Дене шынықтыру және АӘД пән бірлестігінің «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» курстары бойынша тәжірибе алмасу отырысы



Дата15.02.2024
өлшемі0.62 Mb.
#491813
түріБағдарламасы
ДЕНЕ шынықтыру 2024жд


Дене шынықтыру және АӘД пән бірлестігінің «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» курстары бойынша тәжірибе алмасу отырысы
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: – Біліктілікті арттыру курстары бағдарламаларының мазмұны педагогикалық қызметтің барлық түрлерін іске асыру үшін педагогке қажетті пәндік, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да құзыреттердің оңтайлы ара қатынасын қамтитын болады, – деп нақты айтылған. Біліктілікті арттыру – мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқаруы үшін және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму іс-шараларына қатыстыру және өз білімін көтеруі болып табылады. Педагогтердің біліктілігін арттыру – оқыту және оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.
Дене шынықтыру және АӘД пән бірлестігінде 11мұғалім бар. Оның ішінде 10-мұғалім дене шынықтыру пәні, 1-мұғалім АӘД пәнінен сабақ береді. Әдістемелік бірлестіктің пән мұғалімдері өз білімдерін талмай жетілдіруде. Осы оқу жылында Дене шынықтыру және АӘД пәнінің мұғалімдері А. Тналиев, Н. Абдихаев, Ж. Мамыров КМЦПК, , Асырауов А«Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалында 2 апталық курс өтті.
Әдістеме бірлестік жетекшісі А. Тналиев мұғалімдермен тәжірибе алмасу мақсатында кездесіп, сабақты өтудің жаңашыл тәсілдерімен бөлісті. А.Тналиев тәжірибе алмасу мақсатында 5-сыныптармен  Оқушылардың салауатты өмір сүруге,шынығу,шымыр болу мақсатында қысқы эстафеталық ойындардан «Спорт жан серігі» жарыстары өткізілді. Сонымен қатар, Н. Абдихаев және Ж. Мамыров 9-10-сыныптармен Рухани- адамгершілік және патроиоттық тәрбие бағыттарында Баскетбол ойыны өткізді.Сабақ өте жақсы деңгейде өтті.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет