндрлі роликті;

  • ұзын цилиндрлі роликті;

  • бұрама роликті;

  • конусты роликті;

  • ине тәрізді роликті;

  • сфера бүйірлі (немесе бочка тәрізді) роликті;

  • сфера бүйірлі конусты роликті.


Сурет-1

3. Өзін-өзі орнықтыру мүмкіншілігіне қарай подшипниктер екіге бөлінеді:


А) Өзін-өзі орнықтыра алатын;
Б) Өзін-өзі орнықтыра алмайтын.
4. Домалау денелерінің сақиналар расындағы қатарының санына байланысты:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет