Демократиялық-құқықтық адамның құқықтары мен қызметкерлер тек нақты қоғамдық-саяси ерекше мәселе бостандықтарын қорғау



бет2/7
Дата23.11.2022
өлшемі100.89 Kb.
#465587
1   2   3   4   5   6   7
ЭТИКА БАЯНДАМА (2)

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әлеуметтік жұмыс - бұл басқа мамандықтармен салыстырғанда моральдық принциптерді жүзеге асыру күрделі жүргізілетін кәсіби қызметтің бір түрі. Себебі, әлеуметтік жұмыстағы кәсіби ықпал етудің басты объектісі адам болып табылады. Кейбір жағдайларда клиенттің тағдыры әлеуметтік қызметке тәуелді болуы мүмкін, сондықтан да әлеуметтік қызметкердің кәсібилігіне қойылатын моральдық талаптар да жоғары.
Кәсібилік - тек жалпы мәдени және кәсіби білім мен тәжірибені меңгеру ғана емес, сонымен бірге моральдық тұрғыда өз ісәрекетін бағалай білу қабілеті арқылы түсіндіреді. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби сапасын дамытуда оның моральды бейнесі, басқа адамдармен қарымқатынастағы жеке тартымдылығы, психологиялық мінез ерекшелігі маңызды рөл атқарады.
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби - адамгершілік мәселелері оның барлық іс-әрекетінде орын алуы мүмкін. Сондықтан да, әлеуметтік қызметкердің адамгершілік мәселелерін шешу мен олардың алдын алу мақсатында, оның бойында кәсіби-этиклық негізін қалыптастыру қажет.
Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде әлеуметтік қызметкер мамандардың өзін-өзі ұстау нормалары мен принциптерінің қалыптасу дағдысына құрылған, құндылықтар ерекшеліктерін қамтиды. Келешекте мамандандырылған қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс әртүрлі жағдайларды, қарама-қайшылықтарды қамтиды.
«Этика» ұғымының бірнеше мағынасы бар. Атап айтатын болсақ, күнделікті өмірде этиканың мәні адамдардың мінез-құлықтары мен өмірлік принциптерінің жиынтығы деп түсіндіріледі. Бұл термин ежелгі грек сөзі «ethos» - бастапқы мағынасы біріккен баспана болса, кейіннен ол ойлау бейнесі, адамгершілік, дәстүр деген секілді мағыналары пайда бола бастады. Аристотель бұл ұғымның мәнін әділдік, батылдық, мейірімділік, шынайылық және т.б. да рухани сапалар арқылы түсіндірді. Этикалық іс-әрекетті қарастыратын ғылымды Аристотель этика деп атады. Ендігі кезекте этика ұғымын әлеуметтік жұмыспен байланыстырып қарастырсақ[1].
Әлеуметтік жұмыстың этикасы моральды нормаларға негізделеді (лат. Norma - ереже, үлгі; моральды қарым-қатынастардың элементі және моральды сананың формасы ретінде анықталатын адамгершілік талаптарының қарапайым формаларының бірі). Моральды нормалар әлеуметтік жұмыстың негізін құрайтындықтан кәсіби құндылықтар да қоғам арқылы қабылданады. Мораль ұғымы адамдық ойдың дамуы барысында әртүрлі талдауға ие болды. Мораль бақытқа жету мен рақат сезіміне бөленудің, парызды өтеудің жолы ретінде түсіндіріледі. Мораль құқықпен, саясатпен, экономикамен және т.б. салыстырғанда адам өмірінің кез келген саласына кіріп кете алатындықтан да оның мәнін нақты ажыратып көрсету қиынға соғады. Сондықтан да, жоғарыда аталған моральдың түсіндірмелері оның мәнін толығымен анықтамаса да, белгілі бір ерекшеліктерін сипаттайды.
Мораль адамның қоғамдағы іс-әрекеттерін ретке келтірудің нормативті әдістерінің бірі болып табылады. Мораль қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы адамның мінез-құлқы мен санасын ретке келтіре алады.
Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикасы оның нормалары мен принциптері нормативті-құқықтық базалардың талаптарына немесе әлеуметтік жұмыстағы технологиялық үрдістеріне қызмет етеді. Әлеуметтік жұмыстың этикасы мамандар мен олардың ұйымдарының қоғам және мамандықтың, клиенттің және олардың топтарының қызығушылықтарына қызмет етуді талап етеді.
Әлеуметтік жұмыста әрбір әлеуметтік қызметкердің өзінің кәсіби қызметіне артқан жауапкершілігінің этикалық критериилерін анықтау қажеттілігі туралы мәселеге басты назар аударуымыз қажет. Ол моральды принциптер мен нормаларды қабылдауда бір бағыт қалыптастыруда, мағынасын нақтылауға, құндылықтар мен идеалдардың ортақ жүйесін құрастыруды талап етеді.
Сонымен, әлеуметтік жұмыс этикасының зерттеу объектісі мамандардың кәсіби моральі болып табылады, ал пәні - жұмыс процесінде қалыптасатын әлеуметтік қызметкердің этикалық қарым-қатынастары, этикалық санасы және этикалық іс-әрекеттері.
Әлеуметтік қызметкердің этикалық мақсаты әлеуметтік тұрғыдан қабылданған жоспар мен кәсіби қызметтің мән-мағыналарын қамтамасыз ету және қолдау мен кәсіби топтың және олардың бірлестіктерінің жеке нормативті регламентациясы, әлеуметтік саладағы мамандардың сәйкес этикалық саналарын қалыптастыру болып табылады.
Әлеуметтік жұмыста этикалық қарым-қатынастар клиентпен жұмыс барысында адамгершілік принциптері, моральды қабілеттер, мамандардың өз қызметіндегі үнемі өзін-өзі ұстау және бақылау түрлерінде жүзеге асырылады[1].
Әлеуметтік қызметкердің этикалық санасы кәсіби қарым-қатынас процесінде қалыптасатын әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік өмірі мен қызметін көрсетеді. Бұл сана моральдың субъективті көрінісі болып келеді, себебі объективті әлеуметтік қажеттіліктер мен қоғамдық мүдделер маманның санасында міндеті тәртіптер мен іс-әрекеттер идеясы ретінде көрінеді. Бұл сананың ерекше формасы арнайы адамгершілік нақтылықты береді: тәртіп пен қызмет енді қажеттіліктер тұрғысынан қарастырылмайды, ол олардың моральды құндылықтарын толық, жан-жақты зерттейді. Іс-әрекеттің құндылықтары игі істер, қоғам және әлеуметтік қызметкердің клиенттері болып табылады, яғни адамгершілік тұрғысынан қарағанда әлеуметтік қызметкердің өзі де қатысады. Нақты әлеуметтік қызметкердің кәсіби міндеті, адамгершілік тұрғысынан қарағанда, жақсылық жасау болып табылады. Бұл жақсылық тек қана қоғамға немесе клиентке қажет болғаннан емес, сондай-ақ ол әлеуметік қызметкердің өзіне де қажет, себебі әлеуметтік қызметкерге игі іс жасау оған пайда әкелуге мүмкіндік береді, соған қоса өзінің жеке адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға да септігін тигізеді. Әлеуметтік жұмыс, кез келген қызмет сияқты, мораль және адамгершілік позициясымен бағаланатын нақты құрылымдық элементтермен ерекшеленеді. Барлық әлеуметтік қызметкер қоғамды немесе қоршаған ортаны өзгерту үшін қайырымды, мейірімді, игілікті іс-әрекет жасауы тиіс.
Кез келген мамандық сияқты әлеуметтік жұмыс саласындағы қызметкерге де қойылатын талаптар бар. Бұл аталған талаптар тікелей этика мен моральмен байланысты. Себебі, олар адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Ал адамгершілік қасиет дегенді жанжақты түсіндіруге болады.
Адамгершіліктің, қызметтің ең басты мақсаты клиент пен қоғам арасында жағымды қарым-қатынас қалыптастыра отырып, жағымды кеңістік орнату. Қызметтің мақсаты әрқашан келешек нақты шешімнің идеалды бейнесі болып табылады. Әлеуметтік қызметкердің өзінің алдына қойған мақсаты, жалпы айтқанда, мына формуламен айқындалуы мүмкін: «мәселені шешу және клиенттің өмірлік шарттарын жақсарту». Клиент, негізінен, өзінің мақсатын бұдан да айқын қалыптастырады. Бірақ клиенттің мақсаты әрқашан орындала бермейді - бұған әлеуметтік қорғау жүйесінің мүмкіндіктері және нақты әлеуметтік қатынастар, клиент үшін соңғы нәтижесінің объективті құндылығы, этикалық мақсаттар және басқа да факторлар әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкер мақсаттың этикалық тиімділігін бағалай отырып, клиенттің мәселесін шешу үшін нақты іс-әрекеттерді жоспарлай отырып, өзіне жеке жауапкершілік артады. Егер әлеуметтік қызметкер клиент және оның әлеуметтік ортасы үшін жұмыс нәтижесінің мүмкін болатын құндылығын бағаласа, ол қойылған мақсат бойынша әрекет жасамау дұрыс болатынын айтады, ол өзінің ойын анық, нақты түсіндіріп, клиентке өзінің дұрыстығын дәлелдеу керек.
Әр адам шындықты немесе ақиқатты, заттар, құбылыстар немес іс-әрекеттерді, өзінің ішкі жан дүниесімен байланыстырады. Әлеуметтік қызметкер әрқашан өзінің қызметін тек жалпы қоғамдық немесе кәсіби құндылықтар тұрғысынан ғана зерделемей, сонымен қатар өзінің құндылықтар жүйесінен, мораль және адамгершілік туралы өз пікірлері арқылы да жұмыс істейді. Әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеттері оның кәсіби міндеттерінің спецификалық адамгершілік мотивтерді құрайды. Жақсылық жасауға ұмтылу, мәжбүр адамдарға көмек беру, адами және кәсіби парыз сезіміне бағыну, нақты идеалдарға жетуді қажет ету, құнды бағыттарды іске асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет