«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 6В01-Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет35/153
Дата19.04.2024
өлшемі489.62 Kb.
#499283
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   153
емдик беймделу дене тар

Аурулардың әлеуметтік себептері.
Бұл себептер аурулардың тууында үлкен роль атқарды және адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайына байланысты. Іш сүзегі, дизентерия, туберкулез аурулары мәдениеті төмен, гигиенадан хабары аз, оқымаған адамдарда, ал СПИД, СИФИЛИС, психикалық аурулар қаланың наркоманиямен айнылысатын жұмыссыздарында көптеп кездеседі. Біздің қазақ елінде де бұрынғы ғасырларда оба, іш жүзегі, туберкулез ауруы өлімнің негізгі бөлігін құраған. Халқымыздың санасының, мәдениетінің және санитарлық білімінің өсуіне, медицинаның дамуын, мемлекетіміздің халықтың әлеуметтік жағдайына көп көңіл бөлуіне байланысты аты аталған аурулардың көлемі анағұрлым азайды.
Организмнің туа біткен және даму брысында қалыптасқан морфологиялық және жұмыс істеу ерекшеліктерін конституция деп атайды. Ол тұрақты қасиет және сыртқы ортаның әсеріне өз шамасын сай жауап береді. Конституция сыртқы ортаның қоздырғыштарының әсерінен өзгеруі мүмкін. Сонымен конституциялық ерекшелік туа бітіп, өмір сүру барысында сыртқы ортаның әсерінен өзгеріске ұшырайды. Адам үшін әлеуметтік ортаның әсері ерекше. Конституцияның көптеген классификациялары бар, бірақ оның ішінде кеңінен қолданылатыны М.В. Черноруцкийдің классификациясы. Оған гиперстениялық , астениялық және нормостениялық құрылыстар жатады. Бұл классификацияда организмнің морфологиясы мен жұмыс істеу ерекшеліктері толығынан есепке алынған. Гиперстениялық дене құрылысына байланысты адамның көлденең өлшемдері ірі, басы домалақ, беті жалпақ, мойыны қысқа және жуан, кеудесі кең және қысқа, іші үлкен және аяқ – қолдары қысқа, терісі қалың болып келеді. Олардың жүректері үлкен, асқазандары кең, қанның қысымы жоғары, ішектері ұзын, зат алмасу процесінің жылдамдығы аз және ассимиляция күштірек жүреді (ас сіңіру).
Астениялық дене құрылысына тән қасиет дененің ұзына бойындық өлшемдерінің артық болуы. Олардың беттері сопақ, мойыны ұзын және жіңішке, кеудесі ұзында қушиған, іші кішігірім, аяқ – қолы ұзын және жіңішке, бұлшық еттері нашар дамыған, өңі жұқа да сұп – сұр, жүрегінің көлемі кішігірім, өкпесі ұзынынан созылған және үлкен, ішегі қысқа келеді. Оларда қан қысымы біршама төмен, зат алмасу күшті. Астың сіңірілуінен бөлшектенуі жылдамдау (диссимиляцмя) келеді.
Нормостениялық дене құрылысы. Организмнің барлық өлшемдері бір – біріне сай және зат алмасу процестері толық қалыптастырылған болады. Бұл дене құрылыстары өмірде жазылғандай болып сирек кездеседі. Көбінесе оның бір түріне жақындау келеді. Аурудың пайда болып, дамуына дене құрылысының түрі біршама әсерін тигізеді. Астениялық дене құрылысына байланысты өкпенің туберкулезі, ас қорыту жүйесінің қабынуы, жаралары жиі кездеседі. Гиперстениялық дене құрылысы бар адамдардың зат алмасу жүйесінде, бауырында, қан алмасу жүйесінде ауру жиі пайда болады. Бір түрлі ауру әртүрлі дене құрылысты адамдарда әрқалай жүреді. Бірақ дене құрылысы аурудың себебі болуы мүмкін емес.
Реактивтік, организмнің сыртқы ортаның қоздырғыштарына жауап қайтара алу қасиетін реактивтік деп атайды. Ол организмнің сыртқы ортаның жағдайына өзінің ішкі ортасының өзгеруі арқылы бейімделуін көрсетеді. Әртүрлі реактивтік ауру тудыратын қоздырғыштарға түрліше сезінгіштерін туғызады. Мысалы, тұмаумен жаппай ауру басталғанда кейбір адамдар ауырады да, біреулер тіптен ауырмайды. Бір адамдарда ауру өте ауыр, біреулерде өте жеңіл түрде жүреді. Өмір сүру барысында адамның реактивтігі өзеріске ұшырап отырады. Реактивке орталық нерв жүйесінің жағдайы ( жұлын, вегативтік нерв) және ішкі бездердің жұмысы әсерін тигізеді. Мысалы, қант диабеті ауруына байланысты ішкі бездерінің секрециясы нашарлап, іріңді жара туғызатын микробтарға жауап беру қасиеті төмендейді. Реактивтікке жастың ұлғаюы да өзгеріс енгізеді. Кейбір аурулар тек жас баларға ғана тән (қызылша, көк жөтел). Кәрі адамдардың жасына сай аурулар пайда болады (атеросклероз,церебросклероз), сынықтар ұзақ қалыптасады. Инфекциялық аурулар ұзақ жүреді, шұғыл ауруларды тез қабылайды. Сыртқы ортаның жағдайлары да организмге әсер етіп, реактивтігін өзгертеді. Ол тамақтанудың түріне, ортаның температурасына, шұғыла энергиясының әсеріне байланысты. Мысалы, организмге белоктың жетіспеушілігі, адамның ауруға қарсы тұрақтылығын төмендетеді, жарақаттардың жазылыуын нашарлатады. Дененің бірден суықтауы тұмауға, өкпенің қабынуына және басқа ауруларға оның тұрақтылығын кемітеді. Арақпен улану организмнің жалпы қуатын азайтады. Біздің жүргізген ғылыми – зерттеу жұмысымыздың қорытындысы бойынша салауатты өмір салтын сақтап, спортпен айналысып жүргендермен салыстырғанда, дертке шалдығушылық ішімдікке әуестерде 24,9% , ал салынып ішетіндерде 37,1% артық болып шықты. Ауруға қарсы тұратын қауқары кем маскүнемдерде 2 есе ұзақ жағдайда өтетін болып шықты. Дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданған адамның реактвтік қасиеті жоғарылайды да ауру жеңіл түрде өтеді. Бірақ жаттығуларды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оның төмендеуі де ықтимал. Ультракүлгін шұғыласының шамалы дозасы төмендетеді. Денсаулыққа иондаушы радиация өте зиянды әсер етеді. Шұғыла ауруы туған шақта организмнің реактивтігі шамадан тыс төмендеп, кез – келген инфекцияға қарсы тұра алмайды. Реактивтіктің сыртқы ортаның қоздырғыштарының әсерінен өзгергіштігі, оған күшейту енгізуге жағдай туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет