«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 6В01-Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет33/153
Дата19.04.2024
өлшемі489.62 Kb.
#499283
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   153
емдик беймделу дене тар

Патология – ауру туралы ғылым. Бұл сөздің түбірі «патос» – ауру немесе кесел және «логос» – ғылым деген гректің сөздерінен құралған. Аурудың сан алуан түрлері бар болғаныман, олардың бәріне тән жалпы белгілері мен қасиеттері бар. Біріңғай патологиялық өзгерістердің әртүрлі органдар мен тканьдарда жүруі мүмкін. Осы өзгерістердің негізгі себептері көбінесе сыртқы және ішкі ортаның бір түрлі қоздырғышының әсерінен болады. Осы айтылған аурудың жалпы заңдылықтары жалпы патология атты тармақта оқытылады. Жалпы патологияның негіздерін білмей, спортшылардың жеке ауруларына байланысты туатын организмдегі өзгерістерді түсіну мүмкін емес. Патологияның жеке түрлерімен танысу, емдік дене тәрбиесі қозғалыстарын қолдану барысында да қажет болады.
Этиология – аурудың себебі және оның пайда болып, одан әрі дамуы туралы ғылым. Этиологиялық факторлар деп – ауруды тудыратын себептерді айтады. Аурудың себептерін ашып зерттеу, оның алдын - алуға жол ашады. Ауру көбінесе организмге қоршаған ортаның қандайда бір қоздырғыштарының әсерінен пайда болады да, ондай жағдайды аурудың экзогенді себептері деп атайды. Кей кезде ауру организмде болатын ішкі себептерден де пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайды ішкі – эндогенді себептер деп атайды. Патологиялық жағдайлардың іштей және сырттай пайда болатын себептері өзара тығыз байланысы. Сырттай әсер ететін себептерге өте қатты суықтау, күннің көзінің өтіп кетуі, жөнді тамақтанбау және т.б. жатады. Ол организмнің ішкі ортасына өзгеріс енгізеді. Содан оның ауруға қарсы күресу қасиеті төмендеп, ауру туады. Мысалы, екі тауыққа холера вибрионымен әсер еткенде, алдын ала денесін әдейі суықтатқан тауық холера ауруына шалдыққан да екіншісі ауырмағандығы белгілі болды. Әртүрлі сырттай әсер ететін қоздырғыштар ішкі ортаны өзгертеді. Ал, ішкі ортаның өзгерістері жаңа бір патологиялық жағдайды туғызады. Мысалы, адамдар жарақат алған кезде сырттай себептерден тканьдар мыжылады және оларға қан кетеді. Іштей пайда болған себептер оларды қабындырады.
Ауруларды зерттеу барысында, оның сырттай немесе іштей әсер ететін қоздырғышын, организмнің қасиеттерінің өзгеруін, кез келген жай қоздырғыштарға, қарсы тұра алу шамасын білу керек. Кей кезде аурудың тууына сырттқы ортаның қоздырғыштарының әсері мен организмнің жағдайының тура келуі себеп болады. Мысалға, жұқпалы аурулардың эпидемиясы кезінде бірінші болып қажыған адам ауырады. Бірақ қажыған организмге микроб түспесе адам ауырмайды. Бұл жерде организмнің қажуы аурудың тууына қолайлы жағдай туғызып отыр. Сыртқы ортаның факторлары да ауруға қолайлы жағдай туғызуы мүмкін, (мысалы, дененің суықтауы, қатты қызуы, қажуы). Қосымша жағдайлардың әсерінен организмдегі өзгерістер күшейеді немесе баяулайды.
Аурудың сырттай туатын себептері. Сыртқы ортаның кез келген қоздырғышы қолайлы жағдайда аурудың тууына себепкер бола алады. Сырттай әсер ететін қоздырғыштарды бірнеше топқа бөледі: олар физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік, дене қимылының аз болуына байланысты – гипокинезия, шамадан тыс дене қозғалысынан – гипекинезия, психикалық әсерлер жатады.
Аурудың физикалық қоздырғыштарына жоғарғы немесе төмендегі температура, шұғыла энергиясы, электр тогы, төмен және жоғары атмосфера қысымы жатады. Механикалық ұрыну, шаншылу, қысылу, кесілу сияқты факторлар буының шығуы, сүйектерінің сынуы, дененің көгеруі сияқты зақымдар туғызады. Осындай зақымдар спортта көптеп кездеседі. Жарақат алған кезде тканьдар ман органдардағы жергілікті өзгерістермен қатар, жалпы өзгерістер пайда болады (естен айырылу, жарақат шогы). Ал, тіршіліктің негізін құрайтын органдар зақамданғанда (ми, жүрек, бауыр, бүйрек) адам өледі. Атмосфераның жоғары жәнек төмен температурасының әсері дененің шамадан тыс ысуын немесе суықтауын туғызады. Сонымен қатар денеде үсік пен күйік сияқты жергілікті өзгерістер пайда болады. Шұғыла сәулесінің биологиялық әсері оның түріне және әсер ету ұзақтығына байланысты. Күннің инфрақызыл сәулесі теріде күйіктер мен мидың шамадан тыс қызуын туғызады.
Ультракүлгін сәулелер – теріні қыздырады, күйдіреді және жалпы көріністер туғызады. Оған дел сал болуы, ыстықтың көтерілуі, бастың ауыруы кіреді. Рентген шұғыласы мен радиоактивтік заттардың иондаушы сәулелерінің әсері органдар мен ткандарда терең патологиялық өзгерістер туғызады. Олардың әсерінен шұғыла зақымдары мен шұғыла аурулары пада болады. Ол қан мен қан жасалатын органдарды зақымдап, организмнің тұрақтылығын кемітіп, аурулардың тоқтаусыз дамуына себепкер болады. Электр тогының организмге түсіретін әсері оның күшіне, қысымына, түріне, ұзақтығына, таралу жолына, организмнің қызмет атқару қалпына байланысты. Ол организмде жергілікті және жалпы өзгерістер туғызады. Электр тогының ауыр зақымдарына байланысты адам есінен танып, тынысы тоқтап, сал болып өліп те кетеді. Электр тогының тиген жеріне әсері әртүрлі (күйік, жарақат т.б.). Себебі ол әсер еткен жерін қоздырып, химиялық, механикалық өзгерістерге ұшыратады. Атмосфераның қысымы төмендегенде, ауаның құрамындағы оттегінің азаюына байланысты организмде оттегінің жеткіліксіздігі туады. Атмосфераның қысымы жоғарлауына байланысты Кессон ауруы туады. Ол су астында жұмыс істейтін және су асты спортымен айналысқандар бірден жоғары қысымнан төменгі қысымнан өткенде газдардың қанға өтуі төмендеп, қанда газдың түйіршіктері пайда болуынан шығады. Газдың түйіршіктері мидағы, жүректегі, өкпедегі қан тамырларының жолын бөгеуінен адам бірден өліп кетеді. Немесе сал болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет